Мәслихаттың 2007 жылғы 30 қазандағы N 3-7 "Орал қаласы аумағының құрылыс салу Ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мәслихаттың 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 13-16 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 26 желтоқсанда N 7-1-121 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 5 шілдедегі № 15-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 05.07.2013 № 15-5 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6,  7-баптарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласы аумағының құрылыс салу Ережесі" туралы" 2007 жылғы 30 қазандағы N 3-7 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-76 тіркелген, 2007 жылғы 22 қарашадағы, 2007 жылғы 29 қарашадағы, 2007 жылғы 6 желтоқсандағы, 2008 жылғы 3 қаңтардағы "Жайық үні" газетінде және 2007 жылғы 29 қарашадағы, 2007 жылғы 6 желтоқсандағы, 2007 жылғы 20 желтоқсандағы "Пульс города" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақтағы "мемлекеттік тіркеуден өткен күннен күшіне енеді" сөздері "ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының
      кезекті 13-ші сессиясының төрағасы
      Орал қалалық мәслихатының хатшысы