Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұймдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 129 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 12 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4730 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қыркүйектегі N 209 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.09.26 N 209 Қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертуі!
      2010 жылғы 29 наурыздан бастап қаулының күші жойылады.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы  Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 

      1. Осы қаулыда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
 

      1) әртараптандыру - Ұйымның активтерін Қазақстан Республикасының заңнамаларымен рұқсат берілген әр түрлі қаржы құралдарына олардың құндылығы төмендеу тәуекелін азайту мақсатында орналастыру;
 

      2) баға тәуекелі - қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы рыноктарындағы жағдай өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдарының құны өзгеруі салдарынан болатын шығындардың пайда болу тәуекелі;
 

      3) бэк-офис - негізгі функциясы қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді орындау, фронт-офистен алынған бастапқы құжаттар негізінде қосалқы есепте жасалған операцияларды тіркеу, Ұйымның қаржы құралдары мен ақшасын есепке алу болып табылатын Ұйымның бөлімшесі;
 

      4) бэк-тестинг - Ұйым бойынша тарихи деректерді пайдалана және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдісі;
 

      5) валюталық тәуекел - Ұйым өз қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруімен байланысты шығындардың пайда болу тәуекелі. Шығындардың қауіптілігі құндылық түріндегі валюталар бойынша позицияларды қайта бағалаудан туындайды;
 

      6) гэп - сыйақы ставканың өзгерісіне ұшыраған немесе белгілі бір мерзім ішінде өтеуге жататын Ұйымның активтері мен міндеттемелерінің көлемін салыстыру негізінде пайыз тәуекелін және өтімділікті жоғалту тәуекелін өлшеу әдістері;
 

      7) елдің (трансферт) тәуекелі - шет мемлекеттің немесе шет мемлекет резидентінің төлем қабілетсіздігі немесе қаржы тәуекелдеріне қатыссыз себептермен Ұйымның алдында міндеттемелер бойынша жауап беру ниетінің болмауы салдарынан болған шығындардың туындау тәуекелі;
 

      8) клиент - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысының қызмет көрсетуін пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенген тұлға;
 

      9) клиенттің активтері (брокерлер үшін) - клиенттің меншігіндегі клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүддесінде брокермен мәміле жасасуға арналған қаржы рыногы активтерінің және өзге мүліктің жиынтығы;
 

      10) клиенттің активтері (инвестициялық портфельді басқарушылар үшін) - инвестициялық портфельді басқарушының басқаруындағы активтердің және өзге мүліктің жиынтығы;
 

      11) кредиттік тәуекел - бағалы қағаз (облигациялар, мемлекеттік міндеттемелер және басқалар) шығару талаптарымен белгіленген мерзімде, сондай-ақ артықшылықты акциялар бойынша (дивиденд төлеу жөніндегі белгіленген міндеттемелерге қатысты) кредиторға (инвесторға) тиесілі негізгі борыш пен сыйақыны заемшының (эмитенттің) төлемеуі салдарынан шығындардың туындау тәуекелі. Кредиттік тәуекелге сондай-ақ своптар, опциондар бойынша және есеп айырысуларды реттеу кезеңінде бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерді әріптестің орындамауына байланысты туындайтын залал тәуекелі кіреді;
 

      12) құқықтық тәуекел - Ұйымның Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуы не Ұйым тәжірибесінің оның ішкі құжаттарына сәйкес келмеуі, ал Қазақстан Республикасы резидент еместеріне қатысты басқа мемлекеттер заңдарының талаптарын бұзуы салдарынан шығындар туындаған тәуекелі;
 

      13) операция тәуекелі - Ұйымның ішкі бақылау Ұйымына қойылатын талаптарды бұзуы (сақтамауы) салдарынан шығындардың туындау тәуекелі. Операция тәуекеліне, сондай-ақ операция (компьютер) жүйелеріндегі елеулі іркілістердің туындауына байланысты тәуекелдер, белгіленген лимиттердің асып кетуі, бағалы қағаздармен немесе бэк-офис жұмысы барысында операторлардың қателерімен операциялар жасаған кездегі алаяқтық жатады;
 

      14) өтімділікті жоғалту тәуекелі - Ұйымның өз міндеттемелерін орындамауы не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Активтер сияқты бағалы қағаздар өтімділігін жоғалту тәуекелі олардың төмен шығасылармен және қолайлы бағалар бойынша тез сатылу қабілеттілігімен айқындалады;
 

      15) пайыздық тәуекел - сыйақы ставкаларының қолайсыз өзгеруі салдарынан шығындар туындаған тәуекелі, оның ішінде:
      орналастырған активтер мен тартылған міндеттемелерді (белгіленген сыйақы ставкалары кезінде) қайтару және өтеу мерзімдерінің сәйкес келмеуінен шығындар туындаған тәуекелі;
      өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаты бар құралдардың бірқатары бойынша алынатын және төленетін сыйақыны есептеу және түзетудің түрлі әдістерін қолдануға байланысты негізгі тәуекел;
 

      16) рыноктық тәуекел - қаржы рыноктарының қолайсыз қозғалыстарымен байланысты шығындардың туындау тәуекелі. Рыноктық тәуекелдің макроэкономикалық табиғаты бар, яғни қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері рыноктық тәуекелдің көздері болып табылады;
 

      17) тәуекелдерді басқару жүйесі - төрт негізгі элемент: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі кіретін процесс;
 

      18) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы Ұйымдарын реттеу мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
 

      19) Ұйым - ұғымдары "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі  Заңында анықталған брокерлер, дилерлер және инвестициялық портфельді басқарушылар;
 

      20) стресс-тестинг - Ұйымның қызметіне әсер етуі мүмкін айрықша, бірақ ықтимал оқиғалардың Ұйымның қаржылық жай-күйіне әлуетті әсер етуін өлшеу әдісі;
 

      21) фронт-офис - негізгі функциясы қаржы құралдарымен мәмілелер жасау болып табылатын Ұйымның бөлімшесі;
 

      22) ішкі бақылау жүйесі - Ұйыммен рентабельділіктің ұзақ мерзімді мақсаттарын жүзеге асыруын және Қазақстан Республикасының заңнамасын және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, Ұйымның саясатын, ішкі ережелер мен рәсімдерді, Ұйымның беделін сақтауға немесе шығындар тәуекелін төмендетуге мүмкіндік туғызатын қаржылық және басқару есептілігінің сенімді жүйесін қолдауын қамтамасыз ететін ішкі бақылау рәсімдері мен саясаттардың жиынтығы болып табылатын тәуекелдерді басқару жүйесінің элементі;
 

      23) "stop-loss" - лимиттерді белгілеу саясаты, қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі;

      2. Тәуекелдерді басқару жүйесі Ұйымдар үшін мыналар бойынша талаптардың сақтауын көздейді:
      1) тәуекелдерді басқару жүйесін осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Ұйымдастыру;
      2) қаржы құралдарымен операцияларды осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жүргізу тәжірибесі;
      3) ақпараттық жүйелердің және басқарушы ақпарат жүйелерінің осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жұмыс істеуі.

      3. Тәуекелдерді басқару жүйесі Ұйымның осы қаулының 1-3 қосымшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес болуымен қамтамасыз етіледі.

      4. Ұйым орындауға міндетті негізгі талаптардың критерийлері осы қаулының 4-қосымшасында айқындалған.

      5. Ұйым орындауға міндетті қосымша талаптардың критерийлері осы қаулының 5-қосымшасында айқындалған.

      6. Жыл сайын, есепті жылдан кейін келетін жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей Ұйым уәкілетті органға осы қаулыда белгіленген талаптарды орындауын бағалау бойынша өзінің есебін ұсынады. Бұл есепке мыналар кіреді:
 

      1) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына талаптардың және талаптар критерийлерінің толық тізбесі;
 

      2) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына әрбір талабына және талап критерийіне Ұйымның сәйкестілігін (сәйкес еместігін) бағалауы, оның ішінде Ұйымның көрсетілген талаптарға сәйкестілігін жан-жақты анықтайтын бағалауы;
 

      3) Ұйымның тәуекелдерді басқару жүйесіндегі кемшіліктері, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына талаптар және талаптар критерийлері бойынша кемшіліктер;
 

      4) тәуекелдерді басқару жүйесіндегі кемшіліктерді жою бойынша қажетті іс-шаралар.

      7. Брокерлік, дилерлік қызметтерді және инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтерді жүзеге асыратын Ұйымдар мына мерзімдерге:
      1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін осы қаулының 4-қосымшасында анықталған талаптардың негізгі критерийлерін орындауын қамтамасыз етсін;
      2) 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін осы қаулының 5 қосымшасында анықталған талаптардың қосымша критерийлерін орындауын қамтамасыз етсін.

      8.   Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      9. Осы қаулы жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын Ұйымдарға және екінші деңгейдегі банктерге таралмайды.

      10. Стратегия және талдау   Департаменті (Бөбеев М.С.):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметін жүзеге асыратын Ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      11. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      12. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

                                    Қазақстан Республикасы Қаржы 
                                    нарығын және қаржы Ұйымдарын
                                   реттеу мен қадағалау агенттігі
                               Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі
                                      N 129 қаулысына 1-қосымша

  Тәуекелдерді басқару жүйесін Ұйымдастыруға қойылатын талаптар

№N

Талаптың атауы

Талаптың критерийлері 

1.

Директорлар кеңесімен
ұзақ мерзімді корпоративті
стратегиясы бекітілді. 

Директорлар кеңесі Ұйым
қызметінің стратегиясын бекітті.
Ұйымның корпоративті
стратегиясында Ұйымның
қызметінің қысқа мерзімді (бір
жылдан кем) және ұзақ мерзімді
(екі жыл мен он жылға дейін)
мақсаттары белгіленді.
Ұйымның ұзақ мерзімді
стратегиясы осының алдындағы
Ұйымның қызметінде теріс
көрініс алған факторларды жою
мақсатында жасалды және
тұрақты жетілдіріліп отырады.

2.

Директорлар кеңесі
талаптары корпоративті
басқарудың тиімділігін
қамтамасыз ететін Ұйымның
басқару саясатын белгіледі.

   Директорлар кеңесі Ұйымның  мүддесіне байланысты дауларды реттеу жөніндегі саясатты бекітті.
   Директорлар кеңесі стратегияларға, саясатқа және рәсімдерге қарама-қайшы келетін операцияларды жасау мүмкіндігін болдырмау
мақсатында Ұйымның тәуекелмен байланысты (кредиттік тәуекел,
пайыздық тәуекел, өтімділікті жоғалту тәуекелі, валюталық
тәуекел) операцияларына мониторинг жүргізеді

3.

Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесі жанында
құрылған комитеттер
арқылы Ұйымның қызметіне
мониторинг жүргізеді.

   Ішкі аудит қызметі Ұйымның
ішкі ережелері мен рәсімдерінің
сақтауына және ішкі және сыртқы
аудиторлардың есептерін,
уәкілетті органның ықпал ету
шараларының және өзге
талаптарының орындалуына
бақылауды жүзеге асырады.
  Инвестициялық комитет қаржы
құралдары мен инвестициялауды
сатып алу/сату жөніндегі
операцияларды жүргізу ережесін
анықтайды және бекітеді,
сондай-ақ Ұйымның активтерінің,
капиталдың рентабельділігін,
өтімділігін және жеткіліктілігін әртараптандыру
бойынша бағдарын белгілейді. 

4.

Директорлар кеңесі
кезең-кезеңімен Ұйымның
қаржылық жағдайын
бақылауға мүмкіндік
беретін қажетті ақпаратты
қабылдайды, есепті ай
ішіндегі Ұйымның есепті
айдағы қызметіне талдау
жасайды, баға береді.  

Директорлар кеңесі ай сайын
мынадай есептерге талдау
жасайды:
  Ұйымның өткен жылғы осы
кезеңімен салыстырғандағы
жиынтық балансы және кірістері
мен шығындары туралы есебі
және жоспарлы қызмет
көрсеткіштері;
инвестициялар туралы есептер:
қаржы құралдарының олардың 
түрлерін және баланстық құнын,
рыноктық құнын, кірістілігін
және сатып алу және сату жалпы
сомасын көрсету бойынша
топталуы;
Ұйымның активтер мен
міндеттемелерінің көлемін
салыстыру туралы есеп (гэп - талдау);
Директорлар кеңесі тоқсан сайын мынадай есептерге талдау жүргізеді:
Ұйымның пайыздық тәуекел
бойынша позициясын қысқаша
талдау;
Ұйымның валюталардың айырбас
бағамдарының ауытқуы
тәуекеліне ұшырағыштығын
қысқаша талдау;
Ұйымның меншікті капиталдағы
ағымдағы және болжалданып
отырған қажеттіліктерін
қысқаша талдау.
Директорлар кеңесі уәкілетті
органның ықпал ету шаралары
мен өзге де талаптарының,
оның ішінде Ұйымның
қызметіндегі кемшіліктерді жою
жөніндегі іс-шаралар
жоспарының орындалмау
себептерін анықтай отырып
бақылау жүргізеді.  

5.

Директорлар кеңесі жыл
сайын Ұйымның басшы
қызметкерлерінің
функционалды
міндеттеріндегі
мүдделерге байланысты
болуы мүмкін дауларға
талдау жасайды.   

  Директорлар кеңесі жыл сайын
Ұйымның басшы қызметкерлерінің
функционалды міндеттері
бойынша жылдық есептерге
талдау жасайды.  

6. 

Директорлар кеңесі жыл
сайын басқарманың есепті
жыл ішіндегі қызметіне
талдау жасайды.  

  Директорлар кеңесі жыл сайын
Ұйымның ағымды қаржы жылына
жоспарланған мақсаттарға жету
бөлігінде басқарманың қызметіне
талдау жасайды.
  Директорлар кеңесі өзінің
өкілеттілігі шегінде ағымдағы
жылдың мақсатты көрсеткіштеріне Ұйым
қызметінің нәтижелері сәйкес
келмеген жағдайда, Ұйым 
басқармасының мүшелеріне
шаралар қолдана алады.

7. 

Басқарма Ұйымның
басқармасының Ұйымдастыру-функционалдық 
құрылымының қалыптастыру
рәсімдерін белгілейді.
Ұйымдастыру құрылымына
(Ұйымдастыру құрылымының
схемасы) Ұйымның әр
қызметшісі енгізілуі
міндетті емес, бірақ оған
Ұйымның барлық басшы
қызметкерлері енуі тиіс. 

  Ұйымның Ұйымдық-қызметтік
құрылымының схемасы, оның ішінде мыналарды реттейді:
  Ұйымның жүргізіп отырған
операцияларына байланысты
негізгі тәуекелдерді талдауға
және тәуелсіз бағалауға
жауапты Ұйым бөлімшелерінің
немесе тәуекелдерді басқарушы
тұлғаның өкілеттігі мен
міндеттері;
  функционалды міндеттері бойынша сәйкес келетін Ұйымның басқару органдарының құрылымы;
  Ұйымның әрбір басшы қызметкерінің лауазымдық міндеттері және өкілеттіктері;
  есепті жыл ішінде Ұйымның  басшы қызметкерінің қызметіне баға беру тәртібі (басқарма мүшелерінен басқа), оның ішінде
Ұйымның қызметіндегі мақсатты
көрсеткіштерін Ұйымның 
орындамағаны үшін шара қолдану
немесе жауапкершілікке тарту.  

8. 

Директорлар кеңесі қысқа
мерзімді кезеңге жасалған
жылдық бюджет/қаржылық
жоспарды жасау және
резиденттері Ұйымның 
клиенттері болып табылатын
Қазақстан Республикасының,
шетелдердің болашақ
экономикалық талаптарын
және әлемдік қаржылық
және тауарлық рыноктардың 
конъюнктурасын ескеріп
ұзақ мерзімді стратегиялық
жоспарды жасау тәртібін
бекітеді.     

   Жылдық бюджетті және 
стратегиялық жоспарды басқарма
Ұйымның ағымдағы және болашақ
бәсекелес және экономикалық
ортасын және нормативтік
құқықтық базаны, қосымша
қажетті капитал мөлшерін
ескере отырып жасайды. 

9. 

Басқарма не Ұйымның басқа
алқалы органы Ұйым
жүргізген операцияларына
байланысты әлеуеттік және
ықтимал тәуекелдерді
бірегейлендіреді және
бағалайды, тәуекелдерді
басқарудың реттелген
рәсімдерін қолданады. 

Ұйымның тәуекелдерді басқару
қызметін жүзеге асыратын
бөлімшесі ішкі және сыртқы
рынок факторларының теріс
өзгеру динамикасы болған
жағдайда активтеріне,
кірістілігіне және өтімділігіне
ықпал етуді бағалау әдістемесін
пайдаланады.
  Басқарма не Ұйымның басқа
алқалы органы әлуетті және
ықтимал тәуекелді беретін ішкі
және сыртқы экономикалық
факторларды бірегейлендіреді
және оған талдау жасайды,
олардың Ұйымның қаржылық
көрсеткіштеріне әсер ету
дәрежесіне баға береді.
  Директорлар кеңесі бекіткен жиынтық лимиттер бөлігінде
басқарма жүргізіліп отырған
операциялардың жеке түрлері
бойынша тәуекелдің жол
берілетін мөлшеріне лимиттер
белгілейді, Ұйымның аталған
лимиттерді сақтауы үшін
бақылаудың тиімді шараларын
қабылдайды. 

10.

  Басқарма не Ұйымның
басқа алқалы органы
Ұйымның ықтимал және
әлуетті тәуекелдерін
бақылауды жүзеге асырады.

  Басқарма не Ұйымның басқа
алқалы органы жиынтық
лимиттердің сақталуын тәуекел
түрлері бойынша олардың ай
сайынғы есебі негізінде
бақылайды.
  Басқарма Ұйым бөлімшелерінің
ықтимал және әлуетті
тәуекелдерді басқарудағы
саясатты сақтауын бақылайды,
Ұйым бөлімшелерінің олар үшін
белгіленген лимиттер шегіндегі
тәуекелдер мөлшерін сақтауына
мониторингін жүзеге асырады.

11.

  Ұйымның бағалы қағаздар
рыногындағы ықтимал
тәуекелдерді
әртараптандыру (бөлу) 
саясатын ұстанады. 

   Басқарма тәуекелдерді
жүргізетін операция түрлері
бойынша бөлу саясатын
қолданады, яғни меншік
капиталының жеткіліктілігі мен
төлем қабілеттілігінің қажетті
деңгейін сақтау мақсатында 
олармен байланысты тәуекелді
ескере отырып, қаржы
операциялармен жүргізетін
операциялардың құрылымы мен
көлемін қалыптастыру және
Ұйымның жауапты бөлімшелерінің
оларды орындауына бақылау
жасайды.
  Ұйымның әртараптандыру
саясатын іске асыруды
қамтамасыз ететін, сондай-ақ
уәкілетті орган белгілеген
әртараптандыру нормаларын
сақтайтын мониторингті жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін
Ұйымдастыру-функционалдық және
операциялық құрылымы бар.

12.

Ұйымның Ұйымдастыру және функционалды құрылымы,
Ұйымның қаржылық қызметі
бойынша шешімдер қабылдау
рәсімдері Ұйымның ішкі
саясатымен реттеледі. 

   Тәуекелдерді басқару саясаты
Ұйымның басшы қызметкерлерінің
өкілеттіктері мен функционалдық
міндеттерін реттейтін
ережелерді, соның ішінде қаржы
құралдарын сатып алу/сату
жөніндегі операцияларды
жасаудың дұрыстығына қосарлы
бақылау жасауды және соған
байланысты тәуекелдерді
бақылауды көздейді.
   Ішкі аудит қызметі басшы
қызметкерлердің Ұйымның
қызметін басқару жөніндегі
өкілеттіктері мен функциясын
топтауды анықтауға, сондай-ақ
жүргізілген операциялардың
Ұйымның бекітілген корпоративті
стратегиясына, саясатына және
рәсімдеріне сәйкес келу мәніне
тексеру жүргізеді.
Тәуекелдерді басқару жөніндегі
саясат Ұйымның Директорлар
кеңесінің, басқарма мүшелерінің
және жауапты қызметкерлердің
тәуекелдерді басқару жөніндегі
өкілеттіктері мен функционалдық
қызметін анықтайды.

13.

  Ұйымда кезең-кезеңімен
Директорлар кеңесіне,
басқармаға Ұйымның
ағымдағы қаржылық қызметі
туралы және Ұйымның
қабылдаған тәуекелдер
мөлшері туралы ақпарат
алуға мүмкіндік беретін
басқарудың есеп және есеп
беру жүйесі бар.  

   Ұйымның ағымдағы қаржылық
жай-күйі туралы ақпараттар
форматы және ол қабылдаған
тәуекелдер белгілі бір
басқарудың есеп беру нысаны
түрінде стандартталған, оның 
ішінде кредиттік, пайыздық
тәуекелдерді, өтімділікті
жоғалту тәуекелін, валюталық,
ел (трансферттік) тәуекелдерін,
сондай-ақ тәуекелдерге
ұшырағыштық дәрежесін анықтайды, олардың белгіленген
лимиттер шегінде сақталуын
бірегейлендіреді және өлшем
жасайды.
  Ұйымның Директорлар кеңесіне
және басқармасына ұсынылатын
басқарушылық ақпарат тізбесі
Ұйымның Директорлар кеңесі мен
басқармасының тәуекелдерді
басқару жөніндегі жеке 
функционалдық міндеттерін
тиісінше орындауы үшін
жеткілікті болып табылады.

14.

  Ұйымның тәуекелді
басқару жөніндегі ішкі
саясатымен, оның ішінде 
функциясы тәуекелдерді
басқару жөніндегі
рәсімдерді орындауды
көздейтін қызметкерлерге
қойылатын біліктілік
талаптары да белгіленеді.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі
бөлімше қызметкерлерінің
тәуекелдерді басқару бойынша
өзінің функционалды міндеттерін
жүзеге асыру үшін тиісті жұмыс
тәжірибесі бар.
  Ұйымның бөлімшесінің
тәуекелді басқару жөніндегі
және ішкі аудит қызметі
қызметкерінің функционалды
міндеттері олар жүргізіп
отырған операцияларға сәйкес
келеді.

15.

Директорлар кеңесі
клиенттер активтерімен
жұмыс істеуді,
инвестициялдарды есепке
алуды, инвестиция
саясатын, хеджирлеу
әдістемесін пайдалану
саясатын реттейтін ішкі
саясаттарды бекітеді.

  Ұйымның клиенттер
активтерімен жұмыс жөніндегі
саясатына мыналар жатады:
  Инвестициялық портфельді
басқару туралы шарттарының 
Қазақстан Республикасының 
заңнамаларымен сәйкестігін
тексеру рәсімдері;
  клиенттердің шоттарына
қаражаттың уақтылы түсуін және
есепке алудың шынайылығын
қамтамасыз ететін рәсімдер;
  активтерді басқару туралы
шарты бойынша шағымдарын
белгіленген мерзімде қарауға
кепілдік беретін рәсімдер,
Ұйымның операциялық қате
жасаған жағдайда инвестицияларды жоғалтуды
уақтылы қалпына келтіру;
  клиенттің активтерін есепке
алу және уақтылы
инвестициялаудың Қазақстан
Республикасының заңнама
талаптарына сәйкестігінің
мониторингін қамтамасыз ететін
рәсімдер;
  Ұйымның комиссиялық
сыйақысын есептеу және төлем
жасау дұрыстығын тексеру;
мыналарды енгізетін
инвестициялық саясатты:
  клиенттің активтеріне
қатысты инвестициялық шешімдер
қабылдау тәртібі;
  клиенттердің активтерін қатыстыра отырып мәмілелер жасау тәртібі және олардың
жасалуына бақылауды жүзеге
асыру;
  деректердің бүтіндігі мен
ақпараттың құпиялылығын
қамтамасыз етуге ішкі бақылау
жасау тәртібі;
  инвестициялық шешімдер
қабылдау рәсімдері, сондай-ақ
инвестициялық шешімдер
қабылдау үшін ұсынымдар беру;
  клиенттің активтері есебінен
сатып алынған қаржы құралдарын
хеджирлеу саясаты және
рәсімдері;
  Ұйымның клиенттің активтерінен және инвестициялық
кірістерден алынатын комиссиялық сыйақысының
мөлшері, сондай-ақ осы
ақпаратты клиенттерге беру шарттары.

16.

Ішкі аудит қызметі қаржы
құралдарымен операцияларды
жүзеге асыратын Ұйымның 
бөлімшелеріне мерзімді
түрде, бірақ жылына бір
реттен кем емес ішкі
аудиторлық тексеру
жүргізеді, оның ішінде
тәуекелді басқару жүйесін
және ішкі бақылауды
жақсарту мақсатында.

  Ұйымның ішкі аудит бойынша
саясаты мыналарды анықтайды:
  Ұйымның ұшырауы мүмкін
барлық тәуекелдерін;
  ішкі аудитті жүргізу ауқымын
және жиілігін;
  ішкі аудитті жүргізу кезінде
пайдаланылатын рейтингтік
жүйені;
  Ұйымның ішкі аудит жүргізу
жоспарын жасауға қойылатын
талаптарын.
  Ішкі аудит қызметі аудит
саясатына сәйкес қаржы
құралдарымен операциялар
жүргізуді көздейтін Ұйымның 
барлық бөлімшелеріне тұрақты
түрде ішкі тексерулер
жүргізеді.
  Ішкі аудит қызметі аудит
саясатына сәйкес клиенттің
активтері есебінен жасалатын
операцияларға, клиенттің
активтерінің қатысуымен
жасалатын мәмілелерді жасау
дұрыстығына және кастодиан
банктермен салыстыруларды
жүзеге асырудың, есепке
алудың және құжат айналымының
дұрыстығына тұрақты ішкі
тексерулер жасайды.
  Ішкі аудит қызметі клиенттің
активтерінің қатысуымен
жасалатын мәмілелерді есепке
алу журналындағы ақпараттың
шынайылығына тұрақты түрде
тексеру жүргізеді.
  Ішкі аудит қызметінің
қызметкері Ұйымның біліктілік
талаптарына сәйкес келеді,
сондай-ақ тексерулер жасалып
отырған Ұйымның  бөлімшелерінің
қызметі туралы жұмыс тәжірибесі
және қажетті білімі болады.
  Ұйымның ішкі саясаты бойынша
ішкі аудит қызметі тексеріп
отырған бөлімшенің қызметіне
байланысты барлық қажетті, 
оның ішінде коммерциялық
немесе өзге де конфиденциалды
құпия режимдегі құжаттарды
қарау құқығы көзделеді.
  Ұйымның ішкі аудит саясатымен
олардың функционалды
міндеттерін орындауы Ұйымның
басшы қызметкерлерінен немесе
басқа бөлімшелерден
тәуелсіздігі және ішкі аудит
қызметінің Директорлар
кеңесіне есептілігі белгіленеді.
  Ішкі аудит қызметі Ұйымның
сыртқы аудиторымен бірлесіп,
жылына бір реттен кем емес
ретпен Ұйымның ішкі бақылау
жүйесіндегі ішкі немесе сыртқы
аудитор анықтаған
кемшіліктерді талқылау үшін
бірлескен кездесулер өткізеді.

17.

Басқарма әрбір тексеру
қорытындысы бойынша ішкі
аудит қызметінің есебіне
талдау жасайды және
анықталған кемшіліктерді
жою жөнінде тиісті
шаралар қабылдау үшін
Директорлар кеңесіне
ұсыныстар береді.   

  Ішкі аудит қызметінің
саясаты бойынша ішкі аудит
қызметі оңтайлы мерзім ішінде
әрбір тексеру қорытындысын
Ұйымның Директорлар кеңесіне
және Басқармасына ұсыну
көзделеді.
  Ішкі аудит қызметінің
өкілеттігі бөлімше үшін
орындауы міндетті болып
табылатын жасалған тексерулер
қорытындысы бойынша ұсыныстар
әзірлеуді көздейді, сонымен
қатар оларды жүзеге асыру
тәсілдері мен талаптарын
тікелей бөлімшелер белгілейді
және Ұйымның Басқармасы
бекітеді.
  Ішкі аудит қызметі Ұйымның 
бөлімшелері ішкі аудит
қорытындысы бойынша қабылданған іс-шараларды және
оларды оңтайлы орындау
мақсатында жүргізген және
жоспарлаған мониторингті
жүзеге асырады.

18.

Басқарма және қаржы
құралдарымен операцияларды
жүзеге асыруға жауап
беретін Ұйым
бөлімшелерінің
басшылары Ұйымның ай
сайынғы  кірістер (шығыстар) мониторингін
Директорлар кеңесі
бекіткен лимит шегінде
сақтау мақсатында жүргізеді.

Ішкі саясат бойынша ай сайын
Ұйымның кірістерін (шығыстарын), оның ішінде
серпінділігі, бөлігі бойынша,
қызмет түрлері бойынша,
Ұйымның аумақтық және
функционалды бөлімшелерін
қадағалайтын Ұйымның бөлімшесі
белгіленген.
  Ішкі саясат бойынша
Директорлар кеңесі белгілеген
жиынтық лимиттер шегіндегі
бөлімшенің қызметіне
байланысты кірістерді
(шығыстарды) басқару жөніндегі
Ұйымның бөлімшесінің өкілеттігі
көзделген.
  Бөлімшелер Ұйымның күтілетін
кірісіне қабылданып отырған
тәуекелді ескере отырып баға
береді.   

19.

Басқарма қаржы құралдарымен
операцияларды жүзеге
асыруға жауапты Ұйымның
бөлімшелері бойынша қаржы
ресурстарын бөлу
мониторингін Ұйымның
Директорлар кеңесі
белгілеп, жол берген
лимитін сақтай отырып,
оның ішінде тәуекелге
және кірістілікке және
Ұйымның тәуекелі мен
меншікті капиталына
қатысты етіп жүргізеді. 

Басқарма Ұйымның меншікті
капиталының Қазақстан
Республикасының заңнамасына
сәйкес талап етілетін барынша
төмен деңгейге сай келуін
қамтамасыз етеді.
  Басқарма Директорлар кеңесі
белгілеген жиынтық лимиттер
шегінде Ұйымның қаржы
құралдарымен операцияларды
жүзеге асыратын әр бөлімшесі
үшін тәуекел лимитін
белгілейді.

20.

Басқарма Ұйымның шарт
жасау қатынастарын, уәкілетті органның
нормативтік құқықтық
актілерін, Қазақстан
Республикасының заңнамалық
талаптарын, клиенттің
активтері есебінен қаржы
құралдарымен операциялар
жүргізу жөніндегі ішкі
саясатты сақтау жөнінде
тұрақты мониторинг
жүргізеді. 

  Ішкі аудит қызметі
жүргізілген тексерулер
қорытындысы бойынша Ұйымның
қызметкерінің Қазақстан
Республикасының заңнамасын,
оның ішінде Ұйымның қызметін
реттейтін халықаралық
стандарттарды білу деңгейін
анықтайды.
  Ішкі аудит қызметі Ұйымның
қызметін реттейтін Қазақстан
Республикасының нормативтік
құқықтық актілерін сақтауға
байланысты, қаржылық қызметтің
жаңа түрлерін енгізу кезінде
Ұйымда қосымша маңызды
тәуекелдердің пайда болу
мүмкіндігіне баға береді. 

21.

Басқарма Директорлар
кеңесіне және Ұйымның
акционерлеріне Ұйымның
қызметі туралы қаржылық
және басқару есептілігін,
инвестициялық шешімдер
бойынша есепті береді.

  Директорлар кеңесі
Басқарманың Директорлар
кеңесіне және Ұйымның
акционерлеріне Ұйымның қаржылық
көрсеткіштеріне баға беру
мүмкіндігін қамтамасыз ететін
қаржылық және басқару
есептілігінің ұсыну нысаны мен
мерзімін бекітті.
  Директорлар кеңесі тұрақты
негізде инвестициялық
шешімдерді және оларға
ұсынымдарды талдап отырады.
  Директорлар кеңесі ішкі
бақылауды жетілдіру және
тәуекелдерді басқару жөніндегі
сыртқы аудиторлардың
қорытындыларына талдау жасайды.

22.

Басқарма тұрақты түрде
тәуелсіз халықаралық
аудиторлық Ұйымдардың
қорытындылары негізінде
Ұйымның есеп және есептілік жүйесін
жақсартуды жүзеге асырады.

  Ұйымның есеп және есептілік
саясаты сонымен бірге Ұйымға
аудит жүргізу барысында
мынадай мәселелерді тексеруді
көздейді:
  күнделікті баланс өңдеудің
дұрыстығы;
  Ұйымның есеп саясатының
қаржылық есеп берудің
халықаралық стандарттарына
сәйкес келуі;
  қаржылық есептермен негізсіз
бухгалтерлік манипуляциялар
фактілерінің болуы;
  меншік және клиенттің
активтерінің есебінің дұрыстығы;
  Ұйымның есеп саясатында
белгіленген талаптар бойынша
есеп және есеп беруді жасау
әдістерінің сәйкестігі;
  Ұйымның жылдық есебінде
тәуекелдердің құрылымы мен
мөлшерін толық және дұрыс ашу. 

23.

Басқарма соңынан
Директорлар кеңесіне
тиісінше есеп бере отырып,
ай сайын Ұйымның қызметіне
қойылатын экономикалық
талаптардың өлшемдік
көрсеткіштеріне талдау
жасайды.   

  Тәуекелдерді басқару
бөлімшесі клиенттің активтерінің тиімділігіне және
өтімділігіне ықпал ететін
мынадай факторларға болжам
жасайды:
  қарсы әріптестердің
келісім-шарт бойынша өз
міндеттемелерін толық немесе
ішінара орындамауы;
  Қазақстан Республикасының
тәуелсіз борыштық рейтингінің 
үш ай ішінде бір деңгейге және
бір жыл ішінде екі деңгейге
төмендеуі;
  ұзақ мерзімді қаржы
құралдарының мерзімінен бұрын
өтелуі;
  теңге бағамының
девальвациялануы/
ревальвациялануы.

24.

Басқарма клиенттердің
активтерін сақтауды
қамтамасыз ету, сондай-ақ
клиенттердің активтері
есебінен жасалатын
операциялардың қажетті
кірістілігі жөніндегі
шараларды әзірледі.     

  Тәуекелдерді басқару
жөніндегі бөлімше мыналарға
тұрақты талдау жасайды:
  Ұйымның баланстық және
баланстан тыс есептерін,
сондай-ақ экономикалық
талаптарға байланысты өзгеруге
бейім кірістер мен шығыстарды;
  өтімділіктің төмендеуі,
қаржы құралдарына бағаның 
өзгеруі;
  заемшының қаржылық жай-күйіне, оның борыштық
негізгі соманы және есептелген
сыйақыны өтеуге байланысты
мүмкіндіктеріне қатысты
борыштық бағалы қағаздар
портфелі;
  олардың өтеу мерзіміне
сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің
өзгеруіне бейім активтерді,
міндеттемелерді және баланстан
тысқары баптарды бөлу
(гэп-талдау);
  шетел валютасы бағамының
өзгеруіне бейім активтерді,
міндеттемелерді және баланстан
тысқары баптарды бөлу.

                                   Қазақстан Республикасы Қаржы
                                   нарығын және қаржы Ұйымдарын
                                  реттеу мен қадағалау агенттігі
                               Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі
                                     N 129 қаулысына 2-қосымша

  Қаржы құралдарымен операциялар жүргізуге қойылатын талаптар

№N 

Талаптар атауы

Талаптар критерийі

1.

Директорлар кеңесі қаржы
құралдарын және баға
жөніндегі тәуекелді сатып
алу/сату жөніндегі
операцияларды басқарудың
ішкі саясатын бекітті.  

  Тәуекелдерді басқару
бойынша ішкі саясаты
мыналарды реттейді: 
  Ұйымның активтерінің
(міндеттемелерінің) құрылымына
байланысты өтімділікті
жоғалту тәуекелін анықтау;
  Ұйымның активтерінің
(міндеттемелерінің) құрылымына
байланысты пайыздық тәуекелін
анықтау;
  Ұйымның активтерінің
(міндеттемелерінің) құрылымына
байланысты валюталық
тәуекелін анықтау;
  туынды қаржы құралдарымен
операцияларға тиесілі
тәуекелдерді анықтау;
Ұйымның рыноктық тәуекеліне
өлшем жасау кезінде
пайдаланылатын моделдер;
тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің
Ұйымның рыноктық тәуекел
жөніндегі позициясы туралы
есебін Директорлар кеңесіне
және Басқармаға ұсыну
мерзімділігі.   

2.

Директорлар кеңесі фронт-
және бэк-офистердің 
функционалды міндеттерін
бөлуге негізделген, нақты
айтқанда мәмілені жүзеге
асыратын фронт-офис пен 
аталған операциялардың
есебін көрсетумен
айналысатын бэк-офис
арасындағы қосарлы бақылау
саясатын бекітті.

Қосарлы бақылау жүйесі
мыналарды көздейді:
фронт және бэк-офистерді
бөлу;
бэк-офистің фронт-офистегі
операцияларға қойылатын
талаптарды уақтылы тексеру
мүмкіндігі;
қосарлы бақылау жүйесі 
қатысушылары арасындағы болуы
мүмкін ымыраласуды шектеу
шаралары;
фронт және бэк-офистерде
және бөлімшелердің міндеттерін бір мезгілде бір
тұлғаның орындауына тыйым
салу.

3.

Басқарма Ұйымның
операцияларының қауіпсіз-
дігін қамтамасыз ету
жөніндегі рәсімдерді
бекітті. 

  Ішкі аудит қызметі Ұйымның 
операцияларын кірістермен
операцияларды жүзеге асыру және Ұйымның меншікті
капиталы мен кіріс мөлшеріне
тең емес тәуекелді қабылдау
кезіндегі заңсыздық жағдайларын анықтау
және алдын алу мақсатында
тексереді.    

4.

Ұйымның автоматтандырылған
жүйесі бар (қаржы
құралдарының портфелін
басқару, операциялармен
қамтамасыз ету, шоттарды
өңдеу және есеп айырысу
жүргізу, тәуекелдерді
басқару).  

Ұйымда қаржы құралдарын
сатып алу/сату жөніндегі
операцияларды қамтамасыз етудің техникалық жүйесі бар.
   Ұйымда тәуекелдерді
басқару үшін қажет ақпаратты
жинау жүйесі бар.
   Ұйымда ақшамен және қаржы
құралдарымен есеп айырысу
жасайтын техникалық жүйе бар.
   Ішкі аудит қызметі және
сыртқы аудиторлар Ұйымның
бухгалтерлік есеп және есеп
беруді жүргізуге, тәуекелдерді
басқаруға жауап беретін
бөлімшелерінің беріп отырған
мәліметтерінің нақтылығын
тексереді. 

5.

Ұйымның нақты уақыт
режиміндегі тәуекелдерді
бақылау мүмкіндігін
қамтамасыз ететін қаржы
құралдарымен операциялар
бойынша тәуекелдерді
басқару жүйесі бар.

Ұйым сауда операцияларының
өңдеуін басқа рыноктық
операциялардан бөлек жүргізеді.
  Ұйым баға тәуекеліне душар
болған кірістерді/шығыстарды
және активтер және
міндеттемелер бойынша
тәуекелдерді бақылайды және
күнделікті олардың құнын
бағалап отырады.

6.

Ұйым кезең-кезеңімен
әлуетті рыноктық тәуекелге,
сондай-ақ қаржы
құралдарының ағымдық
рыноктық бағасын ескеріп,
кірістерге/шығыстарға баға
береді.

Ұйым қаржы құралының
рыноктық құны болмаған
жағдайда қаржылық есеп
берудің халықаралық
стандарттарына сәйкес осы
қаржы құралының құнсыздануына
тест жүргізеді.
Ұйым тұрақты түрде әрбір
операциялық күн ішінде қаржы
құралдарымен операциялардан
түскен кірістерге/шығыстарға
баға береді.
Ішкі аудит бөлімшесі
Ұйымның қаржы құралдары
бойынша әділ бағасын анықтау
дұрыстығы жөнінде
мониторингті жүзеге асырады.
Ұйымның Директорлар кеңесі
баға тәуекелін ескере отырып,
қаржы құралдарының құнын
анықтау рәсімдерін бекітеді.
Ұйым тәуекелді бағалау және
ағымдық бағаны рынокқа
бейімдеу моделі негізінде
қаржы құралдарының құнына
баға береді, оның ішінде
стресс-тестинг (stress-testing) және
бэк-тестингті (back-testing)
жүзеге асырады.
Ұйым қаржы құралдарымен
операциялар жасау кезінде
шешімдер қабылдауға
байланысты тәуекелді бағалау
қорытындысын және тұрақты
стресс-тестинг қорытындысын
пайдаланады. 

7. 

Директорлар кеңесі қаржы
құралдарымен операциялар
бойынша жиынтық лимитті,
ал Басқарма - жекелеген
қаржы құралдары бойынша
лимиттерді, сондай-ақ
халықаралық практикада
"stop-loss" ережесі
бойынша қабылданған
лимиттерді белгілейді.

   Директорлар кеңесі
кезең-кезеңімен жиынтық
лимитті және "stop-loss"
лимиттерін белгілеу ережесін
анықтайды. Ұйымның Қаржы
құралдарын сатып алу/сату
операцияларын жүзеге асыратын
бөлімшесі жұмыс күні ішінде
Ұйымның Басқармасына Ұйымның
қаржы құралдары бойынша
позициясын ұсынады.
Директорлар кеңесі қаржы
құралдары бойынша лимиттерді
белгілеу рәсімдерін және 
"stop-loss" лимиттерін
белгілеу ережесін белгілейді.

8.

Басқарма не Ұйымның басқа алқалы органы негізгі тәуекел позициялары бойынша тәуекелдерді
басқару рәсімдерін бекітті.

   Басқарма халықаралық
практикада әрбір шетел және
барлық валюталар бойынша спот,
форвард, своп операциялары
бойынша қабылданған
позициялар лимитін белгілейді.
  Тәуекелдерді басқару
бөлімшесі спот және форвард
операцияларының мерзімдерін
өтеуді басқару үшін активтер
мен міндеттемелерді өтеу
мерзімінің кестесін
күнделікті қолданады.
   Басқарма қаржы құралдары
үшін "stop-loss" лимиттерінің
диапазонын белгілейді.
   Ішкі аудит қызметі Ұйымның 
"stop-loss" лимиттерін белгілеу ережесін қолдануының
дұрыстығын тексереді. 

9.

Директорлар кеңесі баға
тәуекелі бойынша позициясын
анықтау жөніндегі шешімді
қабылдау, оның ішінде
қаржы рыногының мөлшері
мен өтімділігін ескере
отырып, қаржы құралдары
бойынша бөлу саясатын
бекітті.

  Тәуекелдерді басқару
бөлімшесі қаржы құралдарының
ауқымы мен динамикасына және
қаржы құралдарының
өтімділігіне сәйкес қаржы
құралдары лимитінің
тепе-теңдігіне талдау
жасайды.   

10.

Директорлар кеңесі
инвестициялық саясатты
бекітті.

Директорлар кеңесі мыналар
белгіленген инвестициялық
саясатты бекітті:
инвестициялау мақсаты,
инвестициялау операцияларын
бекіту жөніндегі өкілеттіктер,
сондай-ақ инвестициялау
жоспар мен лимиттері;
құпия ақпаратты пайдаланып
жасалған операцияларды
жібермеу мақсатында
көрсетілген қаржы қызметіне
байланысты өзге функциялардан
инвестициялық операцияларды
жүргізу функциясын ажырату
рәсімдері;
қаржы құралдарының түрлері
бойынша, инвестициялық қызмет
мақсаты бойынша инвестициялық
критерийлер;
қаржы құралдарының қолда
болуын, айналыс талаптарын
және кірістілігін талдау
рәсімдері.

11.

Тәуекелдерді басқару
бөлімшесі тоқсанына бір
реттен кем емес ретпен  
нәтижесі кезең-кезеңімен
тоқсанына бір реттен кем
емес Басқармаға және жарты
жылда бір реттен кем емес
- Директорлар кеңесіне
ұсынылатын инвестициялар
көлеміне талдау жасайды. 

  Басқарма Ұйымның 
инвестициялық операцияларының
күнделікті мониторингі
рәсімдерін бекітті.
Мониторинг қорытындысы ай
сайын инвестициялық портфельдің кірістер/шығыстар
туралы есебімен бірге Ұйымның
Басқармасына және Директорлар
кеңесіне ұсынылады.
Тәуекелдерді басқару
бөлімшесі инвестициялық
портфельдің мониторингін
қаржы құралының, эмитенттің
түрі, айналыс мерзімі, валюта
түрі және инвестициялау
мақсаты бойынша жүзеге
асырады. 

12.

Басқарма не Ұйымның басқа алқалы органы инвестиция портфелін құрылымдандыру рәсімдерін бекітті. 

   Құрылымдандыру рәсімдері:
айына бір реттен кем емес
мерзімде инвестиция портфеліне
рыноктық құн бойынша қайта
бағалау жүргізуді;
жарты жылда бір реттен кем
емес мерзімде әр есепті кезең
үшін қаражатты, кірістерді/
шығыстарды тарту құнын
ескеріп, инвестициялардың
қаржылық қорытындысына
бағалау жүргізуді көздейді.  

13. 

Директорлар кеңесі қаржы
құралдарын сатып алу/
сатудан шыққан шектен тыс
шығыстарды ескерту және
Ұйымның аталған саясатты
сақтауына бақылауды жүзеге
асыру жөніндегі саясатты
белгіледі.

  Басқарма қаржы құралдарын
сатып алу/сатудан шыққан
шектен тыс шығыстарға,
оның ішінде қаржы құралдары
рыногындағы лездік ауытқуларға
жол бермеу жөніндегі шұғыл
рәсімдерді анықтады.
Ұйым оның рыноктық құнының
динамикасын ескере отырып,
қаржы құралдарымен операциялардан
кірістер/шығыстардың өзгеруіне
байланысты талдау жасайды.

14.

Клиенттің активтеріне
қатысты инвестициялық
шешімдерді қабылдау
функциясына кіретін
бөлімше өтімділікті жоғалту
тәуекелін, пайыздық тәуекел
және валюталық тәуекелді
жоғалту мониторингін
жүзеге асырады.   

Клиенттің активтеріне
қатысты инвестициялық
шешімдерді қабылдау
функциясына кіретін бөлімше:
активтер мен міндеттемелерді
басқару мәселелерін қарайды;
тәуекелдерді басқару
бөлімшесімен өзара іс-қимыл
жасайды;
апта сайын баланстық және
баланстан тыс операциялар
бойынша өтімділіктің жоғалу
тәуекелін, пайыздық және
валюталық тәуекелдерді
қадағалайды;
апта сайын - Басқарманы және
ай сайын Директорлар кеңесін
Ұйымның өтімділіктің жоғалу
тәуекелі, пайыздық және
валюталық тәуекелдер бойынша
сатып алу/сату операцияларының
түрлері динамикасының
позициясы бойынша хабардар етіп отырады;
сатып алынатын қаржы
құралдарының кірістілігінің
жарамды деңгейі бойынша
ұсынымдар береді.     

15. 

Клиенттің активтеріне
қатысты инвестициялық
шешімдер қабылдау
функциясына кіретін
бөлімше қажетті ақшаны
ақша ағыны кестесінің
көмегімен және рынокқа
ақша тартуды тұрақты
қамтамасыз ететін активтер
мен міндеттемелерді өтеу
мерзімі кестесінің
көмегімен бақылау жасайды.

Клиенттің активтеріне қатысты
инвестициялық шешімдер
қабылдау функциясына кіретін
бөлімше:
Күн сайын ақша ағыны кестесін
жасайды және жақын арадағы он
жұмыс күні үшін өтімділік
гэп-позиция мониторингін
жүргізеді;
Тұрақты түрде (мысалы, апта
сайын) есеп айырысу күніне
сәйкес активтер мен
міндеттемелерді өтеу
мерзімінің кестесін жасайды
және күн сайынғы, апта
сайынғы және ай сайынғы
негізде өтімділіктің
гэп-позиция мониторингін
жүргізеді;
мониторингті және
өтімділіктің гэп-позициясын
басқаруды ұлттық валютаға
немесе басқа шетел валютасына
айырбастамай әр валюта
бойынша жүзеге асырады.
Ұйым өтімділікке бақылауды
Ұйымның баланстан тыс
операцияларын өтеудің
болжалданып отырған көлемін
ескере отырып жүзеге асырады.

16.

Функциясына клиенттің
активтеріне қатысты
инвестициялық шешімді
қабылдау жататын бөлімше
қолма-қол ақша бойынша
гэп-позицияны лимиттерді
белгілеу арқылы бақылайды. 

  Басқарма өтімді активтерді
жұмылдыру мүмкіндігін ескере
отырып, жоғары өтімді активтер
бойынша гэп-позицияға
лимиттерді белгілейді.
Активтер мен міндеттемелер
басқару бөлімшесі Ұйымның
өтімді активтерді жұмылдыру
қабілетінің өзгертілуін
ескере отырып қолма-қол
ақшаның гэп-позициялары бойынша лимиттерге тұрақты шолу жасайды. 

17. 

Ұйым өтімділікті жоғалту
тәуекелін тежеу
қажеттілігін еске ала
отырып, сондай-ақ бағалы
қағаздарға инвестициялау
кезінде кредиттік тәуекелді
назарға ала отырып, күн
сайынғы операцияларды
жүзеге асырады.

Ұйым шетел валютасында
міндеттемелерді өтеуге
қажетті шетел валютасындағы
өтімді активтерді
қалыптастыру қабілеттілігіне
тұрақты түрде мониторинг
жүргізеді.

18.

Директорлар кеңесі 
әдістемелерді пайдалана
отырып тәуекелдерді
бағалау саясатын, оның
ішінде болжанатын тәуекел
бойынша қаржы құралдарын
бағалаудың халықаралық
практикасын бекітті.
(VАR-әдісі)

Функциясына клиенттің
активтеріне қатысты инвестициялық шешімді
қабылдау жататын бөлімше
кемінде тоқсанына бір рет
тұрақты VАR үлгісіне енгізуге
рұқсат беруді ескере отырып,
өтеу мерзімі бойынша
кірістіліктің деңгейін
айқындайды және пайыздық
мөлшерлеменің өзгеруіне
сезімтал активтер мен
міндеттемелер бойынша дюрация
көрсеткіштері мониторингін
тұрақты түрде жүргізеді. 

19. 

Функциясына клиенттің
активтеріне қатысты
инвестициялық шешімді
қабылдау жататын бөлімшенің
пайыздық тәуекелді бағалау
үшін деректерді жинау және
талдау жүйесі бар.

Функциясына клиенттің
активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау
жататын бөлімше:
пайыздық тәуекелді, пайыздық
тәуекелдің негізгі дерек
көздеріне (өтеу мерзіміндегі
айырмашылықтарға, заем
капиталы рыногының
мөлшерлемесіне, құрастырма
опциондарға) мониторингті
жүзеге асырады.
Активтерді және міндеттемелерді басқару
бөлімшесінің валюта бағамдарын
өзгеруін жан-жақты талдау
үшін қосымша жүйесі бар.
Директорлар кеңесі валюта
бағамын өзгертуді талдауға
сәйкес валюта позициялары
бойынша шешімді қабылдау
саясатын бекітеді.  

20. 

Функциясына Ұйымның меншік
және заемдық қаражаттарына
қатысты инвестициялық
шешімді қабылдау жататын
бөлімше және тәуекелдерді
басқару бөлімшесі
тәуекелдер Ұйымның
капиталымен және кірістерімен салыстырғанда
сандық қатынаста шамадан
тыс болған жағдайларда
тәуекелдерді кеміту
жөніндегі шараларды
қабылдайды.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі
мыналарды жүзеге асырады:
түрлі талдау әдістемесін
пайдалану арқылы тәуекелдерді
кешенді басқару;
гэп талдау тәуекелге
сезімталдықты бағалауды
тұрақты жүргізеді;
стресс-тестинг, рыноктағы
қолайсыз факторлар көбейген
жағдайда шұғыл іс-әрекет
жасау жоспарында олардың
нәтижелерін пайдаланылады;
туынды қаржы құралдарының
көмегі немесе басқа рыноктық
операциялар арқылы, оның ішінде пайыздық 
тәуекелін хеджирлеу
рәсімдерін пайдаланады;
гэп бойынша және тәуекелдер
бойынша меншікті капитал
бірдейлігін ескере отырып,
пайыздық тәуекел мөлшерімен
лимиттерді белгілейді.

21. 

Функциясына клиенттің активтеріне қатысты
инвестициялық шешімді
қабылдау жататын бөлімше
басқарма бекіткен
әдістемені пайдалана
отырып валюталық тәуекел
деңгейін бағалайды және
талдайды.

Функциясына клиенттің
активтеріне қатысты
инвестициялық шешімді
қабылдау жататын бөлімше:
валюталық бағамды өзгертуді
талдау үшін қосымша жүйесі
бар;
валюталық бағамды өзгертуге
сезімталдықты айқындау үшін
валюталық құралдар құнын
бағалау келтірілетін ашық
валюталық позицияны немесе
үлгілерді тұрақты талдайды.   

22.

Директорлар кеңесі
тәуекелді валюта
тәуекелдері сандық
қатынаста меншікті капитал
мен Ұйым кірістерінің
мөлшерінен асып түсетін
жағдайларда азайту
жөніндегі саясатты бекітті.

Тәуекелдерді басқару
бөлімшесі жарты жылда кемінде
бір рет стресс-тестинг
жүргізеді және рыноктағы
қолайсыз факторлар көбейгенде
шұғыл іс-әрекет жасау
жоспарында олардың
нәтижелерін пайдаланады.
Ұйым активтерді және
міндеттемелерді басқару
саясатына сәйкес туынды қаржы
құралдарының көмегі арқылы
валюта тәуекелін уақтылы
хеджирлеу рәсімдерін
пайдаланады.
Директорлар кеңесі ашық
валюта позицияларын және
валюта нетто-позиция лимитін
белгілейді.

                                     Қазақстан Республикасы Қаржы
                                      нарығын және қаржы Ұйымдарын
                                    реттеу мен қадағалау агенттігі
                                      басқармасының 2007 жылғы 
                                    30 сәуірдегі N 129 қаулысына
                                             3-қосымша

Ұйымның ақпараттық
жүйелерін және басқарма ақпаратының жүйелерінің
қызметіне қойылатын талаптар

№N 

Талаптың атауы

Талаптың критерийі

1.

Басқарма бағалы қағаздар
рыногында қаржылық қызмет
көрсетудің операциялық
техникасы бойынша рәсімдерді және олардың
бухгалтерлік есеп беруін,
сондай-ақ ақша
аударымдарының жүйелерін
бекітті.

Ішкі рәсімдер мыналарды
реттейді:
Ұйымның өндірістік қызметін
басқаруды қамтамасыз ететін
бөлімше;
бағалы қағаздар рыногында
операцияларды жүргізудің
техникалық тәртібі;
Ұйым жүргізетін
операцияларының бухгалтерлік
есебі;
Ұйымның операцияларына және
олардың есепке алынуына
қосарлы бақылау;
Ұйымның құжат айналымына
бақылау;
Ұйымның кастодиан банкке
берілетін ақпаратын бақылау
және куәландыру, оның ішінде
ұсынылған ақпараттың
сәйкессіздігін анықтаған
жағдайда іс-әрекетті
куәландыру және реттеу
рәсімдері;
ақпаратты беру кезінде
тұлғалар жауапкершіліктерінің
рәсімдері;
Қазақстан Республикасы
заңнамаларының талаптарына
инвестицияларды есептеу
алгоритмінің сәйкестігін
тексеру рәсімдері, оның ішінде
шартты бірлік құнының
есептелуі, шартты бірліктің
саны.

2. 

Басқарма қаржы
құралдарымен жасалған
операцияларды есепке алуды
дұрыс жүргізбеу және
шынайы көрсетпеу
мүмкіндігін шектейтін
рәсімдерді белгілейді.

Ішкі аудит қызметі жарты
жылда кемінде бір рет бағалы
қағаздармен жасалатын
операциялардың есепке алу
журналында сенімді және
уақтылы көрсетілуі, бағалы
қағаздармен жасалатын
операцияларды жүргізудің
операциялық техникасын
олардың сақтауын бағалау
мақсатында бөлімшелерге
тексеру жүргізеді.

3.

Ұйымның деректерді
электрондық өңдеу
жүйелерін жоспарлау,
әзірлеу және функциялау бойынша ішкі
ережелері мен
басшылықтары бар. 

Ұйымның деректерді
электрондық өңдеу жүйелерін
жоспарлауға, әзірлеуге және
функциялауға қатысты ережелері
мен басшылықтары бар.

4.

Ұйымның басқармасы
электрондық өңдеу
жүйесінің ішкі аудитінің
рәсімдерін бекітті. 

Деректерді электрондық өңдеу
жүйесін бақылауды жүзеге
асыратын және деректерді
өңдеу мәселелеріне жауап
беретін Ұйым қызметкерлерінің
жұмыс профиліне сәйкес
біліктілігі және тәжірибесі
болады. Тексерулер ішкі аудит
қызметімен басқарма бекіткен
тексеру жоспарларына сәйкес
жүргізіледі.
Ішкі аудит қызметі
жүргізілген тексерулер
нәтижелері туралы басқарма
мен директорлар кеңесіне
тұрақты хабарлайды.
Ұйымның инвестицияларды басқа
Ұйымдарға, банктерге,
сақтандыру Ұйымдарына және
басқа Ұйымдарға уақтылы
аударуын жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін
бағдарламалық-техникалық
құралдары бар.

5.

Басқарма компьютерлік және
телекоммуникациялық жүйеге
рұқсатсыз қол жеткізуді
болдырмау бойынша саясатты бекітті. 

Ақпараттық қамтамасыз ету
бөлімшесінің
автоматтандырылған жүйеге
кіру және шығу кезінде
рұқсаттың деңгейін тексеретін
жүйесі бар.
Басқарма маңызды кілттерді,
оның ішінде ақпараттық
деректер базасына электрондық
кілттерді бақылау бойынша
ақпараттық қамтамасыз ету
бөлімшесінің рәсімдерін
бекітті және жауапкершілігін
белгіледі.

6. 

Басқарма деректер
базасының ақпараттық
жүйелердің сақталуын,
оның ішінде төтенше
жағдайлар болған кезде
қамтамасыз ету жөніндегі
жоспарлы іс-шараларды
орындау рәсімдерін бекітті.

Рәсімдер мыналардың міндетті
түрде болуын көздейді:
дайындаушысы жабдықтардың 
кейінгі техникалық қызмет
көрсетулерін қамтамасыз
ететін сертификатталған
бағдарламалық қамтамасыз
етудің;
өрт қауіпсіздігі мен
сейсмологиялық орнықтылықтың
талаптарына жауап беретін
ақпараттық деректер
базасының техникалық
кешендеріне арналған оқшау
үй-жайлардың;
автономды электр қуатының;
резервтегі компьютерлер мен
желілік коммуникациялардың.
Ұйым деректердің
жүйелік-маңызды бағдарламалық
файлдар мен файлдардың
резервтік көшірмелерін
тұрақты қалыптастырады.

7.

Басқарма төтенше жағдайлар
болған жағдайда
жауапкершілікті және
өкілеттілікті табыстау
рәсімдерін бекітті.

Төтенше жағдайлар рәсімдері
компьютер орталығы үшін жүйе
жұмысындағы төтенше
іркілістер болған жағдайда
ережелер мен нұсқаулықтарды
көздейді.

8.

Басқарма клиент
активтерінің есебінен
қаржы құралдарымен
жасалатын мәмілелерді
есепке алу журналын
жүргізу ережесін бекітті.

Клиент активтерінің есебінен жасалған қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелердің есепке алу журналын жүргізу ережесі мыналар:
мәмілелерді есепке алу журналының саны мен атауы;
журналдары толтыру тәртібі мен кезеңділігі;
клиент активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелердің жасауға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар тізбесі бар. 

9.

Басқарма деректердің сақталуын және ақпараттың
құпиялылығын қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау саясатын бекітті.

Деректердің сақталуын және ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету ішкі бақылау саясатына мыналар енуі тиіс:
құпия санатына жатқызылатын ақпарат тізбесі;
құпия ақпараты бар құжаттарды
әзірлеу, рәсімдеу, тіркеу,
есепке алу және сақтау тәртібі;
құпия ақпаратқа жіберілетін
тұлғаларға, олардың
лауазымдарын көрсете отырып,
құпия ақпаратқа қол жеткізуге
рұқсат беру тәртібі.

10. 

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі нақты жүйелік
проблемалардың есебін
жүргізеді, оларды есепке
алысымен проблемалардың
қайталануын болдырмау
мақсатында қауіпсіздік
шараларды әзірлеу бойынша
шұғыл шараларды қолға
алады.

Ақпараттық қамтамасыз ету
бөлімшесі техникалық
проблемалар есебінің
парақтарын толтырады және
олар бойынша есеп жүргізеді.
Ақпараттық қамтамасыз ету
бөлімшесі проблемалардың туу
себептерін бақылайды, олар
туралы ақпарат жүйесін
дайындаушыларға хабарлайды
және олардың қайталануын
болдырмау үшін түзету
шараларын қабылдайды.
Ақпараттық қамтамасыз ету
бөлімшесі осындай
проблемалардың сипатын үнемі
талдайды.

11.

Басқарма құпия ақпараттың жария болуын және ақпарат деректерінің бұрмалануын болдырмау бойынша рәсімдерді бекітті.

Рәсімдер:
қол жетімділігі шектеулі
ақпарат деректерінің тізбесін;
қол жетімділікке рұқсат алу
тәртібін;
ақпарат деректеріне қол
жетімділік алуды бақылау
тәртібін;
ақпарат деректеріне қол
жетімділігі бар тұлғалар
тізбесін көздейді.

12. 

Басқарма құралдарды үнемі инспекциялау және жұмыс туралы есептерді тексеру арқылы іркілістерді болдырмау бойынша рәсімдерді бекітті.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі кемінде тоқсанына бір рет автоматтандырылған деректер базасының қызметін қамтамасыз ететін техникалық кешендерге тексеру жүргізеді.
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына бір рет техникалық кешендердің жай-күйі туралы ақпаратты басқармаға ұсынады.

13. 

Басқарма автоматтандырылған деректер базасын басқару терминалдарын рұқсатсыз пайдалануды болдырмау бойынша рәсімдерді бекітті.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі автоматтандырылған деректер базасын басқару терминалдарының мониторингін жүргізеді және пайдаланушыларды бірдейлендіреді, оның ішінде олар жүргізген операциялардың
түрлері мен көлемдерінің
пайдаланушының функционалдық
міндеттеріне сәйкестігін
бақылайды.
Ұйымда пайдаланушының жеке
басын бірдейлендіруге
мүмкіндік беретін жүйесі бар.

                                       Қазақстан Республикасы Қаржы
                                       нарығын және қаржы Ұйымдарын
                                       реттеу мен қадағалау
                                       агенттігі Басқармасының 2007
                                       жылғы 30 сәуірдегі N 129
                                       қаулысына 4-қосымша 

Талаптардың базалық критерийлері

Тәуекелдерді басқару жүйесін Ұйымдастыру

1. 

Директорлар кеңесі Ұйымның мүдделер қайшылығын реттеу
жөніндегі саясатты бекітті.

2. 

Ішкі аудит қызметі Ұйымның ішкі ережелері мен рәсімдерді
сақтауын бақылауды, ішкі және сыртқы аудиторлардың
есептерді орындауын, уәкілетті органның ықпал ету
шаралары мен өзге де талаптарын жүзеге асырады. 

3. 

Инвестициялық комитет қаржы құралдарын сатып алу/сату және инвестициялау жөніндегі операцияларды жүргізу
ережесін белгіледі және бекітті, сондай-ақ активтерді
әртараптандыру, Ұйым капиталының өтімділігі мен
жеткіліктілігі, тиімділігі бойынша бағдарын айқындайды.
Комитет құрамына тиісінше санаттың біліктілік куәлігіне
ие кемінде үш адам кіреді.  

4.

Директорлар кеңесі ай сайын мынадай есептерге талдау
жасайды:
Ұйымның өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғандағы жиынтық
балансы және кірістері мен шығындары туралы есебі және
жоспарлы қызмет көрсеткіштері;
инвестициялар туралы есептер: қаржы құралдарының олардың 
түрлерін және баланстық құнын, рыноктық құнын,
кірістілігін және сатып алу және сату жалпы сомасын
көрсету бойынша топталуы;
Ұйымның активтер мен міндеттемелерінің көлемін салыстыру
туралы есеп (гэп-талдау);
Директорлар кеңесі тоқсан сайын мынадай есептерге талдау
жүргізеді:
Ұйымның пайыздық тәуекел бойынша позициясын қысқаша
талдау;
Ұйымның валюталардың айырбас бағамдарының ауытқуы
тәуекеліне ұшырағыштығын қысқаша талдау;
Ұйымның меншікті капиталдағы ағымдағы және болжалданып
отырған қажеттіліктерін қысқаша талдау.
Директорлар кеңесі уәкілетті органның ықпал ету шаралары
мен өзге де талаптарының, оның ішінде Ұйымның қызметіндегі
кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының
орындалмау себептерін анықтай отырып бақылау жүргізеді.

5. 

Директорлар кеңесі уәкілетті органның ықпал ету шараларын
және өзге де талаптарын орындамауының себептерін, оның
ішінде Ұйымның қызметіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі 
іс-шаралар жоспарын түсіндіре отырып бақылау жүргізеді.

6. 

Директор кеңесі Ұйымның басшы қызметкерлерінің
функционалдық міндеттері бойынша жыл сайынғы есептерді
талдайды.

7. 

Директорлар кеңесі жыл сайын басқарма қызметінің Ұйымның
ағымдағы қаржы жылына жоспарланған мақсаттарына жетуге
арналған қызметтерін талдайды.

8. 

Директорлар кеңесі өзінің өкілеттілігі шегінде ағымдағы жылдың мақсатты көрсеткіштеріне Ұйым қызметінің нәтижелері сәйкес келмеген жағдайда, Ұйым басқармасының мүшелеріне шаралар қолдана алады.

9. 

Ұйымның Ұйымдық-функционалдық құрылымының схемасы,
оның ішінде:
Ұйым бөлімшесінің немесе Ұйымның жүргізетін операцияларға
байланысты негізгі тәуекелдерді тәуелсіз бағалау мен
талдауға жауап беретін тәуекелдерді басқару жөніндегі
тұлғаның өкілеттігі мен міндеттерін;
олардың функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін Ұйымның
басқармасы органдарының құрылымын;
Ұйымның әрбір басшы қызметкерінің лауазымдық міндеттері
және өкілеттіктерін;
Ұйымның есепті жыл ішінде әрбір басшы қызметкерінің
(басқарма мүшелерінен басқа) қызметіне баға беру тәртібі,
оның ішінде Ұйым қызметінің мақсатты көрсеткіштерін
орындамағаны үшін Ұйымға шаралар қолдануды немесе
жауапкершілікке тартуды реттейді.

10. 

Жылдық бюджеттер мен стратегиялық жоспарлар жасауды
басқарма ағымдағы және болашақтағы бәсекелестік,
экономикалық орта мен нормативтік құқықтық базаны,
қосымша Ұйым капиталының қажетті мөлшерін ескере отырып
жүргізеді.

11. 

Тәуекелдерді басқару саясаты мыналарды көздейді:
Ұйымның басшы қызметкерлерінің өкілеттілігі мен
функционалдық міндеттерін реттейтін, оның ішінде қаржы
құралдарын сатып алу/сату бойынша операцияларды
жүргізудің дұрыстығына қосарлы бақылауды және олармен
байланысты тәуекелді бақылауды қамтамасыз етуді көздейтін
ережені қарастырады.

12. 

Ішкі аудит қызметі Ұйымның қызметін басқару жөніндегі
өкілеттіктер мен функцияларды шоғырландыруға, сондай-ақ
корпоративті стратегия бекіткен өткізілген операциялардың
Ұйым саясаты мен рәсімдеріне сәйкестігін анықтау бойынша
басшы қызметкерлерге тексеру жүргізеді.

13.

Тәуекелдері басқару саясаты басқарманың және Ұйымның
жауапты қызметкерлерінің, директорлар кеңесі мүшелерінің
тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктері мен
функционалдық міндеттерін айқындайды.

14.

Директорлар кеңесі мен Ұйымның басқармаға ұсынылатын
басқару ақпаратының тізбесі директорлар кеңесі мен
Ұйымның Басқармасы тәуекелдері басқару жөніндегі өз
функционалдық қызметтерін тиісінше орындауға жеткілікті.

15. 

Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше қызметкерлері
басшы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарына
сәйкес келеді, оның ішінде тәуекелдерді басқару бойынша
функционалдық міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыс өтілі,
тиісті біліктілігі мен жұмыс тәжірибесінің болуын
қарастырады.

16. 

Ұйымның бөлімше қызметкерлерінің функционалдық міндеттері
тәуекелдерді басқару және ішкі аудит қызметі бойынша олар
өткізетін операцияларға сәйкес келеді.

17. 

Ұйымның клиенттің активтерімен жұмыс жасау кезіндегі
саясатына мыналар:
Активтерді басқару туралы шарттардың Қазақстан
Республикасы заңнамасымен сәйкестігін тексеру рәсімдері;
клиенттердің дербес шоттарына қаражаттың есепке алу мен
уақтылы түсуінің сенімділігін қамтамасыз ететін рәсімдер;
активтерді басқару шарттар бойынша клиенттердің шағымдарын
белгіленген мерзімде қаралуына, инвестициялардың оларды
аудару немесе төлем жасау сәтінде жоғалуын уақтылы
қалпына келтіруге кепілдік беретін рәсімдер;
клиенттің активтерін есепке алу сәйкестігіне мониторингті
және активтерін Қазақстан Республикасы заңнамаларының
талаптарына сай уақтылы инвестициялауды қамтамасыз ететін
рәсімдер;
Ұйымның комиссиялық сыйақыны есептеуі және төлем
жасауының дұрыстығын тексеру;
мыналар енгізілген инвестициялық саясат:
клиенттің активтеріне қатысты инвестициялық шешімді
қабылдау тәртібі;
клиенттің активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелерді
жасау мен олардың жасалуына бақылауды жүзеге асыру
тәртібі;
деректердің сақталуын және ақпараттың құпиялығын
қамтамасыз етуге ішкі бақылау тәртібі;
инвестициялық шешімді қабылдау, сондай-ақ инвестициялық
шешімді қабылдау үшін ұсынымды беру рәсімдері;
клиенттің активтерінің есебінен сатып алынған қаржы
құралдарын хеджирлеу саясаты және ресімдері;
Ұйымның клиенттің активтері мен инвестициялық кірістен
өндіріп алынатын комиссиялық сыйақының мөлшері, сондай-ақ
салымшыларға (алушыларға) осы ақпаратты ұсыну тәртібі

18.

Ішкі аудит жөніндегі Ұйымның саясаты:
Ұйымның ұшырауы мүмкін барлық тәуекелдерді;
Ішкі аудит жүргізудің ауқымы мен жиілігін;
ішкі аудитті жүргізу кезінде пайдаланылатын рейтингтік
жүйені;
Ұйымның ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын
талаптарды айқындайды.

19. 

Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес функциялары
қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүргізуді
көздейтін Ұйымның барлық бөлімшелеріне тұрақты ішкі
тексеру жүргізеді.

20. 

Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес клиенттің
активтерінің есебінен жүргізілетін операцияларға,
клиенттің активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелердің
дұрыстығына және кастодиан банктермен және Ұйымның 
есепке алу және құжат айналымының дұрыстығын салыстыруды
жүзеге асырып, тұрақты ішкі тексеру жүргізеді.

21.

Ішкі аудит қызметі клиенттің активтерінің қатысуымен
жасалған мәмілелерді есепке алу журналындағы ақпараттың 
сенімділігіне тексеру жүргізуге тұрақты негізде тексеру
жүргізеді.

22.

Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері Ұйымның біліктілік
талаптарына сәйкес келеді, сондай-ақ тексеру жүргізілетін
Ұйым бөлімшелерінің қызметі туралы жұмыс тәжірибесі мен
қажетті білімдері бар.

23.

Ұйымның ішкі саясаты тексерілетін бөлімшенің қызметіне
байланысты, оның ішінде коммерциялық болып саналатын
немесе өзге заңмен қорғалатын құпияны немесе құпиялылық
режимі бар тиісінше барлық құжаттарға ішкі аудит
қызметінің қол жетімлігі құқығы көзделеді.

24.

Ішкі аудит бойынша Ұйымның ішкі саясаты басшы
қызметкерлердің немесе Ұйымның басқа бөлімшелерінің
функционалдық міндеттерін орындаудағы тәуелсіздігі және
ішкі аудит қызметінің директорлар кеңесіне есеп беруі
белгіленеді.

25.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның сыртқы аудитормен бірлесіп
жылына кемінде бір рет Ұйымның ішкі бақылау жүйесінен
ішкі және сыртқы аудиторлар анықтаған кемшіліктерді
талқылау үшін бірлескен кездесулер өткізеді.

26.

Ішкі аудит саясаты директорлар кеңесі мен Ұйымның
басқармасына ішкі аудит қызметінің әрбір тексеруінің
нәтижелерін ұсынудың оңтайлы мерзімдерін қарастырады.

27.

Ішкі аудит қызметінің өкілеттіктері бөлімшелер үшін
орындалуы міндетті болып табылатын жүргізілген тексерулер
нәтижелері бойынша ұсыныстар дайындауды қарастырады,
сонымен бірге оларды жүзеге асыру тәсілдері мен шарттарын
тікелей бөлімшелер айқындайды және Ұйымның басқармасы
бекітеді

28.

Ішкі аудит қызметі Ұйым бөлімшелерінің ішкі аудит
нәтижелері бойынша қабылданған, өткізетін және жоспарлаған
іс-шараларына оларды оңтайлы орындау мақсатында
мониторингті жүзеге асырады.

29.

Ішкі саясатпен Ұйымның кірісін (шығысын), оның ішінде
қызмет көрсетулердің динамикасында, сол бөлігінде,
түрлерінде, Ұйымның аумақтық және функционалдық
бөлімшелері бойынша ай сайын бақылап отыратын Ұйымның
бөлімшесі белгіленеді.

30.

Ішкі саясатпен директорлар кеңесімен белгіленген жиынтық
лимиттер шегінде, бөлімшелер қызметіне байланысты
кірістерді (шығыстарды) басқару жөніндегі Ұйымның
бөлімшелерінің өкілеттіктері қарастырылады.

31.

Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес
ең аз талап етілетін деңгейде Ұйымның меншікті
капиталының сәйкестігін қамтамасыз етеді.

32.

Басқарма директорлар кеңесімен белгіленген жиынтық
лимиттер шегінде қаржы операцияларын жүзеге асыратын
Ұйымның әр бөлімшелері үшін тәуекел лимиті айқындалады. 

33.

Ішкі аудит қызметі жүргізілген тексерулер нәтижелері
бойынша Ұйымның қызметкерлерінің бағалы қағаздар рыногы
саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын,
халықаралық стандарттарды, Ұйымның қызметін реттейтін
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін игеру деңгейін айқындайды.

34.

Ішкі аудит қызметі қаржылық қызмет көрсетудің жаңа
түрлерін ендірген кезде, Ұйымның қызметін реттейтін
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін
сақтаумен байланысты, Ұйымның қосымша елеулі тәуекелдерін
пайда болу мүмкіндігін бағалайды

35.

Директорлар кеңесі және Ұйымның акционерлері
басқармасының Ұйымның қаржылық көрсеткіштерін бағалау
мүмкіндігін қамсыздандыратын қаржылық және басқармалық
есеп берулерін ұсыну мерзімдері мен нысандарын бекітті.

36.

Директорлар кеңесі тұрақты негізде инвестициялық шешімді
және оларға ұсынымдарды талдайды.

37.

Директорлар кеңесі ішкі бақылауды және тәуекелдерді
басқаруды жақсарту бойынша сыртқы аудиторлардың
қорытындысын талдайды.

38.

Есеп және есептілік жөніндегі Ұйымның саясаты, сонымен
бірге Ұйымның аудитін тексеру барысында мынадай
мәселелерді қарастырады:
күн сайынғы баланстарды өңдеудің дұрыстығы;
Ұйымның есеп саясатының қаржы есебінің халықаралық
стандарттарына сәйкестігі;
қаржы есептерімен бухгалтерлік негізсіз айла-әрекет жасау
фактілерінің болуы;
меншікті және клиенттің активтерін есепке алудың
дұрыстығын;
Ұйымның есеп беру саясатында белгіленген талаптарға
есепке алу әдістері мен есеп беруді құрастырудың сәйкес
келуі;
Ұйымның жылдық есептегі тәуекелдер құрылымы мен
оның мөлшерін толыққанды және дұрыс ашып көрсетуі

39.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі клиент активтеріне мынадай
факторлардың тиімділігі мен өтімділігінің ықпал ету
әсерін болжайды:
қарсы әріптестер келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін
толық не ішінара орындамауы;
Қазақстан Республикасының тәуелсіз борыш рейтингінің үш
айда бір деңгейге және бір жылда екі деңгейге төмендеуі;
ұзақ мерзімді қаржы құралдарының мерзімінен бұрын өтеуі;
теңге бағамының құнсыздануы/көтеруі.

40.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:
Ұйымның баланстық және баланстан тыс есептеріне,
сондай-ақ экономикалық жағдайлардың өзгеруіне сезімтал
кірістері мен шығыстарына;
өтімділіктің төмендеуі, қаржы құралдарына бағаның
өзгеруіне;
заемшының қаржылық жай-күйінің тәуелді борыштық бағалы
қағаздарының портфелі, оның борыштың және есептелген
проценттің негізгі сомасын өтеу жөніндегі оның
мүмкіндіктеріне;
пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне сезімтал активтер,
міндеттемелер мен баланстан тыс мақалалардың оларды өтеу
мерзіміне сәйкес бөлінуіне (гэп-анализ);
шетел валютасы бағамының өзгеруіне сезімтал активтер,
міндеттемелер мен баланстан тыс мақалаларға тұрақты
талдау жүргізеді.

41.

Қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүргізуге
қойылатын талаптар

42.

Қосарланған бақылау жүйесі:
фронт- және бәк-офистерді бөлуді;
бәк-офистің фронт-офистегі операцияларының жай-күйін
уақтылы тексеру мүмкіндігін;
қосарланған бақылау жүйесі қатысушылар арасындағы ықтимал
ымыраласуды шектеу шараларын;
фронт пен бэк-офистерде және бөлімшелердегі қызметтік
міндеттерді бір ғана тұлғаның қатар орындауына тыйым
салуды көздейді.

43.

Ішкі аудит қызметі меншікті капиталдың және Ұйымның
кірістерінің мөлшеріне теңбе-тең болмайтын кірістермен
және тәуекелді қабылдаумен жасалатын операцияларды жүзеге
асырған кезде, асыра пайдалану жағдайларын анықтау және
болдырмау мақсатында Ұйымның операцияларын тексереді.

44.

Ұйым қаржы құралдарын сатып алу/сату бойынша
операцияларды қамтамасыз ететін техникалық жүйесі бар.

45.

Ұйым тәуекелдері басқаруға қажетті ақпаратты жинау
бойынша жүйесі бар.

46. 

Ұйым ақша және қаржы құралдары бойынша есеп айырысуларды
жүргізу үшін техникалық жүйесі бар.

47.

Ішкі аудит қызметі және сыртқы аудиторлар тәуекелдерді
басқару бөлімшесінде, бухгалтерлік есеп және есеп беруді
жүргізуге жауап беретін Ұйымның бөлімшесі ұсынған
мәліметтердің нақтылығын тексереді.

48.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдары бойынша
Ұйымның айқындаған әділ құнның дұрыстығына мониторинг
жүргізеді.

49.

Директорлар кеңесі кезең-кезеңмен жиынтық лимитті және
"stор-loss" лимиттерін белгілеу ережелерін айқындайды.

50.

Қаржы құралдарын сатып алу/сату бойынша операцияларды
жүзеге асыратын Ұйымның бөлімшесі жұмыс күні ішінде
Ұйымның басқармасына қаржы құралдары бойынша
Ұйымның позициясын ұсынады.

51.

Директорлар кеңесі қаржы құралдары бойынша лимиттерді
және "stор-loss" лимиттерін белгілеу ережесін айқындау
рәсімдерін белгілейді.

52.

Басқарма шетел валюталарының әрбір түрі мен барлық
валюталар бойынша спот, форвард, своп операцияларының
халықаралық практикасында қабылданған позициялар бойынша
лимиттерді белгілейді.

53.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі спот және форвард
операцияларын өтеу мерзімдерін басқару үшін активтер мен
міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің күн сайынғы кестесін
пайдаланады.

54.

Директорлар кеңесі инвестициялық саясатты бекітті, онда:
инвестициялау мақсатын, инвестициялау операцияларын,
сондай-ақ инвестициялаудың жоспарлары мен лимиттерін
бекіту жөніндегі өкілеттіктерді;
құпия ақпаратты пайдалану арқылы жүргізілетін
операцияларға рұқсат бермеу мақсатында қаржылық қызмет
көрсетумен байланысты өзге функциялардан инвестициялық
операцияларды жүргізу функцияларын бөлу рәсімдері;
қаржы құралдарының түрлері, инвестициялық қызметтің
мақсаты жөніндегі инвестициялық критерийлер;
қаржы құралдарының болуын талдау рәсімдері, айналысқа
жіберу шарттары және кірістілігі айқындалады.

55. 

Басқарма Ұйымның инвестициялық операцияларының күнделікті
мониторингі рәсімдерін бекітті. 

56. 

Инвестициялық портфелі бойынша кірістер/шығыстар туралы
есеппен бірге мониторинг нәтижелері басқарма мен
Ұйымның директорлар кеңесіне ай сайын ұсынылады. 

57.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдарының,
эмитенттің түрі, айналыс мерзімдері, валюта түрлері мен
инвестициялау мақсаттары бойынша Ұйымның инвестициялық
портфелінің мониторингін жүзеге асырады.

58.

Құрылымдау рәсімдері:
айына кемінде бір рет рыноктық құны бойынша инвестициялар
портфеліне қайта бағалау жүргізуді;
жарты жылда кемінде бір рет әрбір есепті кезең үшін
қаражаттарды, кірістерді/шығыстарды тарту құнын ескере
отырып, инвестициялардың қаржы нәтижелеріне бағалау
жүргізуді көздейді.

59.

Басқарма қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша
шамадан тыс шығыстарды болдырмау жөніндегі, оның ішінде
қаржы құралдары рыногындағы бағалардың бірден өзгеруімен
байланысты шұғыл рәсімдерді айқындау.

60.

Ұйым олардың рыноктық құнының динамикасын ескере отырып,
қаржы құралдарымен жасалған операциялардан түскен
кірістердің/шығыстардың өзгерістеріне талдау жүргізеді.

61.

Функциясына клиенттің активтеріне қатысты инвестициялық
шешімді қабылдау жататын бөлімше:
активтер мен міндеттемелерді басқару мәселелерін
қарастырады;
тәуекелдері басқару бөлімшелерінің өзара әрекет жасайды;
өтімділікті жоғалту тәуекелін, пайыздық тәуекелді және
баланстан және баланстан тыс операцияларды апта сайын
бақылайды;
апта сайын басқармаға және ай сайын директорлар кеңесіне
өтімділікті жоғалту тәуекелін, процентті және валюта
тәуекелі бойынша Ұйымның позициясы, сатып алу/сату
операциясының түрлері және динамикасы бойынша ақпаратты
береді;
сатып алынатын қаржы құралдарының кірістілігінің қолайлы
деңгейі бойынша ұсынымды береді.

62.

Функциясына клиенттің активтеріне қатысты инвестициялық
шешімді қабылдау жататын бөлімше:
күн сайын ақша ағынының кестесін жасайды және таяудағы он
жұмыс күніне гэп-позиция өтімділігінің мониторингін
жүргізеді;
үнемі (мысалы, апта сайын) есеп айырысу күніне сәйкес,
активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің кестесін
жасайды және күн сайынғы, апта сайынғы және ай сайынғы
негізде гэп-позиция өтімділігінің мониторингін жүргізеді;
әр валюта бойынша ұлттық валютаға немесе басқа шетел
валютасына айырбастамай гэп-позиция өтімділігінің
мониторингін және басқаруын жүзеге асырады.

63.

Ұйым өтімділікті бақылауды Ұйымның баланстан тыс
операцияларды өтеудің болжанған көлемін ескере отырып
бақылауды жүзеге асырады. 

64.

Басқарма өтімді активтерді жұмылдыру мүмкіндігін ескере
отырып, жоғары өтімді активтер бойынша гэп-позицияға
лимиттерді белгілейді.

65.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі Ұйымның
өтімді активтерді жинақтау қабілетінің өзгеруін ескере
отырып, қолма-қол ақшаның гэп-позициялары бойынша
лимиттерге үнемі шолу жүргізеді.

66.

Ұйым шетел валютасында міндеттемелерді өтеуге қажетті
шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыру
қабілеттілігіне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді

67.

Функциясына клиенттің активтеріне қатысты инвестициялық
шешімді қабылдау жататын бөлімше кемінде тоқсанына бір
рет тұрақты VАR үлгісіне енгізуге рұқсат беруді ескере
отырып, өтеу мерзімі бойынша кірістіліктің деңгейін
айқындайды және пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал
активтер мен міндеттемелер бойынша дюрация көрсеткіштері
мониторингін тұрақты түрде жүргізеді.

68.

Функциясына клиенттің активтеріне қатысты инвестициялық
шешімді қабылдау жататын бөлімше:
пайыздық тәуекелді, пайыздық тәуекелдің негізгі дерек
көздеріне (өтеу мерзіміндегі айырмашылықтар, заем
капиталы рыногының мөлшерлемелері, құрастырма опциондар)
мониторинг жүргізеді.

69.

Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесі
валюталық бағамды өзгертуін жан-жақты талдау үшін қосымша
жүйесі бар.

70.

Функциясына клиенттің активтеріне қатысты инвестициялық
шешімді қабылдау жататын бөлімше:
валюталық бағамды өзгертуді талдау үшін қосымша жүйесі
бар;
валюталық бағамды өзгертуге сезімталдықты айқындау үшін
валюталық құралдардың құнын бағалау жүргізілетін ашық
валюталық позицияны немесе моделдерді тұрақты талдайды.

71.

Ұйымның операциялық қызметін, ақпараттық жүйелерін және
басқарма ақпаратының жүйелерін функциялауды қамтамасыз
етуге қойылатын талаптар.

72.

Ішкі рәсімдер реттейді:
Ұйымның өндірістік қызметін басқаруды қамтамасыз ететін
бөлімшені;
бағалы қағаздар рыногында операцияларды жүргізудің
техникалық тәртібін;
Ұйым операцияларының бухгалтерлік есебін;
Ұйымның операцияларына және олардың есебіне қосарлы
бақылауды;
Ұйымның құжат айналымына бақылауды;
Ұйымның кастодиан банкке беретін ақпаратты бақылау және
куәландыру, оның ішінде ұсынылған ақпараттың
сәйкессіздігін анықтаған жағдайда іс-қимылды куәландыру
және реттеу рәсімдерін;
ақпаратты беру кезінде тұлғалар жауапкершіліктерінің
рәсімдерін;
жинақталған инвестициялар есептеулері алгоритмдерінің
Қазақстан Республикасы заңнамаларына қойылатын талаптарға
сәйкестігін тексеру рәсімдері, оның ішінде шартты бірлік
құнының есеп айырысуларын, шартты бірліктің санын
реттейді.

73.

Ішкі аудит қызметі жарты жылда кемінде бір рет
бөлімшелерге олардың бағалы қағаздармен жасалатын
операцияларды жүргізудің операциялық техникасын сақтауын,
есепке алу журналында бағалы қағаздармен жасалатын
операциялардың сенімді және уақтылы көрсетілуін бағалау
мақсатында тексеру жүргізеді.

74.

Ұйымның деректерді электрондық өңдеу жүйесін жоспарлауға,
әзірлеуге және функциялауға қатысты ережелері мен
басшылықтары бар.

75.

Электрондық өңдеу жүйесін бақылауды жүзеге асыратын және
деректерді өңдеу мәселелеріне жауап беретін Ұйым
қызметкерінің жұмыс саласына сәйкес біліктілігі және
тәжірибесі болады.

76.

Ішкі аудит қызметі басқарма бекіткен тексерулер жоспарына
сәйкес тексеру жүргізеді.

77.

Ішкі аудит қызметі жүргізілген тексерулер бойынша тұрақты
түрде басқарма мен директорлар кеңесіне хабарлайды.

78.

Ұйымның басқа Ұйымдарға, банктерге, сақтандыру Ұйымдарына
және басқа Ұйымдарға инвестицияларды уақтылы аударуды
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық-техникалық
құралдары бар.

79.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің автоматтандырылған
жүйеден шыққан және кірген кезде рұқсат беру деңгейін
тексеру жүйесі бар.

80.

Басқарма маңызды кілттерді, оның ішінде деректердің
ақпарат базасына электрондық кілттерді бақылау жөніндегі
ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің рәсімдерін және
жауапкершілігін бекітті.

81.

Рәсімдер мыналардың міндетті түрде болуын қарастырады:
дайындаушы жабдықтардың мынадай техникалық қызмет
көрсетулерін қамтамасыз ететін сертификатталған
бағдарламалық қамтамасыз етудің;
өрт қауіпсіздігінің және сейсмологиялық орнықтылықтың
талаптарына жауап беретін деректердің ақпарат базасының
техникалық кешендеріне арналған оқшау үй-жайлардың;
автономды электр қуатының;
резервтегі компьютерлер мен желілік коммуникациялардың;
Ұйымның деректердің жүйелік-маңызды бағдарламалық
файлдары мен файлдардың резервтік көшірмелерін
үнемі қалыптастырады.

82.

Төтенше жағдайлар рәсімдері компьютерлік орталықтар үшін
жүйе жұмысында төтенше іркілістер болған жағдайдағы
ережелер мен басшылықтарды қарастырады.

83.

Клиенттің активтерімен жасалған мәмілелерді есепке алу
журналын жүргізу ережесінде мыналар:
мәмілелерді есепке алу журналының саны және атауы;
журналын толтыру тәртібі мен кезеңділігі;
клиенттің активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелерді
жасауға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды
тұлғалардың тізбесі бар.

84.

Деректердің және құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз
ету жөніндегі ішкі бақылау саясаты мыналарды:
құпия санатына жатқызылатын ақпарат тізбесін;
құпия ақпараты бар құжаттарды тіркеу тәртібі, рәсімдеу,
тіркеу, есепке алу және сақтауды;
құпия ақпаратқа жіберілетін тұлғалардың лауазымдарын
көрсете отырып, құпия ақпаратқа рұқсат беру тәртібін
көздейді.

85.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі техникалық проблемалардың есепке алу парақтарын толтырады және олар бойынша есеп беру жүргізіледі.

86. 

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі проблемалардың туу
себептерін бақылайды, олар туралы ақпарат жүйесін
дайындаушыларға хабарлайды және олардың қайталануын
болдырмау үшін түзету шараларын қабылдайды.

87. 

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі осындай
проблемалардың сипатын үнемі талдайды.

88.

Рәсімдер:
рұқсаты шектеулі ақпарат деректерінің тізбесін;
рұқсат алу тәртібін;
ақпарат деректеріне рұқсатты бақылау тәртібін;
ақпарат деректеріне рұқсаты бар тұлғалардың тізбесін
көздейді.

89. 

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына кемінде бір
рет автоматтандырылған деректер базасының функциялануын
қамтамасыз ететін техникалық кешендерге тексеру жүргізеді.

90.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына бір рет
техникалық кешендердің жай-күйі туралы басқармаға
ақпарат ұсынады.

91.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі автоматтандырылған
деректер базасын басқару терминалдарын пайдаланудың
мониторингін жүргізеді және сәйкестендіреді, оның ішінде
олар жүргізген операциялардың түрі мен көлемінің
пайдаланушының функционалдық міндеттеріне сәйкестігін
бақылайды.

92.

Ұйым пайдаланушының жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік
беретін жүйе бар.

Қазақстан Республикасы Қаржы  
  нарығын және қаржы Ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2007 жылғы 30   
сәуірдегі N 129 қаулысына   
5-қосымша             

Талаптардың қосымша критерийлері

Тәуекелдерді басқару жүйесін Ұйымдастыру

1.

Директорлар кеңесі Ұйым қызметінің стратегиясын бекітті. 

2.

Ұйымның корпоративтік стратегиясында Ұйым қызметінің қысқа мерзімді (кемінде бір жылда) және ұзақ мерзімді (екі жылдан он жылға дейін) Ұйымның қызметінің мақсаттары айқындалған.

3.

Ұйымның ұзақ мерзімді стратегиясы жасалған және Ұйымның
қызметіне бұрын жағымсыз әсер еткен факторларды алып
тастау мақсатында үнемі жетілдіріледі.

4.

Директорлар кеңесі тәуекелдермен (кредит тәуекелі, пайыз
тәуекелі, өтімділікті жоғалту тәуекелі, валюта тәуекелі)
байланысты Ұйымның стратегиясына, саясатына және
рәсімдеріне қайшы келетін операцияларды жасау мүмкіндігін
болдырмау мақсатында мониторинг жүргізеді.

5.

Тәуекелді басқару функциясын жүзеге асыратын Ұйымның
клиенттің активтеріне ықпал ету әдістемесін, қаржы
құралдарының теріс динамикасы жағдайында ішкі және сыртқы
рыноктарының кірістілігі мен өтімділігін пайдаланады.

6.

Басқарма әлеуетті және ықтимал тәуекелді білдіретін ішкі
және сыртқы экономикалық факторларды сәйкестендіреді және талдайды, олардың Ұйымның қаржы көрсеткіштеріне
ықпалының дәрежесін бағалайды.

7.

Басқарма әлеуетті және ықтимал тәуекелді білдіретін ішкі
және сыртқы экономикалық факторларды сәйкестендіреді және
талдайды, олардың Ұйымның қаржы көрсеткіштеріне
ықпалының дәрежесін бағалайды.

8.

Басқарма не Ұйымның басқа алқалы органы олардың ай сайынғы есебі негізінде тәуекелдердің түрлері бойынша жиынтық лимиттерді сақтауын бақылайды.

9.

Басқарма не Ұйымның басқа алқалы органы Ұйымның
бөлімшелерінің әлеуетті және ықтимал тәуекелдерді
басқарудағы саясатты сақтауын бақылайды, Ұйым 
бөлімшелерінің олар үшін белгіленген лимиттер шегінде
тәуекелдер мөлшерін сақтау мониторингін жүзеге асырады.

10.

Басқарма оның жүргізген операцияларының түрлері бойынша
тәуекелдерді бөлу, яғни меншікті капитал мен төлем
қабілеттілігін сақтау мақсатында, оларға байланысты
тәуекелді ескере отырып, қаржы құралдарымен жасалатын
операциялардың құрылымын және көлемін қалыптастыру
саясатын қолданады және оны Ұйымның жауапты
бөлімшелерінің орындауын бақылайды.

11. 

Ұйымның әртараптану саясатын іске асыруды қамтамасыз
ететін, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген әртараптану
нормаларын сақтау мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін Ұйымдық-функционалдық және операциялық құрылымы
бар.

12.

Ұйымның ағымдағы қаржы жағдайы туралы ақпарат форматы және
олар бойынша қабылдаған тәуекелдер басқару есебінің
белгілі бір нысандары түрінде стандартталған, оның ішінде
кредит, пайыз тәуекелдері, өтімділікті жоғалту тәуекелі,
валюта тәуекелі, елдің (трансферт) тәуекелдерін
сәйкестендіреді және өлшейді, сондай-ақ тәуекелдерге 
ұшырау дәрежесі, белгіленген лимиттер шегінде олардың
сақталуы айқындалады.

13.

Бөлімше қабылданатын тәуекелді ескере отырып, Ұйымның
күтілетін кірістерін бағалауды (есептеуді) жүргізеді.

14.

Қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүргізу.

15.

Қаржы құралдарын сатып алу/сату операцияларын басқару
жөніндегі ішкі саясаты мыналарды реттейді:
Ұйымның активтер (міндеттемелер) құрылымына байланысты
өтімділікті жоғалту тәуекелін айқындауды;
Ұйымның активтер (міндеттемелер) құрылымына байланысты
пайыздық тәуекелді анықтауды;
Ұйымның активтер (міндеттемелер) құрылымына байланысты
валюталық тәуекелді анықтауды;
туынды қаржы құралдарымен операцияларға тиесілі
тәуекелдерді анықтауды;
Ұйымның рыноктық тәуекеліне өлшем жасау кезіндегі
пайдаланылатын үлгілерді;
тәуекелдерді басқару бөлімшесінің директорлар кеңесіне
және басқармаға рыноктық тәуекел бойынша Ұйымның
позициялары туралы есебін ұсыну кезеңділігін;

16.

Ұйым басқа рыноктық операциялардан жеке сауда операцияларының өңдеуін жүргізеді.

17.

Ұйымның активтер мен міндеттемелер бойынша тәуекелдерді
және кірістерді/шығыстарды бақылайды және олардың құнына
күн сайынғы бағалау жүргізеді.

18. 

Ұйымның қаржы құралының рыноктық құнының болмаған жағдайда
қаржылық есеп беру жағдайында, қаржылық есеп берудің
халықаралық стандартына сәйкес осы қаржы құралының
құнсыздануына тест жүргізді.

19.

Ұйым әрбір операциялық күн ішінде қаржы құралдарымен
жасалатын кірістерді/шығыстарды бағалауды тұрақты
жүргізеді.

20.

Ұйымның директорлар кеңесі баға тәуекелін ескере отырып
қаржы құралдарының құнын айқындау рәсімдерін бекітті.

21.

Ұйым қаржы құралының құнын бағалауды тәуекелді бағалау
моделінің және ағымдағы бағаларды рыноктық бағаға келтіру
негізінде жүргізеді, сонымен бірге стресс-тестинг (stress-testing) және бэк-тестинг (back-testing) өткізеді.  

22.

Ұйым тәуекелді бағалау нәтижелерін және қаржы құралдарымен
операцияларды жасауға шешім қабылдау барысында тұрақты
стресс-тестингтерді пайдаланады.

23.

Басқарма қаржы құралдары үшін "stop-loss" лимиттерінің
диапазонын пайдаланады.

24.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның "stop-loss" лимитін айқындау
ережелерін дұрыс қолдануын тексереді. 

25. 

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдары бойынша лимиттердің бірдейлігіне қаржы құралдары рыногының ауқымы мен динамикасы мен қаржы құралдарының өтімділігіне сәйкес талдау жүргізеді.

26.

Директорлар кеңесі валюталық бағамның өзгеруін талдауға
сәйкес валюталық позиция бойынша шешім қабылдау саясатын
бекітті.

27.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі мыналарды жүзеге асырады:
түрлі талдау әдістемесін пайдалану арқылы тәуекелдерді
кешенді басқару;
тәуекелге сезімталдықты бағалауды гэп талдау жүргізеді;
стресс-тестинг, рыноктағы қолайсыз факторлар көбейген
жағдайда шұғыл іс-әрекет жасау жоспарында олардың
нәтижелерін пайдаланады;
туынды қаржы құралдарының көмегі немесе басқа рыноктық
операциялар арқылы пайыздық тәуекелін уақтылы хеджирлеу
рәсімдерін пайдаланады;
гэп бойынша және тәуекелдер бойынша меншікті капитал
бірдейлігін ескере отырып, пайыздық тәуекел мөлшері
лимиттерді белгілейді.

28. 

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі кемінде жарты жылда бір рет
стресс-тестинг өткізеді және оның нәтижесін рыноктағы
қолайсыз факторлардың өсу барысында шұғыл іс-әрекет
жоспарына пайдаланады.

29. 

Ұйымның активтерді және міндеттемелерді басқару саясатына
сәйкес туынды қаржы құралдары көмегімен валюталық
тәуекелді уақтылы хеджирлеу рәсімдерін пайдаланады.

30. 

Директорлар кеңесі ашық валюталық позициялар бойынша
лимиттерді және валюталық нетто-позиция лимиттерін
анықтайды.