04.06.2009

"Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсi бойынша трафиктi өткiзудi реттеу ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру жә

      Ескерту. ҚР Көлік және коммуникация министрінің 06.06.2012 № 313 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Байланыс туралы" Заңының 8-бабының 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсi бойынша трафиктi өткiзудi реттеу ережелерiн бекiту туралы" (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 145-ө бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 3041 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 17 қаңтардағы N 10-ө бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде N 3419 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 11 шілдедегі N 218-ө бұйрығымен , Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 3808 тіркелген және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 5 қазандағы N 400-ө бұйрығымен , Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 4436 тіркелген) енгізілсін:
      Аталған бұйрықпен бекітілген Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсi бойынша трафиктi өткiзудi реттеу ережесіне:
       6-тармақта :
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) телекоммуникациялар желілерінің иесі – ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желілерінің бір бөлігі және (немесе) бірыңғай телекоммуникация желісінің тиісті санаты тиесілі жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – желі иесі);";
      3) тармақша алып тасталсын;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "16) есептік мөлшерлемелер – кірісті, шығындар мен кірістірілген активтерді бөлек есептеудің деректері немесе Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және көлемде технологиялық процестің белгілі бір кезеңінде телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді қамтамасыз ететін, техникалық құралдар мен құрылыстарды ұсыну және қызмет көрсету құны енетін экономикалық талдау және қаржы есептілігі деректері негізінде есептелген экономикалық негізделген шығындар мен табысты өтеуді қамтамасыз ететін баға (тариф);";
      18) тармақшада Басшылыққа алынатын құжат "Қазақстан Республикасының Телекоммуникация желілерін нөмірлеу жүйесі және жоспары" сөздері "Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желісінде нөмірлеу жүйесі мен жоспарын құру ережесі" сөздерімен ауыстырылсын;
      29) тармақшадағы "." белгі ";" белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:
      "30) қосылудың (қосудың) стандартты нүктесі – типтік техникалық шарттарды пайдаланумен және қосудың типтік шартына сәйкес, бір желіден екіншісіне қосу үшін тағайындалған телекоммуникация құралдары.";
       7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ұйымдастыру-техникалық әрекеттестік екі кезеңнен тұрады.
      Бірінші кезең – желілерді қосу процесіндегі әрекеттестікте мынадай мәселелерді шешу енеді:
      1) Қосылатын оператор (желі иесі) қосатын оператордан Қосылу шартының жобасы мен 4-1-қосымшаға сәйкес ресімделген қосылуға типтік техникалық шарттарды алу.
      Қосатын оператор, техникалық мүмкіндікке байланысты, егер қосылу бір нөмірлеу аумағында жүргізілетін болса, отыз күннен аспайтын мерзімде және нөмірлеудің түрлі аумағында бір уақытта қосылған жағдайда, алпыс күннен аспайтын мерзімде қосылуды орындау үшін қажетті нақты әрекеттерді көрсетумен, техникалық шарттар береді және қосылудың стандартты нүктесіне (қосудың) қосудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
      Қосу мақсатында телефон кәрізіне кәбілді төсеуге сауалнама жасаған кезде, кәбіл (телефон) кәрізінің иесі, техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, техникалық шарттарында кәбілді төсеу үшін кедергілерді жоюда қандай іс-шаралар орындау қажет екенін көрсетеді;
      2) қосылатын оператормен (желі иесімен) қосылуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу;
      3) қосылатын оператормен (желі иесімен) қосылуға және (немесе) техникалық шарттарды орындауға жобаны іске асыру;
      Орындалған техникалық шарттар актісіне қол қойған сәтінен бастап, екіжақты келісім бойынша, қосатын және қосылатын байланыс операторлары (желі иесі) үш күннен аспайтын мерзімде Қосылу Шартына қол қояды.
      Басым байланыс операторының қосу шартын жасасудан бас тартуына жол берiлмейдi;
      4) желілерді тестілік режимде қосу.
      Бірінші кезеңнің аяқталуы орындалған техникалық шарттар актісіне, табысты тестілеу негізінде желіні қосуға дайындығы туралы актісіне, сондай-ақ Қосылу шартына қол қою болып табылады.
      Екінші кезең – желілерді қосуды жүзеге асырғаннан кейін мынадай мәселелерді шешу енетін, телекоммуникация қызметтерін ұсыну процесіндегі өзара әрекеттестік:
      5) қызметтерді ұсыну кезіндегі өзара әрекеттестік;
      6) трафикті өткізуді ұйымдастыру;
      7) ұсынылатын қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;
      8) ұсынылған қызметтерге және кіріс, шығыс және транзиттік трафикті босатуға өзара есеп айырысуды жүргізу.";
       13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне қойылатын.";
       18-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) байланыс саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасы телекоммуникация желісінің нөмірлеу ресурстарын бөлу туралы бұйрығының көшірмесі.";
       25-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "25-1. қосылатын оператордың (желі иесінің) телекоммуникация желісінің қосатын оператордың телекоммуникация желісіне қосылуы байланыс саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желісінде нөмірлеу жүйесі мен жоспарын құру Ережесінің шарттарын ескере отырып жүзеге асырылады.";
       26-тармақта :
      "қосу" сөзі "қосылу" (қосу)" сөздерімен ауыстырылсын;
      екінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "ОПТЖ операторлары (10 қаңтарға дейін) қосылудың (қосудың) стандартты нүктелерінің тізімін жариялау үшін байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.";
      мынадай мазмұндағы 30-1-тармағымен толықтырылсын:
      "30-1. Коммутациялық жабдықтары Қазақстан Республикасының белгіленген техникалық талаптарына және ЖІШЖ саласындағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес сертификатталмаған болса, байланыс операторларының телекоммуникация желілерін ОПТЖ-ға қосуға тыйым салынады.";
       31-тармақтың 1)-тармақшасында "стандартты нүктелері" сөздерінен кейін "қосылу (қосу)" сөздерімен толықтырылсын;
       33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "33. Қосылуға техникалық шарттар берген кезде байланыс операторларына қысымшылық көрсетуге жол берілмейді. ОПТЖ басым байланыс операторы қосылатын операторлар үшін (желі иелеріне) трафикті қосу және босатудың тең талаптарын қояды.";
       35-тармақта "бекітілген Басшылыққа алынатын құжат "Қазақстан Республикасының Телекоммуникация желілерін нөмірлеу жүйесі және жоспары" сөздері "бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желісінде нөмірлеу жүйесі мен жоспарын құру ережесі" сөздерімен ауыстырылсын;
       36-тармақтың 2) тармақшасында "енгізілуі қажет" сөздері "енгізумен" сөздерімен ауыстырылсын;
       38-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      "38. Қалааралық деңгейде қосылу – телекоммуникацияның бір желісін екіншісіне қосу, мұнда оператордың (желі иесінің) қосылатын желісі автоматты қалааралық телефон станциясына (бұдан әрі - АҚТС) немесе қосатын желінің қалааралық транзиттік торабына (бұдан әрі - ҚаТТ) қосылудың (қосу) стандартты нүктелеріне қосылады. Мұнда қосылатын желіге нөмірлеу ресурсы – географиялық анықталатын аумақ АBC коды, АBC-те "Х1Х2" қолжетімділік коды, DEF географиялық емес анықталатын аумақтың коды, қызметтерге қолжетімділік кодында оператор коды (бұдан әрі - ҚҚК), қалааралық және/немесе халықаралық байланыс операторын таңдау префиксі (бұдан әрі - ОТП).";
      мынадай мазмұндағы 39-6-тармақпен толықтырылсын:
      "39-6. Басқа байланыс операторының қосылатын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының желілерін коммерциялық пайдалануға босату байланыс саласындағы уәкілетті органмен қалааралық және (немесе) халықаралық байланыстың телекоммуникация желілеріне ұсынылатын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыстың операторын анықтау бойынша біліктілік талаптар мен критерийлерді орындағаны туралы расталғаннан кейін жүзеге асырылады.";
       41-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) DEF географиялық емес коды тағайындалған ұялы байланыс желісі ОПТЖ-ға қалааралық деңгейде (АҚТС, ҚаТТ) қосылады, ұялы байланыс желілерінің біріне-бірі қосылуы тікелей арналарды ұйымдастыру арқылы бұл желілердің коммутациялық жабдықтарының тиісті деңгейлерінде жүргізіледі;";
       5-параграфтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      " § 5. Телематикалық қызметтер, зияткерлік желілер тораптарына және деректерді тарату желілерінің операторларына қолжетімділік ";
       43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "43. Телематикалық қызметтер, зияткерлік желілер тораптарына және деректерді тарату желілерінің операторларына төмендегі қолжетімділік түрлі сызбалар бойынша ұйымдастырылады:
      1) ОПТЖ АҚТС-ға байланыс саласындағы уәкілетті органмен тағайындалатын ҚҚК операторының кодын пайдаланумен жабдықтарға қосу. Мұнда қолжетімділік нөмірлеу аумақтары жабдықтары АҚТС-қа қосылған нөмірлеу аумақтары абоненттері үшін ғана ұйымдастырылады;
      2) (қосудың) стандартты нүктесіне қосылған жергілікті желі байланыс арналарының абоненттерінен бір бағытты шығыс бойынша жабдықтарды ОПТЖ-ға жергілікті деңгейде қосылумен.";
       45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "45. Арнайы, ақпараттық-анықтамалық және сервистік қызмет көрсету иелерімен ұсынылатын қызметтерге пайдаланушылардың қолжетімділігін ұйымдастыру үшін, сондай-ақ, жергілікті телекоммуникация желілерінің операторларымен (пейджингтік желілер) дербес радиошақыру желілері операторларының жұмысын ұйымдастыру үшін абоненттік нөмірлер немесе сериялық нөмірлерді бөлумен абоненттік жолдар ұсынылады. Абоненттік жолдарды бөлуге Шартта олар қандай мақсатқа бөлінгендігі көрсетіледі.
      Сериялық нөмірлерді бөлу тәртібі және сериялық нөмірлерді бөлетін жергілікті телекоммуникация желілерінің операторларымен сериялы нөмірлер иелерінің өзара әрекеті осы Ережеге 5-қосымшада келтірілген.";
       46-тармақ алынып тасталсын;
       5-1 параграфтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "§ 5-1. IP –операторлар желісінің IP-телефониясын (Интернет-телефонияны) ОПТЖ-ға қосу
      46-1. IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарын (қолжетімділік тораптарын) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары желілеріне қосу халықаралық деңгейде қызметтерге қолжетімділік кодын (бұдан әрі - ҚҚК) пайдаланумен жүзеге асырылады. ҚҚК-да оператор кодын пайдаланумен қатар, уәкілетті органның бұйрығымен қызметтерге қолжетімділік нөмірі ретінде бекітілген жергілікті телефон нөмірі пайдаланылуы мүмкін, мұнда IP-телефония (Интернет-телефония) операторлары жабдықтарын (қолжетімділік тораптарын) қосу деңгейі қалааралық болып қалады.
      46-2. ҚҚК және Х1Х2Х3Х4 оператор коды байланыс саласындағы уәкілетті органмен Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіпте тағайындалады.
      46-3. IP-телефония (Интернет-телефония) қызметтеріне қолжетімділік АҚТС-ке оператордың қолжетімділік торабы қосылған аталған нөмірлеу аумағының операторлары үшін ұйымдастырылады.";
       47-тармақ мынадай мазмұндағы 9)-тармақшамен толықтырылсын:
      "9) орындалу мерзімі (алты айдан кем емес).";
       56-тармақта:
      9) тармақша "." белгі ";" белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) ОКС 7 желілерін жалпы арналық сигнализацияға сәйкес сигналдық өлшемдердің түзеу таратылуын, оның ішінде егер байланыс операторының коммутациялық жабдықтарының (Cal Detail Record қоңыраудың бөлшектенген жазбасы) бастапқы жазбасында болған жағдайда, шақыратын абоненттің халықаралық форматтағы (А абонент нөмірі) нөмірін қамтамасыз ету.";
       57-тармақта "сәйкессіздікті айқындау" сөздері "өлшемдер" сөздерімен толықтырылсын;
       63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "63. Жергілікті, қалааралық, халықаралық трафикті ОПТЖ-ға және P-телефония (Интернет-телефония) операторларының трафигін босату және қосылу нәтижесінде желілердің техникалық құралдары бойынша деректерді тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосатын және қосылатын желілердің байланыс операторлары арасында жасасқан шарттар негізінде ғана рұқсат етіледі.
      Қосатын байланыс операторлары тиісті трафик түрін босатуға шарт жасаспаған қосылатын байланыс операторларының жоғарыда аталған трафик түрлерін босатуды жүзеге асырмайды. ";
       68-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      Мынадай мазмұндағы 69-1-тармақпен толықтырылсын:
      "69-1. Қосылу қызметтеріне тариф біржолғы төлем болып табылады және қосылудың (қосудың) стандартты нүктелерін құруға және бөлуге экономикалық негізделген шығындар мен табыстарды өтеуден (Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен белгіленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің үш есе көлемінен аспайтын) қосылу қызметтерін ұсынуға байланысты туындайтын байланыс операторының (желі иесінің) жұмыстарының құнын білдіреді.
      Қосылу қызметтеріне біржолғы төлемді есептеген уақытта алаңдар мен орын-жайларды жалға алу бойынша шығындар енбейді.
      Қолданыстағы қосылу қуаттылығын кеңейту шарттық негізде екі тараптың да мүдделерін есептеумен жүргізіледі.";
       70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "70. Өзара әрекет ететін байланыс операторлары арасында трафиктің барлық түрлерін босатуға өзара есеп айырысу абоненттермен байланыс қызметтеріне, сондай-ақ, қосылыстың ұзақтығын уақытқа қарай есептеу аппаратурасына есеп айырысудың сертификатталған және тексерілген автоматты жүйелерінің енгізілген әрбір өзара әрекет етуші байланыс операторынан алынған биллингтік деректер негізінде жүргізіледі.";
       71-тармақта :
      Бірінші азатжолда "қосу" сөзі "қосылу" сөзімен ауыстырылсын;
      Екінші азатжолда " трафик бірлігін өткізгені үшін қойылатын есеп айырысу мөлшерлемелерінің ара қатынасы арқылы анықталатын пропорцияда сөздері "есеп айырысу мөлшерлемесінің негізінде" сөздерімен ауыстырылсын";
      Үшінші азатжолда "монополияға қарсы уәкілетті орган белгілеген трафик бірлігін өткізгені үшін қойылатын есеп айырысу мөлшерлемелерінің ара қатынасы арқылы анықталатын пропорцияда" сөздері "есеп айырысу мөлшерлемесінің негізінде" сөздерімен ауыстырылсын";
       72-тармақта :
      1) тармақша мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      " IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының ";
      Байланыс операторларының желісіне анықталмаған бағыттар трафигінің енуі;";
      2) тармақша "ұсыну" сөзінен кейін "жалға алу" сөздерімен толықтырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 74 және 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "74. Байланыс операторларының халықаралық трафикті өткізгені үшін өзара есеп айырысу шарттық негізде және байланыс саласындағы заңнамаға және табиғи монополиялар және реттелетін нарыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      75. Төлем шақыратын оператордың байланыс қызметтеріне жүзеге асырылатын қызметтерге байланыс операторлары арасындағы өзара есеп айырысу өзара әрекет ететін операторлар арасында шарттық негізде жүзеге асырылады.";
       77-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші азатжолмен толықтырылсын:
      "Қосылудың (қосудың) стандартты нүктесі дауысты тарату үшін 30 цифрлы арнаны қамтамасыз ететін, Е1 цифрлық портымен қалыптасады, синхрондау үшін жеке арна және басқару сигналдарын тарату үшін жеке арна, барлығы 64 кбит/с жылдамдылығы 2 Мбит/с бойынша барлығы 32 арна.";
       78-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      "78. Байланыс операторлары арасында трафикті босатқаны үшін өзара есеп айырысу қосылу шарттары негізінде және байланыс саласындағы заңнамаға және табиғи монополияларға және реттелетін нарыққа сәйкес жүзеге асырылады.";
       79-тармақта "бір жылға" сөзі "үш жылға" сөздерімен ауыстырылсын;
      аталған Ереже осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (А.Е. Баймұратов) осы бұйрықтың белгіленген заңнама тәртібінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Әріпхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                        Қ. Есекеев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитеті төрағасы
      ________ А. Шабдарбаев
      "__" __________ 2009 ж.

Қазақстан Республикасы      
Ақпараттандыру және байланыс   
агенттігі Төрағасының       
2009 жылғы 4 маусымдағы      
N 247 бұйрығына қосымша      

          
"Телекоммуникация желiлерiн ортақ
пайдаланылатын телекоммуникация 
желiсiне қосу және       
Қазақстан Республикасының ортақ 
пайдаланылатын телекоммуникация 
желiсi бойынша трафиктi өткiзудi
реттеу ережелерiн бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы    
Ақпараттандыру және байланыс  
агенттігі төрағасының 2004 жылғы
12 шілдедегі N 145-ө бұйрығына  
4-1-қосымша             

Қосуға техникалық талаптардың типтік құрылымы

Субъектінің қосуға техникалық талаптары

200_ жылғы "_____" ________ N ____

Субъект мынадай техникалық талаптарда Субъектінің __________________________________________________________________                               (Оператордың атауы)

телекоммуникация желісіне желіні қосуды жүргізеді:

      1. Қосылу деңгейі _______________________________________________________________      Қосылатын оператор (желі иесі) ұсынылатын қызметтер түрлерімен, байланыс саласында қызметтерді ұсынуға Мемлекеттік лицензия талаптарымен сәйкес, ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне телекоммуникация желілерін қосу тәртібін реттейтін және Қазақстан Республикасы телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу құжаттарымен және байланыс операторлары желілерін қосу қосатын оператор желісіне телекоммуникация желісіне қосу нүктесінің тізімімен анықталады.
      2. Желінің нөмірленуі
__________________________________________________________________     байланыс саласындағы уәкілетті органның тиісті бұйрығына сәйкес.
      3. Қосылатын желінің сыйымдылығы
__________________________________________________________________     байланыс саласындағы уәкілетті органның тиісті бұйрығына сәйкес.

      Қосылатын жабдықтың типі __________________________________________________________________
Қосатын оператор желісіне өз желісін қосуға қосылатын оператор (желі иесі) Өтініміне және қолданылатын жабдыққа Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесі тізімінде тіркелген сәйкестік сертификатына сәйкес.
      4. Қосылу желілері бойынша сигнализация
__________________________________________________________________          өз желісін Қосатын оператордың желісіне қосуға қосылатын оператор (желі иесі) өтініміне;
      қолданылатын жабдыққа Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесі тізімінде тіркелген сәйкестік сертификатына;
      ОПТЖ цифрлық арналарын қолдайтын сигнализация хаттамаларының шектеулі тізіміне сәйкес.
      5. Станцияаралық байланыс ұйымдары: __________________________________________________________________
Осы Техникалық талаптардың 1-тармағына және 4-тармағына сәйкес
      6. Синхрондау
Қосылатын оператор (желі иесі) жабдығы мынадай нұсқалардың бірі бойынша қосатын оператор телекоммуникация желісімен синхрондалуы керек:
      1) синхрондаудың жеке көзінен кемінде 10 -11 синросигнал тұрақтылығының коэффициентімен (қосылатын оператор (желі иесі) қосылуға өтінішке Қазақстан Республикасы сертификаттаудың Мемлекеттік жүйесі тізімінде тіркелген синхрондау көзіне сәйкестік сертификатын және көздердің техникалық өлшемдерін қоса ұсынады).
      2) қосатын оператор тактілік желілік синхрондау (ТЖС) желісінен. Қосатын оператордың ТЖС-тың базалық желісіне қосылуға техникалық талаптар қосатын оператордың филиалында алынған қосу жолдарын ұйымдастыруға техникалық талаптар алғаннан кейін және ТЖС базалық желісіне қосылуға қосылатын оператор (желі иесі) өтінімі негізінде беріледі.
      7. Тарифтеу
      7.1. Телефон трафигін есептеу қосатын оператор және қосылатын оператор (желі иесі) қосылысын уақытқа қарай есептеу аппаратураларының деректері негізінде жүргізіледі.
      7.2. Уақытқа қарай есептеу аппаратурасының өлшеу құралдарының типін бекіту туралы сертификаты және түгендеу туралы сертификаты болуы керек.
      7.3. Қосылатын оператор (желі иесі) желісінің абонеттері қосатын оператор желісі арқылы ішкі аймақтық, қалааралық және халықаралық байланысқа шыққан уақытта трафикті есептеу қосатын оператор АҚТС-та (ҚТТ/ХКО) жүргізіледі.
      8. Телефон трафигін өткізу.
      Қосатын оператор коммутациялық желісі қосылатын оператор (желі иесі) желісі абоненттерінен (абоненттеріне) ортақ пайдаланымдағы телекоммуникацияның желісіне (желісінен) трафикті өткізу жүзеге асырылады.
      9. Жобалық жұмыстар
      9.1. Қосылатын оператор (желі иесі) қосатын оператордың телекоммуникация желісіне қосуға жобалық-құжаттамалық құжаттаманы ұсынады. Қосу жолдары ұйымдарына техникалық талаптарды алу үшін және жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) құру үшін Қосылатын оператор (желі иесі) қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) шеткері жабдықтың орналасқан орны реттеледі.
      9.2. Қосатын оператор ЖСҚ келісу актінің көшірмесі осы техникалық талаптарға және қосатын жолдардың ұйымына техникалық талаптарына сәйкестігіне ұсынылады. Акт қосатын оператордың уәкілетті өкілдерімен және қосылатын оператор (желі иесі) (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) қол қойылады.
      10. Құрылыс-монтаждау жұмыстары:
      10.1. Қосылатын оператор (желі иесі) қосатын оператордың филиалында (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) қосатын жолдардың ұйымына техникалық талаптар алады.
      10.2. Қосылу жолдары ұйымымен байланысты барлық жұмыстар (арналарды жалға алу, кәбіл төсеу, шеткері жабдықты орнату және т.б.) қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) келісіледі.
      11. Жалпы мәселелер
      11.1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоспары (кәбіл төсеу сұлбасы, шеткері жабдықты орнату) қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) жүзеге асырылады.
      11.2. Қосылатын оператор (желі иесі) электрмен қамтамасыз ету бойынша барлық жұмыстар мен талаптарды қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) келісе отырып, шеткері жабдықты электр энергиясымен қамтамасыз етуді көздейді.
      11.3. Осы Техникалық талаптарды орындау бойынша жұмыстарды аяқтау қосылатын оператор (желі иесі) желісі қосатын оператордың (осы Техникалық талаптардың 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес синхрондау нұсқасын таңдаған жағдайда) ЖСҚ базалық желісіне қосудың техникалық талаптарына және мәтіндік қосуға дайындылығына сәйкес, ЖСҚ базалық желісіне қосылу деңгейін, желі нөмірленуін, сигнализация түрінің, қосылу класын көрсетумен Акт ресімделеді. Акт қосатын оператордың филиалының уәкілетті өкілдерімен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) және қосылатын оператор (желі иесі) қол қойылады. Актінің көшірмесі қосатын оператордың ұсынылуы қажет.
      11.4. Қосылатын оператор (желі иесі) желісін қосатын оператордың телекоммуникация желісіне қосудың алдында тестілік сынақтар жүргізіледі. Тестілік сынақтардың оң нәтижесінде тестілік сынақтардың нәтижелері және коммерциялық пайдалану мақсатында енгізу туралы акті жасалады. Актінің көшірмесі қосатын операторға ұсынылады. Актіде қосылу нүктесі, желі нөмірленуі, кірістірілген желілік ресурстар саны, ЖҚС базалық желісіне қосу класы, тестілеу мерзімі, тестілеу нәтижелері және коммерциялық пайдалану мақсатында қосу датасы көрсетіледі. Акт қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында қосатын оператор филиалының уәкілетті өкілдерімен және қосылатын оператор (желі иесі) қол қойылады.
      11.5. Қосу жолына 0,7 Эрл үлес жүктемесінен асқан жағдайда, арналық сыйымдылығын ұлғайтуды қамтамасыз ету қажет.
      11.6. Қосатын оператор телекоммуникация желісіне қосу осы техникалық талаптарды орындаудан кейін жүргізіледі.
      11.7. Егер осы Техникалық шарттар берілген мерзімнен бастап алты айдың ішінде орындалмаған жағдайда, онда бұл Техникалық шарттар жойылады.
      11.8. Байланыс операторы желісін қосатын оператор телекоммуникация желісіне осы техникалық талаптар шеңберінде қосу қосылатын оператор (желі иесі) Мемлекеттік лицензиясымен көзделген қызметтер үшін ғана қолданылады.
      11.9. Қосылатын байланыс операторымен техникалық талаптарды орындау сәтінде (порттық сыйымдылықтың) бос желілік ресурстардың болмағаны жағдайында, аталған қосылу қосатын оператормен _______________ қайта жабдықтаудан кейін мүмкін болады.
      11.10. Қосылатын байланыс операторы (желі иесінің) желісінің синхрондау сызбасына кез-келген өзгерістер қосатын оператормен келісіледі.

_______________________________________________________________                         Қосатын оператор филиалының атауы

_____________________________________________________________
Қосатын оператор филиалының басшысы (Ф.А.Ж. және қолы)


Дата вступления в силу:  24.07.2009
Дата изменения акта:  06.06.2012
Дата принятия акта:  04.06.2009
Информация об официальном опубликовании акта:  "Заң газеті" 2009 жылғы 14 тамыз, № 123 (1546); "Юридическая газета" газеті 2009 жылғы 14 тамыз, № 123 (1720); Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2009 жылғы N 8 (Тиражға шыққан уақыты 27.08.2009 ж.)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  110000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  46984
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  247
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  010003001000 / 010011000000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz