24.08.2007

Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2011.06.21 № 230 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін.

      2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 637 тіркелген, "Кондоминиум объектісін тіркеу жөніндегі уақытша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 75 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрі

      2007 жылғы 14 қыркүйек



  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2007 жылғы 24 тамыздағы
N 241 бұйрығымен
бекітілген

"Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 15.06.2020 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;

      2) гидромелиоративтік кондоминиум – жер учаскелеріне заттық құқық жеке және заңды тұлғаларға тиесілі, ал гидромелиоративтік жүйе немесе оның элементтері оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі бірыңғай мүліктік кешен (бұдан әрі – гидромелиоративтік кондоминиум объектісі) ретінде жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 26.05.2023 № 343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы заңнамаға сәйкес, кондоминиум объектісі жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тіркеледі.

      Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының, орынтұрақ орындарының, қоймаларының кемінде екі меншік иесінен жазбаша өтініш (бұдан әрі – өтініш) ұсынылады.

      Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде көрсетілетін қызметті беруші мәліметтерді "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құқықтық кадастрға енгізеді.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 26.05.2023 № 343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Егер кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде құқықтық кадастрда жер учаскесіне құқықты тіркеу туралы мәліметтер болмаса, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алырнған жер учаскесі туралы мәліметтерді енгізеді.

      Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жер учаскесі туралы мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқықтарды рәсімдеу туралы хабарлама жібереді.

      5. Кондоминиум объектісін тіркеу "Жылжымайтын мүлік тіркелімі мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖМТ МДҚ) ақпараттық жүйесіне жер учаскесін, бастапқы объектілерді сәйкестендіретін тиісті мәліметтерді және кондоминиум объектісін тіркеу үшін қажетті қайталама объектілердің сипаттамаларын, сондай-ақ құқық түрі, ортақ меншік нысаны (өзге де заттық құқық) туралы мәліметтерді енгізу және кондоминиум қатысушыларының ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшерін автоматты түрде айқындау арқылы ұсынылған құжаттардың негізінде меншік құқығын растаудан тұрады.

      6. Кондоминиум қатысушыларының ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері бөлек (жеке) меншіктегі (өзге де заттық құқықтағы) тұрғын үй-жайдың пайдалы алаңының және тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орындары, қоймалар алаңының кондоминиумның осы объектісіндегі барлық тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар алаңының сомасына қатынасымен айқындалады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.05.2023 № 343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Кондоминиум объектісі тіркелгенге дейін кондоминиумға қатысушылардың не кондоминиум объектісін басқарушы органның ортақ меншікке байланысты мәмілелері заңды күшіне енбейді.

      8. Көп пәтерлі тұрғын үйді жекешелендіру кезінде кондоминиум объектісін бастапқы тіркеуді жекешелендіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган жүргізеді.

      9. Мемлекеттік тіркеуге пәтерлердің жалпы алаңының және көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары, орынтұрақ орындары, қоймалары алаңының өзгеруі нәтижесінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамы және (немесе) пәтерлердің, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындардың, қоймалардың меншік иелері үлестерінің мөлшері өзгертілуге жатады. Өзгерістер мен толықтыруларды енгізу осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүргізілед.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.05.2023 № 343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Осы Ережеде белгіленген кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу тәртібі кондоминиумдардың басқа түрлеріне де қолданылады.

2-тарау. "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      11. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі-тізбе) сәйкес көрсетілетін қызметті беруші арқылы, көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz (бұдан әрі – портал).

      Көрсетілетін қызметті алушының Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасымен көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау жөніндегі қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.04.2023 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:

      Қабылдау және беру бөлімінің қызметкері Тізбенің 8-тармағына сәйкес өтініш пен құжаттарды қабылдайды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөліміне көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының электрондық көшірмелерін жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері құжаттарды, қарау нәтижелері бойынша кондоминиум объектісін тіркейді немесе тіркеуді тоқтата тұрады не Тізбенің 3 және 9-тармақтарында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды, содан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды.

      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: ЭЦҚ арқылы қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарламаны жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкеріне жолданады.

      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне және құжаттарды қабылдау және беру бөліміне жолдайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.04.2023 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету тәртібі:

      Көрсетілетін қызметті алушы порталда авторизациялаудан өтеді, өтініш толтырады және құжаттарды Тізбенің 8-тармағына сәйкес тіркейді.

      Тіркеуші органның ақпараттық жүйесінде кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін ақы төленгені туралы расталғаннан кейін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері құжаттар топтамасын қарайды, қарау нәтижелері бойынша кондоминиум объектісін тіркейді немесе тіркеуді тоқтата тұрады не Тізбенің 3 және 9-тармақтарында көзделген негіздемелер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды, содан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ЭЦҚ арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды.

      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: ЭЦҚ арқылы қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарламаны жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкеріне жолдау.

      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жолдайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.04.2023 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тоқтата тұру бір айдан аспайтын мерзімге мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

      1) сотқа берілген талап-арыздар мен өзге де өтініштер (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;

      2) прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес заңның бұзылуы жойылғанға дейін;

      3) "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;

      4) егер қажетті құжаттардың болмауы тіркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылмаса, өтініш берушінің осы Заңның 21-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынуы үшін;

      5) мемлекеттік органдардан, егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылмаса, осындай органдардан шығатын құжаттарда ақпараттың болмауына немесе осы құжаттарда белгілі бір қарама-қайшылықтардың болуына байланысты түсініктемелер алу немесе қажетті ақпаратты талап ету үшін;

      6) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде белгіленетін тіркеу объектісінің және өтініште көрсетілген тіркеу объектісінің сәйкессіздігі кезінде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін;

      7) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы толық төленбеген кезде;

      8) егер құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені туралы немесе тұлғаның ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түспесе, тоқтатыла тұрады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдерін, құжаттың күні мен тіркеу нөмірін көрсете отырып хабарлама жібереді.

      Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған кезден бастап құжат берілген кезге дейін, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімінің өтуінен кешіктірмей қабылдауы мүмкін.

      Егер тіркеуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар бір ай ішінде жойылмаса, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыны кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуден бас тарту, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы алдын ала шешім жөнінде хабардар етеді.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуді жүргізеді не мемлекеттік тіркеуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны жөнінде хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуді жүргізеді не мемлекеттік тіркеуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Ескерту. 2-тарау 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.04.2023 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің, тұрғын емес үй-жайларының, орынтұрақ орындарының, қоймаларының кемінде екі меншік иесі немесе олардың уәкілетті өкілі бере алады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.05.2023 № 343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ерекшеліктері

      17. Егер гидромелиоративтік кондоминиум қатысушыларының келісімімен өзгеше белгіленген болмаса, ортақ мүліктегі гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың үлесінің мөлшері бөлек (жеке) меншікте (өзге де заттық құқықта) тұрған суармалы жер учаскесі ауданының осы гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін барлық суармалы жер учаскелерінің аудандарының сомасына қатынасымен айқындалады. Гидромелиоративтік кондоминиум мүлігіндегі мұндай үлес зат түрінде бөліне алмайды (мінсіз үлес).

      Осындай үлестердің есебі туралы құжатты гидромелиоративтік кондоминиум қатысушылары Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге тапсырады.

      Гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін жер учаскелерінің және/немесе гидромелиоративтік кондоминиумнің барлық объектісінің шекаралары өзгерген кезде гидромелиоративтік кондоминиум қатысушылары не уәкілетті өкілдері тіркеуші органға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тіркеу құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш береді. Тіркеу құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бұл ретте осы Ережеде белгіленген тәртіппен жасалады.

      Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берушілер немесе олардың уәкілетті өкілі тіркеуші органға Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

      Әділет министрлігі Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға көрсетілетін қызметті берушіге және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.04.2023 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарауды жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Кондоминиум объектісін
мемлекеттік тіркеу
ережесіне
№ 1 қосымша
  нысан

      _____________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы)

      Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы

      №_____________________________

ӨТІНІШ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.05.2023 № 343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Өтініш берушілер:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (кондоминиум қатысушылары)

      Олардың атынан әрекет ететін: ____________________________________

      (уәкілетті өкілдің атауы мен деректемелері)

      ______________________________________________ тіркеуді сұраймын

      (мемлекеттік тіркеу объектісінің түрі)

      Кондоминиум объектісі туралы мәліметтер:

      Кондоминиум объектісінің мекенжайы: ____________________________

      Жылжымайтын мүлік түрі: _______________________________________

      Бөлек меншіктегі кейінгі объектілердің саны

      _______________________________________________________________

      Ғимараттың жалпы ауданы (бастапқы объект)_______________________

      Бөлек меншіктегі барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ

      орындарының, қоймалардың пайдалы алаңы

      (кейінгі объектілер) ________________шаршы/м

      Ғимаратты пайдалану үшін жер учаскесінің жалпы алаңы

      (бастапқы объект)____________га

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі_______________________

      Ауданы көрсетілген жалпы пайдалану орындарының қысқаша

      сипаттамасы________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін (міз):

      1. Төлем туралы құжат: түрі _________ № ______ сомасы______ теңге

      2. Мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын құжаттар (жер учаскесін беру бойынша

      жергілікті атқарушы органдардың шешімі, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты)

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)

      _____________/_________________/________________________________

      (күні) (өтініш берушінің қолы) (Өтініш берушінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      _______________________________________________________________

      (Өтінішті қабылдаған маманның (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы)

      Өтініш беру күні: 20__ жылғы _______.

      Уақыты ______ сағ. ______ мин

      Өтінішті орындау / қарау / нәтижесі ________________________________

      _______________________________________________________________

      Тексерілді: күні 20__жылғы________________.

      _______________________________________________________________

      (Өтінішті қабылдаған тіркеуші маманның (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы)

      Ескертпе: Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушы өзі көрсеткен тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы дұрыс екендігін, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және жеткілікті деп саналатындығын өзінің қолтаңбасымен растайды.

      _______________ _ 20__ жылғы "___"_______.

      (қолы)

  Кондоминиум объектісін
мемлекеттік тіркеу ережесіне
№ 2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.05.2023 № 343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы: көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушіге өтініш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) www.egov.kz порталында: мемлекеттік көрсетілетін қызмет тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгені туралы растау келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мынадай жағдайларда бір айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады:
3) сотқа берілген талап қою және өзге де өтініштер (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;
4) прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес заңның бұзылуы жойылғанға дейін;
5) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
6) егер қажетті құжаттардың болмауы тіркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болмаса, өтініш берушінің Мемлекеттік көрстеілетін қызмет тізбесінің 8-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынуы үшін;
7) егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тарту үшін негіз болмаса, мемлекеттік органдардан түсініктемелер алу немесе осындай органдардан шығатын құжаттарда оның болмауына немесе осындай құжаттарда қайшылықтардың болуына байланысты қажетті ақпаратты талап ету үшін;
8) құқық белгілейтін құжаттар негізінде белгіленетін тіркеу объектісі және өтініште көрсетілген тіркеу объектісі сәйкес келмеген кезде олардың арасындағы қайшылықты жою үшін;
9) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы толық төленбеген кезде;
10) егер құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені туралы немесе тұлғаның ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түспесе Электрондық тіркеу осы тармақтың 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатыла тұрмайды. Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды мемлекеттік тіркеуге қабылдаған сәттен бастап құжат берілген сәтке дейін, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімі өткеннен кешіктірмей қабылдауы мүмкін.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жүгінген кезде:
1. көрсетілетін қызметті берушіге: осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес үлестерді есептеу туралы қосымшасы бар кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу немесе тіркеуді тоқтата тұру туралы хабарлама не Тізбенің 3 және 9-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап;
2) порталға: көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі. Оң нәтиже болған кезде хабарламаға осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес үлестердің есебі қоса беріледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік тіркеу үшін төлем "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Ақпарат және коммуникация министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 418 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17498 болып тіркелді) белгіленген тарифтерге сәйкес алынады және 2 147,3 теңгені құрайды (қосылған құн салығын есепке алмағандағы баға, теңге). Төлем сондай-ақ портал арқылы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Мемлекеттік корпорацияның филиалдарында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда - дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) құжаттарды қабылдау және беру бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалдарында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа – дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (жұмыс уақыты, жексенбі және мереке күндері аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы Ереже 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының орынтұрақ орындарының, қоймаларының кемінде екі меншік иесінен жазбаша өтініш;
жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), сондай-ақ құжаттың түпнұсқасы не көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
егер кондоминиум объектісі тіркелген сәтке дейін жер учаскесіне құқық белгілеу және сәйкестендіру құжаты тіркелмеген болса, жер учаскесіне құқық белгілеу және сәйкестендіру құжаты;
кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркегені үшін төленгенін растайтын құжат.
Жер учаскесіне сәйкестендіру сипаттамалары туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді құжаттарды қабылдау және беру қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
2) порталға: көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының, орынтұрақ орындарының, қоймаларының кемінде екі меншік иесінен ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының сканерленген көшірмесі бар жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың (жергілікті атқарушы органдардың шешімі) электрондық көшірмесі,; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, кондоминиум объектісін тіркеу үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі. Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады: Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш; су шаруашылығы құрылысының гидромелиоративтік жүйесінің паспорты; ортақ үлестік меншік құрамына кіретін гидромелиоративтік жүйе элементтерінің және басқа да мүліктің тізбесі бар гидромелиоративтік жүйенің сызбасы (арналар, су беруді реттеуге арналған құрылыстар, коллекторлық-дренаждық желілер, тік дренаж ұңғымалары, электр желілері, электр жабдығы, сорғылар, осы құрылыстардың бұру жолдарының астындағы жерлер); гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін және бөлек (жеке) меншіктегі (өзге құқықтағы) барлық жер учаскелеріне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып, гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың тізімі); көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) немесе оның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі), сондай-ақ құжаттың түпнұсқасы не көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі. Құжаттарды қабылдау кезінде жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы тиісті тексеруден кейін өтініш берушіге қайтарылады; 7) кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін төлемді растайтын құжат.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері, жылжымайтын мүлікке құқық немесе құқық ауыртпалығының түрі және өзге де тіркеу объектілері не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негіздері заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде;
2) егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілсе;
3) жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органдарынан құрылыс объектілерінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес еместігі туралы тиісті ақпарат негізінде;
4) егер қажетті құжаттар мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру кезінде ұсынылмаса, өтініш беруші Мемлекеттік қызмет тізбесінің 8-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;
5) нысаны мен мазмұны бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды тіркеуге ұсынған кезде;
6) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Заңның 31-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықты немесе өзге де мемлекеттік тіркеу объектісін мемлекеттік тіркеуді болдырмайтын ауыртпалықтар болған кезде;
7) заңды күшіне енген сот актісі негізінде; 8) егер тіркеуді тоқтата тұру мерзімі ішінде тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар жойылмаса;
9) егер тіркеу объектісі мұндай құқыққа қатысты ауысу, өзгерту, тоқтату немесе ауыртпалықты белгілеу болып табылса, бұрын туындаған құқық ол туындаған сәтте қолданыста болған заңнамаға сәйкес келмеген кезде;
10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның меншік құқығын және тиісті саланың уәкілетті органының жалдау құқығын тіркеуді қоспағанда, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тиесілі жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеу үшін өтініш жасаған кезде;
11) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңның 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшінші тұлғаларға көрсетілуі мүмкін. Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы порталдағы "жеке кабинетінен" ұсынылған мәліметтер сұратылатын адамның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен орындалады. Цифрлық құжаттар сервисі пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған пайдаланушылар үшін қол жетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарау қажет.

  Кондоминиум объектісін
мемлекеттік тіркеу ережесіне
№ 3 қосымша

      Нысан

  Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә)
немесе (Көрсетілетін қызметті
алушы ұйымының атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.04.2023 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті берушінің филиалы (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде көзделген Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, сондай-ақ қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынғаныңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) __________________________________________________________________;

      2) __________________________________________________________________;

      3) ….

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден, 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә.(болған жағжайда) (көрсетілетін қызметті беруші филиалының құжаттарды қабылдау бойынша қызметкерінің (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. (болған жағдайда)_______________________________________

      Телефон ___________________________

      Алдым: ___________________________________________________________

      Т.А.Ә. (болған жағдайда) / көрсетілетін қызметті алушының қолы

      "___" _________ 20__ жылғы

  Кондоминиум объектісін
мемлекеттік тіркеу ережесіне
4 қосымша

Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.05.2023 № 343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ"
МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ"
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
(КЕАҚ аумақтық филиалы)

НЕКОММЕРЧЕСКОЕ АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО
"ГОСУДАРСТВЕННАЯ КОРПОРАЦИЯ
"ПРАВИТЕЛЬСТВО ДЛЯ ГРАЖДАН"
(территориальный филиал НАО)


(күні)___________

(номері)

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мына мекенжайда тұратын: (мекенжай)

Кондоминиум объектісіне қатысушылардың үлесін есептеу

      Мекенжай:_______________________________

      Көп пәтерлі тұрғын үйдің пайдалы алаңы ________________шаршы/м

      Тұрғын/ тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындардың, қоймалардың пайдалы алаңы ________________ шаршы /м

      Жер учаскесінің жалпы алаңы (ортақ үлестік меншік құқығында)____________га

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі _______________________

      Көп пәтерлі тұрғын үйдің кадастрлық нөмірі __________________

Р/с

Көп пәтерлі тұрғын үйдегі (пәтер/тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орыны, қойма) кейінгі объектінің мекенжайы)

Меншік иесінің Т.А.Ж.

Пәтердің/тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орынның, қойманың жалпы ауданы

Үлес

1

2

3

4

5











Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді тоқтата тұру туралы хабарлама

"АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ"
МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ"
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
(КЕАҚ аумақтық филиалы)

НЕКОММЕРЧЕСКОЕ АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО
"ГОСУДАРСТВЕННАЯ КОРПОРАЦИЯ
"ПРАВИТЕЛЬСТВО ДЛЯ ГРАЖДАН"
(территориальный филиал НАО)


(күні)___________

(номері)

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мына мекенжайда тұратын: (мекенжай)

Кондоминиум объектісін тіркеуден бас тарту туралы хабарлама

"АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ"
МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ"
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
(КЕАҚ аумақтық филиалы)

НЕКОММЕРЧЕСКОЕ АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО
"ГОСУДАРСТВЕННАЯ КОРПОРАЦИЯ
"ПРАВИТЕЛЬСТВО ДЛЯ ГРАЖДАН"
(территориальный филиал НАО)


(күні)___________

(номері)

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мына мекенжайда тұратын: (мекенжай)



Дата вступления в силу:  27.09.2007
Дата изменения акта:  26.05.2023
Дата принятия акта:  24.08.2007
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылғы қыркүйек-қазан.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103001000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  35139
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  241
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  026002000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОЛ / ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz