25.06.2007

Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындату мен табыс етудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009.04.08 N 161/306 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12 және 41-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындату мен табыс етудің тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.

      2. "Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін табыс ету туралы нұсқаулықты бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу N 3607) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 26 сәуірдегі N 1/2 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы оны ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

      Хатшы

Қазақстан Республикасы 
Орталық сайлау комиссиясының
2007 жылғы 25 маусымдағы
N 90/171 қаулысымен бекітілген

Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару
куәліктерін дайындату мен табыс етудің тәртібі туралы
нұсқаулық

      1. Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі (бұдан әрі - есептен шығару куәлігі) қатаң бақылаудағы құжат болып табылады. Есептен шығару куәліктерін дайындату, беру және сақтау үшін тиісті сайлау комиссияларының төрағалары жауапты болады.

      2. Есептен шығару куәліктерін, осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баспаханалық әдіспен, облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы сайлаушылардың тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 1 % (бір проценті) есебінен, тиісті облыстық, Астана мен Алматы қалаларының сайлау комиссиялары дайындатады және оларды аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына дауыс беру күнінен кемінде отыз күн бұрын акт бойынша береді.

      3. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары дауыс беру күнінен кемінде он алты күн бұрын есептен шығару куәліктерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізуді және акт бойынша тапсыруды қамтамасыз етеді.

      4. Жоғары тұрған сайлау комиссияларының есептен шығару куәліктерін төменгі тұрған сайлау комиссияларына беруі, жоғары және төменгі тұрған сайлау комиссияларының төрағасы (ол болмағанда - орынбасары немесе хатшысы) мен екі мүшесі қолдарын қойып, жоғары және төменгі тұрған сайлау комиссияларының мөрлерімен расталатын, есептен шығару куәліктерін өткізіп беру актісімен (2-қосымша) ресімделеді. Акт екі данада жасалады, олардың біреуі жоғары тұрған сайлау комиссиясында қалдырылады, ал екіншісі төменгі тұрған комиссияға беріледі.

      5. Есептен шығару куәлігі сайлаушыға, сайлаушылар тізiмдерiн жалпы жұрттың танысуы үшін ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде өзінің болу орнын ауыстырған кезде, есептен шығару куәлігін алу жөніндегі өтініші (3- қосымша) негізінде табыс етіледi.

      6. Енгізілген өтініш бойынша есептен шығару куәлігін табыс еткен учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушылардың тізіміндегі сайлаушының тегі тұсына»"ескертулер" деген бағанға есептен шығару куәлігі табыс етілгені туралы жазба енгізеді, оның нөмірін, берілген күнін көрсетеді және өзінің қолын қояды.

      7. Учаскелiк сайлау комиссиясына келіп түскен өтініш бойынша есептен шығару куәлігін толтыруды комиссияның төрағасы немесе мүшесі сайлаушының қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізеді.
      Есептен шығару куәлігінде мынадай деректемелер қамтылуға тиіс:
      1) сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты;
      2) сайлаушының туған күні, айы, жылы;
      3) сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні, айы, жылы, нөмірі және оны берген органның атауы;
      4) сайлаушының тұрғылықты жері тіркелген мекен-жайы;
      5) сайлаушы тұрғылықты жері бойынша сайлаушыларының тізіміне енгізілген сайлау учаскесінің нөмірі. Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде есептен шығару куәлігінде облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттың депутатын сайлау жөніндегі тиісті сайлау округінің нөмірі көрсетіледі;
      6) есептен шығару куәлігінің табыс етілген күні, айы, жылы;
      7) учаскелiк сайлау комиссиясының мөрі;
      8) есептен шығару куәлігін табыс еткен учаскелiк сайлау комиссиясы мүшесінің қолы.

      8. Сайлаушының есептен шығару куәлігін алу жөніндегі өтініші сайлаушылар тізіміне қоса тіркеледі және оны тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың тізімінен шығаруға негіз болып табылады.

      9. Облыстық, Астана мен Алматы қалалары мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі есептен шығару куәлігі облыстық, Астана мен Алматы қалалары мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі басқа сайлау округінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға табыс етілмейді.
      Аудандық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын сайлау жөніндегі есептен шығару куәлігі аудандық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын сайлау жөніндегі басқа сайлау округінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға табыс етілмейді.

      10. Бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға есептен шығару куәлігі табыс етілмейді.

      11. Жоғалып қалған есептен шығару куәліктері қалпына келтірілмейді.

      12. Есептен шығару куәліктерінің телқұжаттары берілмейді.

      13. Есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беретін күні сайлаушыны оның келген орны бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.
      Есептен шығару куәлігінің негізінде сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлаушы тек қағаз бюллетеньдермен ғана дауыс беруге қатысады.

      14. Сайлаушыны учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушылар тізіміне соңғыдан кейін келетін реттік нөмірмен:
      1) сайлаушының тегін, атын, әкесінің атын;
      2) сайлаушының туған күнін, айын, жылын;
      3) сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күнін, айын, жылын, нөмірін және оны берген органның атауын;
      4) сайлаушының тұрғылықты жері тіркелген мекен-жайын;
      5) сайлаушы тұрғылықты жері бойынша сайлаушыларының тізіміне енгізілген сайлау округі мен сайлау учаскесінің нөмірлерін;
      6) есептен шығару куәлігі табыс етілген күнін, айын, жылын көрсетіп енгізеді, содан кейін өзінің қолын қояды.
      Егер есептен шығару куәлігін облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау кезінде басқа сайлау округінің учаскелік сайлау комиссиясы берген болса, сайлаушы сайлаушылар тізіміне енгізілмейді.
      Егер есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде берілген болса, сайлаушы сайлаушылар тізіміне енгізілмейді.

      15. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушының қолындағы есептен шығару куәлігіне сәйкес беріледі.
      Сайлаушы есептен шығару куәлігін ұсынған кезде учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі есептен шығару куәлігін табыс еткен сайлау округі мен учаскелік сайлау комиссиясының нөмірлері бойынша оған қандай сайлау бюллетеньдерін беруді шешеді.
      Сайлаушыға, егер есептен шығару куәлігін табыс еткен учаскелік сайлау комиссиясы мен сайлаушының келген жеріндегі учаскелік сайлау комиссиясы бір елді мекенде емес, бірақ аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бір округтің аумағында орналасқан болса, аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетені беріледі.
      Сайлаушыға, егер есептен шығару куәлігін табыс еткен учаскелік сайлау комиссиясы мен сайлаушының келген жеріндегі учаскелік сайлау комиссиясы бір елді мекенде емес, бірақ облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бір округтің аумағында орналасқан болса, облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетені беріледі.
      Қалалық мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетені есептен шығару куәліктерін ұсынған кезде берілмейді.
      Сайлаушыға, басқа елді мекенде орналасқан учаскелік сайлау комиссиясы табыс еткен есептен шығару куәлігін ұсынған кезде, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетені беріледі.
      Сайлаушы тізімге бюллетеньді (бюллетеньдерді) алғандығы туралы қол қояды да осы сайлау учаскесінде жалпы негіздерде дауыс береді.

      16. Есептен шығару куәлігі сайлаушылар тізіміне қоса тіркеледі.

      17. Есептен шығару куәліктерін табыс ету дауыс берілетін күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де тоқтатылады.

      18. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы және тиісті мүшесі есептен шығару куәліктері негізінде учаскелік сайлау комиссиясы енгізген сайлаушылар туралы мәліметтердің нақтылығы үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.

      19. Учаскелік сайлау комиссияларында пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерін дауыс берілетін күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18-ден кейін тиісті учаскелік сайлау комиссиясы жоюға тиіс және дауыс берудің қорытындылары шығарылған соң жоғары тұрған сайлау комиссиясына береді.

      20. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары тиісті облыстық, Астана мен Алматы қалалары сайлау комиссияларына есептен шығару куәліктерінің пайдаланылуы туралы, пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерін жою туралы актілерді қоса тіркеп, есеп береді (4-қосымша).

                                   Дауыс беру құқығын беретін
                           есептен шығару куәліктерін дайындату мен
                            табыс етудің тәртібі туралы нұсқаулыққа
                                            1-қосымша

  Қазақстан Республикасы _________________________________ сайлауы

                  ______ жылғы»"_____"»_________________
                               (сайлау күні)

                  Дауыс беру құқығын беретін
                  ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІГІ N___

__________________________________________________________________,
      (сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)
_______________________________________________ N ________________,
  (жеке басын куәландыратын құжаттың атауы)            (нөмірі)
______ жылы»"____"»____________________ __________________________
            (берілген күні)              (берген органның атауы)
__________________________________________________________ берген,
__________________________________________________________________
                (тұрғылықты жері мекен-жайы)
_____________________________________________ тұрады,
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 41-бабының 6-1-тармағы негізінде дауыс беретін күні оның келген орны бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізіледі.
__________________________________________________________________
      (сайлау учаскесінің орналасқан жері - ауыл (село), кент,
__________________________________________________________________
               аудан, қала, қаладағы аудан, облыс)
__________________ N ____ учаскелік сайлау комиссиясы табыс еткен.

Учаскелік сайлау комиссиясының
               Төрағасы/Мүшесі   _______________
______________                       (қолы)       (тегі, аты-жөні)
                              М.О.
______ жылғы » "_____"»__________________
            (куәлік берілген күн)
      Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды.

                                   Дауыс беру құқығын беретін
                           есептен шығару куәліктерін дайындату мен
                            табыс етудің тәртібі туралы нұсқаулыққа
                                            2-қосымша

         Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару
                 куәліктерін өткізіп беру
                           АКТІ

____________________________________________________________
            (жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)
__________________________________________________________________
            (төменгі тұрған сайлау комиссиясының атауы)
__________________________________________________________________
      (есептен шығару куәліктерінің саны цифрмен және жазбаша)
дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін өткізіп берді.

                                   200 __ жылғы»"___"»____________

_________________________________________
(жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)
Төрағасы (төрағасының
орынбасары, хатшысы) ____________________  _____________________
                            (қолы)              (аты-жөні, тегі)
                      МО

                     Комиссия мүшелері:
______________ _________________ ______________   ________________
  (қолы)        (аты-жөні, тегі)   (қолы)        (аты-жөні, тегі)

___________________________________________
(төменгі тұрған сайлау комиссиясының атауы)
Төрағасы (төрағасының
орынбасары, хатшысы)  ___________________  ____________________
                              (қолы)           (аты-жөні, тегі)
                        МО

                     Комиссия мүшелері:
______________ _________________ ______________   ________________
  (қолы)        (аты-жөні, тегі)   (қолы)        (аты-жөні, тегі)

                                  Дауыс беру құқығын беретін
                           есептен шығару куәліктерін дайындату мен
                            табыс етудің тәртібі туралы нұсқаулыққа
                                            3-қосымша

Кімге ____________________________________________________________
__________________________________________________________________

                  Дауыс беру құқығын беретін
                 есептен шығару куәлігін алуға
                           ӨТІНІШ

Мен, ____________________________________________________________,
        (сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)
____________________________________ N ___________________________
(жеке басын куәландыратын құжаттың атауы)    (нөмірі)
______ жылы»"____"»____________________ __________________________
                    (берілген күні)      (берген органның атауы)
__________________________________________________________ берген,
__________________________________________________________________
            (тұрғылықты жері тіркелген мекен-жайы)
___________________________________________________________ тұрушы,
__________________________________________________________________
   (сайлаушы өзінің болу орнын ауыстыру себебін көрсетеді және
_______________________________________________________ байланысты
      оны растайтын құжаттарды танысу үшін ұсынады)
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 41-бабының 6-1-тармағы негізінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін табыс етуді ӨТІНЕМІН.

Сайлаушы            _______________
_______________           (қолы)          (тегі, аты-жөні)
______ жылғы » "_____"»__________________
              (өтініш жасалған күн)

Ескерту: сайлаушы өтінішті анық жазып, өзі қолдан толтырады.

                                  Дауыс беру құқығын беретін
                           есептен шығару куәліктерін дайындату мен
                            табыс етудің тәртібі туралы нұсқаулыққа
                                            4-қосымша

__________________________________________________________________
            (сайлау учаскесінің орналасқан жері)
N _______ ___________________________________ сайлау учаскесінде
                        (атауы)
      пайдаланылмаған дауыс беру құқығын беретін есептен
шығару куәліктерін жою туралы учаскелік сайлау комиссиясының
                            АКТІ

                  200__ жылғы»"___"»___________
                              (сайлау күні)

      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындату мен табыс етудің тәртібі туралы нұсқаулықтың талаптарын орындау үшін учаскелік сайлау комиссиясы санаудың нәтижесінде пайдаланылмаған дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің мынадай санын анықтады:
______________   ____________________________________________ және
(санмен)                        (жазбаша)
оларды ____________________________________________ жолымен жойды.
      (мөртабан басу, бұрышын кесу, тесу және т.б.)

      Комиссия төрағасы: ________________  ____________________
                                 (қолы)         (аты-жөні, тегі)
                         М.О.

      Комиссия
      төрағасының орынбасары: ______________  ________________
                                    (қолы)       (аты-жөні, тегі)

      Kомиссия хатшысы: ______________ _______________________
                              (қолы)       (аты-жөні, тегі)

      Kомиссия мүшелері:
____________  ___________________ ___________  ___________________
(қолы)       (аты-жөні, тегі)     (қолы)       (аты-жөні, тегі)
____________  ___________________ ___________  ___________________
 
"_____" ____________________
        (акт жасалған күн)


Дата вступления в силу:  03.07.2007
Дата изменения акта:  08.04.2009
Дата принятия акта:  25.06.2007
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" газеті 2007 жыл 7 шілде N 193-194 (24769), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жыл
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  112000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  33937
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  90/171
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  001009000000
Форма акта:  ПОСТ / УКЗН
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz