30.01.2008

Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-ІV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010.12.13 N 410/54-IV Шешімімен.

      Астана қаласы әкімдігінің Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы Қағидаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысын қарап, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-ІV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 23 қарашада 478 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 29 қарашада N 187 "Вечерняя Астана", 2007 жылғы 29 қарашада N 192-194 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
      Осы шешіммен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасында:

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      61. Коммуналдық және өзге де қызметтерді төлеуге ақшалай төлем түрінде:
      1) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне ай сайын 4,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарында мәртебесі берілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдер бойынша теңестірілген адамдарға ай сайын 2,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде Әлеуметтік көмек көрсетіледі.
      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген Әлеуметтік көмек 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетіледі";

      62-тармақтың 1) тармақшасындағы "2000 (екі мың)" деген сандар және сөздер "3000 (үш мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді және 2008 жылғы 1 қаңтарда туындаған қатынастарға қолданылады.

      Астана қаласы мәслихатының
      сессия төрағасы

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы


Дата вступления в силу:  03.03.2008
Дата изменения акта:  13.12.2010
Дата принятия акта:  30.01.2008
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  151000000002
Регион действия:  100051000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  38190
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  50/8-IV
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  003010000000 / 001008000000
Форма акта:  РЕШ
Юридическая сила:  1600
Язык акта:  kaz