2006 жылғы 30 мамырдағы № 1068 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы Әкімдігінің 2007 жылғы 17 мамырдағы № 1179 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 31 мамырда № 9-1-82 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 2012 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2007.11.14. N 46  бұйрығымен (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту бойынша жұмысты үйлестіру, сондай-ақ арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу және қолдану мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңы  11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексерулерді ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну, тіркеу және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы N 12  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2744 санымен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінің 2004 жылғы N 13-16 сандарының 916-бабында жарияланған, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексерулерді ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну, тіркеу және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 1 наурыздағы N 12 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 14 желтоқсандағы  N 54 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3371 санымен тіркелген) және "Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексерулерді ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну, тіркеу және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 1 наурыздағы N 12 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 3 наурыздағы  N 13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4155 санымен тіркелген) бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін тексеруді есепке алу жөніндегі Нұсқаулықта:
      20-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;

      28-тармақтың бірінші абзацындағы "тоқсан" деген сөз "жарты жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30-тармақ 4) тармақшасының үшінші абзацындағы ", ал 4.4. тармағында оның РНН-і көрсетіледі;" деген сөздер тиісінше ", ал 4.4. және 4.5.-тармақтарда оның СТН-і және Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН-і) көрсетіледі;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32-тармақ 4) тармақшасының екінші абзацындағы ", ал 4.2-тармақта оның СТН-і көрсетіледі;" деген сөздер тиісінше ", ал 4.2. және 4.3.-тармақтарда оның СТН-і және БСН-і көрсетіледі;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-қосымша мынадай мазмұндағы 4.5-деректемесімен толықтырылсын:
      "4.5. БСН _______, 4.5. /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/";
      6-қосымша мынадай мазмұндағы 4.3-деректемесімен толықтырылсын:
      "4.3. БСН _______, 4.3. /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/ ";
      2) "Мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеруді есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы  N 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3999 санымен тіркелген, "Мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеруді есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 69 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 20 қарашадағы  N 68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4473 санымен тіркелген) енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеруді есепке алу жөніндегі Нұсқаулықта:

      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеуге ұсыну кезінде есепке алу субъектісінің тексеру тағайындау үшін негіз болған қажетті құжаттары, сондай-ақ оны жүргізуге өкілеттігінің барлығын растайтын нормативтік құқықтық актілері болуы қажет.";

      мынадай мазмұндағы 13-1 және 13-2-тармақтарымен толықтырылсын:
      "13-1. Есепке алу субъектілері мемлекеттік мекемелердің қызметіне жүргізілген тексерулер бойынша және Уәкілетті органда тексеру тағайындау туралы тіркелген актілер бойынша жарты жылда бір реттен кем емес салыстыру жүргізеді:
      1) салыстыру есепке алу субъектілеріне жолданатын Уәкілетті орган басшысымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі;
      2) есепке алу субъектісі Уәкілетті органға кестемен белгіленген мерзімде Журналды беруге міндетті;
      3) салыстыру барысында мынадай сұрақтар айқындалуға жатады:
      тексеру тағайындау туралы тіркелген актілердің саны;
      тексерудің түрі;
      тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеу үшін уақытылы ұсыну;
      талон - қосымшаны есепке алу үшін уақытылы ұсыну;
      жүргізілмеген тексерулерді есептен шығару туралы хабарлауды (жазбаша хабарламаны) уақытылы ұсыну;
      4) салыстырудың нәтижелері бойынша табылған бұзушылықтар
көрсетілетін акт құрылады;
      5) салыстыру актісіне салыстыру жүргізген, олардың айқындылығына жеке жауап беретін Уәкілетті органның және есепке алу субъектілерінің қызметкерлері қол қояды, ол уәкілетті орган мен есепке алу субъектісінің басшыларымен бекітіледі;
      6) салыстыру актісі екі данада құрылады, олардың біреуі Уәкілетті органда қалдырылып, екіншісі тексеру жүргізген есепке алу субъектісіне тапсырылады.
      Өзара салыстыру жүргізу кезінде есепке алу субъектісі уәкілетті органға алдағы тоқсандық тексерулерді жүргізу жоспарын ұсынады.
      13-2. Есепке алу субъектісінде салыстыру немесе тексеру жүргізу кезінде тексеру тағайындау туралы тіркелмеген актілер немесе тексеру тағайындау туралы актіні шығарусыз жүргізілген тексерулер анықталған жағдайда, есепке алу субъектісі оларды анықтаған кезден бастап үш жұмыс күнінің ішінде анықталған тіркелмеген тексерулерге ақпараттық есепке алу құжаттарын қоюға міндетті.
      Аталған деректерді анықтаған орган тіркелусіз немесе тексеру тағайындау жөніндегі актіні шығарусыз тексерілген әрбір объектіге ақпараттық есепке алу құжаттарын қоюға барлық қажетті шараларды қабылдайды.";

      16, 17, 19-тармақтар мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "4-1) 4-1-тармақта-Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);";

      1, 3, 6-қосымшалар мынадай мазмұндағы 4-1-деректемелермен
толықтырылсын:
      "4-1. БСН_________".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жіберсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасына жүктелсін (Г.В. Ким).

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
           Бас Прокуроры