"Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы N 5 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 11 ақпанда N 13-12-54 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 13 қарашада N 217 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысын басшылыққа ала отырып және Киевка кентінің Ленин, Киров, Пржевал, Скалозубов көшелерінің тұрғындары атынан ұсынылған көшелерінің атын өзгерту туралы өтінулеріне қарап:
      1. Киевка кентінің келесі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      1) Ленин көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
      2) Киров көшесі Жамбыл көшесіне;
      3) Пржевал көшесі Ш. Уалиханов көшесіне;
      4) Скалозубов көшесі Жолдекей Нұрмағанбетұлы көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      Кент әкімі                                 Б. Шайжанов