2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 23 маусымдағы N 33-716қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 14 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 538 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 33-408қ Қаулысымен

      Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селосы", "селолық", "селосының", сөздері "ауылы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Тасқопа ауылдық округі әкімінің 03.02.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Тасқопа ауылдық округ әкімі шешім етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Темір ауданы Тасқопа ауылдық округі әкімінің 03.02.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
      1. Тасқопа ауылының атаулары жоқ:
      1) N 1 көшесіне Мектеп;
      2) N 2 көшесіне Астана;
      3) N 3 көшесіне Ашы–ойыл атаулары берілсін.
      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Тасқопа ауылдық округі әкімі: Ж.Н.Қалмағанбетов