Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы 40-6-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2007 жылғы 27 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 479 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі N 123/18-IV шешімімен

      Әділет министрлігі ұсынысының негізінде, 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік  кодексіне , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның  6-бабын  басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты  ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 14 маусымдағы N  384/48-ІІІ  "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 304/40-ІІІ "Астана қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы" шешіміне (2007 жылғы 27 маусымда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 471 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 3 шілдедегі N 109 "Астана хабары", 2007 жылғы 3 шілдедегі N 116, 2007 жылғы 6 шілдедегі N 117 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "осы шешім Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.".

      2. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі N  412/51-ІІІ  "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 304/40-ІІІ "Астана қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы" шешіміне (2007 жылғы 20 шілдеде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 472 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдедегі N 124-125 "Астана хабары", 2007 жылғы 26 шілдедегі N 127 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "осы шешім Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.".

      3. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N  14/4-IV  "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 304/40-ІІІ "Астана қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы" шешіміне (2007 жылғы 06 қарашада нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 477 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 13 қарашадағы N 180, 2007 жылғы 15 қарашадағы N 181 "Вечерняя Астана", 2007 жылғы 13 қарашадағы N 185 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "осы шешім Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.".

      4. Осы шешім Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы