Қарағанды қаласы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін және аймақтардың шекараларын бекіту туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының 2008 жылғы 22 мамырдағы VІ сессиясының N 122 шешімі. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2008 жылғы 13 маусымда N 1846 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 5 қазандағы № 338 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 05.10.2018 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабының 1 тармағына сәйкес және Қарағанды облысы әкімдігінің ұсыныстары негізінде, салық салу мақсаттарын қоспағанда мемлекет жер учаскелерін немесе оларды жалдау құқығын сату кезінде қолданылатын кадастрлық (бағалау) құнын анықтау мақсатында Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды қаласы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері және аймақтардың шекаралары бірінші және екінші қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың бюджет және қаржы жөніндегі (Ж.С. Таласпеков) және өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі (М.А. Перзадаев) тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      3. Осы шешім Қарағанды облысының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      4. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

Сессия төрағасы,


облыстық мәслихаттың хатшысы

Б. Жұмабеков


  Қарағанды облыстық мәслихатының
2008 жылғы 22 мамырдағы
VI сессиясының N 122 шешіміне
1 қосымша

Қарағанды қаласы бойынша жер учаскелері үшін
төлемақының базалық ставкасына түзету
коэффициенттері

Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауға арналған аймақтың нөмірі

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына коэффициент

1 аймақ

2.00

2 аймақ

1.88

3 аймақ

1.56

4 аймақ

1.30

5 аймақ

1.20

6 аймақ

1.11

7 аймақ

1.00

8 аймақ

0.85

9 аймақ

0.73

  Қарағанды облыстық мәслихатының
2008 жылғы 22 мамырдағы
VI сессиясының N 122 шешіміне
2 қосымша

Қарағанды қаласының
жер участкелерінің кадастрлық (бағаланған) кұнын
анықтауға арналған аймақтар шекараларының
СХЕМАСЫ РҚАО ескертуі: схеманы қағаз нұсқасынан қараңыз