Индер ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 23 қаңтардағы N 18 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 31 қаңтардағы N 369-ІІІ шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 23 ақпанда N 2483 тіркелді

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214  қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi штат санының лимиттерінде:
      "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi" деген 10-бөлiмнiң 3-бағанында "оның iшiнде мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер" деген жолдағы "12226" деген сандар "10426" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі