2008 жылға арналған Сандықтау ауданының кәсіпорындарындағы жұмыс орындарының жылпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі N А-4/61 қаулысы. Ақмола облысы Сандықтау ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 28 сәуірде N 1-16-76 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 шілдедегі № А-6/230 қаулысымен

       Күші жойылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009.10.20 N 042-44/172 бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрық 2008 жылдың 1 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған қаржы құралдарының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына ену үшін аудиторлық ұйымдарға біліктілік талаптары (бұдан әрі - Біліктілік талаптары) бекітілсін.

      2. Белгіленсін:

      1) Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) аудиторлық ұйымдар ұсынған құжаттарды қарау мерзімі Біліктілік талаптарына сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап бес жұмыс күн нәтижесінде Агенттік аудиторлық ұйымның Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды береді;

      2) Агенттіктің аудиторлық ұйымның Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы шешімінің мерзімі оны берген күннен бастап бір күнтізбелік жылды құрайды;

      3) Осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен бастап үш ай өткеннен кейін аудиторлық ұйымдар осы бұйрықпен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжатты Агенттікке ұсынады.

      3. "Қаржы құралдарының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына ену үшін аудиторлық ұйымдарға біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 9  бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2006 жылдың 7 қазанында N 4413 нөмірімен тіркелген, 2006 жылдың 24 қазандағы N 235 (25206) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Заң басқармасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі бойынша шаралар қабылдасын.

      5. Агенттіктің Тіркеу департаментіне:

      1) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, үш күндік мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттіктің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, "Қазақстан аудиторлар палатасы" қоғамдық бірлестігінің, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының және "Қазақстан қаржыгерлер Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін;

      2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануы бойынша шаралар қабылдансын.

      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелсін.

      7. Осы бұйрық ресми жариялануға және 2008 жылдың 1 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға                                          А. Арыстанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен қадағалау
      агенттігінің Төрағасы
      _________________Е. Бахмутова
      2008 жылғы 14 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _________________Б. Жәмішев
      2008 жылғы 17 наурыз

Қазақстан Республикасы   
Алматы қаласының өңірлік қаржы 
орталығының қызметін реттеу  
агенттігі Төрағасының   
2008 жылғы 3 сәуірдегі   
N 04.2-09/78 бұйрығымен  
бекітілген         

Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қаржы құралдарының енуі үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары

      1. Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ресми тізіміне "акция" секторының бірінші санаты бойынша акциялары, ал "борыштық бағалы қағаздар" секторының бірінші санаты бойынша рейтингтік бағасы бар және рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары енгізілген немесе енгізілуі жобаланған эмитенттердің жыл сайынғы аудитін өткізу үшін, аудиторлық ұйым келесі талаптарға сай болуы қажет:

      1) аудиторлық ұйымның халықаралық есепшілер федерациясының мүшесі немесе білікті аккредиттелген мемлекеттік органның резиденті болып табылатын кәсіби аудиторлық ұйым мүшесі екендігін растайтын құжаттың болуы;

      2) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру келісімінің болуы;

      3) халықаралық есепшілер федерациясының мүшесі немесе білікті аккредиттелген мемлекеттік органның резиденті болып табылатын кәсіби аудиторлық ұйымның оң шешімін растайтын:
      аудиторлық ұйым қызметінің халықаралық стандарттарына және ақпарат сенімділігін растайтын тапсырмаларға сәйкестігін;
      сыртқы сапа бақылауын өткізу нәтижесінде аудиторлық ұйымның этика Кодексін сақтауы.

      4) аудиторлық қызметпен айналысу мерзімінің үш жылдан кем болмауы;

      5) емтиханды сәтті тапсырғандығы мен оқудан (біліктілігін көтеруді) өткендігін растайтын құжаттарға сәйкес, қаржы есептілігінің халықаралық стандарттары бойынша сертификатталған кемінде үш маманның болуы;

      6) қаржы есептілігінің және аудиттің халықаралық стандартына сәйкес аудиттік тексеруден өткен кемінде он бес ұйымның болуы (аудиторлық есептердің көшірмелерімен ұсынылуы);

      2. Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ресми тізіміне "борыштық бағалы қағаздар" секторының екінші санаты бойынша рейтингтік бағасы бар және рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары мен "акция" секторының екінші санаты бойынша акциялары және "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторының бағалы қағаздары енгізілген немесе енгізілуі жобаланған эмитенттердің жыл сайынғы аудитін өткізу үшін аудиторлық ұйым келесі талаптарға сай болуы қажет:

      1) аудиторлық ұйымның халықаралық есепшілер федерациясының мүшесі немесе білікті аккредиттелген мемлекеттік органның резиденті болып табылатын кәсіби аудиторлық ұйым мүшесі екендігін растайтын құжаттың болуы;

      2) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру келісімінің болуы;

      3) халықаралық есепшілер федерациясының немесе білікті аккредиттелген мемлекеттік органның резиденті болып табылатын кәсіби аудиторлық ұйымның оң шешімін растайтын:
      аудиторлық ұйымның аудиттің халықаралық стандарттарына және ақпарат сенімділігін растайтын тапсырмаларға сәйкестігін;
      сыртқы сапа бақылауын өткізу нәтижесінде аудиторлық ұйымның этика Кодексін сақтауы.

      4) аудиторлық қызметпен айналысу мерзімінің үш жылдан кем болмауы;

      5) емтиханды сәтті тапсырғандығы мен оқудан (біліктілігін көтеруді) өткендігін растайтын құжаттарға сәйкес, қаржы есептілігінің халықаралық стандарттары бойынша сертификатталған кемінде үш маманның болуы;

      6) қаржы есептілігінің және аудиттің халықаралық стандартына сәйкес аудиттік тексеруден өткен кемінде он ұйымның болуы (аудиторлық есептердің көшірмелерімен ұсынылуы).

      3. Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ресми тізіміне акциялары "акция" секторының үшінші санаты бойынша және басқа да бағалы қағаздары енгізілген немесе енгізілуі жобаланған эмитенттердің жыл сайынғы аудитін өткізу үшін, аудиторлық ұйым келесі талаптарға сай болуы қажет:

      1) аудиторлық ұйымның халықаралық есепшілер федерациясының мүшесі немесе білікті аккредиттелген мемлекеттік органның резиденті болып табылатын кәсіби аудиторлық ұйым мүшесі екендігін растайтын құжаттың болуы;

      2) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру келісімінің болуы;

      3) аудиторлық ұйым қызметінің аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкестігін куәландыратын және халықаралық есепшілер федерациясы немесе білікті аккредиттелген мемлекеттік органның резиденті болып табылатын кәсіби аудиторлық ұйымның оң шешімінің болуы;

      4) емтиханды сәтті тапсырғандығы мен оқудан (біліктілігін көтеруді) өткендігін растайтын құжаттарға сәйкес, қаржы есептілігінің халықаралық стандарттары бойынша сертификатталған кемінде екі маманның болуы;

      5) қаржы есептілігінің және аудиттің халықаралық стандартына сәйкес кредиттік тексеруден өткен кемінде бес ұйымның болуы (аудиторлық есептер көшірмелерімен ұсынылуы).