29.10.2008

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеуге жататын жұмыстар тізімін бекіту туралы

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2015 № 497 бұйрығымен.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 5-бабы 2-тармағының  13) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берілген өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеуге жататын жұмыстар тізімі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушысының (нормативтік құқықтық  актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3429 нөмірімен тіркелген) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету аймағында аккредиттеуге жататын жұмыстар тізімін бекіту туралы" 2005 жылғы 20 қаңтардағы N 15 бұйрығы күшін жойды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасы  Ғ.М. Мұхамбетовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                           В. Школьник

                                         Қазақстан Республикасы
                                    Индустрия және сауда министрінің
                                       2008 жылғы 29 қарашада N 431
                                          бұйрығымен бекітілген

    Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеуге
                  жататын жұмыстар тізімі

N

Жұмыс атауы

1

Өлшем құралдарды салыстырып тексеру

2

Өлшем құралдарды калибрлеу

3

Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау


Дата вступления в силу:  07.11.2008
Дата изменения акта:  28.04.2015
Дата принятия акта:  29.10.2008
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103017000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  42220
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  431
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  005013000000 / 005010000000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz