28.04.2008

Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесі бекітілсін.

      2. <*>
      Ескерту: 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 119 Қаулысымен.

      3. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3870 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 65 (Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4173 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 131 (Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4296 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту" және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 111 (Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4689 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 272 (Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5137 тіркелген) қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесінде:    

      63-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "63-2. Банк болып табылмайтын және осы Ереженің 63 және 63-1-тармақтарында көрсетілген операцияларды жүзеге асыратын бірінші санатты брокер және (немесе) дилер (бұдан әрі - инвестициялық компания) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгіленген пруденциалдық нормативтерді сақтайды.".

      4. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы қаулымен бекітілген Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінің 2-тармағын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      5. Стратегия және талдау департаменті (Г.А. Ділімбетова):

      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.

      6. Агенттік Төрайымының Қызметі Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовқа жүктелсін.

      Төрайым                                         Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2008 жылғы   
28 сәуірдегі N 56 қаулысының 
1-қосымшасы         

Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесі

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша «және мүмкін» деген сөздер алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.04.01 № 33 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.      

      Осы Ереже номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - Брокер және (немесе) дилер) міндетті түрде сақтайтын пруденциалдық нормативтерді есептеу тәртібін белгілейді.

1-тарау. Брокердің және (немесе) дилердің жарғылық және меншікті капиталының барынша аз мөлшері

      1. Брокердің және (немесе) дилердің жарғылық капиталының барынша аз мөлшері бір миллиард теңгені құрайды.
      Брокер және (немесе) дилер, мұндай сатып алу қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілеген пруденциалдық нормативтердің және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің кез келгенін бұзуға әкеліп соқтырмайтын жағдайда, акционерлердің меншік акцияларын сатып ала алады.

      РҚАО-ның ескертуі!
      2-тармақ 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі .

      2. Брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталының барынша аз мөлшері бір миллиард теңгені құрайды.

2-тарау. Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті

      3.  Брокер және (немесе) дилердің меншікті капиталы бірінші деңгейдегі капитал және екінші деңгейдегі капитал сомасы ретінде есептеледі (екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшерде енгізіледі).
      Осы Ереженің мақсаттары үшін Standard & Poor's агенттігінің рейтингтік бағасынан өзге, сондай-ақ уәкілетті орган Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің рейтингтік бағалары танылады (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер).
      Бірінші деңгейдегі капитал мыналардың сомасы ретінде есептеледі:
      меншікті сатып алынған жай акцияларды шегергенде, жай акциялар бөлігіне төленген жарғылық капитал;
      меншікті сатып алынған артықшылық берілген акцияларды шегергенде, артықшылық берілген акциялар бөлігіне төленген жарғылық капитал;
      қосымша капитал;
      өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісінің;
      өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптастырылған қорлардың, резервтердің;
      мыналарды шегергенде:
      1999 жылғы 1 шiлдеден бастап немесе кейiн басталатын кезеңдердi қамтитын қаржылық есеп беру үшiн 1998 жылы шiлдеде күшiне енген Қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттары жөнiндегi комитеттiң Басқармасы бекiткен 38 Халықаралық қаржылық есеп беру стандарты "Материалдық емес активтерге" сәйкес келетін (бұдан әрi - 38 Халықаралық қаржылық есеп беру стандарты) және Брокер және (немесе) дилердің негізгі қызметінің мақсаты үшін сатып алынған лицензияланған программалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтерді;
      өткен жылдардағы шығындарды;
      ағымдағы жыл шығыстарының ағымдағы жыл кiрiстерiнен асып түсуін.
      Екінші деңгейдегі капитал мыналардың сомасы ретінде есептеледі:
      ағымдағы жыл кірістерінің ағымдағы жыл шығыстарынан асып түсу мөлшерінің;
      негізгі қаражат пен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшерінің;
      тәуекелді ескеріп мөлшерленген активтер сомасының 1,25 пайызынан аспайтын сомадағы жалпы тәуекелдерге резервтер (провизиялар) мөлшерінің;
      бірінші деңгейдегі капитал есебіне енгізілмеген артықшылық берілген акциялардың;
      меншікті сатып алынған акцияларды, қосымша капиталды, өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісін, өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптастырылған қорларды, резервтерді, ағымдағы жыл кірістерінің ағымдағы жыл шығыстарынан асып түсу мөлшерін, негізгі қаражат пен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшерін шегергендегі төленген жарғылық капиталдың сомасынан аспайтын сомада сатып алынған меншікті реттелген борышты шегергендегі Брокер және (немесе) дилердің реттелген борышының.
 
 
       РҚАО-ның ескертуі.
      1-тармағының жиырма екінші абзацы - 2010.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі.
      Бірінші деңгейдегі капиталға енгізілетін артықшылық берілген акциялар үлесі бірінші деңгейдегі капиталдың он бес пайызынан аспауы тиіс. Екінші деңгейдегі капитал есебіне енгізілуі мүмкін, бірінші деңгейдегі капитал есебіне енгізілмеген артықшылық берілген акциялар сомасы.
      "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВ+"-тан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар және сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйелерінде айналысқа жіберілген бағалы қағаздарға инвестицияларды қоспағанда, Брокердің және (немесе) дилердің инвестицияларының жиынтық сомасы Брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталының мөлшерінен аспауы тиіс.
      Брокер және (немесе) дилер инвестицияларының жиынтық сомасының оның меншікті капитал мөлшерінен асып түсу сомасы меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерін, бір заемшыға тәуекелдің ең жоғарғы мөлшерін және Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы Брокердің және (немесе) дилердің міндеттемелеріне капиталдандыру коэффициенттерін есептеу барысында меншікті капиталдан азайтылады.
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      4. Брокердің және (немесе) дилердің реттелген борышы - бұл мынадай тиісті талаптарға сәйкес келетін Брокердің және (немесе) дилердің қамтамасыз етілмеген міндеттемесі:

      1) ұсынушының салымы не міндеттемесі болып табылмайды;

      2) Брокердің және (немесе) дилердің немесе олармен аффилиирленген тұлғалардың талаптары бойынша кепілдік берілген қамтамасыз ету болып табылмайды;

      3) Брокерді және (немесе) дилерді тарату кезінде соңғы кезекте қанағаттандырылады (акционерлер арасында қалған мүлікті бөлудің алдында);

      4) мұндай өтеу уәкілетті органның қорытындысына сәйкес соңынан Брокер және (немесе) дилердің осы Ережеде белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәнін сақтамау салдарына алып келмейтіндей талаппен Брокер және (немесе) дилермен, оның ішінде жедел түрде тек қана Брокер және (немесе) дилердің бастамасы бойынша өтелуі мүмкін (толық немесе ішінара).
      Меншікті капиталға қосылатын Брокердің және (немесе) дилердің реттелген борышы - бұл өтеу басталғанға дейінгі бес жылдан артық уақытты қамту мерзімі бар реттелген борыш.
      Облигациялар Брокердің және (немесе) дилердің реттелген борышы болып танылады және Брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган бекіткен облигациялар шығарылымын орналастыру қорытындылары туралы есеп негізінде ғана енгізіледі.
      Брокердің және (немесе) дилердің реттелген борышы Брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталы есебіне мына жағдайда енгізіледі:
      борыштың толық сомасында - борышты өтеу басталғанға дейінгі бес жылдан артық уақыт ішінде,
      борышты өтеу басталғанға дейінгі қалған бес жыл ішінде:
      1-жыл - реттелген борыш сомасының 100 пайызы;
      2-жыл - реттелген борыш сомасының 80 пайызы;
      3-жыл - реттелген борыш сомасының 60 пайызы;
      4-жыл - реттелген борыш сомасының 40 пайызы;
      5-жыл - реттелген борыш сомасының 20 пайызы.
      Брокердің және (немесе) дилердің реттелген борышы болып сондай-ақ егер шартта осындай өтеу уәкілетті органның қорытындысына сәйкес бұдан былай Брокердің және (немесе) дилердің қаржылық жағдайын нашарлатуға және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасының талаптарын бұзуға алып келмейтін талабымен заемшының бастамасы бойынша заемды мерзімінен бұрын (толық немесе ішінара) өтеу мүмкіндігі көзделсе, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінен немесе Азиялық Даму Банкінен не Халықаралық Қаржылық Корпорациядан тартылған, 3) тармақшадан басқа осы тармақтың талаптарына сәйкес келетін, Брокердің және (немесе) дилердің заемы танылады.

      5. Брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталының жеткіліктілігі мынадай коэффициенттермен сипатталады:
      1) Брокердің және (немесе) дилердің активтерінің мөлшеріне бiрiншi деңгейдегi капиталдың қатынасымен (k1) ;
      2) меншікті капиталды есептеуге қосылмаған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомасына кемiтiлген кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің сомасына бiрiншi деңгейдегi капиталдың қатынасымен (k1-2);
      3) меншікті капиталдың мыналардың сомасына қатынасымен:
      меншікті капитал есебіне енгізілмеген жалпы резервтердің (провизиялардың) сомасына кемітілген кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің;
      операциялық тәуекелдің (k2) .
       Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      6. Брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәні мынадай болуы тиіс: k1 - 0,06-дан кем емес, k1-2 – 0,06-дан кем емес, k2 - 0,12-ден кем емес .
      Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты міндеттемелер есебі осы Ереженің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жасалады.
      Тәуекел дәрежесі бойынша активтерді, шартты міндеттемелерді мөлшерлеу мақсаты үшін активтер, шартты міндеттемелер олар бойынша құрылған арнайы резервтер (провизиялар) сомасына кемітіледі.
      Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты міндеттемелер Брокердің және (немесе) дилер оған сәйкес кредиттік тәуекелдерге ұшырайтын осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген заемшының тиісті санатына сәйкес тәуекел деңгейіне осы Ереженің 2-қосымшасына сай есептелген шартты міндеттемелердің сомасының туындысы ретінде айқындалады.
      Своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген тиісті қарсы агент санатының тәуекел дәрежесіне аталған қаржы құралдары мен ол бойынша кредиттік тәуекелдің рыноктық құнының сомасын көбейту жолымен, кредиттік тәуекелді ескере отырып мөлшерленген шартты міндеттемелер мен талаптар есебіне енгізіледі.
      Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген кредиттік тәуекел коэффициентіне аталған қаржы құралдарының номиналды құнын тудырушы және аталған қаржы құралдарының өтеу мерзімін белгілеуші ретінде есептеледі.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      7. Операциялық 8,3-ке тең тәуекелмен жасалған көрсету коэффициенті ретінде, соңғы өткен үш жылдағы жылдық жалпы кіріс сомасына қатысы арқылы жасалған 0,12 тең операциялық тәуекел коэффициенті бойынша есептеледі.
      Жылдық жалпы кірістің соңғы өткен үш жыл ішіндегі орташа шегі соңғы өткен үш жыл ішіндегі жылдық жалпы кірістің сомасына қатынасы ретінде, олардың әр қайсысынан Брокердің және (немесе) дилердің алған таза кірісі кіріс алған жыл саны бойынша есептелді.
      Жаңадан құрылған Брокерлер және (немесе) дилерлер үшін операциялық тәуекел қаржы жылының аяқталуы бойынша есептеледі және жылдық жалпы кірістің орташа шегі өткен жылдар санын негізге ала отырып жасалады.
      Жылдық жалпы кіріс мыналар ретінде:
      салық салғанға дейінгі жылдық таза кіріс, провизияларды (резервтер) қалыптастыруға арналған жылдық қаржы бөлу мөлшерінің және жасалған төтенше шығыстар мөлшерінің сомасы;
      Брокердің және (немесе) дилердің төтенше шығыстарын шегерумен анықталады.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

3-тарау. Бір заемшыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері

      8. Бір заемшыға тәуекелдің мөлшері (Р) брокердің және (немесе) дилердің заемшыға талаптарының сомасы ретінде:
      1) заемдар, салымдар, дебиторлық берешегі, бағалы қағаздар;
      2) Брокердің және (немесе) дилердің балансынан есептен шығарылған Брокердің және (немесе) дилердің заемшыға қоятын талаптарының;
      3) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты міндеттемелер;
      4) осы қаржы құралдары мен ол бойынша кредиттік тәуекелдің рыноктық құнының сомасы ретінде есептелген кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары түрінде заемшының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын алып тастап есептеледі.
      Бір заемшының тәуекел есебіне Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қойылатын талаптар және «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе халықаралық рейтингтік агенттіктер ретінде танылған басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар банктерге ашылған корреспонденттік шоттар бойынша талаптар кіргізілмейді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.04.01 № 33 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8-1. Бір заемшыға барынша жоғары тәуекел мөлшерін есептеу үшін «бiр заемшы» деген терминi бойынша Брокердің және (немесе) дилердің осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген талап етуі бар немесе талаптар болуы мүмкiн әрбір заңды тұлға деп түсіну керек.
      Екi немесе одан да көп заемшылардан тұратын топтың тәуекел мөлшерi егер заемшылардың әрқайсысының тәуекел мөлшерi Брокердің және (немесе) дилердің меншiктi капиталының 0,05 пайызынан асатын болса, бiр заемшы үшiн жиынтықты түрде, сондай-ақ мынадай жағдайлардың бiрi:
      1) заемшылардың бiрi iрi қатысушы (акционер) (акционерлiк қоғамдағы, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктегi немесе қосымша жауапкершiлiктi серiктестiктегi; коммандиттiк серiктестiктегi толық жолдас; толық серiктестiкке қатысушы), аффилиирленген тұлға, жақын туыс (ата-анасы, баласы, асыраушысы, асырап алған баласы, туған және туысқан бауыры немесе қарындасы, атасы, әжесі, немересі), ерi (зайыбы), ерi (зайыбының) жақын туысы, басқа заемшының бiрiншi басшысы, не басқа заемшымен мәмiле жасауға мүдделі тұлға;
      2) iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi (зайыбы), ерi (зайыбының) жақын туысы немесе заемшының бiрiнiң бiрiншi басшысы не бiр заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға - iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi (зайыбы), ерi (зайыбының) жақын туысы немесе басқа заемшының бiрiншi басшысы не бiр заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға болып табылған;
      3) iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi (зайыбы), ерi (зайыбының) жақын туысы немесе заемшының бiрiнiң бiрiншi басшысы не бiр заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға - iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi(зайыбы), ерi (зайыбының) жақын туысы немесе басқа заемшының бiрiншi басшысы не бiр заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға болып табылады не iрi қатысушының, аффилиирленген тұлғаның, жақын туыстың, ерi (зайыбының), ерi (зайыбының) жақын туысының немесе басқа заемшының бiрiншi басшысының не басқа заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлғаның мәміле жасауға мүдделі тұлғасы болып табылған;
      4) заемшылардың бiрi басқадан бағалы қағаздарды заемшының меншікті капиталынан асатын мөлшерде заемға Брокерден және (немесе) дилерден алған ақшаға сатып алғанын растайтын мәліметтер болған;
      5) заемшылар Брокерден және (немесе) дилерден Брокердің және (немесе) дилердің заемшысы болып табылмайтын сол бiр ғана үшiншi тұлғаға пайдалануға осы заемшылардың жиынтықты меншiктi капиталынан асатын мөлшердегi қарызды бiрлесiп немесе жекелей сатып алғандығын растайтын мәліметтер болған;
      6) заемшылар бiр-бiрiмен мынадай байланыста, яғни заемшылардың бiрiнiң (Қазақстан Республикасының банктерiн қоспағанда) ортақ не басқа заемшының мiндеттемелерi бойынша оның активтерiнiң он пайызынан асатын сомада субсидиарлық жауапкершiлiгi болған;
      7) бiр заемшының лауазымды тұлғасы Брокердің және (немесе) дилердің басқа заемшыларының қызметіне қаржылық жағынан мүдделі болған;
      8) заемшылар бiр-бiрiмен өзара бірлескен қызмет туралы шарт не бірлескен қызмет туралы шарттың белгiлерi бар өзге құжат арқылы байланыста болған;
      9) заемшылар:
      мына мемлекеттердің: Андорра князьдігі, Лихтенштейн князьдігі, Либерия Республикасы, Монако князьдігі, Маршаллов аралдары (Маршаллов арал Республикасы) аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылған;
      Экономикалық ынтымақтастық және даму жөнiндегi ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аймақтың тiзбесiне енгізген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылған;
      осы тармақшаның екiншi және үшiншi абзацтарында көрсетiлген мемлекеттердiң азаматтары болып табылатын iрi қатысушылар, аффилиирленген тұлғалар, жақын туыстар, бiрiншi басшылар не тiркелiп отырған осы заемшылармен мәміле жасауға мүдделі тұлғалар болған;
      10) заемшылар өзара бiр-бiрiмен Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында көзделген басқа негіздемелер бойынша байланыста болған кезде есептеледi.
      Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.04.01 № 33 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8-2. Егер мемлекет (уәкiлеттi орган атынан) екі немесе одан да көп заңды тұлғалардың iрi қатысушысы болып табылған жағдайда, осы топқа қатысты тәуекел мөлшері жиынтықты түрде алғанда егер басқа iрi қатысушылар болмаса, сондай-ақ бір заемшыға арналған тәуекел мөлшері ретінде есептелген жағдай бойынша осы Ереженің 8-1-тармағында белгіленген өзге де жағдайлар кездеспеген жағдайда осы топқа арналған тәуекелдің мөлшері бір заемшыға арналған тәуекелдің мөлшері ретінде есептелмейді.
      Ескерту. 8-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.04.01 № 33 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8-3. Заемшылар тобын тану бойынша осы Ереженің 8-1-тармағының талаптары мемлекеттік акциялар пакетi (қатысу үлесi) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына төлем жасауға берілген заңды тұлғаларға қолданылмайды.
      Бiр заемшы ретінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызына тура иелік ету (ұйымдар бойынша – жанама) нәтижесінде аффилиирленген болып табылатын екі және одан астам заңды тұлға (оның ішінде банктер) танылмайды.
      Ескерту. 8-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.04.01 № 33 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8-4. Брокердің және (немесе) дилердің екі және одан да көп еншілес ұйымынан тұратын тобы, егер:
      1) Брокердің және (немесе) дилердің олардың жарғылық капиталында ірі қатысу арқылы байланысты болған;
      2) Брокердің және (немесе) дилердің лауазымды тұлғалар Брокердің және (немесе) дилердің еншілес ұйымдарының лауазымды тұлғалары болып табылған жағдайда заемшылар тобы болып танылмайды.
      Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.04.01 № 33 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      9. Брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталына бір заемшының міндеттемелері (к3) бойынша Брокер және (немесе) дилердің бір заемшыға тәуекелі мөлшерінің қатынасы 0,25-тен аспауы тиіс.

      10. Брокердің және (немесе) дилердің заемшыға қоятын талаптарының оның пайда болған күнгі жалпы көлемі осы Ережеде белгіленген шектеулер шегінде болған жағдайда, бірақ кейіннен соңғы үш ай ішінде Брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталының деңгейі бес пайыздан аспайтын мөлшермен төмендеуіне байланысты не соңғы үш айдың ішінде заемшыға қойылатын талап шетелдік валютаға теңгенің орташа алынған биржалық бағамы он пайыздан астам өсуінен Брокердің және (немесе) дилердің заемшыға қоятын талабының өсуіне байланысты көрсетілген шектеулерден асып кетсе, бір заемшыға арналған ең көп мөлшердегі тәуекел нормативі орындалған болып есептеледі.
      Аталған жағдайларда Брокер және (немесе) дилер шектен асып кету фактісі туралы дереу уәкілетті органға хабарлайды және асып кетуді ағымдағы және кейінгі айларда жою жөнінде міндеттемелер қабылдайды. Егер осындай асып кету көрсетілген мерзімде жойылмаса, бір заемшыға арналған ең көп мөлшердегі тәуекел нормативінен асып кету - көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап осы нормативті бұзу ретінде қаралады.

4-тарау. Ашық валюталық позиция лимиттері

      11. Ашық валюталық позиция - бұл Брокердің және (немесе) дилердің талаптарының осы шетел валютасындағы міндеттемелерінен (талаптарынан) жеке шет мемлекет валютасындағы (шет мемлекеттер тобындағы) Брокердің және (немесе) дилердің талаптары (міндеттемелері) артып кетуі.
      Ұзын валюталық позиция - бұл Брокердің және (немесе) дилердің талаптары осы шетел валютасындағы міндеттемелерден (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) асып кететін, жеке шет мемлекет (шет мемлекеттер тобындағы) валютасындағы ашық валюталық позиция.
      Қысқа валюталық позиция - бұл Брокердің және (немесе) дилердің талаптары осы шетел валютасындағы міндеттемелерінен (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) асып кететін, жеке шет мемлекет (шет мемлекеттер тобындағы) валютасындағы ашық валюталық позиция.
      Валюталық позициялардың есебіне валюталардың айырбас бағамының өзгеруімен айқындалатын мөлшердегі теңгедегі талаптар (активтердің және шартты талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелердің және шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) кіреді.
      Бірден астам шетел валютасының айырбас бағамының өзгеруіне байланысты анықталатын мөлшерде теңгедегі талаптар (активтердің, шартты талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелердің, шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) осы Ереженің 12-тармағында белгіленген ашық валюталық позицияның барынша төмен лимитін иеленетін шетел валютасы бойынша валюталық позициялар есебіне кіреді.
      Әрбір шетел валютасы бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледі.
      Жекелеген шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер тобының) валюталары бойынша ашық валюталық позицияларды есептеу кезінде бірінші кезекте активтер шотында ол бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегере отырып, әрбір шетел валютасы бойынша ашылған шарттардың және Брокердің және (немесе) дилердің міндеттемелер шоттарының сальдосы есептеледі. Содан кейін шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында олар бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегере отырып, осы шетел валютасы бойынша шоттардың сальдосы айқындалады. Міндеттемелерге (талаптарға) шетел валютасындағы талаптардың (міндеттемелердің) артқанын көрсететін сальдо өзара қосылады, ал алынған нәтиже Брокердің және (немесе) дилердің шетел валютасы бойынша ашық позициясының мөлшері мен түрін анықтайды.
      Брокердің және (немесе) дилердің валюталық нетто-позициясы барлық шетелдік валюталар бойынша Брокердің және (немесе) дилердің ұзын позицияларының жиынтық сомасы мен барлық шетелдік валюталар бойынша қысқа позициялардың жиынтық сомасы арасындағы айырмасы ретінде есептеледі.
      Шетел валютасында көрсетілген талаптар және міндеттемелер осы талаптар мен міндеттемелер көрсетілген (белгіленген) шетел валютасы бөлігінде валюта позициясы есебіне енгізіледі.
      Мәміле жасау күні болып табылмайтын, болашақ валюталау күні бар валюта операцияларын жүргізу кезінде осындай валюталық операцияларды осындай мәмілені жасаған күннен бастап валюта позициясы есебіне енгізіледі.

      12. Осы Ережеде ашық валюталық позицияның мынадай лимиттері белгіленеді:

      1) "Standard & Poor's" агенттігінің "А"-дан төмен емес дербес рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар және Брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталы шегінің жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшердегі "Еуро" валютасындағы елдердің шетелдік валюталары бойынша ашық валюта позициясының лимиті;

      2) "Standard & Poor's" агенттігінің "А"-дан төмен дербес рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетелдік валюталары бойынша Брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталы шегінің бес пайызынан аспайтын мөлшердегі ашық валюта позициясының (ұзын және қысқа) лимиті;

      3) Брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталы шегінің елу пайызынан аспайтын мөлшердегі валюталық нетто-позициясының лимиті.

      13. Кез-келген шетел валютасы бойынша есепті апта ішінде ашық валюталық позиция лимиттерін көтеру кезінде тәртіп бұзған Брокер және (немесе) дилер үшін бұзылған валюталар бойынша ашық валюталық позицияның лимиті жүйелі үш апта ішінде осы Ереженің 12-тармағында белгіленген ашық валюталық позицияның лимиттерінен бес пайыздық тармаққа кемітіліп айқындалады.
      Брокер және (немесе) дилердің белгіленген лимиттерді 0,09 пайыз шегінде көтеруі жеке алынған шетел валютасы бойынша ашық валюталық позицияның лимиттерін бұзу болып есептелмейді.

5-тарау. Брокердің және (немесе) дилердің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру

       Ескерту. 5-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      14. Брокерді және (немесе) дилерді Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру k4, k5 және k6 коэффициентерімен сипатталады.
      k4 коэффициенті – Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің барынша жоғары лимиті 1 мөлшерінде белгіленеді және Брокер және (немесе) дилердің меншікті капиталына Қазақстан Республикасының резидент еместерінің алдындағы міндеттемелердің сомасына қатынасы ретінде есептеледі.
      Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместерінің алдындағы міндеттемелер сомасына мыналар енгізіледі:
      талап етілгенге дейінгі Қазақстан Республикасының резидент еместерінің алдындағы міндеттемелер, оның ішінде есептеулерді жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;
      бір жылға дейін бастапқы өтеу мерзімін қоса алғандағы Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімдік міндеттемелер;
      кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап етудің шартсыз құқығымен Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы мерзімді міндеттемелер.
      Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы міндеттемелер сомасынан осы коэффициентті есептеу мақсатында мыналар алынып тасталады:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1011 тіркелген) (бұдан әрі - N 388 қаулы) сәйкес "басқа қаржы ұйымдары – коды 5", "мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6", "мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7" және "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8" экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын, халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместері , сондай-ақ "Еуразия даму банкiн құру туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Келісімді ратификациялау туралы Заң) сәйкес құрылған Еуразиялық даму банкі алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер .
      15. k5 коэффициенті Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы Брокердің және (немесе) дилердің жиынтық міндеттемелерінің Брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі және 2-ден аспауы тиіс.
      k5 коэффициентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы Брокердің және (немесе) дилердің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:
      Брокердің және (немесе) дилердің айналысқа жіберілген Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздары;
      Брокердің және (немесе) дилердің кепіл беретін және Брокердің және (немесе) дилердің бухгалтерлік балансында ескерілетін сома бөлігінде арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдар арқылы Брокер және (немесе) дилер шығарған бағалы қағаздар;
      N 388 қаулыға сәйкес "басқа қаржы ұйымдары – коды 5", "мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6", "мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7" және "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8" экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;
      Заңға сәйкес, сондай-ақ Келісімді ратификациялау туралы Заңмен Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер .
      16. k6 коэффициенті Б рокердің және (немесе) дилердің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің сомасын және олардың бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңгемен шығарылған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, айналысқа шығарған борыштық бағалы қағаздарының Б рокер және (немесе) дилердің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі және 4-тен аспауы тиіс.
      k6 коэффицентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы Б рокердің және (немесе) дилердің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:
      Брокердің және (немесе) дилердің айналысқа шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздар;
      N 388 қаулыға сәйкес "басқа қаржы ұйымдары – коды 5", "мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6", "мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7" және "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8" экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;
      Заңға сәйкес, сондай-ақ Келісімді ратификациялау туралы Заңмен Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер .

                                         Номиналды ұстаушы ретінде
                                         клиенттің шоттарын жүргізу
                                          құқығымен брокерлік және
                                        дилерлік қызметті және банк
                                         операцияларының жекелеген
                                          түрлерін жүзеге асыратын
                                         ұйымдар үшін пруденциалдық
                                           нормативтерді есептеу
                                           ережесінің 1-қосымшасы

      Салымдардың кредиттік тәуекелі дәрежесі бойынша
  мөлшерленген Брокердің және (немесе) дилердің активтері
                        кестесі

N

Баптар атауы

Тәуекел
дәрежесі
процентпен

I-топ

1

Қолма-қол теңге

0

2

"Standard & Poor's" агенттігінің "АА-" төмен
емес немесе басқа рейтинг агенттіктерінің
бірінің осыған ұқсас деңгейдегі дербес
рейтингі бар елдердің қолма-қол шетелдік
валютасы

0

3

Тазартылған қымбат металдар

0

4

Қазақстан Республикасының Үкіметіне берілген
заемдар

0

5

"Standard & Poor's" агенттігінің "АА-" төмен
емес немесе басқа рейтинг агенттіктерінің
бірінің осыған ұқсас деңгейдегі дербес
рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне
берілген заемдар

0

6

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
берілген заемдар

0

7

"Standard & Poor's" агенттігінің "АА-" төмен
емес немесе басқа рейтинг агенттіктерінің
бірінің осыған ұқсас деңгейдегі дербес
рейтингі бар елдердің орталық банктеріне
берілген заемдар

0

8

"Standard & Poor's" агенттігінің "АА-" төмен
емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы
ұйымдарына берілген заемдар

0

9

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі
салымдар

0

10

"Standard & Poor's" агенттігінің "АА-" төмен
емес немесе басқа рейтинг агенттіктерінің
бірінің осыған ұқсас деңгейдегі дербес
рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі
салымдар

0

11

"Standard & Poor's" агенттігінің борыштық
рейтингі "АА-" төмен емес немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы
ұйымдарындағы салымдар

0

12

Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық
берешегі

0

13

Қазақстан Республикасы өкіметі жергілікті
органдарының бюджетке төленетін салықтар және
басқа да төлемдер бойынша дебиторлық берешегі

0

14

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі шығарған
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы
қағаздары

0

15

"Standard & Poor's" агенттігінің "АА-" төмен
емес дербес рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің
орталық үкіметі шығарған, мемлекеттік
мәртебесі бар бағалы қағаздар

0

16

"Standard & Poor's" агенттігінің "АА-" төмен
емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы
ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

0

17

І-тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша
есептелген сыйақы

0

II-топ

18

"Standard & Poor's" агенттігінің "АА-" төмен
дербес рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингі бар және тиісті
рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетелдік
қолма-қол валютасы

20

19

"Standard & Poor's" агенттігінің "А+"-дан
бастап "А-" дейінгі дербес рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің
орталық үкіметіне берілген заемдар

20

20

"Standard & Poor's" агенттігінің "А+"-дан
бастап "А-" дейінгі дербес рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің
орталық банктеріне берілген заемдар

20

21

"Standard & Poor's" агенттігінің "А+"-дан
бастап "А-" дейінгі борыштық рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық
қаржы ұйымдарына берілген заемдар

20

22

Қазақстан Республикасының жергілікті өкімет
органдарына берілген заемдар

20

23

"Standard & Poor's" агенттігінің "АА-" төмен
емес дербес рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті
өкімет органдарына берілген заемдар

20

24

"Standard & Poor's" агенттігінің "АА-" төмен
емес борыштық  рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға берілген
заемдар

20

25

"Standard & Poor's" агенттігінің "А+"-дан
бастап "А-" дейінгі дербес рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің
орталық банктеріндегі салымдар

20

26

"Standard & Poor's" агенттігінің "А+"-дан
бастап "А-" дейінгі борыштық рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық
қаржы ұйымдарындағы салымдар

20

27

"Standard & Poor's" агенттігінің "АА-" төмен
емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы салымдар

20

28

1-топтағы тәуекелге жатқызылған дебиторлық
берешектен басқа Қазақстан Республикасының
жергілікті өкімет органдарының дебиторлық
берешегі

20

29

"Standard & Poor's" агенттігінің "АА-" төмен
емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардың дебиторлық
берешегі

20

30

"Standard & Poor's" агенттігінің "А+"-дан
бастап "А-" дейінгі дербес рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің
орталық үкіметі шығарған мемлекеттік
мәртебесі бар бағалы қағаздар

20

31

"Standard & Poor's" агенттігінің "А+"-дан
бастап "А-" дейінгі борыштық рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық
қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

20

32

Қазақстан Республикасының жергілікті өкімет
органдары шығарған бағалы қағаздар

20

33

"Standard & Poor's" агенттігінің "АА-" төмен
емес дербес рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті
өкімет органдары шығарған бағалы қағаздар

20

34

"Standard & Poor's" агенттігінің "АА-" төмен
емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған
бағалы қағаздар

20

35

"Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік
қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар

20

36

ІІ-тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша
есептелген сыйақы

20

III-топ

37

Тазартылмаған қымбат металдар

50

38

"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ+"-дан
бастап "ВВВ-" дейінгі дербес рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің
орталық үкіметтеріне берілген заемдар

50

39

"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ+"-дан
бастап "ВВВ-" дейінгі дербес рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің
орталық банктеріне берілген заемдар

50

40

"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ+"-дан
бастап "ВВВ-" дейінгі борыштық рейтингі
немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің
осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар
халықаралық қаржы ұйымдарына берілген заемдар

50

41

"Standard & Poor's" агенттігінің "А+"-дан
бастап "А-" дейін төмен емес дербес рейтингі
немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің
осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің
жергілікті өкімет органдарына берілген
заемдар

50

42

"Standard & Poor's" агенттігінің "А+"-дан
бастап "А-" дейінгі борыштық рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға
берілген заемдар

50

43

"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ+"-дан
бастап "ВВВ-" дейінгі дербес рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің
орталық банктеріндегі салымдар

50

44

"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ+"-дан
бастап "ВВВ-" дейінгі борыштық рейтингі
немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің
осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар
халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

50

45

"Standard & Poor's" агенттігінің "А+"-дан
бастап "А-" дейінгі борыштық рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы
салымдар

50

46

"Standard & Poor's" агенттігінің "А+"-дан
бастап "А-" дейінгі борыштық рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы
дебиторлық берешек

50

47

"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ+"-дан
бастап "ВВВ-" дейінгі дербес рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің
орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік
мәртебесі бар бағалы қағаздар

50

48

"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ+"-дан
бастап "ВВВ-" дейінгі борыштық рейтингі
немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің
осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар
халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы
қағаздар

50

49

"Standard & Poor's" агенттігінің "А+"-дан
бастап "А-"-ға дейінгі дербес рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің
жергілікті өкімет органдары шығарған бағалы
қағаздар

50

50

"Standard & Poor's" агенттігінің "А+"-дан
бастап "А-" дейінгі борыштық рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар
шығарған бағалы қағаздар

50

51

ІІІ-тәуекел тобына енгізілген активтер
бойынша есептелген сыйақы

50

IV-топ

52

"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВ+"-дан
бастап "В-" дейінгі дербес рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және
тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің
орталық үкіметтеріне берілген заемдар

100

53

"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВ+"-дан
бастап "В-" дейінгі дербес рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және
тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық
банктеріне берілген заемдар

100

54

"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВ+"-дан
бастап "В-" дейінгі дербес рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар және тиісті
рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы
ұйымдарына берілген заемдар

100

55

"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ+"-дан
бастап "ВВ-" дейінгі борыштық рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және
тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің
жергілікті өкімет органдарына берілген
заемдар

100

56

"Standard & Poor's" агенттігінің "А-" дан
төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға, тиісті
рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдарға,
және "Standard & Poor's" агенттігінің
"ВВВ+"-дан бастап "ВВ-" дейінгі борыштық
рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің
бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар
резидент емес ұйымдарға берілген заемдар

100

57

Заңды тұлғаның жарғылық капиталынан он және
одан астам процентке сәйкес қатысу үлесін
сатып алуға не акционерлік қоғамының
орналастырылған акцияларының жалпы санынан
акциялардың он және одан астам процентін
сатып алуға жеке тұлғаларға берілген заемдар

100

58

"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВ-" төмен
борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік
агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі
рейтингі бар Брокер және (немесе) дилердің
резидент емес ұйымдарына берілген заемдар

100

59

"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВ+"-ден
"В-"-ге дейін дербес рейтингі немесе басқа
рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай
деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті
рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық
банктеріндегі салымдар

100

60

"Standard & Poor`s" агенттігінің "ВВ+"-ден
"В-"-ге дейінгі борыштық рейтингі немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің
осындай деңгейдегі рейтингі бар халықаралық
қаржы ұйымдарындағы және сәйкес рейтингтік
бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы
салымдар

100

61

"Standard & Poor's" агенттігінің "А-"-ден
төмен борыштық рейтингі немесе басқа
рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай
деңгейдегі рейтингі бар резидент ұйымдардағы,
сәйкес рейтингтік бағасы жоқ резидент
ұйымдардағы және "Standard & Poor's"
агенттігінің "ВВВ+"-ден "ВВ-"-ге дейінгі
борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік
агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі
рейтингі бар резидент емес ұйымдардағы
салымдар

100

62

"Standard & Poor's" агенттігінің "А-"-ден
төмен борыштық рейтингі немесе басқа
рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай
деңгейдегі рейтингі бар резидент ұйымдардың,
сәйкес рейтингтік бағасы жоқ резидент
ұйымдардың және "Standard & Poor's"
агенттігінің "ВВВ+" ден "ВВ-"-ге дейінгі
борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік
агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі
рейтингі бар резидент емес ұйымдардың
дебиторлық берешегі

100

63

Жеке тұлғалардың дебиторлық берешегі

100

64

"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВ+"-ден
"В-"-ге дейін дербес рейтингі немесе басқа
рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай
деңгейдегі рейтингі бар елдердің және сәйкес
рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық
үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі
бар бағалы қағаздар

100

65

"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ+"-ден
"ВВ-"-ге дейінгі дербес рейтингі немесе
басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің
осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің
және сәйкес рейтингтік бағасы жоқ елдердің
жергілікті өкімет органдары шығарған бағалы
қағаздар

100

66

"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВ+"-ден
"В-"-ге дейінгі борыштық рейтингі немесе
басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің
осындай деңгейдегі рейтингі бар халықаралық
қаржы ұйымдарының және сәйкес рейтингтік
бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарының
шығарған бағалы қағаздары

100

67

"Standard & Poor's" агенттігінің "А"-дан
төмен борыштық рейтингі немесе басқа
рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай
деңгейдегі рейтингі бар резидент ұйымдары,
сәйкес рейтингтік бағасы жоқ резидент
ұйымдары және "Standard & Poor's"
агенттігінің "ВВВ+"-ден "ВВ-"-ге дейінгі
борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік
агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі
рейтингі бар резидент емес ұйымдар шығарған
бағалы қағаздар

100

68

ІV-тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша
есептелген сыйақы

100

69

Төлемдер бойынша есеп айырысулар

100

70

Негізгі қаражаттар

100

71

Материалдық қорлар

100

72

Сыйақы және шығыстар сомасын алдын ала төлеу

100

V-топ

73

Брокердің және (немесе) дилердің
инвестицияларын қоспағанда, заңды тұлғалардың
акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысушы
үлесі) және реттелген борыштарындағы салымдар
бөлігінде әділ құн бойынша ескерілетін
инвестициялар

100

74

Брокердің және (немесе) дилердің негізгі
қызметінің мақсатына сатып алынған және 38
Қаржылық есептің халықаралық стандартына
сәйкес келетін лицензиялық бағдарламалық
қамтамасыз ету

100

75

"Standard & Poor`s" агенттігінің "В-"-ден
төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа да
рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай
деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық
үкіметтеріне берілген заемдар

150

76

"Standard & Poor`s" агенттігінің "В"-ден
төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі
рейтингі бар елдердің орталық банктеріне
берілген заемдар

150

77

"Standard & Poor`s" агенттігінің "В"-ден
төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі
рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына
берілген заемдар

150

78

"Standard & Poor`s" агенттігінің "ВВ"-ден
төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі
рейтингі бар елдердің жергілікті өкімет
органдарына берілген заемдар

150

79

"Standard & Poor`s" агенттігінің "ВВ"-ден
төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі
рейтингі бар резидент емес ұйымдарға және
сәйкес рейтингтік бағасы жоқ резидент емес
ұйымдарға берілген заемдар

150

80

"Standard & Poor`s" агенттігінің "В"-ден
төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі
рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі
салымдар

150

81

"Standard & Poor`s" агенттігінің "В"-ден
төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі
рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы
салымдар

150

82

"Standard & Poor`s" агенттігінің "ВВ"-ден
төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі
рейтингі бар резидент емес ұйымдардағы және
сәйкес рейтингтік бағасы жоқ резидент
емес ұйымдардағы салымдар

150

83

"Standard & Poor`s" агенттігінің "ВВ"-ден
төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі
рейтингі бар резидент емес ұйымдардың және
сәйкес рейтингтік бағасы жоқ резидент
емес ұйымдардың дебиторлық берешегі

150

84

"Standard & Poor`s" агенттігінің "В"-ден
төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі
рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері
шығарған бағалы қағаздары

150

85

"Standard & Poor`s" агенттігінің "ВВ"-ден
төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі
рейтингі бар елдердің жергілікті өкімет
органдары шығарған бағалы қағаздар

150

86

"Standard & Poor`s" агенттігінің "В"-ден
төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі
рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары
шығарған бағалы қағаздар

150

87

"Standard & Poor`s" агенттігінің "ВВ"-ден
төмен борыштық рейтингі бар немесе басқа
рейтинг агенттіктерінің біреуінің осындай
деңгейдегі рейтингі бар резидент емес
ұйымдардың және тиісті рейтингтік бағасы жоқ
резидент емес ұйымдардың шығарған бағалы
қағаздары

150

88

V-тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша
есептелген сыйақы

150

Брокердің және (немесе) дилердің салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерінің есептеулеріне түсініктемелер

      1. Брокерде және (немесе) дилерде салымдар, дебиторлық берешектер, сатып алынған бағалы қағаздар, заемдар бойынша қамтамасыз ету (салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген Активтер мен міндеттемелер кестесінің 1-3, 9-11, 14-16 жолдарындағы көрсетілген активтер түрінде) бар, оның түзетілген құны осы тармаққа сәйкес қамтамасыз етудің түзетілген құнын айқындауға мүмкіндік беретін есеп берудің баламалы жүйесі Брокерде және (немесе) дилерде болған кезде аталған активтер көлемінің 50 процентінен астам емесін құрайтын қамтамасыз етудің түзетілген құнын есептемегенде тәуекел дәрежесімен мөлшерленген активтердің есептеулеріне енгізілуі мүмкін.
      Қамтамасыз етудің түзетілген құны (салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген Активтер мен міндеттемелер кестесінің 1-3, 9-11, 14-16 жолдарындағы көрсетілген активтер түрінде) мыналарға тең болады:
      банктердегі салымдар сомасының жүз процентіне, оның ішінде осы Брокердегі және (немесе) дилердегі қамтамасыз ету ретінде берілген қаражаттарға;
      қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың рыноктық құнының тоқсан бес процентіне;
      қамтамасыз етуге берілген тазартылған қымбат металдардың рыноктық құнының сексен бес процентіне.
      Жоғарыда аталған салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі жөніндегі осы Кестеге сәйкес мөлшерленеді.

      2. Брокердің және (немесе) дилердің инвестицияларының есептеулеріне енгізілмеген, қарсы агенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепіл берген (сақтандырылған) салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, заемдар, инвестициялар борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерінің есептеулеріне енгізілуі мүмкін (Брокердің және (немесе) дилердің инвестицияларының есептеулеріне енгізілмеген салымдардың сомасын кепіл берілген (сақтандырылған), дебиторлық берешекті, сатып алынған бағалы қағаздарды, заемдарды, инвестицияларды ескермегенде).
      Брокердің және (немесе) дилердің инвестицияларының есептеулеріне енгізілмеген салымдардың сомасы кепіл берілген (сақтандырылған) дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, заемдар, инвестициялар сәйкес гаранттың (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

      3. Қазақстан Республикасының резидент еместеріне ұсынылған, осы Түсініктеменің 1-тармағында көрсетілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және заемдар:

      1) оффшорлық аймақтардың аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген;

      2) заңды тұлғаларға тәуелді болып табылатын, оффшорлық аймақтардың аумағында тіркелген, жеке-жеке жарғылық капиталдың бес пайызынан астам иелік етуші немесе оффшорлық аймақтың аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын;

      3) оффшорлық аймақтың азаматтары болып табылатын,
      осы Түсініктеменің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етудің болғандығына тәуелсіз, салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген Брокердің және (немесе) дилердің активтерінің кестесіне сай тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

      4. Қазақстан Республикасының резидент еместеріне ұсынылған, осы Түсініктеменің 1-тармағында көрсетілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және заемдар:

      1) оффшорлық аймақтардың аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ "Standard & Poor`s" агенттігінің "АА-"-ден төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар немесе борыштық рейтингі міндеттемелердің барлық сомасын қамтамасыз етудің көрсетілген деңгейінен төмен емес бас ұйымның тиісті кепіліне ие;

      2) оффшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғалардан тәуелді болып табылатын, жеке-жеке жарғылық капиталдың бес пайызынан астамына иелік етуші немесе оффшорлық аймақтың аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын, бірақ мұндайда көрсетілген деңгейден төмен емес борыштық рейтингке немесе борыштық рейтингі міндеттемелердің барлық сомасын қамтамасыз етудің көрсетілген деңгейінен төмен емес бас ұйымның тиісті кепілдігіне ие,
      уәкілетті орган белгілеген оффшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған оффшорлық аймақтар тізбесіне жатқызған оффшорлық аймақтың аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе мемлекеттің азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместеріне немесе заңды тұлғалардан тәуелді, жеке-жеке жарғылық капиталдың бес пайызынан астамына иелік ететін немесе көрсетілген оффшорлық аймақтың аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды қоспағанда,
      тәуекелдің нольдік деңгейі бойынша өлшенеді.

      5. Егер, бағалы қағаздар шығарылымның арнаулы борыштық рейтингіне ие болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша Брокердің және (немесе) дилердің активтерін мөлшерлеген кезде бағалы қағаздар рейтингін міндетті түрде ескеру керек.

                                         Номиналды ұстаушы ретінде
                                         клиенттің шоттарын жүргізу
                                          құқығымен брокерлік және
                                        дилерлік қызметті және банк
                                         операцияларының жекелеген
                                          түрлерін жүзеге асыратын
                                         ұйымдар үшін пруденциалдық
                                           нормативтерді есептеу
                                           ережесінің 2-қосымшасы

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.04.01 № 33 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген
   Брокердің және (немесе) дилердің шартты және ықтимал
               міндеттемелерінің кестесі

N

Баптардың атауы

Проценттегі
коэффициент
конверсиялары

I-топ

1

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
шығарған бағалы қағаздарды немесе "Standard &
Poor`s" агенттігінің "АА-"- деңгейінде және
одан жоғары тәуелсіз рейтингі немесе басқа
рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай
деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің
орталық үкіметтері және орталық банктері
шығарған бағалы қағаздарды сатып алу не сату
жөніндегі шартты міндеттемелер

0

2

Брокердің және (немесе) дилердің талабы
бойынша кез келген сәтте болдырмауға жататын
заемдар мен салымдарды болашақта Брокердің
және (немесе) дилердің орналастыруы бойынша
шартты міндеттемелер

0

II-топ

3

Брокердің және (немесе) дилердің бір жылдан
аз өтеу мерзімімен болашақта заемдар мен
салымдарды орналастыру жөніндегі шартты міндеттемелер

20

III-топ

4

Брокердің және (немесе) дилердің бір жылдан
астам өтеу мерзімімен болашақта заемдар мен
салымдарды орналастыру жөніндегі шартты міндеттемелер

50

IV-топ

5

Брокерге және (немесе) дилерге сату туралы
және Брокердің және (немесе) дилердің қаржы
құралдарын кері сатып алу міндеттемесімен
келісім

100

6

Брокердің және (немесе) дилердің өзге шартты міндеттемелері

100

Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген
Брокердің және (немесе) дилердің шартты және ықтимал
міндеттемелерін есептеуге түсініктемелер

      Болашақта депозиттер мен заемдарды орналастыру және алу бойынша, бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу-сату бойынша шоттар бөлігінде баланстан тыс міндеттемелердің тәуекел дәрежесін анықтаған кезде, своптар, фьючерстер, опциондар, форвардттарды қоспағанда есептеуге ағымдағы және одан кейінгі екі ай ішінде туындауы мүмкін міндеттемелерді қабылдау қажет.

                                         Номиналды ұстаушы ретінде
                                         клиенттің шоттарын жүргізу
                                          құқығымен брокерлік және
                                        дилерлік қызметті және банк
                                         операцияларының жекелеген
                                          түрлерін жүзеге асыратын
                                         ұйымдар үшін пруденциалдық
                                           нормативтерді есептеу
                                           ережесінің 3-қосымшасы

     Туынды қаржы құралдары үшін кредиттік тәуекелі
       коэффициенттерінің (проценттегі) кестесі

Өтелгенге
дейінгі
қалған
мерзім

Сыйақы мөлшер-
лемелері-
мен
байланысты
операция-
лар

Валюта және
алтын
бағамының
өзгеріс-
терімен
байланысты
операция-
лар

Акциялар-
мен
байланыс-
ты
операция-
лар

Алтыннан
өзге,
бағалы
металдар-
мен
байланыс-
ты
операция-
лар

Бағалы
металдар-
дан өзге
басқа
құндылық-
тармен
байланысты
операция-
лар

Бір жыл
және одан
аз

0

1

6

7

10

Бір
жылдан
бес жылға
дейін

0,5

5

8

7

12

Бес жылдан
астам

1,5

7,5

10

8

15

      Осы кестеде келтірілген санаттың ешқайсысына жатқызылмаған туынды қаржы құралдарымен операциялар "Бағалы металдардан өзге басқа құндылықтармен байланысты операциялар" санатында көрсетілген кредиттік тәуекелдің коэффициенттері бойынша мөлшерленуге жатады.

                                    Қазақстан Республикасы Қаржы
                                    нарығын және қаржы ұйымдарын
                                  реттеу мен қадағалау агенттігінің
                                       2008 жылғы 28 сәуірдегі
                                    N 56 қаулысының 2-қосымшасы

                                     "Бағалы қағаздар рыногында
                                     кәсіби қызмет түрлерін қоса
                                     атқаратын ұйымдарға арналған
                                     пруденциалдық нормативтерді
                                   есептеу ережесінің 1-3-қосымшасы

       Туынды қаржы құралдармен жасалған мәмілелер
               бойынша кредиттік тәуекел

Валюталау
күніне
дейінгі
мерзім

Мемлекет-
тік бағалы
қағаздар-
мен мәмі-
лелер

Валю-
талық
мәмі-
лелер

Процент-
тік мәмі-
лелер

Мемлекет-
тік емес
бағалы
қағаздар-
мен мәмі-
лелер

Қымбат метал-
дармен
мәміле-
лер

Өзге
мәмі-
лелер

1 жылдан кем

0,02

0,05

0,03 

0,06

0,07

0,1 

1 жылдан
5 жылға
дейін

0,03

0,07

0,06 

0,08

0,07

0,12

5 жылдан
астам

0,04

0,09

0,09 

0,1 

0,08

0,15

      Кредиттік тәуекел номиналды контракты құнын есептік кезеңнен валюталау күніне дейін қалған мерзімге байланысты коэффициенттерге көбейту жолымен есептеледі.
      Осы кестеде келтірілген санаттардың біреуіне де келтірілмейтін туынды қаржы құралдармен операциялар "Өзге мәмілелер" санатында көрсетілген кредиттік тәуекелдің коэффициенттері бойынша мөлшерлеуге жатады.".


Дата вступления в силу:  09.06.2008
Дата изменения акта:  26.03.2012
Дата принятия акта:  28.04.2008
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  109000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  40147
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  56
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  006007000000 / 006005000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz