Аз қамтылған азаматтарға бастапқы азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты өтемақы беру туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 295 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 желтоқсанда N 8-13-55 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 01 ақпанда N 12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2010.02.01 N 12 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарқаралы ауданының аз қамтылған азаматтарына бастапқы азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде өтемақы берілсін.
      2. Қарқаралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Б.М. Жуманбаев) өтемақыны тізім бойынша төлесін.
      3. Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі (Б.К. Ахметжанов) өтемақыны "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасында қаралған қаражат есебінен уақтылы қаржыландырсын.
      4. "Аз қамтылған азаматтарға бастапқы азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты өтемақы беру туралы" Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2008 жылдың 6 мамырдағы N 117 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізіміне - N 8-13-49 болып тіркелген, 2008 жылдың 31 мамырдағы N 43-44 "Қарқаралы" газетінде жарияланған) күші жойылсын.
      5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.С. Дюсетаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі                                Н. Омарханов