Жұмыс орындарының жалпы санының 3 пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін квота белгілеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 5 ақпандағы N 70 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 13 ақпанда N 14-14-47 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы N 115 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы N 115 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптарына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Көлбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Сарманов