Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 07 маусымдағы N 253/32-ІІІ "Қоғамдық көлікте білім алушылардың жеңілдікпен жүруі туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 39/6-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 17 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 480 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 410/57-V шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 23.09.2015 № 410/57-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 07 маусымдағы N 253/32-ІІІ "Қоғамдық көлікте білім алушылардың жеңілдікпен жүруі туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 442 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 15 шілдедегі N 112-114 "Астана хабары", 2006 жылғы 13 шілдедегі N 105 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды) келесі өзгертулер енгізілсін:
      шешімнің кіріспесіндегі "3)-тармақшасын" деген сөздер "2)-тармақшасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "31-бабы" деген сөздер "6-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия
      төрағасы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы