"Қостанай облысы аумағындағы елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, жер телімдеріне, ғимараттар және имараттарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу тәртібін жүргізу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 12

Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі № 458 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 7 қарашада № 3657 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 54 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Жер кодексiнiң" 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Арыс қаласы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Ақдала ауылдық округiне қарасты Ақдала, Тақыркөл, Ақын-Жақып, Тоғайлы ауылдармен шектесiп жатқан жайылымдық жерлерден Ақдала ауылына 100 га, Тақыркөл ауылына 100 га, Ақын-Жақып ауылына 30 га, Тоғайлы ауылына 150 га жер телiмi қосылып, ауылдардың шегi өзгертiлсiн.
      2. Осы шешiм және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.      
      Қалалық мәслихат
      сессия төрағасы:                           С. Ахметов

      Арыс қаласы әкiмi                          Ш. Сатымбеков

      Қалалық мәслихат хатшысы:                  Р. Керiмқұлов