Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы "Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы" N 1/56 қаулысына өзгерту енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы N 4/653 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2008 жылғы 4 қыркүйекте N 791 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 02 қарашадағы № 4/515 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2018 № 419 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 836 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына:

      Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Алдабергенов Нұрлан Шәдібекұлы енгізілсін;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      7-тармақта "министрліктерінің" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов