28.08.2009

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұй

      Банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерлері туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 54 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 168 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4873 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 272 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5137 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 182 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5478 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 17 ақпанда N 24 (1621) жарияланған) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесінде:
      2-тармақта ", 4), 5)" деген цифрлар алынып тасталсын;
      4-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі туралы куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі;";
      екінші бөлігінде:
      "Қазақстан Республикасының Үкіметінің немесе ұлттық холдинг немесе компанияның ұлттық басқарушысының" деген сөздер "аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "құрылтайшысы бір ғана мемлекет болып табылатын" деген сөздер алынып тасталсын;
      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Брокерлер мен дилерлерге лицензия (оның ішінде банк операцияларының қосымша түрін жүргізуге) мынадай талаптарды орындаған жағдайда беріледі:";
      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа мыналарды береді:";
      10-тармақтың бірінші бөлігі "брокерге және (немесе) дилерге" деген сөздерден кейін ", банкаралық ақша аудару жүйесінің операторына" деген сөздермен толықтырылсын;.
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      "10-1. Өзге заңды тұлғалар Банктер туралы Заңының 30-бабының 2-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көзделген банк операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктері шегінде жүргізеді.";
      18-тармақта "3)," деген цифр алынып тасталсын;
      19-тармақта:
      "ашылуы (" деген сөзден кейін "(қайта тіркелу,) деген сөздермен толықтырылсын;
      "(есептен алған)" деген сөздер "(қайта тіркелген, есептен шығарылған)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "(филиалды (өкілдікті) есептен шығару туралы бұйрық," деген сөздерден кейін "есепке алынып қайта тіркелуі туралы куәлік," деген сөздермен толықтырылсын;
      23-тармақ "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңның 5-4-баптарымен" деген сөздерден кейін "және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "24. Уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не айыру туралы шешімі банктік емес ұйымға орындау үшін жіберіледі және уәкілетті органның ресми басылымдарында жарияланады.";
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "25. Лицензиясы тоқтатыла тұрған банктік емес ұйым ай сайын әр айдың оныншы күнінен кешіктірмей (лицензияның қолданылуы қайта басталу күніне не лицензияның тоқтатыла тұру мерзімі аяқталғанға дейін) уәкілетті органды анықталған жөнсіздіктерді жою бойынша банктік емес ұйымы өткізген іс-шаралары туралы хабардар етеді.
      Уәкілетті орган лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған банктік емес ұйым:
      1) уәкілетті орган лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтарады;
      2) уәкілетті орган лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап екі айлық мерзімде уәкілетті органға атауының өзгеруіне байланысты (ипотекалық ұйымдар үшін) әділет органдарында қайта тіркелуін, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың тіркелуін (құрылтай құжаттарына банктік емес ұйымның қайта тіркелуіне әкелмейтін қызметінің түрін өзгерту негіздемелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда) растайтын құжаттарды және банктік емес ұйымының салық қызметі органдарына берілген лицензиядан айыру туралы хабарламасының көшірмесін ұсынады.".
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "26. Банктік емес ұйымның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге берілген лицензияны банктік емес ұйымның өтініші негізінде ерікті қайтаруы (оның ішінде лицензиядан операциялардың жекелеген түрлерін алып тастау) тек банктік емес ұйымы осы операциялар бойынша барлық міндеттемелерін орындағаннан кейін ғана жүргізіледі.
      Лицензияны ерікті қайтаруы туралы ақпарат банктік емес ұйымы республикалық маңызы бар мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде оны уәкілетті органға қайтару күніне дейін алпыс күнтізбелік күннен кешіктірмей жариялайды. Банктік емес ұйым уәкілетті органға лицензияны ерікті қайтарған кезде қолдаухатпен бірге осы тармақта көрсетілген іс-шараларды орындағанын растайтын хат жібереді.".
      2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күндік мерзімі өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жіберсін.
      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

      Төрайым                                            Е. Бахмутова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі
      ____________ Г. Марченко
      2009 жылғы 9 қыркүйек


Дата вступления в силу:  08.10.2009
Дата изменения акта:  28.08.2009
Дата принятия акта:  28.08.2009
Информация об официальном опубликовании акта:  "Заң газеті" 2009 жылғы 30 қазан, № 165 (1589); "Юридическая газета" газеті 2009 жылғы 30 қазан, № 166 (1763); Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2009 жылғы N 11 (Тиражға шыққан уақыты 25.12.2009 ж.)
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  109000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  48123
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  197
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  006005000000 / 005004002000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz