"Жүк тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429-I бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 554 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 03 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5527 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийі
құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан
туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай
толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 475 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 21, 254-құжат):
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "жүзеге асыру" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийін өткізу қызметін жүзеге асыру";
      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 22, 205-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы".
      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1114 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 40, 525-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов