"2008 жылы жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі туралы" 2008 жылғы 7 наурыздағы № 484 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 09 желтоқсандағы N 223 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 06 қаңтарда N 2492 тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - ШҚО әділет департаменті 2009 жылғы 1 шілдедегі N 06-11-6929 хатымен

      "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Металл кремнийін өндіретін зауыт салу" инвестициялық жобасы бойынша "Silicium Kazakhstan" (Силициум Казахстан) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың мынадай қолданылу мерзімдері белгіленсін:
      1) корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 8 (сегіз) жыл;
      2) мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 (бес) жыл;
      3) жер салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 (бес) жыл.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов