Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру ережесін бекіту туралы" N 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 14 маусымдағы N 751 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 20 шілдедегі N 13-1-78 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 432 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 2010.04.16 N 432 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" N 2247 Заңының 20  бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру ережесін бекіту туралы" N 215 қаулысына (м/т N 1578, 2005 жылғы 6 мамырдағы "Добрый вечер" газеті) Қала әкімдігінің 2005 жылғы 26 қазандағы Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы»"Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру ережесін бекіту туралы" N 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 1342 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (м/т N 13-1-28, 2006 жылғы 10 ақпандағы "Проспект СК"»газетінің N 6), қала әкімдігінің 2007 жылғы 22 ақпандағы»"Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы»"Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру ережесін бекіту туралы" N 215 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 226 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (м/т N 13-1-64, 2007 жылғы 30  наурыздағы "Проспект СК" газетінің N 13, 2007 жылғы 6 сәуірдегі "Қызылжар нұры" газетінің N 14) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      қосымшадағы "Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы кезекті он бірінші сессиясының "2005 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы" N 2 шешімі негізінде" (2005 ж. 19.01. мемлекеттік тіркеу N 1447; 2005 ж. 28.01. "Добрый вечер" газеті) сөздері алынып тасталсын;
      2 тармақтағы "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Н.Н.Кушталова)" сөздері "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне" сөздерімен ауыстырылсын;
      3 тармақтағы "Петропавл қаласының қаржы бөліміне (Г.И. Дорофеева)" сөздері "Петропавл қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне" сөздерімен ауыстырылсын;
      1,2 қосымшалардағы Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру ережесіндегі "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Н.Н. Кушталоваға" сөздері "Петропавл қаласының қаржы бөлімі"»мемлекеттік мекемесінің" сөздерімен ауыстырылсын;
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә. З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

       Қала әкімі