Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 184/30-ІV "Жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары және салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сұлбасы туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы N 268/39-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 15 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 601 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 94/11-V шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Жаңақазан ауылдық округі Жуалыой елді-мекенінің тұрғындарының 2009 жылдың 27 қазандағы N 1, Әйіпсай елді мекенінің тұрғындарының 2009 жылдың 28 қазандағы N 2 жиналыстарының және 2009 жылдың 29 қазандағы Жаңақала аудандық ономастикалық комиссиясының отырысының N 2 хаттамаларына қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Жаңақазан ауылдық округі Жуалыой елді-мекені бойынша мектеп орналасқан көшеге Файзолла Қошқарбаевтің, екінші ортадағы көшеге Бақыт Шернияздің, ауыл шетіндегі көшеге Жуалыой атаулары берілсін.
      2. Жаңақазан ауылдық округі Әйіпсай елді-мекені көшесіне Әйіпсай атауы берілсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өзіме қалдырамын.

      Жаңақазан ауылдық округінің әкімі        Ғ. Мирманов