Ақмола облыстық мәслихатының 2008 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С-11-5 "2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 26 наурыздағы № 4С-13-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 31 наурызда № 3315 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 4С-25-1 шешімімен

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабы 3-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы, "Алмэкс" холдинг тобы" акционерлік қоғамы және "Қазақстан халық жинақ банкі" акционерлік қоғамы арасында 2009 жылғы 15 қаңтарда жасалған "Қазақстан халық жинақ банкі" акционерлік қоғамына қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық жасаған Тұрақтандыру бағдарламасын іске асыру туралы келісімде айқындалатын санда және баға бойынша "Қазақстан халық жинақ банкі" акционерлік қоғамының акцияларын сатып алсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов