11.06.2007

"Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі N 12/200 қаулысына толықтыру енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 11.09.2020 № 21/323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі N 12/200 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу N 838, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 838 болып тіркелген, 1999 жылғы 8 шілдедегі N 12/200 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы N 144/210, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу N 3182, "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 838 болып тіркелген, 1999 жылғы 8 шілдедегі N 12/200 қаулысына өзгерістер енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу N 4727" 2007 жылғы 25 мамырдағы N 87/161, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу N 4724 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен) мынадай толықтыру енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерінде:

      N 3 қосымша реттік нөмірі 68-1, мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "68-1. Мұнайлы -- Маңғыстау облысы 46500 --- --- --- 13".

      2. Осы қаулы Маңғыстау облысының әкіміне, Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

      3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға


Хатшы




Дата вступления в силу:  20.06.2007
Дата изменения акта:  11.09.2020
Дата принятия акта:  11.06.2007
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  112000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  33813
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  88/163
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  001009000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz