"Қазақстан Республикасында Конго - Қырым геморрагиялық қызбасының ошақтарында санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларды ұйымдастыру және өткізу" санитарлық–эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 682 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 19 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5497 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011.03.10 № А-6/358 қаулысымен
      Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу» туралы мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы №а-6/339 қаулысына (нормативтік құқықтық актiлерiнiң Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 3275 болып тіркелген, «Акмолинская правда» газетінде 2008 жылғы 4 қазанда, «Арқа ажары» газетінде 2008 жылғы 4 қазанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартында:
      12-тармағында «туу туралы куәлігі» деген сөздер «туу туралы куәліктің көшірмесі» сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі                      А. Рау