24.04.2008

Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-ІІІ "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 250/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-ІІІ "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 1 шілдеде N 395 тіркелген, 2005 жылғы 5 шілдеде N 90 "Астана хабары", 2005 жылғы 9 шілдеде N 103-104 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы шешіммен бекітілген Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен Әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесінде :

      13-тармақтағы "кедейшілік шегінен" деген сөздер "азық-түлік себетінің құнынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Тізбе мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
      "16. "Астана қаласының түберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесінде диспансерлік есепте тұратын белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтар.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                   С. Богатырев

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                           В. Редкокашин

      КЕЛІСІЛДІ:
      Астана қаласының
      жұмыспен қамту және
      Әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасының директоры                        А. Алтыбаева


Дата вступления в силу:  12.05.2008
Дата изменения акта:  27.06.2014
Дата принятия акта:  24.04.2008
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  151000000002
Регион действия:  100051000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  39520
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  80/14-IV
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  003010000000 / 001008000000
Форма акта:  РЕШ
Юридическая сила:  1600
Язык акта:  kaz