26.11.2009

Стационарлық көмек көрсету ережесін бекіту туралы

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.06.06 № 394 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 47-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Стационарлық көмек көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Мынадай:
      1) "Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 704 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2529 тіркелген, "Ресми газет" газетінің 2003 жылғы 22 қарашадағы N 47 (151) санында жарияланған);
      2) "Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 704 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы N 40 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4537 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2007 ж. 28 ақпан  N 31/1060 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрдің
      міндетін атқарушы                                   Б. Садықов

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының  
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 795 бұйрығымен бекітілген

Стационарлық көмек көрсету ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Стационарлық көмек көрсету ережесі (бұдан әрі – Ереже) Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әзірленді және меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың (бұдан әрі – стационарлар) оны көрсету тәртібін белгілейді.
      2. Мамандандырылған және медициналық-әлеуметтік бейіндегі стационарлардан басқа стационарлар шұғыл және қарқынды медициналық көмекті қажет ететін науқастарды тәулік бойы емдеу және бақылауды қамтамасыз етеді.

2. Стационарлық көмек көрсету тәртібі

      3. Тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажеттілігі стационарға жатқызу үшін қажетті айғақ болып табылады. V090005955
      4. Пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жатқызу:
      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны (шекті көлемдері) шеңберінде МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
      2) төтенше айғақтары бойынша жолдаманың болу-болмауына қарамастан жүзеге асырылады.
      5. Пациентті ТМККК шеңберінде жоспарлы түрде жатқызған кезде МСАК ұйымы:
      1) пациентті емдеуге қажетті клиникалық-диагностикалық, аспаптық және рентгенологиялық зерттеулерді (бұдан әрі – зерттеулер) толық көлемде жүргізеді, бейінді мамандардың консультациясын жүргізеді;
      2) зерттеу нәтижелерін көрсете отырып жарамдылық мерзімі 10 күнтізбелік күннен аспайтын стационарға жатқызуға жолдама ресімдейді.
      6. МСАК ұйымында жүргізілген зерттеулерді стационарда қайта жүзеге асыруға олардың динамикасын бағалау мақсатында жол беріледі.
      7. Төтенше жағдайларда пациентті стационарға медициналық ұйымның немесе жедел медициналық жәрдем станциясының (бөлімшесінің) автокөлігімен медицина қызметкері жеткізеді. V090005950
      8. Стационардың қабылдау бөліміне пациент келіп түскен кезде:
      1) оған тиісті медициналық есеп нысандары толтырылады;
      2) пациент келіп түскеннен кейін 30 минуттың ішінде оны қабылдау бөлімшесінің дәрігері қарайды. Шұғыл араласуларды талап ететін жағдайларда тез арада тексеру жүзеге асырылады.
      9. Стационар дәрігері науқас келіп түскен күні оны қарап, қажетті емді тағайындайды және оны тағайындалған емдеу-диагностикалық емшаралармен таныстырады.
      10. Медициналық картасында аурудың динамикасы мен тағайындалған емі көрсетілетін стационардағы барлық науқастар күн сайынғы тексеруге жатады.
      11. Балаларды стационарлық емдеген кезде:
      1) үш жасқа толмаған балалар, сондай-ақ дәрігердің тағайындауы бойынша қосымша күтімді қажет ететін ауыр науқасты ересек балалар аналарымен (әкелерімен) немесе өзге де балаға күтім көрсететін адамдарға медициналық ұйымда онымен бірге болу мүмкіндігі, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі;
      2) бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күткен кезеңде медициналық ұйымда тегін тамақтанады.
      12. Стационарлық ем алып жүрген балаға күтім жасайтын ана (әке) немесе өзге адам тегін жататын орынмен қамтамасыз етіледі.
      13. Кез келген деңгейде стационарлық көмек көрсету кезінде диагнозды нақтылау қиындық туғызған жағдайда, жүргізілген емнің тиімсіздігі байқалғанда, сондай-ақ, өзге де айғақтар болған жағдайларда бөлімше меңгерушісі тиісті мамандарды шақыра отырып, қажет болған жағдайда республикалық деңгейдегі консультантты қатыстырып консилиум ұйымдастырады.
      14. Консилиумның қорытындысы бойынша пациент медициналық көрсетімдері бойынша:
      1) тиімді емдік-диагностикалық емшаралар жүргізу мақсатында жоғары деңгейдегі стационарға;
      2) патологиясы ауру бейініне сай келмесе, өзге бейінді стационарға;
      3) емдеуді жалғастыру үшін стационарды алмастыратын бөлімшелерге ауыстырылуы мүмкін.
      15. Стационардан шығарда пациенттің қолына амбулаториялық науқастың медициналық картасынан көшірме беріледі, мұнда клиникалық толық диагноз, жүргізілген зерттеу көлемі, оны кейін бақылауға арналған ұсыныстар мен емдер көрсетіледі.
      Сонымен бірге оның тұрғылықты жеріндегі амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына пациент туралы ақпарат беріледі.


Дата вступления в силу:  03.12.2009
Дата изменения акта:  06.06.2012
Дата принятия акта:  26.11.2009
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жылғы N 7 (Тиражға шыққан уақыты 20.04.2010 ж.)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103010000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  49238
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  795
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  024002000000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК / ПОЛ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz