"Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 15 мамырдағы N 172 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" облыс әкімдігінің 2008 жылғы 17 қыркүйектегі N 332 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысының әкімиятының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 429 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда N 3278 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі N 158 қаулысымен

       Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі N 158 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27 және 37 баптарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2008 жылғы 2 қыркүйекте "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінің N 117-118 нөмірлерінде жарияланған, Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 29 қыркүйекте N 3268 тіркелген, облыс әкімдігінің 2008 жылғы 17 қыркүйектегі N 332 қаулысының атауы мынадай жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит берудің негізгі шарттарын анықтау туралы" облыс әкімдігінің 2008 жылғы 15 мамырдағы N 172 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы"

      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Е. Сағындықов