"Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдаланудың төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 16/161-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы N 5/72-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 18 сәуірде N 1978 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 9/76-V Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 18.01.2016 N 6 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94-І Заңының 97 бабына 2 тармағына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" N 6 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Аталған шешіммен бекітілген Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелерінде:
      3 тармағында:
      "Петропавл қаласының тұрғындары үшін 20 %, Кожзавод пен Заречный кенттері үшін 15 % мөлшерінде" бірінші абзацтағы сөздері "Петропавл қаласының тұрғындары үшін 15 %, Кожзавод пен Заречный кенттерінің тұрғындары үшін 10 % мөлшерінде" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
      Қалалық мәслихаты
сессиясының төрағасы
      Қалалық
мәслихатының хатшысы