24.04.2007

Пайдалы модельге патент беруге өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.04.23 N 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы»"Патент заңы" Заңының  18-бабының 4-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2 наурыздағы N 237-III "Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"  Заңын іске асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қоса беріліп отырған Пайдалы модельге патент беруге өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру басқармасы (Н.Б. Баржақсы) заңда көрсетілген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары С.Е. Бекеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Әділет 
министрлігінің Зияткерлік меншік
құқығы комитеті төрағасының  
2007 жылғы 24 сәуірдегі N 53-НҚ
бұйрығымен бекітілген    

  Пайдалы модельге патент беруге өтінімді жасау,
ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі "Патент Заңы" Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес жасалды және пайдалы модельге патент беруге өтінімді жасау, ресімдеу және қарау қызметін нақтылайды.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      2) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жататын салалардағы (пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында қызмет көрсету) қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым;
      3) өтінім - пайдалы модельге патент беруге өтінім;
      4) конвенциялық өтінім 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіп меншігін қорғау жөніндегі Париж конвенциясына сәйкес берілген өтінім;
      5) халықаралық өтінім - 1970 жылғы 19 маусымдағы Патент коорперациясы (РСТ) шартына сәйкес берілген өтінім;
      6) еуразиялық өтінім - 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразия патент конвенциясына сәйкес берілген өтінім.

  2-тарау. Пайдалы модельге патент беруге өтінім жасау,
ресімдеу және қарау

  1. Өтінім беру

      3. Патентке өтінім беруге және алуға құқылы тұлғалар.
      Заңның  10-бабының 1-тармағына сәйкес пайдалы модельге өтінім беруге және патент алуға пайдалы модельдердің авторы және жұмыс беруші, олардың заңды мұрагерлері немесе олардың арасындағы келісім бар болған жағдайда бірге аталған адамдар (бұдан әрі - өтінім беруші) құқылы.

      4. Пайдалы модельдің авторы - творчестволық еңбекпен жасаған жеке тұлға мына жағдайларда:
      егер пайдалы модель оның еңбек міндеттерін орындауға немесе жұмыс берушіден алған нақты тапсырмаға байланысты емес жасалса;
      егер пайдалы модель оның еңбек міндеттерін орындауға немесе жұмыс берушіден алған нақты тапсырмаға байланысты жасалса, яғни қызметтік болып саналса, бірақ автор мен жұмыс берушінің арасындағы келісіммен автордың патент алу құқығы көзделсе;
      егер жұмыс беруші сараптама жасау ұйымына қызметтік пайдалы модельдер жасау туралы оның авторымен хабарлама беру датасынан бастап төрт ай ішінде өтінім бермесе, өтінімдер беруге басқа адамға құқық бермесе және пайдалы модельдерді құпия сақтау туралы авторға хабарламаса патентке өтінім беруге және алуға құқығы бар.

      5. Өтінім беру құқығын растауға қандай да бір құжаттар талап етілмейді.

      6. Өтінім беру рәсімі.
      Өтінім Заңның  16-бабының 1-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымына тікелей беріледі немесе почта арқылы жіберіледі.

      7. Патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы өтінімді беру.
      Өтінім өтініш беруші арқылы тікелей немесе өкілдер, оның ішінде уәкілетті органда тіркелген сенім білдірілген өкіл арқылы берілуі мүмкін.
      Заңның  36-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар егер басқа тәртіптер Қазақстан Республикасының қатысқан халықаралық келісімдерінде белгіленбесе патентке өтінім беру және алу жөніндегі іс жүргізумен байланысты істі уәкiлеттi органда патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер арқылы жүргізеді.
      Егер өтінім бойынша өтініш беруші адамның қатары Қазақстан Республикасында тұратын жеке тұлға Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде хат-хабар алмасу үшiн мекен жайын көрсеткен жағдайда патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушiнiң патент алу жөніндегі істі жүргізуі мүмкін.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекен жайын көрсеткен жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушiнiң, патентке өтінім беру және алу жөнінде іс жүргізуге байланысты істі жүргізе алады.

  2. Пайдалы модельге өтінім

      8. Заңның  7-бабының 1-тармағына сәйкес пайдалы модельдерге өндіріс құралдары мен тұтыну заттарын, сондай-ақ олардың құрамдас бөлімдерін (құрылғыларын) құрылымдық орындау жатады.

      9. Пайдалы модельдерді сипаттау үшін, негізінен мынадай белгілер пайдаланады:
      1) құрылымдық элементтің (элементтердің) бар-жоғы;
      2) элементтерді расындағы байланыстың болуы;
      3) элементтердің өзара орналасуы;
      4) элементтің (элементтердің) немесе жалпы құрылғының орындау нысаны, атап айтқанда геометриялық нысаны;
      5) элементтердің арасында байланыс жасау нысаны;
      6) элементтің (элементтердің) параметрлері мен басқа да сипаттамалары және олардың өзара байланысы;
      7) элементті (элементтерді) немесе жалпы құрылғыны жасаған материал;
      8) элементтің функциясын атқаратын орта.
      Пайдалы модельдерді сипаттау үшін жалпы құрылғыда немесе оның элементінде құрылғының жұмыс істеуіне және оның міндетін іске асыруға әсер етпейтін сипаттамалардың (ауызша, көрнекі немесе құрамдастырылған) бар-жоғын білдіретін белгілерді пайдаланбау керек.

      10. Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес пайдалы модельдер ретінде мыналар қорғалмайды:
      1) тәсілдер (материалдық құралдардың көмегі арқылы материалдық объектілермен іс-әрекеттерді жүзеге асыру процесі), өнімдер (заттар, микроорганизм штаммалары, өсімдіктер мен жануарлардың жасушалар дақылдары), сондай-ақ белгілі тәсілдер мен өнімдерді (құрылғыларды, заттарды, микроорганизм штаммаларын, өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларын) жаңа мақсатта пайдалану немесе жаңа өнімдерді (құрылғыларды, заттарды, микроорганизм штаммаларын, өсімдіктер мен жануарлардың жасуша дақылдарын) белгілі мақсатта пайдалану;
      2) жаңалықтар, ғылыми теориялар мен математикалық әдістер;
      3) шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдістері;
      4) шартты белгілер, кестелер, ережелер;
      5) ақыл-ой операцияларын орындаудың, ойындар өткізудің ережелері мен әдістері;
      6) есептегіш машиналар мен тап осындай алгоритмдерге арналған бағдарламалар;
      7) құрылыстарды, ғимараттарды, аумақтарды жасаудың жобалары мен сызбалары;
      8) бұйымның тек сыртқы түріне ғана қатысты ұсыныстар;
      9) қоғамдық мүдделерге, адамгершілік пен моральдік қағидаларына қайшы келетін ұсыныстар.

      11. Заңның  18-бабының 1-тармағына сәйкес өтінім бір пайдалы модельге немесе өзара байланысы соншалықты бірыңғай өнертапқыштық ойды (пайдалы модельдердің тұтастығын талап ету) құрайтын пайдалы модельдер тобына жатқызылуы тиіс.

      12. Егер:
      1) пайдалы модель формуласында бір пайдалы модель сипатталған болса;
      2) пайдалы модель формуласында мынадай пайдалы модельдер тобы сипатталған болса:
      олардың біреуі екіншісін жасауға арналған болса (мысалы,  құрылғы және оны жасауға арналған құрылғы);
      олардың біреуі екіншісін немесе екіншісінде пайдалануға арналған болса;
      бір техникалық нәтижеге (нұсқалар) қол жеткізуді қамтамасыз ететін бір мақсатты бір түрдегі бірнеше құрылғыларға жатқызылған болса тұтастық талабы сақталған болып танылады.

      13. Заңның 18-бабының 2-тармағына сәйкес өтінімде:
      1) пайдалы модельдің авторларын және олардың атына патент сұралып отырған адамдарды, сондай-ақ олардың мекен жайын немесе тұрған жерін көрсетілген патент беру туралы өтініш;
      2) пайдалы модельді жүзеге асыру үшін оны толық, жеткілікті ашатын оның сипаттамасы;
      3) пайдалы модельдің мәнін білдіретін және сипаттауға толық негізделген оның формуласы;
      4) сызбалар;
      5) реферат;
      6) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхат болу керек.

      14. Өтінімге қоса берілетін құжаттар:
      1) өтінім берудің белгіленген мөлшерде төленгенін растайтын құжат. Белгіленген төлемнен аз төленген жағдайда құжаттан басқа оның мөлшерін азайтудың негізін растайтын құжат ұсынылады. Аталған құжаттар өтініммен бірге немесе өтінімнің келіп түскен күнінен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін. Тиісті төленген жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы керек;
      2) Заңның  20-бабының 2-тармағына сәйкес конвенциялық басымдылық сұратылған өтінімге бірінші өтінімнің көшірмесі қоса беріледі, ол конвенциялық басымдылықтың сараптау ұйымына келіп түскен күнінен бастап алты айдан кешіктірмей ұсынылады. Егер бірінші өтінімдер бірнешеу болса, онда осы барлық өтінімдердің көшірмелері қоса беріледі.
      Конвенциялық басымдылықты басқа өтініш беруші берген жағдайда бірінші өтінімге өтініш берушінің басымдылық құқығын пайдалануға рұқсаты қоса тігіледі.
      Бірінші өтінімді берген күннен бастап он екі ай өткеннен соң, бірақ он екі айлық мерзім өткеннен кейін екі айдан кешіктірмей келіп түскен өтінім бойынша конвенциялық басымдылықты қайта сұраған жағдайда өтінімге өтініш берушіге қатысты емес өтінімді көрсетілген он екі айлық мерзімде беруге қарсы келетін жағдайлар көрсетілген құжат және осы жағдайлардың сараптама жасау ұйымына белгі болғандығын болжауға негіздер болмаса, онда олардың бар-жоғын растайтын құжат қоса беріледі.
      Конвенциялық басымдылықты белгілеу туралы өтініш өтінім берілген кезінде (патент беру туралы өтініштің тиісті бағанында болады) немесе өтінімнің сарапта ұйымына келіп түскен күнінен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін.

      15. Патент беру туралы өтініш мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі. Өзге құжаттар мемлекеттік, орыс немесе басқа тілде ұсынылады.
      Егер өтінімнің өзге құжаттары басқа тілде берілген болса, онда өтінімге олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі. Өтініш беруші аударманы басқа тілдегі құжаттардан тұратын өтінімнің сараптама жасау ұйымына келіп түскенінен кейін екі ай ішінде ұсыну керек.
      Тиісті төленген жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ  екі айдан аспауы керек. Белгіленген мерзімде аударым ұсынылмаған жағдайда Заңның  16-бабының 2-тармағына сәйкес өтінім берілмеген болып есептеледі.

      16. Патент беру туралы өтініш төрт данада ұсынылады, пайдалы модельдерді суреттеу, пайдалы модельдің формуласы, сызбалар мен пайдалы модельдің мәнін түсінуге қажетті материалдар, сондай-ақ  мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалған рефераттар үш данада ұсынылады.
      Осы құжаттар егер олар басқа тілде жасалған болса, бір данада, олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы 3 данада ұсынылады.
      Өзге құжаттар және егер олар басқа тілде жасалған болса, онда олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы бір данада ұсынылады.  

  3. Өтінім құжаттарының мазмұны

      17. Өтініш толтыру тәртібі:
      1) патент беру туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) ПМ-1 нысанында тапсырылады (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша).
      Егер қандай да болмасын мәліметтерді тиісті бағандарға сыйғызу мүмкін болмаса, оларды қосымша парақта өтініштің тиісті бағанына мына нысанда келтіреді: "өтінішке қосымшаны қараңыз" ("Тіркелген құжаттар тізімі" бағанының тиісті бөлігіне "Х" таңбасы қойылады);
      2) өтініштің "түскен күні" бағандары, оның жоғары бөлігіне орналасқан 21, 22, 85 кодтар астындағы бағандарын өтінім түскеннен кейін сараптама жасау ұйымы толтырады, оны өтінім беруші толтырмайды;
      3) "өтініш" сөзінің тікелей үстіне орналасқан 86 және 87-ші код астындағы бағандар Қазақстан Республикасына нұсқайтын халықаралық өтінімдер Қазақстан Республикасының ұлттық фазасына ауыстырылған жағдайда толтырылады.
      86-код астындағы бағандағы тиісті торға "Х" белгісі қойылады және тиісінше халықаралық өтінімнің алушы ведомство белгілеген тіркеу нөмірі, халықаралық берілу күні, немесе тіркеу нөмірі және еуразиялық өтінімнің берілген күні келтіріледі.
      87-код астындағы бағанда тиісінше халықаралық өтінімнің нөмірі және халықаралық жарияланған күні көрсетіледі;
      4) патент беру туралы өтініш білдірілген бағанда "өтінім берушінің (өтінім берушілердің) атына" деген сөзден кейін патент сұратылып отырған өтініш беруші (өтініш берушілер) туралы мәліметтер келтіріледі: жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), оның үстіне тегі атының алдында көрсетіледі немесе ресми тіркеу туралы құжатқа сәйкес (құжаттық көшірмесі қоса беріледі) заңды тұлғаның толық ресми атауы, сондай-ақ елдің ресми атауы мен толық пошта мекен жайын қоса отырып, тиісінше олардың тұрғылықты жері, орналасқан орны туралы мәліметтер келтіріледі. Шетелдік аттар және заңды тұлғалардың атаулары, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі транслитерациямен көрсетіледі. Пайдалы модельдер авторлары болып табылатын өтінім берушілердің тұрғылықты жері туралы мәліметтер өтініштің екінші бетіндегі 72-кодтың астындағы бағанда келтіріледі.
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын немесе жүрген аттарына патент сұралатын шетелдік заңды және жеке тұлғалар үшін елінің коды Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (бұдан әрі - ДЗМҰ) SТ.3 стандарты бойынша (егер ол белгіленсе) көрсетіледі.
      Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, көрсетілген мәліметтер олардың әрқайсысы үшін келтіріледі;
      5) басымдықты белгілеу туралы өтінішті қамтитын баған Заңның
20-бабының 2-5-тармақтарына сәйкес сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен бұрынырақ басымдық сұратылған кезде ғана толтырылады. Мұндай жағдайда "Х" белгісін қоюмен тиісті торда басымдық сұратуға негізі ескеріліп, негізінде басымдық сұратылып отырған өтінім нөмірі немесе қосымша материалдар және басымдық сұратылған күні (өтінім берілген күні немесе оған қосымша материалдар) көрсетіледі.
      Егер басымдық бірнеше өтінімдер негізінде сұратылса, барлық өтінімдердің нөмірлері және тиісті жағдайларда сұратылған басымдықтың бірнеше күні көрсетіледі. Конвенциялық басымдық сұратылған жағдайда ДЗМҰ SТ.3. стандарты бойынша берген елдің коды көрсетіледі;
      6) 54-кодтың астындағы бағанда өтініш берілген пайдалы модельдің (пайдалы модельдер тобы) атауы келтіріледі, бұл пайдалы модельдің сипаттамасында аталған атаумен сәйкес келуі тиіс. Пайдалы модельдің атауына арнаулы атау енгізілген жағдайда тиісті торға "Х" белгісімен Заңның  9-бабының 4-тармағы талаптарының сақталуы ескеріледі;
      7) "хат-хабар жазысуға арналған" бағанда Қазақстан Республикасы аумағындағы толық пошталық мекен жай және мекен жайдың аты немесе атауы келтіріледі, ол жедел почталық жеткізілімнің жай талаптарын қанағаттандыруы қажет.
      Хат-хабар жазысатын мекен жай ретінде Қазақстан Республикасында тұратын жеке тұлғаның - өтінім берушінің (өтінім берушілердің бірінің) тұрғылықты жеріндегі мекен жайы немесе Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаның тұратын жерінің мекен жайы яғни өтінім беруші (өтінім берушілер) өкілі тұратын жерінің мекен жайы немесе Қазақстан Республикасы аумағындағы өзге мекен жайы көрсетілуі мүмкін.
      Өтініште мұндай хат-хабар жазысатын мекен жай болмаған жағдайда патенттік сенім белгіленген немесе басқа өкілдердің, егер олар тағайындалған жағдайда тұратын жері, ал егер басқа Қазақстан Республикасының аумағында мекен жайы болған жағдайда, өтініш беруші - өтініш берушінің мекен жайы (егер өтініш беруші бірнеше болса - бірінші осындай мекен жай) туралы бағанда саналады.
      "хат-хабар жазысуға арналған" деген бағанда қосымша телефон мен факс нөмірі егер олар бар болса көрсетіледі;
      8) 74-кодтың астындағы бағанда өтінім берушінің (өтінім берушілердің) өкілдері, оның ішінде патенттік сенім білдірілген өкіл (патенттік сенім білдірілген өкілдер) туралы мәліметтер келтіріледі. Патенттік сенім білдірілген өкілдің өтінім берілгенге дейін белгіленген жағдайда тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), уәкілетті органда тіркелген нөмірі, тұратын мекен жайы, телефон, факс нөмірі (бар болса) көрсетіледі. Өзге өкіл тағайындалған жағдайда жеке тұлға үшін тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және заңды тұлға үшін ресми атауы, Қазақстан Республикасында тұратын мекен жайы (орналасқан орны), телефон, факс нөмірі көрсетіледі.
      Егер өтінім берушілер бірнешеу болса және патенттік сенім белгіленген өкілсіз беріледі, өкіл ретінде өтінім берушілердің бірі таңдап алынуы мүмкін;
      9) өтініштің екінші бетіндегі "қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі" бағаны тиісті торына "Х" белгісін қою жолымен және даналар саны мен тіркелген құжаттардың әр данасындағы парақтар саны көрсетіле отырып толтырылады. Түрлері өтініш нысанында қарастырылмаған ("басқа құжат") қоса берілетін құжаттардың нақты бағыты көрсетіледі;
      10) "патентке өтінім беру және алу құқығының пайда болу негізі" бағанына "Х" белгісін қоюмен патентке өтінім беру және алу үшін тиісті негіз (негіздер) белгіленеді. Көрсетілген баған өтінім беруші автор немесе өтінім берушілер бірнешеу болып, олардың құрамы авторлар құрамымен сәйкес келгенде толтырылмайды;
      11) 72-кодының астындағы бағандарда автор (авторлар) туралы мәліметтер: тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жерінің толық почталық мекен жайы келтіріледі, шетелдіктер үшін ДЗМҰ SТ.3. стандарты бойынша елдің коды ғана көрсетіледі;
      12) 72-кодтың астындағы бағанның оң жағына орналасқан бағанда автор өтінім беруші болып табылса, немесе егер автор патентке өтінім беру мен алу құқығын өтінім берушіге берген жағдайда автордың қолы мен күні қойылады.
      Өтінім берілгенге дейін автор қайтыс болған жағдайда күні мен мұрагердің қолы қойылады. Өтінім беру кезеңінде мұрагерлік құқықты растайтын қандай да болмасын ресми құжаттар талап етілмейді;
      13) 72-кодты бағандар астындағы баған автор (авторлар патент беру туралы мәліметтер жарияланымы кезінде өзін (өздерін) осылай атамауды өтінген жағдайда ғана толтырылады. Мұндай жағдайда жарияланым кезінде атамауды өтінген авторлардың әрқайсысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және олардың қолдары келтіріледі;
      14) өтініштің жоғарыдағы осы тармақтың 12)-14) тармақшаларда көрсетілген бағанын толтыру осы бағанмен қарастырылған мәліметтер мен қолдары бар құжаттарды өтінішпен бір мезгілде тапсырумен алмастырылуы мүмкін;
      15) егер өтінім беруші ретінде автор болып табылмайтын тұлға көрсетілсе, өтініштің "қолы" деген соңғы бағанын күнін көрсете отырып толтыру міндетті.
      Өтінішке заңды тұлғаның атынан ұйымның басшысы немесе, заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарымен оған уәкілетті адам лауазымын көрсете отырып қолын қояды, қолы осы заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі. Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, өтінішке өтінім берушілердің әрқайсысы қол қояды.
      Өтінім патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілген кезде өтінішке патенттік сенім білдірілген өкіл қол қояды;
      16) осы тармақтың 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген өтініш бағанындағы қолдарды қойған адамдардың тегі мен аты-жөні ашып көрсетіледі;
      17) өтінішке қатысты кез келген өзге мәліметтер ұсынылған әрбір қосымша параққа (өтінішке қосымша) осындай тәртіппен қол қойылады;
      18) өтініш пен оған қосымшаларда түзетулер мен өшірулер болмауға тиіс. Аталған кемшіліктер болған жағдайда өтінішті немесе оған қосымшаны дұрыс рәсімдеу талап етіледі.

      18. Пайдалы модельдің сипаттамасы пайдалы модельді жүзеге асыру үшін толық, жеткілікті түрде ашылуға тиіс.

      19. Сипаттама пайдалы модельдің атауынан басталады, ал өтінім берілген пайдалы модель қатысты болатын қолданыстағы 1971 жылғы 24 наурыздағы Халықаралық патенттік сыныптама туралы Страсбург Келісімінің (бұдан әрі - ХПС) қолданылып жүрген редакциясының айдарын, сондай-ақ осы айдар индексін белгілеген жағдайда және келесі бөлімдерді қамтиды:
      1) пайдалы модельге қатысты болатын техника саласы;
      2) техника деңгейі;
      3) пайдалы модельдің мәні;
      4) сызба сұлбаларының тізбесі;
      5) пайдалы модельдерді жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтер.
      Сипаттама бөлімін қажетті мәліметтері бар (әдеби дереккөзге, бұрын берілген өтінім сипаттамасына, қорғау құжатына сипаттамаға) көзге сілтеме жасаумен алмастыруға жол берілмейді.

      20. Пайдалы модель атауы, әдетте, оның мақсатын сипаттайды және жеке түрде қолданылмаған жағдайды есептемегенде жеке түрде қолданылмайды.
      Бірі екіншісін даярлауға, пайдалануға арналған пайдалы модельдер тобының атауында бір өнертабыстың толық атауы және басқасының қысқартылған атауы болады.
      Бірі екіншісінде пайдалануға арналған объектілерге жататын пайдалы модельдер тобының атауында топқа кіретін пайдалы модельдердің толық атауы болады.
      Нұсқаларға жататын пайдалы модельдер тобының атауында жақшада "нұсқалар" сөзімен топтың бір пайдалы модельдің толықтырылған атауы болады.
      Егер Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбаларына үшінші тұлғаның құқығына нұқсан келтірілмесе, Заңның 9-бабының 4-тармағына сәйкес автор пайдалы модельдерді меншік объектісіне өз атын немесе арнаулы атау беруге құқылы.
      Пайдалы модельге өтінімді орыс тілінде берген жағдайда оның атауы мемлекеттік тілде көрсетілуі тиіс.

      21. Сипаттама бөлігінде "пайдалы модельдер жататын техника саласы" пайдалы модельдерді қолдану саласы көрсетіледі. Егер мұндай салалар бірнешеу болса, басымдары көрсетіледі.

      22. Сипаттама бөлігінде "Техника деңгейі", мәнді белгілерінің жиынтығы жөнінен пайдалы модельге неғұрлым жақын баламасын (прототипті) бөліп ала отырып, өтінім берушіге белгілі пайдалы модельдің баламалары туралы мәліметтер көрсетіледі.

      23. Пайдалы модельдер баламасы - бұл пайдалы модельдер баламасы ретінде пайдалы модельдің мәнді белгілерінің жиынтығына ұқсас, белгілер жиынтығымен сипатталатын пайдалы модельдер басымдығы күніне дейін әлемде жарияланған және көпшілікке қол жетерліктей болған мәліметтерден белгілі сол мақсаттың құралы.  Пайдалы модельдер ретінде пайдалы модельдер басымдығы күніне дейін Қазақстан Республикасында мәліметтерден белгілі сол мақсаттың құралы болуы мүмкін.

      24. Әрбір баламаны сипаттау кезінде өтінім берілген пайдалы модельдің мәнді белгілеріне ұқсас келетіндерді бөліп ала отырып, баламаны сипаттайтын белгілерді, оның ашылған ақпарат көзіндегі библиографиялық мәліметтері келтіріледі, сондай-ақ қажетті техникалық нәтижелерді алуға кедергі келтіретін өтінім берушіге белгілі себептер көрсетіледі.

      25. Пайдалы модельдер тобы сипатталған кезде баламалар туралы мәліметтер әрбір пайдалы модель үшін жеке келтіріледі.

      26. "Пайдалы модельдің мәні" сипаттама бөлігінде пайдалы модельдердің мәнін ашатын мәліметтерді қамтиды. Пайдалы модельдер мәні пайдалы модельдердің техникалық нәтижесін (техникалық нәтижелер) қамтамасыз етуге жеткілікті маңызды белгілер жиынтығында көрсетіледі.
      Белгілер, егер қол жеткізілетін техникалық нәтижеге (оның ішінде әр түрлі белгілердің ықпалы кезінде түрлі техникалық нәтижеге) ықпалын тигізсе, яғни көрсетілген нәтижемен (нәтижелермен) себеп-салдарлы байланыста болса маңыздыларға жатады.

      27. Техникалық нәтиже пайдалы модель болатын құралдарды өндіру немесе пайдалану кезінде алынуы мүмкін техникалық тиімділік, қасиет, құбылыс және тағы басқалар осыған ұқсас сипатын білдіреді.

      28. Техникалық нәтиже, атап айтқанда үйкеліс коэффициентін төмендету (жоғарлату), теңселуді төмендету, сыналанып қалудың алдын алу, жұмыс органының ортамен байланысын жақсарту, сигнал нысанының бұрмалануын төмендету, сұйықтықтың сіңуін төмендету, компьютердің тез әрекет етуін арттыруын көрсетуі мүмкін.

      29. Алынатын нәтиже, егер, атап айтқанда:
      адамның ақыл-ойын қатыстыра отырып, тек ұғыну ерекшелігі нәтижесінде көрсетілсе;
      оған қандай да бір қызметті оған қатысушылар арасындағы келісім негізінде жүзеге асыру кезінде белгілі бір ретпен немесе белгіленген тәртіпті сақтай отырып соның арқасында қол жеткізілсе;
      егер ол қандай да бір ақпаратты алудан тұрса және оған тек қана - математикалық әдісті, электрондық есептеу машинасына арналған бағдарламаны немесе онда пайдаланатын алгоритмді қолдану арқасында қол жеткізілсе;
      ол тек қана қандай да бір нысанда кез келген тасушыда ұсынылған мағыналық мазмұнының ерекшеліктеріне байланысты болса;
      ол қызықты және ойын-сауықты болса техникалық сипатта емес деп табылады.
      Егер пайдалы модель ақпарат тасығышқа жататын болса, атап айтқанда машина оқитын және ақпараттың мазмұнын белгілейтін, жазатын тасығыш белгілерін қатыстыра отырып, электрондық есептеу машинасына арналған бағдарламаны немесе онда пайдаланатын алгоритмді қолдану осындай құралдарды алғаш алу міндеті ғана шешілетін болса, техникалық нәтиже осы мақсатты іске асырумен тұйықталуы мүмкін (осы мақсатты іске асыратын құрал жасауда және оны арнап көрсету талап етілмейді, тек ұсынылып отырған пайдалы модель осындай мақсат құралдары арсеналын кеңейтеді деген түсінік келтірілсе жеткілікті).

      30. "Пайдалы модельдің мәні" бөлімінде техникалық нәтижені көрсете отырып, пайдалы модельді алу кезінде мүмкін болатын өтінім беруші көрсеткен бағыттағы шешімнің мақсаты толық ашылады.

      31. Егер пайдалы модельді нақты орындау нысанында немесе оны пайдалану кезіндегі ерекше жағдайда қосымша техникалық нәтижелер алу қамтамасыз етілсе оларды көрсету ұсынылады.

      32. "Пайдалы модельдің мәні" бөлігінде пайдалы модельді сипаттайтын барлық маңызды белгілері келтіріледі, неғұрлым жақын баламаның айырықша ерекшеліктері айқындалады, мұндайда сұратылған құқықтық қорғау көлемі таралатын барлық жағдайда техникалық нәтижесін алуды қамтамасыз ететін белгілер жиынтығы және пайдалы модельді тек жекелеген жағдайларда сипаттайтын, нақтылы орындау нысандарында немесе оны пайдаланудың ерекше жағдайларындағы белгілері көрсетіледі.

      33. Белгі сипатын осы белгі ашылған ақпарат көзіне сілтеме жасап алмастыруға жол берілмейді.

      34. Егер пайдалы модель жасау кезінде тек белгілі бағыттағы техникалық құралдар арсеналын кеңейту немесе осындай құралдарды алғаш алу міндеті ғана шешілетін болса, техникалық нәтиже осы мақсатты іске асырумен айқындалуы мүмкін.
      Пайдалы модельдер тобы үшін көрсетілген мәліметтер, оның ішінде техникалық нәтиже туралы да, әрбір өнертабыс үшін жеке келтіріледі.

      35. "Сызба сұлбаларының тізбесі" бөлімде сұлбалар тізбесінен басқа олардың әрқайсысында не бейнеленгеніне қысқаша сілтеме беріледі. Егер пайдалы модельдің мәнін түсіндіретін өзге материалдар ұсынылса, олардың мазмұндарына қысқаша түсінік келтіріледі.

      36. "Пайдалы модельдерді жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтер" бөлімінде өтінім беруші көрсеткен бағытта іске асыру мүмкіндігі көрсетіледі:
      1) құрылғыға жататын пайдалы модельге сызба сұлбаларына сілтемемен оның конструкциясының (статикалық жағдайда) сипаттамасы келтіріледі. Сипаттамадағы құрылымдық элементтердің цифрлік белгісі олардың сызба сұлбаларындағы цифрлік белгілеріне толық көлемде сәйкес келуге тиіс;
      2) құрылғы конструкциясы сипаттамасынан кейін оның әрекеті (жұмысы) немесе сызба сұлбаларына сілтемемен пайдаланылу тәсілі сипатталады;
      3) мәні жалпы түсінікте айтылған белгіні пайдаланумен сипатталатын атап айтқанда, функционалдық жинақтау деңгейінде ұсынылған пайдалы модельді жүзеге асыру мүмкіндігі осы белгіні іске асыру не оны алу әдістеріне арналған құралдардың өтінім материалдарында тікелей сипатталуымен немесе осы құралдың белгілігі не оны алу әдістері көрсетіле отырып расталады;
      4) егер құрылғыда функционалды деңгейде сипатталған элемент болса, және сипатталатын нысан бағдарламаланған (бапталған) көп функциалды құралдарды пайдалануды көздесе, онда аталған функция құрылғысы құрамында оған нақты телінген осындай құралмен атқару мүмкіндігін растайтын мәліметтер ұсынылады.
      Егер мұндай мәліметтер қатарында, атап айтқанда, есептеуіш алгоритм келтірілген жағдайда, оны блок-схема түрінде немесе, егер бұл мүмкін болса, тиісті математикалық көрінісінде келтірген жөн;
      5) "Пайдалы модельдің мәні" бөлімінде көрсетілген техникалық нәтиже алуда пайдалы модельді жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын  мәліметтер көрсетіледі.
      Пайдалы модельді сипаттау үшін аралық мәнді түрде айқындалатын сандық белгілерді пайдалану кезінде осы аралықтағы техникалық нәтиже алу мүмкіндігі көрсетіледі;
      6) егер пайдалы модельді жүзеге асыру және іске асыру мүмкіндігі туралы онда көрсетілген міндетті тек эксперименттік деректер куәландыра алады, пайдалы модельдік сипаты оны жүзеге асыруға тиісті деректерге мысалдар келтірілуі керек. Келтірілген мысалдар пайдалы модельге өтінім берушінің қамтыған түсінігін, белгілерін іске асыруда әр түрлі жеке нысанының ықпалы аталған талаптарды сақтау туралы жеткілікті болуы тиіс.

      37. Пайдалы модельдің мақсаты және оған қойылатын талаптар:
      1) пайдалы модельдің формуласы алдын ала патент және патентпен берілетін құқықтық қорғау көлемін анықтауға арналады;
      2) пайдалы модельдің формуласы толығынан сипаттамаға негізделуге тиіс, яғни пайдалы модельді оның сипаттамасындағы түсініктермен сипаттауы керек;
      3) пайдалы модельдің формуласы, егер ол өтінім беруші көрсеткен техникалық нәтижеге жетуге жеткілікті маңызды белгілерінің жиынтығы болса, оның мәнін көрсетеді деп танылады;
      4) пайдалы модельдің белгілері пайдалы модель формуласында оларды ұқсастыру мүмкіндігін, яғни олардың мәндік мазмұнының белгілі техникалық деңгейі негізінде маманның біртекті түсінуін қамтамасыз ететіндей болып көрсетіледі;
      5) пайдалы модель формуласындағы белгі сипатын ақпарат көзіне сілтемемен алмастыруға болмайды. Белгі сипатын сипаттама немесе өтінім сызбаларына сілтемемен алмастыруға, оның ұқсастығы туралы осы тармақтың 4) тармақшасының  талаптарына нұқсан келтірмей белгіге мұндай сілтемесіз сипаттау мүмкін болмаған жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін. Мұндай жағдайларда мысалы, "...сұлбада көрсетілгендей..." деген сөздер пайдаланылуы мүмкін. Сызбаларға сілтемелер атап айтқанда, объектілерді сипаттау кезінде сөзбен немесе математикалық тәсілмен сипатталуға келмейтін болуы мүмкін;
      6) құрылғыға жататын пайдалы модель формуласының ерекшеліктері құрылғы белгілері формулада оның статистикалық жағдайын сипаттайтындай баяндалады. Құрылғының құрылымдық элементін орындауды сипаттау кезінде оның жылжымалылығын, оның белгілі функцияны іске асыру мүмкіндігін көрсетуге болады;
      7) пайдалы модель белгісін егер ортақ ұйымдағы сипаттамалар өтінім беруші көрсеткен техникалық нәтиже алуды басқа да белгілер жиынтығымен қамтамасыз етсе, оны іске асырудың түрлі нысандарын қамтитын ортақ ұғыммен (функция, қасиетін білдіретін) сипаттау орынды;
      8) егер мұндай белгі, көрсетілген баламамен жол берілетін кез келген таңдау кезінде пайдалы модельдердің басқа да белгілер жиынтығымен бір ғана техникалық нәтиже алуды қамтамасыз етсе, белгі баламалы түрде көрсетілуі мүмкін;
      9) пайдалы модельдің формуласында сызбалар келтірілмейді;
      10) егер олар жалпыға белгілі және нақты маңызға ие болса, пайдалы модельдер формуласында материалдардың және тағы басқалар осыны білдіретін шартты атауларын пайдалануға жол беріледі.

      38. Формула біртізбекті және көптізбекті болуы және тиісінше бір немесе бірнеше тармақты құрауы мүмкін.
      Біртізбекті пайдалы модель формуласы оны орындау немесе пайдаланудың жекелеген жағдайларына қатысты дамыту немесе анықтауы жоқ маңызды белгілер жиынтығымен бір пайдалы модельді сипаттау үшін қолданылады.
      Көптізбекті формула пайдалы модельді орындау немесе пайдаланудың жеке жағдайларына немесе пайдалы модель тобын сипаттауға қатысты оның белгілер жиынтығын дамыту және/немесе анықтаумен бір пайдалы модельді сипаттау үшін қолданылады.

      39. Бір пайдалы модельді сипаттайтын көптізбекті формуланың бір тәуелсіз тармағы және келесі оған тәуелді тармағы (тармақтары) болады.

      40. Пайдалы модельдер тобын сипаттайтын формуланың бірнеше тәуелсіз тармақтары болады, олардың әрқайсысы пайдалы модельдер тобының біреуін сипаттайды. Бұл ретте топтың әрбір пайдалы моделі тиісті тәуелсізге бағынышты тәуелді тармақтарды тартумен сипатталуға тиіс.

      41. Көптізбекті формула тармақтары 1-ден бастап, мазмұндалу тәртібімен бірінен соң бірі араб цифрларымен нөмірленуге тиіс.

      42. Пайдалы модельдер тобын сипаттайтын формулаларды орналастырған кезде келесі ережелер сақталады:
      1) жекелеген пайдалы модельдерді сипаттайтын тәуелсіз тармақтарда, әдетте, формуланың басқа тармақтарына сілтемелер болмайды (мұндай сілтемеге тек осы тәуелсіз тармақты ондағы басқа тармақпен толық қайталамаған жағдайда ғана жол беріледі);
      2) түрлі пайдалы модельдер топтарын сипаттау үшін бір ғана мазмұнды тәуелді тармақтар келтірілетін жағдайларды қоса отырып, тәуелді тармақтар өздері бағынышты тәуелсіз тармақтармен топтасады.

      43. Формула тармағына қойылатын талаптар:
      1) формула тармағы, әдетте, неғұрлым жақын ұқсас белгілері сәйкес келетін пайдалы модель белгілерінен тұратын шектеу бөлімінен, оның ішінде формула баяндалуы басталатын бағыттағы тектік ұйымнан және пайдалы модельді неғұрлым жақын баламасынан ажырататын белгілер кіретін ерекшелік бөлімінен тұрады;
      Формула тармағын құрастыру кезінде шектеу бөлімі баяндалған соң "...мен ерекшеленетін" деген сөз тіркесі келтіріліп, бұдан кейін тікелей ерекшелік бөлімі келтіріледі;
      2) формула тармағы бір сөйлеммен мазмұндалады.

      44. Формуланың тәуелсіз тармағына қойылатын талаптар:
      1) ол пайдалы модельді құқықтық қорғау сұралып отырған көлемін айқындайтын оның белгілер жиынтығымен сипаттайды және пайдалы модель объектісін логикалық анықтау түрінде көрінеді;
      2) пайдалы формуласының тәуелсіз тармағы бір ғана пайдалы модельге қатысты болуға тиіс;
      3) егер ондағы белгілер жиынтығы бір ғана техникалық нәтиже алуды қамтамасыз етпейтін белгілер баламасы түрінде көрінсе, не әрқайсысы бірнеше функционалды дербес белгілер құрайтын белгілердің баламалық түрінде көрінсе (құрылғының торабы, бөлшегі және т.б.), оның ішінде қандай да болмасын осындай белгілерге арналған баламаның таңдауы басқа (басқалар) белгісіне (белгілеріне) жүргізілген таңдауға тәуелді болса;
      аталған жиынтықта оны бары, сондай-ақ жоғына да жол берілетіндей түрде танылатын белгі енеді (атап айтқанда, "құрылымдық элемент болуы мүмкін" үлгідегі сөз пайдаланылғанда);
      ортақ мақсаттағы құралдар жиынтығы көрсетілген іске асырусыз дербес мақсатты құралдар жиынтығына жататын әрқайсысы құралдар жиынтығының сипаттамасына енеді.

      45. Формуланың тәуелді тармағына қойылатын талаптар:
      1) тармақ тәуелсіз тармақта келтірілген пайдалы модельді тек оны орындау немесе пайдаланудың жеке жағдайларын сипаттайтын пайдалы модель белгілері жиынтығының дамуын және/немесе анықталуын қарастырады;
      2) тармақтың шектеулі бөлігі әдетте тәуелсіз тармақта келтірілгенмен салыстырғанда қысқаша мазмұндалған пайдалы модель мақсатын көрсететін тектік ұйымнан және осы тәуелді тармақ жататын тәуелсіз тармақ және/немесе тәуелді тармақтан (тармақтардан) тұрады. Тәуелді тармақ формуланың бірнеше тармағына бағынысты болғанда оларға сілтемелер баламаларды пайдаланумен көрсетіледі.
      Егер жекелеген жағдайларда оны орындау немесе пайдалануда пайдалы модельді сипаттау үшін тәуелді тармақ белгілерімен қатар тек тәуелсіз тармақ белгілері қажет болса, осы тәуелді тармақтың тәуелсізге бағыныстылығы тиісті тәуелді тармақтар арқылы пайдаланылады.
      Егер аталған сипатқа формуланың бір немесе бірнеше тәуелді тармақтарының белгілері қажет болса, осы тәуелді тармақтың тәуелсіз тармаққа бағыныстылығы тиісті тәуелді тармақтар арқылы пайдаланылады;
      3) тармақ ол бағынысты формуланың сол тармағында сипатталған пайдалы модель белгілері алмастырылмайтындай немесе алып тасталмайтындай баяндалуға тиіс, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 
44-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сипатты жиынтық белгілер кірмеуі керек.
      Егер формуланың тәуелді тармағы тәуелсіз тармақ белгілерін алмастыратын немесе алып тастайтындай мазмұндалса, осы тәуелді тармақ өзі бағынатын тәуелсізбен бір пайдалы модельді сипаттайды деп танылуы мүмкін емес.

      46. Сызбаларға қойылатын талаптар:
      1) пайдалы модельдердің мәнін түсіндіруші материалдар графикалық кескіндемелер (сызба, сурет, графика, эпюр, осциллограмм және т.б.), фотосуреттер және кестелер түрінде ресімделуі мүмкін;
      2) пайдалы модельдер сызбалармен немесе сызбалармен бейнелеу мүмкін болмаған жағдайларда суреттер ұсынылады;
      3) фотосуреттер графикалық кескіндемелерге қосымша ретінде ұсынылады. Айрықша жағдайларда, мысалы, хирургиялық операциялар жасау кезеңдерін бейнелеу үшін фотосуреттер түсіндіруші материалдардың негізгі түрі ретінде ұсынылуы мүмкін;
      4) сызбалар, сызбалар және суреттер жеке (жекелеген) парақта (парақтарда) ұсынылып, оң жақ жоғарғы бұрышында пайдалы модельдің атауы келтіріледі.

      47. Рефератқа қойылатын талаптар:
      1) реферат пайдалы модельдер туралы ақпарат болып табылады, яғни атауын, пайдалы модельге жататын техника саласының сипаттамасын қамтитын пайдалы сипаттамасының қысқаша баяндалған мазмұнын құрайды және/немесе егер бұл атауынан анық болмаса, әрбір тәуелсіз тармағының барлық маңызды белгілері сақталатындай формуланы еркін баяндау жолымен сипатталатын қол жеткен техникалық деңгейі көрсетілген пайдалы модель мәнінің сипаттамасы кіреді;
      2) қажет болған жағдайларда рефератқа сызба немесе химиялық формула кіреді. Рефератқа кірген сызба сипаттамада көрсетілген сызбалардың бір сұлбасымен ұқсас болған жағдайда реферат мәтіні сияқты дана санымен жеке парақта тапсырылады;
      3) рефератта қосымша мәліметтер болуы мүмкін, атап айтқанда, формуланың тәуелді тармақтарының бар-жоғы мен саны, графикалық кескіндемелер, кестелер;
      4) реферат мәтінінің көлемі - 1000 баспа таңбаға дейін болуға тиіс.

      48. Уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкілдікке сенімхат келесі талаптарға жауап беруге тиіс:
      1) сенімхат қарапайым жазба нысанында жүргізіледі және нотариалдық растауды талап етпейді;
      2) сенімхатты өтінім беруші береді (қолын қояды). Заңды тұлға атынан берілетін сенімхатқа оның басшысы немесе қол қойған адамның лауазымы көрсетіле отырып, бұған құрылтайшы құжаттарымен уәкілеттік алған өзге тұлғаның қолы қойылып, осы заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі;
      3) сенімхатта өтінім беруші атынан өкіл жүргізе алатын тапсырылған іс-әрекеттер нақты көрсетілуге тиіс, сенімхатта оны жүргізетін күні көрсетілуге тиіс, онсыз заңды деп танылмайды;
      4) сенімхатта оның берілген орны көрсетілуге тиіс;
      5) сенімхаттың іс-әрекет мерзімі үш жылдан аспауға тиіс. Егер сенімхатта іс-әрекет мерзімі көрсетілмесе, ол берілген күннен бастап бір жыл бойына күшін сақтайды. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде іс-әрекет мерзімі көрсетілмей берілген сенімхаттың іс-әрекет мерзімі сенімхат берілген елдің құқығы бойынша айқындалады;
      6) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар берген сенімхат тек уәкілетті органда патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркелген жеке тұлғаға ғана берілуі мүмкін;
      7) сенімхат уәкілетті органда тіркелген бірнеше патенттік сенім білдірілген өкілдердің атына берілуі мүмкін, мұндайда өкілдікті бұлардың кез келгені атқарады. Егер олардың іс-әрекеттері бір-бірлерімен қайшы келсе, бұл туралы өтінім берушіге хабарланады, ал атқарылған іс-әрекеттер өтінім беруші мақұлдағанға дейін тоқтатылады;
      8) сенімхат берілген жеке тұлға өкілдік алған іс-әрекеттерді өзі жеке басымен жүзеге асыруға тиіс. Сенімнің ауысуы сенімхатпен өкілеттілік берілген жағдайда ғана мүмкін болады. Мұндай жағдайда сараптама жасау ұйымына сенімнің ауысуы тәртібінде берілген нотариалды расталған сенімхат және оны беруге негізделген сенімхат тапсырылады. Мұндайда сенімнің ауысуы тәртібінде берілген сенімхаттың іс-әрекет мерзімі соның негізінде берілген бастапқы сенімхаттың іс-әрекет мерзімінен аспауы керек;
      9) сенімхаттың іс-әрекеті төменгі жағдайларда тоқтатылады:
      сенімхат мерзімі біткенде;
      сенімхатта қарастырылған іс-әрекеттерді жүзеге асырған соң;
      сенімхат берген тұлға оны жойған соң;
      сенімхат берілген тұлға бас тартқан кезде;
      атынан сенімхат берілген заңды тұлғаның қызметі тоқтаған кезде;
      сенімхат берген тұлға өлген жағдайда, оны қабілеттіліксіз, қабілеттілігі шектеулі немесе хабарсыз кеткен деп таныған жағдайда;
      атына сенімхат берілген заңды тұлға жойылғанда;
      атына сенімхат берілген азамат өлгенде, оны қабілеттіліксіз, қабілеттілігі шектеулі немесе хабарсыз кеткен деп таныған жағдайда;
      10) сенімхат тоқтатылуымен бірге сенімнің ауысуы да күшін жояды.
      Сенімхатты берген тұлға оны тоқтатқан жағдайда ол туралы уәкілетті органға және сараптама жасау ұйымына хабарлауға міндетті. 

  4. Өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

      49. Тыйым салынатын элементтер мыналарды құрайды.
      Өтінімде адамгершілікке және қоғамдық тәртіпке қайшы келетін ұйымдар, сызбалар, суреттер, фотосуреттер және өзге де материалдар болмауға тиіс; өнімдер немесе технологиялық процестер хақында, сондай-ақ басқа тұлғалардың өтінімдері немесе қорғау құжаттарына менсінбеушілік сөздер, пайдалы модельге немесе осы Нұсқаулықтың тиісті талаптарына өтінімдер құжаттарын тану үшін қажетті болып табылмайтын сөздерге немесе мәліметтер.

      50. Пайдалы модель формуласында, сипаттамада және оны түсіндіруші материалдарда, сондай-ақ рефератта стандартталған терминдер мен қысқартулар, ал олар болмаған жағдайда жалпыға ортақ ғылыми және техникалық әдебиеттерде жалпы қабылданғандары пайдаланылады.
      Әдебиетте кеңінен қолданылмайтын терминдер мен белгілерді пайдалану кезінде олардың маңызы алғашқы қолданылу мәтінінде түсіндіріледі.
      Ғылыми-техникалық әдебиетке қатысты ғылыми емес түсінік беретін терминдерді қолдануға жол берілмейді.
      Барлық шартты белгілер ашық көрсетіледі, сипаттамада және формулада терминология бірлігі сақталады, яғни сипаттама мәтініндегі және формуладағы бір белгілер бір атаумен аталынады. Терминология бірлігі талаптары физикалық бірлік өлшемдеріне және шартты белгілерді пайдалануға да қатысты болады.
      Пайдалы модель атауында қажет болған жағдайларда латын әліпбиі мен араб әліпбиі нышандары болуы мүмкін. Пайдалы модель атауында өзге әліпби нышандарын, пайдалы модельдер атауында арнайы таңбаларды қолдануға жол берілмейді.
      Физикалық көлемдер қолданылып жүрген Халықаралық бірліктер жүйесі бірліктерімен белгіленгені жөн.

      51. Барлық құжаттар оларды тікелей репродукциялауға боларлықтай көшірмелері шексіз етіп ресімделеді.
      Парақтың кіші жағына параллель орналасқан әрбір парақ бір жағынан ғана пайдаланылады.

      52. Өтінім құжаттары тығыз, ақ, тегіс, жылтырамайтын қағазда орындалады.

      53. Өтінімнің әрбір құжаты жеке парақта басталады. Парақтың  көлемі 210 х 297 мм Сипаттаманы, формуланы, рефератты қамтитын парақ бетінің ең кіші көлемі:
      жоғарғы жағы - 20,
      оң және төменгі жағы - 20,
      сол жағы - 25,
      Сызбалардан тұратын парақ бетінің ең кіші көлемі:
      жоғарғы жағы - 25,
      сол жағы - 25,
      оң жағы - 15,
      төменгі жағы - 10.
      Фотосурет мөлшері белгіленген өтінім құжаттарының парақтары көлемінен аспайтындай етіп таңдалады. Шағын көлемді фотосуреттер белгіленген талаптар сақтала отырып, қағаз парағына желімделіп беріледі.

      54. Өтінімнің әрбір құжатындағы екінші және келесі парақтары араб цифрларымен нөмірленеді.

      55. Мәтінді жазуға қойылатын талаптар:
      1) құжаттар қара түсті қарыптармен басылады. Сипаттама, формула және реферат мәтіндері 2,1 мм кем емес бас әріптер биіктігімен арасында екі интервал қалдырып басылады;
      2) графикалық нышандар, латын атаулары, латын және грек әріптері, математикалық және химиялық формулалар немесе нышандар қара түсті сиямен, пастамен немесе тушьпен жазылуы мүмкін. Формулаларды баспа түрінде және қолдан жазып араластыруға жол берілмейді.

      56. Сипаттамада, өнертабыс формуласы мен рефератта математикалық көрсеткіштер (формулалар) және символдар пайдаланылуы мүмкін, бұл ретте:
      Математикалық көрсеткіштер нысанын беру регламенттелмейді.  Математикалық формулалардағы барлық әріптік белгілердің мағыналары ашылады. Формулаға түсініктерді бағанмен жазып, әрбір жолдан кейін нүктелі үтір қойылады. Әріптік белгілердің ашылуы олардың формулада қолданылуы ретімен беріледі.
      Сипаттамада математикалық белгілер мынадай түрде қолданылады:
      1) >, <, =, +, - және басқа математикалық белгілер математикалық формулаларда ғана қолданылады, ал мәтінде оларды сөздермен жазған жөн (артық, кем, тең);
      2) оң өлшемдер арасындағы аралықтарды белгілеу үшін (-) (бастап және дейін) таңбасын қолдануға болады. Басқадай жағдайларда "бастап" және "дейін" деген сөздермен жазу керек, температура аралықтарын белгілеу кезінде (...) белгісін қолданған жөн;
      3) пайыздық көрсеткен кезде пайыздық өлшемдік таңбасы (%) саннан кейін қойылады. Егер өлшем бірнеше болса, онда пайыздық таңба олардың алдынан қойылады және олардан қос нүктемен бөлінеді;
      4) математикалық формулалардағы тасымалға тек таңба бойынша ғана жол беріледі;
      5) формулалар оларды мәтінге енгізу реті бойынша нөмірленеді. Нөмірді әрбір формуладан кейін оң жолақтың шегінде қою ұсынылады.

      57. Графикалық кескіндемелерге қойылатын талаптар:
      1) сызбалар, түсімдер, графиктер, суреттер және тағы басқалар ұзын бойына біркелкі қалыңдықта өшпейтін қара нақты сызықтармен, сиясыз және бояусыз орындалады;
      2) кескіндеме көлемі және айқындығы 2/3-ке дейінгі мөлшерде сызықтық кішірейте отырып, фотографиялық көшірмелеу кезінде барлық бөлшектерін айыруға боларлықтай етіп таңдап алынады;
      3) цифрлар мен әріптерді жақшаға, тырнақшаға, шеңберге алуға болмайды. Цифрлар мен әріптердің биіктігі 3,2 мм кем таңдалмайды. Цифрлық және әріптік белгілер айқын орындалады, олардың сызықтарының қалыңдығы кескіндеме сызықтарының қалыңдығына сәйкес келеді;
      4) әрбір графикалық кескіндеме оның түріне қарамастан араб цифрларымен сұлба ретінде (1-сұлба, 2-сұлба және тағы басқа) нөмірлеудің бірыңғай тәртібімен, сипаттама мәтінінде аталу кезегіне сәйкес нөмірленеді.
      Егер сипаттама бір сұлбамен түсіндірілсе, ол нөмірленбейді;
      5) бір парақта бірнеше сұлба орналастырылуы мүмкін, мұндайда олар бір-бірінен нақты бөлініп тұрады. Егер екі және одан да көп парақтарда орналастырылған сұлбалар тұтас сұлба бөлшектерін құраса, олар түрлі парақтарда кескінделген кез келген сұлбалардың қандай да бір бөлігін қалдырып кетпей жинақталуы тиіс.
      Жекелеген сұлбалар парақта немесе парақтарда барынша қанық орналастырылып және кескіндеме парақтың ұзын жағынан тік орналасқан жағдайда оқылатындай болуы керек;
      6) сызбалар техникалық сызбалар даярлау ережелері бойынша орындалады;
      7) сызбада тік бұрышты (ортогоналды) проекцияны (әрқилы түрде, кесінділерде және жармаларда) пайдалану жөн болып табылады; сондай-ақ аксонометрлік проекцияны пайдалануға да жол беріледі;
      8) кесінділер сілтемелік белгілер мен негізгі сызықтарды анық оқуға кедергі жасамайтындай көлбеу сызбалармен орындалады;
      9) сызбадағы әрбір элемент, оны нақты кескіндеуге пропорциялар айырмашылығы қажет болатын жағдайларды есептемегенде, барлық басқа элементтерге тепе-тең орындалады;
      10) сызбалар "су", "бу", "ашық", "жабық", "А-А" (кесіндіні белгілеу үшін) және тағы басқалар қажетті сөздерден басқа қандай да болмасын жазбаларсыз орындалады;
      11) сызбаларда көлемі көрсетілмейді. Қажет болса олар сипаттамада келтіріледі;
      12) сызбалардағы кескінделген элементтер пайдалы модель сипаттамасына сәйкес араб цифрларымен белгіленеді.
      Бірнеше сұлбаларда ұсынылған бірдей элементтер бірдей цифрмен белгіленеді. Әртүрлі сұлбаларда ұсынылған әртүрлі элементтерді бір ғана цифрмен белгілеуге болмайды.
      Сипаттамада аталмаған белгілер сызбаларда келтірілмейді;
      13) егер графикалық кескіндеме түсім түрінде ұсынылса, онда оны орындау кезінде стандартталған шартты графикалық белгілер қолданылады.
      Түсімнің бір түрінде түсімнің басқа түрдегі жекелеген элементтерді кескіндеуге болады (мысалы, электрлік түсімде - кинематикалық және гидравликалық түсімді).
      Егер түсім элементтердің графикалық белгілері ретінде тік бұрыштар түрінде ұсынылса, онда цифрлық белгілерден басқа тік бұрышқа тікелей элемент атауына жазылады. Егер элементтің графикалық кескіндеме мөлшерлері оған мүмкіндік бермесе, элемент атауы шығармалы сызықта көрсетуге (қажет болған жағдайда, түсім бетінде орналасқан сурет астындағы жазу түрінде) болады;
      14) сызбалар, түсімдер, суреттер пайдалы модельдің сипаттамасы мен формуласында келтірілмейді.

      58. Ақпараттар көздерінің библиографиялық деректері олар бойынша ақпарат көзі айқындалатындай етіп көрсетіледі.

  3-тарау. Пайдалы модельге патент алу жөніндегі
істерді жүргізу

      59. Өкіл тағайындау.
      1) өтінім беру үшін, өтінім бергеннен кейін ол бойынша іс жүргізуді және өтінімді қарау кезінде өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін өтінім беруші осы Нұсқаулықтың 48-тармағына сәйкес сенімхат бере отырып, өкіл тағайындауы мүмкін.
      Егер Қазақстан Республикасының қатысумен болған халықаралық келісімде өзгеше көзделмеген болса, өкілетті органда тіркелген патенттік сенім білдірілген өкіл ғана Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұратын өтінім беруші жеке тұлғаның немесе шетелдік заңды тұлғаның өкілі бола алады.
      Көрсетілген адамдардан басқа Қазақстан Республикасында тұратын жеке тұлға немесе Қазақстан Республикасының аумағында  орналасқан заңды тұлға өтінім беруші болып табылса, хат алмасу үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы мекенжай көрсетілген жағдайда іс жүргізу патенттік сенім білдірілген өкілсіз жүргізілуі мүмкін.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тысқары жүрген жеке тұлғалар өтінім бойынша іс жүргізумен және пайдалы модельге патент алумен байланысты істерді Қазақстан Республикасы шегінде хат алмасу үшін мекенжайды көрсеткен кезде патенттік сенім білдірілген өкілсіз жүргізе алады.
      Өзге өтініш берушілер үшін өкіл ретінде егер олар бірнеше болса, өтінім берушілердің біреуі, бейне авторы, патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге адам көрсетілуі мүмкін.
      2) сенімхат өтініммен бірге немесе іс жүргізу процесінде ұсынылады және өтінімге қоса тігіледі.
      Өкілді өтінім бергенге дейін тағайындаған жағдайда сенімхат өтініш түскен күннен бастап екі айдан кешіктірмей ұсынылады.
      Сенімхат бойынша әрекетке уәкілетті өкілдің кез-келген әрекеті немесе уәкілетті органның және сараптама жасау ұйымының оған қатысты кез-келген әрекеті қандай салдарлар иеленсе, өтінім берушінің немесе өтінім берушіге қатысты да сондай салдарлар болады.
      Тиісті түрде ресімделген сенімхат берілгенге дейін өкіл жасаған іс-әрекет жарамсыз деп саналады және ескерілмейді.
      3) өтінім беруші немесе оның құқығын иеленуші сараптама жасау ұйымына жазбаша өтініш беру арқылы өкіл тағайындауды жоя алады.

      60. Сараптама жасау ұйымымен хат алмасуды жүргізу.
      1) хат-хабарды өтінім беруші немесе оған уәкілетті оның өкілі әр өтінімге жеке жүргізеді. Материалдар сараптама жасау ұйымына тікелей немесе пошта арқылы ұсынылады.
      Өтінім берілгеннен кейін жіберілген материалдарда оның нөмірі және өтінім берушінің немесе оның өкілінің қолы болу керек. Егер өтінім беруші заңды тұлға болып табылса, оның атынан берілетін материалдарға осы Нұсқаулықтың 17-тармағының 16) тармақшасындағы бірінші абзацында көрсетілген тәртіппен қол қойылады.
      Материалдар факспен берілуі мүмкін. Бұған дейін факспен жіберілген материалдарды бірегейлендіретін факспен берілген материалдардың түпнұсқалары олар факспен берілген күннен бастап бір ай ішінде ілеспе хатпен бірге табыс етілуі керек.
      Осы шарт сақталған жағдайда материалдарды факспен берген күн олардың түскен күні болып есептеледі.
      Егер материалдардың түпнұсқалары аталған мерзім өткеннен кейін түссе немесе факспен түскен материалдар ұсынылған түпнұсқалармен бірегей болмаса, түпнұсқалар табыс етілген күн материалдардың түскен күні болып есептеледі, ал факспен түскен материалдардың мазмұны бұдан әрі назарға алынбайды.
      Факспен берілген материалдар түпнұсқалары табыс етілгенге дейін ұсынылған болып есептелмейді.
      Егер факспен берілген қандай да бір материалдар немесе оның бөлігі оқылмайтын болса немесе алынбаған жағдайда түпнұсқалар табыс етілген күн тиісті материалдар берілген күн болып есептеледі. Материалдардың өтінім беруші оқылмайтын бөлігін алған кезде оқылатын бөліктері факспен алынған күнмен есептелуі мүмкін.
      Өтінімнің нөмірі көрсетілмеген материалдар нөмірді жанамалап анықтау мүмкін болмаса қаралмай кері қайтарылады.
      2) өтінім бойынша өндіріс процесінде жіберілген материалдар Заңда белгіленген мерзімде ұсынылады.
      3) сараптама жасау өндірісі мемлекеттік тiлде немесе орыс тiлінде жүргізіледі. Өтінім беруші өзге тілде беретін материалдарға олардың мемлекеттiк тiлдегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын қоса тапсырады. Аударма белгiленген мерзiмде табыс етiлгенге дейін өзге тілде берілген материалдар назарға алынбайды, бұл туралы өтінім беруші хабарландырылады.
      4) сараптама жасау ұйымына оқылуы қиын, кемшіліктермен ресімделіп жіберілген материалдар қаралмайды. Мұндай материалдарды ұсынған адамға тиісті хабарлама жіберіледі.
      5) құпия белгісі бар материалдар арнайы байланыс пайдаланыла отырып жіберіледі.

      61. Өтінім құжаттарына түзетулер мен нақтылаулар енгізу.
      Өтiнiм берушiнiң өтiнiм құжаттарына осы өтiнiм бойынша тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн мәлiмделген объектiнiң мәнiн өзгертпей түзетулер мен нақтылаулар енгізуге құқығы бар.
      Өтінім құжаттарына түзетулер мен нақтылаулар енгізу парақтарды ауыстыруға беру жолымен жүзеге асырылады. Ауыстырылатын парақтар тиісті құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі немесе мемлекеттік және орыс тіліндегі құжат аудармасының әрбір данасы үшін ұсынылады және осы Нұсқаулықтың 49-58-тармақтарының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
      Ілеспе хатта ауыстырылатын парақтарға ұсынылатын өзгерістердің қысқаша түсініктемесі беріледі. Егер өзгерістер өтінім берушінің бастамасы бойынша енгізілсе, түсініктеме өтінім берушінің хатында баяндалады. Өзгерістер енгізілгені үшін белгіленген мөлшерде төлем төленгенін растайтын құжат қоса беріледі. Өтінім құжатына өтінім берушінің бастамасымен өтінім табыс етілген күннен бастап екі ай ішінде өзгерістер енгізілсе, ол үшін ақы төлемейді. Егер түзетулер библиографиялық деректерде көрсетілгендердің кесірінен қате басылса және құжатты түзету тікелей көшірмелеу кезінде айқындығына кері әсерін тигізбесе түзетулер енгізу қажеттігі ауыстыру парақтары табыс етілмей-ақ өтінім берушінің хатында жазылуы мүмкін.
      Өтінім берушінің, өтінім беруші өкілінің атын көрсетуге қатысты өзгерістер егер ол бұрынғы адам болып қалса, оның мекенжайы немесе хат алмасуға арналған мекенжайы, өтінім берушінің атауының  өзгеруi нәтижесiндегi өзгерiстер, сондай-ақ өтiнiм құжаттарындағы техникалық сипаттағы қателердi (оның ішінде анық түзетулер) түзету тиiстi төлем төленген жағдайда пайдалы модельді тиiстi Мемлекеттiк тiзiлiмде тiркеген күнге дейiн жасалуы мүмкін.
      Егер өзгерту өтінім берушінің атауына қатысты болса және заңды тұлғаны қайта құру нәтижесі болып табылса, бұл туралы уәкілетті орган толтырған белгіленген тәртіппен ресімделген және осы қайта құру болғанын растайтын құжаттың көшірмесі хатқа қоса беріледі.
      Егер жалпыға таныс білімдерден маман үшін ұсынылған түзетулерден басқа ештеме қолдану мүмкін емес болса, түзету анық болып табылады.

      62. Патент алу құқығын беру.
      Өтінімді қараудың, бірақ пайдалы модельді Мемлекеттік тізілімде тіркеу күніне дейінгі, кез келген сатысында өтінім беруші жазбаша нысанда келісілген, уәкілетті органда мемлекеттік тіркелуі тиіс келісім-шарт бойынша өзге адамға патент алу құқығын бере алады. Бұл ретте құжаттарды ресімдеуге және келісімді тіркеу тәртібіне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі 58-н.қ. бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 сәуірде N 4648 тіркелген Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқық беру туралы келісімдерді тіркеу бойынша нұсқаулығының талаптары қойылады. Осы Нұсқаулықта атап көрсетілген құжаттардан басқа, құқықтық мирасқор пайдалы модельге Қазақстан Республикасының патентін беру туралы жаңа өтінішті қоса береді.

      63. Авторлар құрамына өзгерістер енгізу.
      1) патент беру туралы өтініште көрсетілген авторды құрамға енгізу немесе құрамнан шығару авторлардың құрамына өзгеріс енгізу болып танылады.
      2) авторлардың құрамына өзгерістер осы Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес ресімделген патент беру туралы жаңа өтініш беру жолымен енгізіледі.
      3) патент беру туралы жаңа өтінішке қоса өтінім нөмірі мен берген күні көрсетіле отырылып, авторлардың құрамына тиісті өзгерістер енгізу туралы еркін нысанда жазылған өтінімхат ұсынылады. Өтінімхат осы Нұсқаулықтың 17-тармағында белгіленген тәртіппен өтінім беруші қол қоюы және авторлардың құрамынан шығарылған жағдайда нотариалды расталған шығарылатын автордың (ұлттық авторларға және үкіметаралық келісімге сәйкес берілген өтінім бойынша өнертапқыш авторларының ғана) қолы қажет. Шығарылатын автордың келісімі өтінім нөмірі мен түскен күні көрсетіле отырып, жеке хатпен ресімделуі мүмкін.
      4) егер авторлар құрамына патент беру туралы жаңа өтінішті беру мерзіміне бұған дейін берілген өтініште аталған автордың қолын алу мүмкін болмаған жағдайда, өтінімхатқа мынадай тәртіппен ресімделген жазбаша келісім қоса беріледі:
      егер автор өлген жағдайда немесе ол өлген деп танылса оның атынан өзгерістер енгізуге мұрагер қол қояды, ол мұрагерлікке құқық беру туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін ұсына отырып, өзінің мұрагерлігіне құқығы бар екендігін заңды түрде айғақтауы қажет;
      автор шетелде болған жағдайда сенім білдірілген адам осындай құқығын куәландыратын тиісті түрде ресімделген құжатты ұсынады. Мұндай құжат патенттік сенім білдірілген өкілдің атына тапсырылатын іс-әрекеттерді нақты көрсете отырып, уәкілетті органда тіркелген сенімхат немесе заңдастыру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының немесе өзара шарттардың күшімен қажет етілмейтін жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде заңдастырылған, басқа адамға берілген сенімхат болуы мүмкін;
      автордың болу орны туралы мәліметтер болмаған және оларды алу мүмкін болмаған жағдайда ол сот арқылы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің  28-бабына сәйкес хабар-ошарсыз кеткен деп танылуы мүмкін және мүдделі тарап авторды хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады, ол мәні бойынша мәселені шешу кезінде назарға алынады;
      авторы өз ісіне жауап бере алмайтын немесе мүмкіндігі шектеулі деп танылған жағдайда асырап алушы немесе асыраушысы асырап алған немесе асыраушысы деп белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесін ұсына отырып, оның атынан өзгерістер енгізуге келісімге қол қояды.
      5) Қазақстан Республикасынан тысқары тұратын азаматтар мен шетелдік заңды тұлғалар уәкілетті органда тіркелген сенім білдірілген өкілдер арқылы авторлардың құрамына өзгерістер енгізуге құжаттар береді, бұл ретте сенім білдірілген өкілдің атына берілген сенімхат аталған іс-әрекеттерді орындауға тапсырманы құрауы тиіс.
      6) өзгерістер енгізуге ақы төлегенін растайтын құжат болған жағдайда авторлардың құрамына өзгерістер енгізіледі;
      7) осы тармақтың 2)-6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда немесе ұсынылған құжаттар осы тармақтардың талаптарын қанағаттандырмаса өтінім берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап, үш ай мерзімде жетіспейтін немесе түзетілген құжаттарды беру ұсынылады.
      Сұралған құжаттарды ұсынбаған жағдайда жаңа өтініш берілмеген болып есептеледі және өзгерістер енгізілмейді, бұл туралы өтінім беруші хабарландырылады.

      64. Өтінім берушілердің құрамына өзгерістер енгізу.
      1) өтінім берушілердің құрамын өзгерту құрамына қосымша адамды қосу немесе патент беру туралы өтініште бұған дейін аталған өтінім берушілердің құрамынан адамды шығару жолымен өтінім берушілердің құрамын жартылай өзгерту болып танылады.
      2) өтінім берушілердің құрамын өзгерту осы Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес ресімделген патент беру туралы жаңа өтініш беру жолымен енгізіледі. Өтінім берушілердің құрамына өзгертулері бар жаңа өтініш берген жағдайда жаңа өтініште авторлардың қолдары міндетті емес.
      3) патент беру туралы жаңа өтінішке қоса өтінім нөмірі мен тіркелген күні көрсетіле отырылып, өтінім берушілердің құрамына тиісті өзгерістер енгізу туралы қолмен жазылған өтінімхат ұсынылады. Өтінімхатқа осы Нұсқаулықтың 17-тармағында белгіленген тәртіппен патент беру туралы алғашқы өтініште аталған өтінім беруші (өтінім берушілер) қол қоюы қажет. Шығарылатын өтінім берушінің-жеке тұлғаның (ұлттық өтінім берушілерге және үкіметаралық келісімге сәйкес берілген өтінім бойынша өтінім берушілерге ғана) қолы нотариалды расталуы тиіс.
      4) егер патент беру туралы өтініште аталған өлген өтінім берушіні өтінімхатпен мұрагерге ауыстырған жағдайда аталған мұрагердің қолы қажет, ол мұрагерлікке құқық беру туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін ұсына отырып, өзінің мұрагерлікке құқығы бар екендігін заңды түрде дәлелдеуі қажет;
      5) алғашқы өтініште аталған өтінім берушінің-жеке тұлғаның қолын алу мүмкін болмаған жағдайда осы Нұсқаулықтың 63-тармағының 4) тармақшасы қолданылады;
      6) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) салдарынан өтінім берушінің құрамына өзгерістер енгізген жағдайда өтінімхат пен жаңа өтінішке аталған құқық түрі бойынша құқықтық мирасқор   растайтын құжатты ұсына отырып, қол қояды (бөлу балансынан немесе алу-беру актісінен көшірме).
      7) заңды тұлғаны жою салдарынан өзгерістер енгізілген кезде қолдаухат пен жаңа өтінішті беру құқығы фактісін растайтын құжатты ұсына отырып, тиісті құқықтар көшкен адам қол қояды.
      Егер заңды тұлғаны жою кезінде патент алу құқығы берілмесе немесе жойылған заңды тұлғаның қолын алу мүмкін болмаса, өтінімхатқа аталған заңды тұлға үшін қол қою қажет емес. Бұл ретте мүдделі тарап заңды тұлғаның жойылған фактісін растайтын құжатты ұсынады.
      8) Қазақстан Республикасынан тысқары тұратын азаматтар мен шетелдік заңды тұлғалар уәкілетті органда тіркелген сенім білдірілген өкілдер арқылы авторлардың құрамына өзгерістер енгізуге құжаттар береді, бұл ретте сенім білдірілген өкілдің атына берілген сенімхат аталған іс-әрекеттерді орындауға тапсырманы құрауы тиіс.
      9) өзгерістер енгізуге ақы төлегенін растайтын құжат болған жағдайда авторлардың құрамына өзгерістер енгізіледі;
      10) осы тармақтың 2)-9) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда және/немесе ұсынылған құжаттар осы тармақтардың талаптарын қанағаттандырмаса өтінім берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап, үш ай мерзімде жетіспейтін немесе түзетілген құжаттарды беру ұсынылады.
      Сұралған құжаттарды ұсынбаған жағдайда жаңа өтініш берілмеген болып есептеледі және өзгерістер енгізілмейді, бұл туралы өтінім беруші хабарландырылады.

      65. Өтінім берушіні өтінім материалдарымен таныстыру.
      Өтінім беруші (оның өкілі) алдын ала танысу күні мен уақытын келісе отырып, сараптама жасау ұйымында да өтінім мен оған қатысты материалдардың немесе оның бөліктерінің көшірмелерін сұрату арқылы да өзі берген өтініммен және оған қатысты материалдармен таныса алады.

      66. Өтінім берушінің қатысуымен өтінімді қарау.
      Өтінім берушінің қатысуымен өтінімге байланысты мәселелерді қарау сараптама жасау ұйымының ұсынымы немесе өтінім берушінің өтініші бойынша екі тарап осы мәселелермен таныстырылғаннан кейін өткізіледі. Сараптама мәселелері кездесудің мақсатқа сай екендігі хабарлана отырып, сұрау салуда, өтінім берушінің мәселелері - оны өткізу туралы өтініште мазмұндалуы мүмкін.
      Сұрау салынған жағдайда оның жауабы өтінім беруші өтінімді қарауға қатысуға ниет білдіргеніне я білдірмегеніне қарамастан Заңда белгіленген мерзімде ұсынылады.
      Өтінімді қарау мерзімі мен уақыты алдын ала келісіледі. Мән-жай өзгерген жағдайда тағайындалған уақытта өтінімді қарауға қатыса алмайтын тарап бұл туралы тез арада басқа тарапты хабарландырады.
      Егер сараптама жасау ұйымы немесе өтінім беруші өтінімді бірге қарау ертерек немесе мақсатқа лайық емес деп санаса, сараптама жасау ұйымының ұсынысы немесе өтінім берушінің өтініші тиісті дәлелдер жүргізумен бас тартылуы мүмкін.
      Өтінім беруші сараптама жасау ұйымына келгенде оның өтінішін оның қатысуымен қарау туралы өтінішін қанағаттандыру жөнінде алдын ала келісілмеген жағдайда бас тартылуы мүмкін.
      Өтінішті қарауға осы Нұсқаулықтың 59-тармағының шарттарын сақтай отырып, осындай уәкілеттік берілген өтінім берушінің өкілі қатысуы мүмкін.
      Жалғыз өтінім беруші болып табылмайтын адам өкілдікке сенімхаты бар жағдайда ғана басқа өтінім берушілер болмаған кезде өтінімді қарауға қатыса алады.
      Өтінімді өтінім берушінің қатысуымен қарау келіссөздер жүргізу немесе сараптама мәжілісінде қарау жолымен жүзеге асырылады.
      Келіссөздер егер тікелей сарапшы мен өтінім беруші мәселені шешкен кезде жүргізіледі; сараптама мәжілісі - егер мәселені шешу үшін сараптама тарабынан бірқатар мамандардың қатысуы қажет болғанда жүргізіледі.
      Келіссөздер немесе сараптама мәжілісі нәтижесі бойынша белгіленген нысанда екі данада хаттама толтырылады, онда қатысқандар туралы мәліметтер, тараптар жүргізген дәлелдер мен ұсыныстар және одан әрі іс жүргізу туралы шешімдер жазылады.
      Хаттамада:
      өтініш беруші (оның өкілі) ұсынған пайдалы модель формуласының жаңа редакциясы;
      өтінімді кері қайтарып алу өтініші;
      жазбаша түсініктерді тағы сол сияқты талаптарды сараптама мәселелері келтірілуі мүмкін.
      Хаттамаға қарауға қатысқан адамдардың бәрі қол қояды. Бір данасы өтінім материалдарына тігіледі, басқасы өтінім берушіге (оның өкіліне) беріледі.
      Талқыланған мәселелер бойынша келісім болмаған жағдайда хаттамада қарауға қатысқандардың ерекше пікірлері жазылуы мүмкін. Хаттаманың тиісті шешімдерді құрайтын өтінім берушіге (оның өкіліне) берілетін данасын іс жүргізуді немесе сараптама сұранысын тоқтату туралы хабарлама (өтінім қайтарылып алынған жағдайда) ауыстыруы мүмкін, бұл туралы онда тиісті жазба ресімделеді.
      Хаттаманы өтінім берушінің сараптама сұранысына жауабы (егер жауап беру үшін белгіленген мерзімдер бұзылмаған болса) ауыстыруы мүмкін. Бұл ретте хаттамаға тиісті жазба жазылады.

      67. Мерзімдерді есептеу.
      Патент алу жөніндегі рәсімдік әрекеттер жасау үшін мерзімдер әрекет жасауға кететін уақыт кезеңімен айқындалады.
      Егер мерзімі "...ішінде", "...кешіктірмей", "...біткенге дейін", "...мерзімнен бастап", оны есептеу аталған мерзімнің келесі күнінен басталады. Аяқталу мерзімі мерзімнің соңғы айының тиісті санында бітеді. Егер мерзімнің соңғы күні демалыс және мереке күніне келсе, мерзімнің аяқталу күні келесі бірінші жұмыс күнінен есептеледі. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ айға келсе, мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді.
      Байланыс ұйымына мерзімнің соңғы күні өткізілген материалдар мерзімінде жіберілген болып есептеледі.

      68. Сұралған материалдарды ұсыну мерзімін ұзарту.
      1) Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес өтінім берушінің сұралған материалдарды ұсыну мерзімі тиісті өтінімхат берілген кезде ұзартылуы мүмкін.
      Аталған мерзімді сараптама жасау ұйымы мерзімі аяқталған күннен бастап 12 айдан аспайтын мерзімге (оның ішінде егер өтінімхат бірнеше рет берілген жағдайда) ұзарта алады.
      Өтінімхатқа мерзімді ұзартуға белгіленген мөлшерде төлем төленгенін растайтын құжат табыс етіледі. Егер мұндай құжат табыс етілмесе, өтінімхат берілмеген болып есептеледі.
      2) мерзімді ұзарту туралы өтінімхат өтінім беруші сұранысты жіберген күннен бастап үш ай ішінде еркін нысанда табыс етіледі.
      3) сұралған материалдарды ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтінім берушіге хабарланады.
      4) өтінімхатты табыс ету мерзімі сақталмаған жағдайда ол қанағаттандырылмайды, бұл туралы өтінім беруші хабарландырылады.

      69. Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру.
      1) Заңның  23-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш беруші өткізіп алған мына мерзімдер қайта қалпына келтірілуі мүмкін:
      сұраныс бойынша түзетілген немесе болмаған құжатты пайдалы модельге патент беруге сараптама жасау сатысында ұсыну мерзімі;
      патент беруге және оны беру туралы мәліметтерді жариялау құжаттарын әзірлегені үшін ақы төленгенін растайтын құжатты ұсыну мерзімі. Бұл мерзім алты айдан аспайтын мерзімге қайта қалпына келтірілуі мүмкін;
      пайдалы модельге патент беруге сараптама қорытындылары бойынша патент беруден бас тарту туралы қорытындыға қарсылық білдіру мерзімі;
      2) өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінімхат мерзімін өткізіп алған құжаттармен немесе осы мерзімді ұзарту туралы өтінімхатпен бірге еркін нысанда өтінім беруші, егер ұзарту мүмкіндігі Заңда қарастырылса, патент беру туралы құжаттарды және оны беру туралы мәліметтерді жариялағаны үшін ақы төлеуді өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру өтінімхатынан басқа өткізіп алған мерзім аяқталған күннен бастап он екі айдан кешіктірмей табыс етеді. Бұл өтінімхатты өткізіп алған мерзім аяқталған күннен бастап алты ай мерзімнен кешіктірмей өтінім беруші табыс етеді. Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінімхатты берген кезде өтінім беруші мерзімнің өтіп кетуіне дәлелді себептерді көрсету керек. Сараптама жасау ұйымы аталған себептердің бар-жоғын құжат түрінде растауды сұратуға құқылы.
      3) өтінімхатқа белгіленген мөлшерде тиісті төлем төленгенін растайтын құжат қоса ұсынылады.
      Белгіленген мөлшерде төлем төленгенін растайтын құжат аталған мерзімде табыс етілмесе, өтінімхат берілмеген болып есептеледі, бұл туралы өтінім беруші хабарландырылады.
      4) өткізіп алған мерзім қалпына келтірілгені туралы өтінім беруші хабарландырылады.
      5) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған талаптардың біреуі сақталмағаны анықталса, өтінімхат қанағаттандырылмайды, бұл туралы өтінім беруші хабарландырылады.

      70. Өтінімді кері қайтарып алу.
      1) Заңның  27-бабына сәйкес өтінім беруші өтінімді кері қайтарып алуға құқылы.
      Кері қайтарып алу туралы өтініш еркін нысанда пайдалы модель  Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерді Мемлекеттік тізілімде тіркеген күнге дейін берілуі мүмкін.
      Мұндай өтініш келіп түскен кезде өтінім берушіге белгіленген мерзімде кері қайтарып алу туралы хабарлама жіберіледі. Өтінімді кері қайтарып алу туралы хабарламаны өтінім берушіге жібергеннен кейін осы өтінімге қатысты іс жүргізу тоқтатылады.
      2) кері қайтарылып алынған өтінімнің құқықтық салдарлары болмайды, яғни онымен ешқандай заңды мәні бар әрекеттер бұдан кейін жасалмайды (мұндай өтінімге сараптама жүргізілмейді, патент берілмейді, өнертабысқа өтінімге айнала алмайды) және одан әрі өтінім берушінің осы өтінім бойынша негізделуге құқығы жоқ (атап айтқанда, келесі өтінім берген кезде кері қайтарып алған өтінімнің түскен мерзімі немесе оған қосымша материалдардың түскен күні бойынша басымдық танытуға болмайды); кері қайтарып алынған өтінім өнертабыс өтінімдеріне сараптама процесіндегі техника және олардың жаңалығы тексерілген кезде пайдалы модельдер деңгейіне қосылмайды.
      3) осы өтінішті назарға алу туралы хабарламаны өтінім берушіге жібергеннен кейін келіп түскен өтінімді кері қайтарып алу туралы өтінім берушінің өтінішін жарамсыз деп тану туралы оның өтініші жоғарыда 2) тармақшада атап өткен өтінімді кері қайтарып алу нәтижелерін жоюға негіз болмайды.
      4) осы тармақтың 2) тармақшасындағы ережелер, сондай-ақ кері қайтарып алынған деп саналатын өтінімдерге қатысты да қолданылады.

  4-тарау. Пайдалы модельге патент беруге өтінімді қарау 1. Келіп түскен өтінім құжаттарын қарау тәртібі

      71. Келіп түскен өтінім материалдарын тіркеу.
      1) егер келіп түскен материалдар ең болмаса оның құжаттарының (өтініш, пайдалы модельді сипаттау, пайдалы модельдің формуласы, сызбалар) бірін құраса, олардың келіп түскен күні қойыла отырып, тіркеледі.
      Өтінімге сараптама жасау ұйымының жеті саннан тұратын (алғашқы төрт сан өтінімді берген жылы, қалған үшеуі - аталған жыл сериясындағы өтінімнің реттік нөмірін білдіреді) тіркеу нөмірі қойылады, нүкте арқылы күзет объектісі - пайдалы модельдің түрін сипаттайтын 2 бақылау саны қойылады.
      Өтінім материалдарының түскен фактісі туралы сараптама жасау ұйымының реквизиттері (тіркеу нөмірі, түскен күні) қойылған өтініштің бір данасын өтінім берушіге жіберу немесе хабарлама беру арқылы өтінім беруші хабарландырылады.
      2) сараптама жасау ұйымынан шығатын барлық шығыс хат-хабарлар тек бір мекенжайға жіберіледі, бұл ретте:
      егер өтініштің "хат алмасуға арналған" бағанында хат алмасу үшін өтінім берушінің немесе олар бірнеше болса, өтінім берушілердің біреуінің немесе өтінім беруші (өтінім берушілердің) өкілінің мекенжайынан өзге мекенжай көрсетілсе, хат-хабар осы мекенжайға өтінім берушінің атына немесе егер өтінім берушілер бірнеше болса, өтініште бірінші аталған өтінім берушінің атына, ал егер өтінім берушілердің барлығы бірдей Қазақстан Республикасының аумағында тұрмаса немесе орналаспаған болса, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе орналасқан бірінші аталған өтінім берушінің атына жіберіледі;
      егер өтініштің "хат алмасуға арналған" бағаны толтырылмаса, хат-хабарлар өтінім берушінің мекенжайына, егер өтінім берушілер бірнешеу болса, бірінші өтінім берген адамның немесе өтінім берушілердің барлығы бірдей Қазақстан Республикасының аумағында тұрмаса немесе орналаспаған болса, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе орналасқан бірінші өтінім берушінің атына жіберіледі;
      3) егер құжаттар басқа тілде ұсынылып, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы жоқ болса, өтініш беруші өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде немесе төлемі туралы құжатты ұсынуды растайтын төлемі сәйкес келетін екі айдан аспайтын мерзімнен асырмай, аударманы ұсыну қажеттігі туралы хабардар етіледі. Сондай-ақ өтініш беруші аударманы көрсетілген мерзімдерде ұсынбаса, өтінім берілді деп саналмайды және ол бойынша іс жүргізу қалпына келтірілмейді.
      4) тіркелген өтінім материалдары қайтарылмайды.
      5) егер құпия пайдалы модельге өтінім болып табылмайтын өтінімді тіркегеннен кейін оның мемлекеттік құпияны құрайтын өтінім екені анықталса, өтінімді құпиялауға белгіленген тәртіпте шаралар қабылданады.

      72. Өтінім беру төлемін тексеру.
      Тіркелген өтінім материалдардағы белгіленген мөлшердегі өтінімді беру төлемін растайтын құжаттың бар-жоғы тексеріледі. Осындай құжат немесе белгіленген мөлшерден аз төленген жағдайда оның мөлшерін азайтуға негіз болуын растайтын құжат жоқ болған кезде өтініш берушіге жоқ құжатты (құжаттарды) және/немесе белгіленген мөлшерге дейінгі қосымша төлем туралы құжатты өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде немесе екі айдан аспайтын мерзімде тиісті төлем шарты болған кезде ұсыну қажеттігі хабардар етіледі.
      Сондай-ақ өтініш беруші төлемі туралы көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде және белгіленген мөлшерде ұсынбаса, онда өтінім берілмеген болып саналатындығы туралы хабардар етіледі.

      73. Өтінімнің құпиялылығы.
      Өтінім туралы мәлімет патентті беру туралы мәліметтерді жариялауға дейінгі сараптама жасау ұйымына келіп түскен кезден бастап құпия болып саналады және заңсыз түрде жариялауға жатпайды.

      74. Бірінші өтінімнің қол қойылған көшірмесі.
      Шетелдерде өтінім сараптама жасау ұйымына берілген пайдалы модельдік патенттеу кезінде өтініш берушінің өтініші бойынша сараптама жасау ұйымы бірінші өтінімнің қол қойылған көшірмесін өтінімді сараптама жасау ұйымына бергеннен кейін кемінде үш айдан соң сараптама жасау ұйымына береді. Өтініш берушінің өтінішіне тиісті төлемі туралы құжат қоса берілуі тиіс. Бірінші өтінімнің қол қойылған көшірмесі көрсетілген мерзімнен бұрын берілуі мүмкін. Бұл үшін өтініш беруші бірінші өтінімнің қол қойылған көшірмесін беру туралы өтінімхатты өз қолымен жазып, сараптама жасау ұйымына көрсетілген мерзімнен бұрын ұсынуы тиіс.    

  2. Пайдалы модельге патентті беруге өтінімді сараптау

      75. Пайдалы модельге патентті беру жөніндегі өтінімге сараптау жүргізу шарты.
      Сараптама осы Нұсқаулықтың 71-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тіркеуден өткен өтінім бойынша жүргізіледі.

      76. Өтінім беру күнін белгілеу.
      Өтінім беру күні болып оның сараптама жасау ұйымына келіп түскен күні саналады, онда берілген материалдарда мыналар болады:
      өтініш беруші туралы мәліметтер (тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса) немесе өтініш берушінің ресми атауы) көрсетілген арыз;
      пайдалы модель сипаттамасы;
      пайдалы модель формуласы;
      сызбалар.
      Егер сараптама жасау ұйымы өтінім келіп түскен күні жоғарыда көрсетілген мәліметтер және/немесе құжаттар болмаса, сараптама жасау ұйымы бұл туралы өтініш берушіні хабардар етеді және осы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде жетіспейтін құжаттарды (мәліметтерді) тапсыруды ұсынады. Сұрау салынған құжаттар (мәліметтер) келіп түскен күннен бастап датасы қойылады, бұл туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Өтініш беруші сұрау салынған құжаттарды (мәліметтерді) белгіленген мерзімде тапсырмаса, өтінім берілмеген болып саналады, бұл туралы өтініш берушіге тиісті хабарлама жіберіледі.

      77. Өтінім сараптамасының мазмұны.
      Өтінім сараптамасы кезінде мыналар тексеріледі:
      өтінімде мазмұндалуы тиіс немесе оған қоса берілетін құжаттардың осы Нұсқаулықтың 13, 14-тармақтарына сәйкес болуы;
      төлемнің белгіленген мөлшерге сәйкестігі;
      өтінім құжаттарына осы Нұсқаулықтың 17-58 тармақтары сәйкес қойылатын талаптардың сақталуы;
      патенттік өкілеттігін куәландыратын сенімхаттың ресімделуін және дұрыстығын қоса алғанда Заңның  36-бабы 3-тармағында көзделген өтінім бойынша іс жүргізу тәртібінің сақталуы;
      осы Нұсқаулықтың 8, 10-тармақтарына сәйкес пайдалы модель ретінде күзетуге жататын объектілерге ұсынысқа өтінім берілді ме;
      осы Нұсқаулықтың 11, 12-тармақтарына сәйкес пайдалы модель бірлігі талаптарының сақталуы;
      берілген қосымша материалдар ұсынылған пайдалы модельдің мазмұнын өзгертпей ме (егер ол ұсынылса) және осы Нұсқаулықтың 84-тармағына сәйкес оларды ұсынудың белгіленген тәртібі сақталған ба;
      өтініш беруші жүзеге асырған пайдалы модельдің МПК бойынша топтасуының дұрыстығы (немесе осындай топтасу жасала ма);
      өтінімді сараптама жасау ұйымына беру күніне қарағанда ерте басымдықты сұратудың негізділігі.

      78. Жоқ немесе түзетілген өтінім материалдарына сұрау салу.
      1) егер сараптама барысында өтінім оның құжаттарына қойылған талаптарды бұзуға ресімделген болса немесе өтінім пайдалы модельді күзету объектісіне берілген болса, өтініш берушіге құқықтық сипаттағы аргументтерді келтіріп, жоқ немесе түзетілген құжаттарды жіберген күннен бастап үш ай ішінде беруді Заңның 23-бабы, 2-тармағына сәйкес ұсына отырып, табылған кемшіліктерді көрсетіп, сұрау салынады. Конвенцияланған басымдықты сұратқан жағдайда бірінші өтінімнің (өтінімдердің) көшірмесі (көшірмелері) жоқ болып шықса, ол өтінім келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде сараптама жасау ұйымына ұсынылуы мүмкін.
      2) сұрау салуға мыналар негіз болып табылады:
      өтінімде осы Нұсқаулықтың 13, 14-тармақтарында көзделген құжаттардың біреуі болмаса;
      осы Нұсқаулықтың 8, 10-тармақтары талаптарының бұзылуы;
      өкілге сенімхат ресімдеуде талаптардың бұзылуы;
      аз белгіленген даналар санындағы өтінім құжаттарын ұсыну;
      Қазақстан Республикасынан тысқары тұратын жеке тұлғалардың өтінім беруі немесе уәкілетті орган патенті арқылы тіркемеген шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықаралық келісімінде осындай өтінім беру тәртібі қойылмаған болса;
      өтініште осы Нұсқаулықта көзделген деректемелердің, қолдың, мөр таңбаның патентін беру туралы, сондай-ақ өтініште келтірілген мәліметтерді нақтылау қажеттілігін көрсетпесе;
      төлеммен байланысты мәселелерді анықтау қажеттігі;
      қайта жасауға, жариялауға, сақтауға және/немесе олармен мүдделі тұлғаларды таныстыру мүмкіндігін тудырмауға (парақтардың форматына, ақ шеттердің мөлшерлеріне, өтінім материалдарының оқылуы қиындық тудыратын жарияланым сапасы талаптарының бұзылуы) кедергі келтіретін құжаттарды ресімдеуде кемшіліктерді анықтау;
      егер пайдалы модель атауына арнайы атау қосылған болса, Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбаларына үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзу мүмкіндігімен байланысты мәселелерді түсіндіру қажеттігі;
      осы Нұсқаулықта көзделген пайдалы модельді сипаттауда құрылымдық тараулардың жоқ болуы (егер мәліметтер белгілі бір тарауда баяндалуы тиіс болып, басқа тарауда келтірілсе, сұрау салу жіберілмейді), сондай-ақ сипаттауда немесе пайдалы модель формуласында ақпарат дереккөзіне жіберу белгісімен ауыстырылса;
      өтінімде жалпытүсінікті болып табылмайтын дереккөздерге сілтеменің, не болмаса оларда сол мәліметтерді жариялау мүмкіндігіне нұсқаулардың болуы (патент туралы осындай мәліметтерді жариялау кезінде көрсетуді қаламаған авторлар туралы мәліметтерді есептемегенде);
      пайдалы модель формуласы тармағын баяндау туралы бір ұсыныс түрінде осы Нұсқаулықтың 43-тармағы 2-тармақшасы талаптарының бұзылуы;
      пайдалы модельді белгілеуде құқықтық күзет сұратылатын алғашқы ұғым формуласының жоқ болуы;
      формулада пайдалы модель белгілерінің орнына оның пайдалану көрсеткіштері туралы деректермен тұтыну сапаларының, әсерлері мен құбылыстарының болуы;
      сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдалы модель формуласында баяндау туралы осы Нұсқаулықтың 37-тармағының 
4-тармақшасы талаптарының бұзылуы;
      пайдалы модельдің көптізбекті формуласының тәуелді тармақтарында оны орындаған немесе қолданған тиісті жағдайларда қоғамдық мүдделерге, адамгершілік және мораль қағидаларына қарсы келетін белгілердің бар болуы;
      формуланың байланысты тармағы бір ғана пайдалы модельге қатысты осы Нұсқаулықтың 44-тармағы талаптарының бұзылуы;
      формула тармағының белгісін (белгілерін) алып тастау немесе ауыстыру болжалған байланысты тармақтың пайдалы модель формуласында болуы;
      өтінім құжаттарының бір-біріне сәйкес келмеуі (ішінара, өтініште келтірілген пайдалы модель атауының сипаттамада келтірілген атаумен сәйкес келмейді; пайдалы модель сипаттамасында пайдалы модель формуласында көрсетілген белгілер болмайды; пайдалы модель формуласында "Пайдалы модель мазмұнын" сипаттау тарауында тапсырушы көрсеткен белгі болмайды; сызбалар пайдалы модель сипаттамасына сәйкес келмейді);
      баяндамаға осы Нұсқаулықтың 47-тармағы талаптарының бұзылуы;
      осы Нұсқаулықтың 50-тармағына сәйкес пайдалы модель формуласында және жалпы қабылдау терминологиясы баяндамасында, өтінім материалдары мәтінінде терминология бірлігін сақтау, пайдалану туралы сипаттама талаптарының бұзылуы;
      бір белгінің нақты сипаттамасын сипаттауда үйлесетін формулада жаңылыс көрсетілген белгінің ("ерекше", "арнайы", "жақсартылған") болуы;
      белгілер формуласында пайдалы модель объектісі болып табылатын қондырғыдағы ауызша, бейнелеу немесе аралас сипаттағы белгілердің болуы. Бұл ретте өтініш берушіге осындай белгілердің сәйкес келу немесе олардың қондырғымен бірдей тауарларға арналған немесе қызмет көрсету түрлеріне, не болмаса тауарлардың шығу орындарының атауына сәйкес және пайдалы модельді пайдаланған жағдайда патентті алушы мен тауарлық белгінің (қызмет көрсету белгісінің) иесі құқықтарының қайшы келуінің басқа адамдар тіркеген немесе тіркеуі мүмкін тауар белгілерімен (қызмет көрсету белгілерімен) араласу деңгейіне дейін ұқсас болу мүмкіндігі хабарланады;
      жалпы түрде сипатталған белгінің жеткіліктілігін растайтын мәліметтерді сипаттауда өтініш беруші көрсеткен техникалық нәтижені алу үшін пайдалы модель формуласының байланысты тармағына енгізілген қалған белгілермен жиынтығында жоқ болуы;
      өтінімде ерте сұратылған басымдықты белгілеумен байланысты мәселелерді түсіндіру қажеттігі;
      пайдалы модель формуласын сипаттаудың және осы Нұсқаулықтың басқа да талаптарын бұзушылықтың болуы;
      Сұрау салуда өтініш берушіге бір пайдалы модельге жататын нақты сипаттаманы және формуланы не болмаса бірыңғай өнер тапқыштық ойды құрайтын пайдалы модель тобын ұсынуы мүмкін;
      тапсырушының түзетілген құжаттары, сұрау салуға сәйкес, сонымен қатар өтініш берушінің бастамасы бойынша енгізілген түзетулер осы Нұсқаулықтың 84-тармағының шарттарын сақтай отырып ұсынылады.
      3) сараптаманың сұрау салуына жауап оны жіберген күннен бастап үш айдан кешіктірмей ұсынылуы тиіс. Бұл мерзім өтініш бойынша, тиісті төлем жасалған жағдайда өтініш иесіне кемінде 12 айдан кейін ұзартылуы мүмкін. Өтінімге сараптама сұрау салуға жауап алғанға дейін тоқтатылады.
      4) егер өтінім иесі белгіленген мерзімде сұралатын материалдарды толық көлемде немесе осы Нұсқаулықтың 66-тармағында көзделген талаптарды сақтай отырып, оларды ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы ұсынымды ұсынбаса, өтінім кері қайтарылып алынған болып есептеледі, бұл туралы өтінім иесіне хабарланады. Сараптама жасау ұйымымен жіберіп алынған мерзімді қалпына келтірген жағдайда осы Нұсқаулықтың 67-тармағына сәйкес іс жүргізу жалғастырылуы мүмкін.

      79. Өтінім мәнін классификациялау.
      Өтінім мәнін техниканың белгілі бір саласына жатқызу мақсатында сараптама жасау ұйымы мәлімделген пайдалы модельдерді ХПК-ға сәйкес классификациялайды.
      Классификациялау өтінімге сараптама жүргізу кезінде жүзеге асырылады.
      Классификациялау ХПК енгізумен белгіленген ережелерге сәйкес жүргізіледі.
      Классификациялау кезінде классификациялық индексті таңдау үшін мәлімделген пайдалы модель формуласы негіз болып табылады. Пайдалы модельді одан да толығырақ классификациялау үшін суреттемелер мен сызулар пайдаланылады. Егер өтінім ХПК әр түрлі айдарларына жататын бірнеше объектіні қамтыса, барлық тиісті классификациялық индекстер белгіленеді. Бұл ретте бірінші индексті таңдау пайдалы модельдің атауымен айқындалады.

      80. Өтінімнің және қосымша материалдардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы хабарлама.
      1) егер мәлімделген пайдалы модельдердің мәніне талдау жүргізілмей, өтінімді қарау нәтижесінде осы Нұсқаулықтың 11, 12-тармақтарына сәйкес өтінім пайдалы модельдің бірыңғай талаптарын бұза отырып, берілгені анықталса, өтінім иесіне бұл туралы хабарлама жіберіледі және оның жіберілген күнінен бастап үш ай ішінде пайдалы модельдердің қайсысы қаралуы керек екенін хабарлау және қажет болғанда өтінім материалдарына нақтылау енгізу ұсынылады.
      Пайдалы модельдің бірыңғай талаптарының сақталуы пайдалы модельдің бастапқы формуласына қатысы бойынша немесе, егер ол өзгерген болса, - өтінім иесі белгіленген тәртіппен ұсынған соңғы формулаға қатысы бойынша тексеріледі.
      Егер өтінім иесі пайдалы модельдердің қайсысын (немесе бірыңғайлық талаптарына сай келетін пайдалы модель топтарына, егер ұсынылған пайдалы модельдердің ішінде осындай топтар болса) қарау қажет екенін белгіленген мерзімде хабарламаса және нақтыланған құжаттарды ұсынбаса, сараптама тек формулада бірінші болып көрсетілген пайдалы модельге (немесе пайдалы модельдің бірыңғай талаптарына жауап беретін топты құрайтын формулада бірінші болып көрсетілген мәлімделген пайдалы модельдерге) ғана қатысты жүргізіледі.
      2) егер қосымша материалдар жалпы немесе ішінара мәлімделген пайдалы модельдің мәнін өзгертетін болса және/немесе осы Нұсқаулықтың 84-тармағында көзделген талаптар сақталмай ұсынылған болса, өтінім иесі сараптама кезінде олар жалпы немесе тиісті бөлігінде назарға алынуы мүмкін еместігі туралы хабарландырылады.
      Қосымша материалдар, өтінімді түзететін немесе нақтылайтын құжаттар осы Нұсқаулықтың 61-тармағының талаптарын бұза отырып ұсынылғаны анықталған жағдайда өтінім иесі бұл туралы хабардар етіледі.
      Көрсетілген тәртіп бұзушылықтар туралы өтінім иесі негіздер болған жағдайда жіберілетін сұрау салумен де хабардар етілуі мүмкін.

      81. Патент беруден бас тарту туралы қорытынды.
      1) өтінімге сараптама жасау нәтижесінде ол пайдалы модельдер ретінде қорғалатын объектілерге жатпайтын ұсынысқа ресімделгені анықталса, Заңның 23-бабының 3-тармағына сәйкес өтінім иесіне патент беруден бас тарту туралы қорытынды жіберіледі.
      Мәлімделген ұсыныс жалпы алғанда формуланың тармағында сипатталған түрінде осы Нұсқаулықтың 10-тармағында келтірілген ұсыныстар тізбесіне кіретін болса, немесе осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көрсетілген объектілерге жатпайтын болса, онда пайдалы модельдер ретінде қорғалатын объектілерге жатады деп танылмайды.
      Егер мәлімделген объект көптізбекті формулада сипатталса және тәуелді тармақтың мазмұны осы объектінің қоғамдық мүдделерге, адамгершілік және мораль қағидаларына қайшылығын білдірсе, мұндай объект те пайдалы модель болып танылмайды.
      Формуланың қандай бір тармағында сипатталған объект жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, пайдалы модель болып танылмайтын жағдайда өтінім иесіне патент беруден бас тарту туралы қорытынды үшін негіз болуы мүмкін дәлелдерді баяндап, қажет болса, тиісті ақпарат көздеріне сілтеме жасала отырып, және пайдалы модель  формуласын растап, келтірілген дәлелдерді жоққа шығару немесе тиісті тармақты түзетіп немесе алып тастап, пайдалы модель формуласын өзгерту ұсынылып, сұрау салу жіберіледі.
      Егер өз жауабында өтінім иесі сараптама дәлелдерін жоққа шығармаса және сұрау салуда ұсынылған өзгерістерді формулаға енгізбесе, патент беруден бас тарту туралы қорытынды шығарылады.
      Бұл ретте қорытындыда формуланың басқа тармақтарында  сипатталған (егер бұл сараптама процесінде анықталған болса) ұсыныстардың принциптік қорғау қабілеті атап өтілуі мүмкін.
      2) патент беруден бас тарту туралы қорытындыда келтірілген дәлелдермен келіспеген жағдайда қорытынды жіберілген күннен бастап үш айдың ішінде уәкілетті органның апелляциялық кеңесіне  келіспеушілік білдіру туралы өтінім иесінің құқығы қосымша хабарланады.

      82. Пайдалы модельдің басымдығын анықтау.
      1) Заңның 20-бабының 1-тармағына сәйкес пайдалы модельдің басымдығы өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күні бойынша  анықталады (беру күнін анықтау тәртібі осы Нұсқаулықтың 76-тармағында келтірілген).
      2) Заңның  20-бабының 2-тармағына сәйкес басымдық Өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясына (бұдан әрі - Париж конвенциясы) қатысушы мемлекетте, сондай-ақ онда көзделген халықаралық және өңірлік ұйымдарда (конвенциялық басымдық) бірінші өтінім берілген күн бойынша анықталуы мүмкін. Өтінім иесі конвенциялық басымдықты сұраған жағдайда мынадай талаптарды сақтауы тексеріледі:
      конвенциялық өтінімнің сараптама жасау ұйымына өтінім иесінің Париж конвенциясына мүше мемлекетте бірінші өтінімін беруі, егер оның құқықтық мұрагерінің бірінші өтінім берілген күннен бастап он екі ай ішінде беруі. Көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ егер өтінім иесіне тәуелді емес жағдайлар бойынша оның сақталуы мүмкін болмаған жағдайда кемінде екі айға ұзартылады. Егер өтінім көрсетілген екі айдың ішінде берілген болса, мұндай жағдайлардың  аталғаны тексеріледі, егер аталған болса, осы жағдайлар болғанын құжат түрінде растау қажеттілігі белгіленеді;
      өтінім иесі сараптама жасау ұйымына өтінімнің келіп түскен күнінен бастап екі ай өткенге дейін конвенциялық басымдық құқығымен пайдалану ниеті туралы көрсетті ме;
      сараптама жасау ұйымына өтінімнің келіп түскен күнінен бастап алты ай өткенге дейін бірінші өтінімнің расталған көшірмесін сараптама жасау ұйымына ұсыну.
      3) бұрын берілген өтінімге қосымша материалдардың келіп түскен күні бойынша басымдық белгілеу.
      Бұрын берілген өтінімге қосымша материалдардың келіп түскен күні бойынша пайдалы модельдің басымдығын өтінім иесі сұратқан жағдайда Заңның 20-бабының 3-тармағына сәйкес мынадай талаптарды сақтағаны тексеріледі:
      мәлімделген пайдалы модельдің мәнін өзгертеді деп танылуына байланысты қосымша материалдарды назарға алу үшін қабылдаудың мүмкін еместігі туралы сараптама жасау ұйымының хабарламасын өтінім иесіне жіберген күннен бастап үш ай ішінде бірінші өтінім иесінің немесе оның құқықтық мұрагерінің мұндай басымдық сұралатын өтінімді сараптама жасау ұйымына беру. Қосымша материалдардың өтінімнің мәнін өзгертеді деп тану туралы қорытынды өтінімді сараптама кеңесінде қарау нәтижесінде алынса және хаттамада бекітілсе, хаттамаға қол қойылған күн көрсетілген хабарламаны өтінім иесіне жіберу күні болып есептеледі;
      басымдық сұрау үшін негіз болып табылатын қосымша материалдар берілген өтінім басымдық сұралып отырған өтінімді беру күнінен бастап кері қайтарылып алынбаса немесе кері қайтарылып алынды деп танылмаған болса.
      4) сол өтінім иесінің бұдан бұрын берілген өтінімінің берілген күні бойынша басымдық белгілеу.
      Өтінім иесі бұдан бұрын берілген өтінімінің берілген күні бойынша басымдық белгілеуді сұраған жағдайда Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес мынадай талаптарды сақтағаны тексеріледі:
      өнертабысқа бұрын берілген өтінімді беру күнінен бастап 12 ай ішінде немесе пайдалы модельге бұрын берілген өтінімде беру күнінен бастап алты ай ішінде бұрын берілген өтінім иесінің немесе оның құқықтық мұрагерінің мұндай басымдық сұралатын өтінімді сараптама жасау ұйымына беруі;
      бұрын берілген өтінім бойынша осы өтінімді бергеннен гөрі бұрын берілген өтінімде өнертабыстың немесе пайдалы модельдің басымдығы сұралмаған;
      бұрын берілген өтінім кері қайтарылып алынбаса және мұндай басымдық сұралған өтінімді берген күнге дейін кері қайтарылып алынды деп танылмаған.
      Бұрын бірнеше рет берілген өтінімдердің негізінде басымдық сұралмаған жағдайда көрсетілген талаптар олардың әрқайсысы бойынша сақталған болуы керек.
      Көрсетілген басымдық сұралған өтінімді беру кезінде бұдан бұрынғы өтінім кері қайтарылып алынған болып есептеледі, бұл туралы өтінім иесіне хабарланады.
      5) бөлінген өтінім бойынша басымдықты белгілеу.
      Бөлінген өтінім бойынша өтінім иесі басымдық сұраған жағдайда Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес мынадай талаптардың орындалғаны тексеріледі:
      осы өтінім иесінің бастапқы өтінімінде бөлінген өтінімнің пайдалы моделінің мәні ашылды ма;
      бастапқы өтінім бойынша патент беруден бас тарту туралы сараптама жасау ұйымының қорытындысы шығарылғанға дейін өтінім иесінің немесе оның құқықтық мұрагерінің сараптама жасау ұйымына бөлінген өтінім беруі, патент беру туралы уәкілетті орган шешім қабылдағанға дейін көрсетілген өтінім бойынша сараптама жасау ұйымы патент беру туралы қорытынды шығарған жағдайда қарсылық білдіру мүмкіндігі;
      бастапқы өтінім кері қайтарылып алынбаған және бөлінген өтінім берілген күнге дейін кері қайтарылып алынған деп есептейді;
      Көрсетілген талаптар сақталған жағдайда пайдалы модель  басымдығы бастапқы өтінім берілген күн бойынша белгіленеді, ал бастапқы өтінім бойынша басымдық құқығы болған жағдайда - осы басымдықтың күні бойынша белгіленеді. Егер бастапқы өтінім конвенциялық болып табылса, егер өтінім иесінің тиісті өтініші болса, сараптама жасау ұйымына конвенциялық өтінімді беру күні бөлінген өтінімді беру күні болып табылады.
      6) бірнеше басымдықтарды анықтау.
      Өтінім иесі бірнеше басымдық сұраған жағдайда Заңның 20-бабының 6-тармағына сәйкес өтінім иесі көрсеткен басымдықтар сұрау үшін негіздерге қарай осы тармақтың 2)-5) тармақшаларында санамаланған талаптардың сақталуы тексеріледі.
      Атап айтқанда, егер пайдалы модель формуласының тәуелсіз тармақтарының бірінде сипатталған пайдалы модель үшін осы өтінім иесінің бұрын берілген өтінімін беру күні бойынша басымдық сұралса осы тармақтың 4) тармақшасына сәйкес, ал басқа тәуелсіз тармақта сипатталған пайдалы модельге қатысты - осы өтінімге қосымша материалдардың келіп түскен күні бойынша басымдық сұралса осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес, онда көрсетілген пайдалы модельдердің әрқайсысына қатысты тиісті тармақта келтірілген талаптар сақталуы тиіс немесе тәуелсіз және тәуелді тармақтарда сипатталған пайдалы модельге қатысты Заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес берілген күні әр түрлі алғашқы екі өтінімдер негізінде түрлі конвенциялық басымдықтар сұралса, онда осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген талаптарды өтінім иесі сақтағаны анықтау кезінде алғашқы екі өтінімнің көшірмелерінің бар-жоғы, алғашқы өтінімдерді беру күніне қатысты он екі айлық мерзімнің сақталғаны тексеріледі.
      Егер өтінім иесі бірнеше басымдық сұраған кезде пайдалы модельдің көптізбекті формуласының тармақтары бойынша күндері қойылмаған болса, өтінім иесіне сұралатын басымдықтың күндері формуланың қандай тармақтарына сәйкес келетінін көрсету ұсынылады, бұл ретте өтінім иесіне тиісті мәліметтер ұсынбаған жағдайда формуланың барлық тармақтарына қатысты басымдық ең кешірек күнмен белгіленетіні туралы хабарланады.
      7) пайдалы модельдің басымдығын белгілеу талаптарын сақтауын тексеру.
      1) пайдалы модельдің басымдығын белгілеу талаптарын сақтауын тексеру кезінде осы тармақтың 3)-5) тармақшаларына сәйкес соның негізінде басымдық сұралатын өтінім немесе мұндай сұрауға негіз болып табылатын қосымша материалдар берілген өтінім қайтарылып алынған немесе қайтарылып алынған деп есептеле ме, жоқ па анықталады. Егер өтінім қайтарылып алынған деп есептелсе, өтінім иесі осы Нұсқаулықтың 69-тармағына сәйкес өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру қажеттігі туралы хабарланады.
      Сұралған басымдықты белгілеу шарты ретінде көрсетілген мерзімдерді өтінім иесінің сақтауын тексеру кезінде осы нұсқаулықтың 67-тармағын басшылыққа алған жөн.
      Өтінім иесінің басымдық сұрау үшін негіз болып табылатын бұрын берілген материалдарда (бұрын берілген өтінімде, қосымша материалдарда) өтінім берілген пайдалы модельді ашумен байланысты талапты сақтауын анықтау кезінде материалдарда (сипаттамада, бұрын берілген өтінімнің формуласында, қосымша материалдардың мәтіндік бөлігінде) сұралған пайдалы модельдің формуласына енгізілген барлық белгілердің енгізілгені тексеріледі.
      Осы тармақтың 2)-5) тармақшаларында көрсетілген талаптарды өтінім иесі сақтаған жағдайда өтінім берілген өнертабысқа сұралған басымдық белгіленеді.
      Пайдалы модельге басымдық конвенциялық өтінімнен бөлінген өтінім бойынша сұралған жағдайда осы тармақтың 5) тармағының талаптары сақталғанда пайдалы модельдің басымдығы конвенциялық өтінімнің басымдық күні бойынша белгіленеді. Бұл ретте бөлінген өтінімді беру күні болып конвенциялық өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күн есептеледі.
      Өтінім иесі осы тармақтың 2)-6) тармақшаларында көрсетілген талаптардың біреуін сақтамаған жағдайда пайдалы модельдің басымдығы Заңның 20-бабының 1-тармағына сәйкес өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күні бойынша (бұл туралы өтінім иесіне алдын ала хабарлап) белгіленеді.
      Егер көптізбекті формуланың тармақтарының бірінде сипатталған пайдалы модельге қатысты көрсетілген талаптар сақталмаған болса, өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күн бойынша басымдық тек осы пайдалы модель үшін ғана белгіленеді.

      83. Патент беру туралы қорытынды.
      1) егер сараптама нәтижесінде өтінімде барлық қажетті құжаттардың бар екені, осы Нұсқаулықта белгіленген оған қойылатын талаптар сақталғаны және өтінім берілген ұсыныс пайдалы модельдер ретінде қорғалатын объектілерге жататыны анықталса, Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес өтінім иесі ұсынған формуламен пайдалы модельге патент беру туралы қорытынды шығарылады. Сараптама жасау ұйымының қорытындысы патент беру туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жіберіледі бұл туралы (мұндай шешім қабылданған жағдайда) өтінім иесіне хабарланады.
      Уәкілетті органның патент беру туралы шешім қабылдағаны туралы өтінім иесіне хабарлама жіберілген күннен бастап екі ай ішінде өтінім иесі сараптама жасау ұйымына патент беруге және жариялауға дайындық үшін тиісті төлем жасағанын растайтын құжат ұсынады. Көрсетілген құжат ұсынылмаған жағдайда өтінім қайтарылып алынған болып есептеледі, өтінім бойынша іс жүргізу тоқтатылады, бұл туралы өтінім иесі хабарландырылады. Өтінім бойынша іс жүргізу осы Нұсқаулықтың 69-тармағының талаптары орындалған жағдайда қалпына келтірілуі мүмкін.
      Өтінім иесі патент бергені үшін мемлекеттік баж салығын төлеу қажеттігі туралы хабарланады, төлегені туралы құжатты ол уәкілетті органға ұсынады.
      2) патент беру туралы қорытынды өтінім берілген пайдалы модельдің Заңның  7-бабының 1-тармағында белгіленген патент қабілеттігі талаптарына сәйкестігі тексерілмей қабылданады.
      3) егер пайдалы модельге өтінімді сараптау процесінде басымдық күні сондай иелігіндегі өнертабысқа немесе пайдалы модельге қайтарылмаған немесе қайтарылған деп есептелмейтін басқа өтінім бар екені анықталса, онда оны сараптама жасау ұйымына ертерек жіберілген күні дәлелденген өтінім бойынша қорытынды беріледі, ал күндері сәйкес келген жағдайда - сараптама жасау ұйымының ертерек тіркеу нөмірі бар өтінім бойынша беріледі.
      4) Заңның  29 және   33-баптарында көзделген жағдайларда пайдалы модельдің патент қабілеттілігі талаптарына сәйкестігі туралы мәселе қаралғанда мыналар ескеріледі.
      Егер техника деңгейінде пайдалы модель сол мақсаттағы белгісіз құрал мақсатының сипаттамасын қоса алғанда, пайдалы модельдің формуласының тәуелсіз тармағында келтірілген барлық елеулі белгілер (соңғыларға осы Нұсқаулықтың 37-тармағы 4) тармақшасының талаптарын қанағаттандырмайтын белгілер жатпайды, себебі оларға қатысты қол жеткізілетін техникалық нәтижеге әсері белгіленуі мүмкін емес) тән болса, патентпен қорғалатын пайдалы модель "жаңалық" талабына сәйкес деп есептеледі.
      Техниканың деңгейі туралы мәліметтер сол мақсаттағы құралдар туралы әлемде жарияланған пайдалы моделі басымдығының күніне дейін жалпы қолжетімді болған мәліметтер кіреді, бұл өтінім берілген пайдалы модель, оларды Қазақстан Республикасында оларды қолдану туралы мәліметтер, сондай-ақ басқа тұлғалар пайдалы модельдерге және өнертабыстарға өтінім берген және патенттелгенде Қазақстан Республикасында бұрынырақ басымдық беріледі.
      Бұл ретте Заңның 7-бабының мақсаттары үшін:
      басқа тұлғалар берген өтінімдер деп өтінім иелерінің құрамы осы өтінім иелерінің құрамынан айырмашылығы бар өтінімдер деп түсініледі;
      техника деңгейіне өтінім берушілер қайтарып алған өтінімдер, сондай-ақ қайтарып алынған деп есептелетін өтінімдер енгізілмейді;
      техника деңгейіне еуразиялық өтінімдер, сондай-ақ Патенттік кооперация туралы Келісім нұсқаулығының 4.9 (а) ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының нұсқауымен халықаралық өтінімдер енгізіледі;
      өтінім техника деңгейіне осы өтінімдегі өтінім, сипаттама, формула және сызулар (өнертабысқа өтінім үшін - егер сипаттамада оларға сілтемелер болған жағдайда ғана) келіп түскен күндегі сипаттама мен формулаға қатысты енгізіледі. Егер бұл күн қаралатын өтінімнің басымдығы күнінен кешірек болса, ерте басымдығы бар өтінім басымдық белгілеу үшін негіз болатын материалдардың мазмұнына сәйкес келетін оның мазмұны бөлігіндегі техника деңгейіне енгізіледі (бірінші өтінім, бұрын берілген өтінім, осы өтінімге қосымша материалдар);
      Қазақстан Республикасында патенттелген (оның ішінде осы тұлға) өнертабыстар мен пайдалы модельдер (яғни тиісті Мемлекеттік тізілімдерде тіркелген) тиісті Мемлекеттік тізілімде өнертабыс немесе пайдалы модельді тіркеу жүргізілген формулаға қатысты ғана техника деңгейіне енгізіледі.
      Патентпен қорғалатын пайдалы модель мынадай талаптар орындалған жағдайда "өнеркәсіптік пайдалану" талабына сәйкес деп есептеледі:
      оның негізінде патент берілген өтінімде өнеркәсіп құралы немесе тұтыну бұйымы немесе олардың құрамдас бөлігі ретінде пайдалы модельдің мақсаты нақты көрсетілсе немесе осы мақсат осы Нұсқаулықтың 19-тармағында жазылғандай, пайдалы модельдің атауынан немесе осы Нұсқаулықтың 37-тармағында көрсетілгендей пайдалы модель формуласынан мақсаты тура болса;
      пайдалы модельді формуланың әрбір тармағына сәйкес орындау кезінде осы Нұсқаулықтың 37-тармағы 4) тармақшасының талаптарын қанағаттандырмайтын белгілерді есептемегенде көрсетілген мақсат іс жүзінде іске асырылса;
      басымдық күніне белгілі немесе өтінімде сипатталған (өтінім түскен күннен бұрын басымдық анықталған жағдайда - оның негізінде басымдық белгіленген өтінімде де, материалдар да) формуланың кез-келген тармағында сипатталған түрінде пайдалы модельді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құралдар мен әдістер.

      84. Қосымша материалдарды тексеру.
      1) Заңның 21-бабының 1-тармағына сәйкес өтінім иесі өтінім құжаттарына осы өтінім бойынша патент беру туралы немесе патент беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін өтінім берілген пайдалы модельдің мәнін өзгертпей түзетулер мен нақтылаулар енгізуге құқылы.
      Өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай өткенге дейін өтінімді түзететін немесе нақтылайтын (яғни олардың мазмұнына енгізілуі тиіс) қосымша материалдар ұсынылған жағдайда көрсетілген өзгерістер өтінім иесінің бастамасы бойынша енгізілгенге жататындығын тексеру қажет, егер оған жататын болса, көрсетілген құжаттармен бірге белгіленген тәртіппен төлем төленгенін растайтын құжат ұсынылғанын тексеру керек. Көрсетілген төлем туралы құжат ұсынылмаған жағдайда бұл материалдар өтінімді қарау кезінде назарға алынбайды, бұл туралы өтінім иесі хабарландырылады. Мұндай хабарлама өтінім иесіне жіберілетін кезекті сараптама құжатының мазмұнына енгізілуі мүмкін.
      Өтінім құжаттарын өзгерту өтінім иесінің бастамасы бойынша енгізілгендерге жататындығы туралы мәселені шешу кезінде мыналарды басшылыққа алу қажет:
      өтінім иесі сараптаманың қандай да бір жазбаша хабарламасын, оның ішінде сұрау салуды алғаннан кейін де, мұндай хабарламаны алғанда да ол ұсынған өтінім құжатының өзгерістері өтінім құжатын дайындау кезінде жол берілген оған қойылатын талаптарды жоюға бағытталса, өтінім иесінің бастамасы бойынша енгізілген деп есептелмейді;
      өтінім иесінің сараптаманың қандай да бір хабарламасын алғаннан кейін оның ұсынған өтінімінің құжаттары, оның ішінде сұрау салуы бұл өзгерістер мұндай өзгерістер жазбаша сараптама хабарламасының мазмұнымен байланысты болса, өтінім иесінің бастамасы бойынша енгізілген деп есептелмейді.
      Қандай да бір сараптама, оның ішінде сұрау салудың хабарламасын алғаннан кейін де, мұндай хабарламаны алмағанда да өтінім иесі ұсынған құжаттарының барлық өзге өзгерістері өтінім иесінің бастамасы бойынша құжаттарды өзгерту болып табылады.
      2) сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша өтінім иесі берген қосымша материалдарға қатысты өтімі иесінің оларды ұсынудың белгіленген мерзімдерін сақтауы тексеріледі.
      Көрсетілген материалдар өтінім иесіне сұрау салу жіберілген күннен бастап үш ай ішінде ұсынылуы керек.
      Өтінім иесінің белгіленген мерзімдерді сақтауын тексеру кезінде осы Нұсқаулықтың 67-тармағын басшылыққа алған жөн.
      Өтінім иесі қосымша материалдарды көрсетілген мерзімдерді бұза отырып, бұл мерзімдер осы Нұсқаулықтың 66-тармағына сәйкес ұзартылмаған болса, ұсынғаны анықталса, өтінім қайтарылып алынған болып есептеледі, бұл туралы өтінім иесіне хабарланады.
      3) өз бастамасы бойынша немесе сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша өтінім иесі ұсынған және қарау үшін қабылданған қосымша материалдар келіп түскенде олар өтінім берілген пайдалы модельдің мәнін өзгертпей ме деген мәселе тексеріледі. Қосымша материалдарда формулаға енгізуге жататын өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілерді қамтыса, олар өтінім берілген пайдалы модельдің мәнін өзгертетін болып танылады.
      Белгілер өтінім иесі ұсынған нақтыланған формулада болса ғана емес, сонымен қатар өтінім иесі мұндай енгізуді көрсетсе де, пайдалы модель формуласына енгізуге жатады деп есептеледі.
      Қосымша материалдарда бар және формулаға енгізілуге жататын белгілер формулада немесе өтінімдегі сипаттамада патент беру туралы өтініш, сипаттама, пайдалы модель формуласы және сызу сараптама жасау ұйымына келіп түскен күні болмаса, өтінімнің бастапқы материалдарында болмаған деп танылады.
      Егер өтінімнің бастапқы материалдарында пайдалы модель белгісі оны орындаудың жеке нысандарын ашпай, жалпы түсінікпен берілген болса, онда қосымша материалдарда оны пайдалы модель формуласына енгізуге жататын белгіге жатқыза отырып, мұндай нысанды орындауды қосымша материалдарда ұсыну қосымша материалдарды өтінім берілген пайдалы модельдің мәнін өзгертетін деп тану үшін негіз болып табылады.
      Сипаттамада техника деңгейіне, оның ішінде жақын аналогына да қатысты атап өтілген белгілер өтінімнің бастапқы материалдарында бар өтінім берілген пайдалы модельдің белгілеріне жатпайды.
      Өтінім пайдалы модельдер тобына жатқан жағдайда өтінімнің бастапқы материалдарындағы топтың қандай да бір пайдалы моделінің белгілері деп топтың осы пайдалы моделіне қатысты ғана сипаттамасында атап өтілген белгілер есептеледі.
      Бұған біреуі басқасында пайдалану үшін арналған пайдалы модельдер тобы кірмейді. Басқасында пайдалануға арналған бір пайдалы модельдің бастапқы материалдарында бар белгілер, осы басқа пайдалы модель белгілері болып саналады.
      Өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ өтінім берілген пайдалы модель мәліметтерін қамтитын, формулаға енгізілуі тиіс белгілерге жатпайтын қосымша материалдар пайдалы модельдің мәнін өзгертетін болып есептелмейді. Мұндай мәліметтерге, атап айтқанда, пайдалы модельді жүзеге асыру шарттары туралы жаңа (қосымша) мәліметтер, пайдалы модельді іске асыру мысалдары, қосымша техникалық нәтиже алу мүмкіндігіне нұсқау, нақтыланған графикалық материалдар жатқызылуы мүмкін. Өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілермен қатар пайдалы модель формуласына енгізілуі тиіс қосымша материалдар, сондай-ақ өтінімді қарау үшін қажетті өзге де мәліметтер көрсетілген белгілері бар бөлігінде ғана мәнді өзгертетін болып танылады. Өзге мәліметтер сараптама жүргізу кезінде ескеріледі.
      4) өтінім иесі өзгерткен, қосымша материалдарда ұсынылған пайдалы модель формуласын тексеру кезінде өзгерістердің өтінім берілген пайдалы модельге (пайдалы модельдерге) жататындығы тексеріледі.
      Пайдалы модельдің мақсатын көрсететін бастапқы алғашқы мәнін басқа мәнге өзгерту кезінде формуланы өзгерту егер көрсетілген түсініктердің мәндері әр түрлі болса, бағыну немесе қиылысу қатынасында болса, өтінім берілген пайдалы модельге жатады, яғни олардың көлемі толық немесе ішінара сәйкес келеді деп саналады.
      Пайдалы модель формуласын өзгерту осы Нұсқаулықтың 78-тармағының 2) тармақшасындағы 18, 19-абзацтарында көрсетілген кемшіліктерді жою нәтижесінде жаңа тәуелсіз тармақ (немесе бірнеше осындай тармақ) қалыптасқан жағдайда өтінім берілген пайдалы модельге жатады деп танылады.
      Өзгертілген формула формулаға тәуелсіз қосымша тармақ енгізілсе, өзге пайдалы модельді қамтиды деп танылады.
      Өтінім берілген пайдалы модельге жатпайтын пайдалы модель формуласын өзгерту назарға алынбайды, бұл туралы өтінім иесі хабарландырылады.
      5) қосымша материалдар өтінім берілген пайдалы модельдің мәнін өзгертеді деп танылған жағдайда өтінім иесіне қосымша материалдарға енгізілген мәліметтердің қайсысы сараптаманың мұндай қорытынды шығаруына негіз болғаны туралы хабарланады (оған жіберілген сараптаманың кезекті құжатында).
      6) факс бойынша келіп түскен материалдарға қатысты осы Нұсқаулықтың 60-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады.
      85. Өтінімді қайта өзгерту.
      1) Заңның 28-бабына сәйкес пайдалы модельге өтінімді өтiнiш жасау арқылы пайдалы өнертабысқа өтiнiм етiп өзгертілуі мүмкін. Көрсетілген қайта өзгерту пайдалы модельге өтінім бойынша сараптама жасау ұйымы тиісті қорытынды шығарғанға дейін мүмкін болады.
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 52-н.қ. "Өнертабысқа инновациялық патентке немесе патентке өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы"  бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 4642 тіркелген ӨН-ПМ-1 нысаны бойынша ұсынылатын мұндай қайта өзгерту туралы өтініш түскеннен кейін оның ресімделуінің дұрыстығы тексеріледі, сондай-ақ пайдалы модельге патент беру туралы қорытынды шығарылғанға дейін берілді ме және белгіленген мөлшерде төлем төлеу туралы құжат өтінішке қоса берілді ме, сол тексеріледі.
      Өтініш белгіленген талаптарға сәйкес ресімделмеген жағдайда өтінім иесіне бұл туралы хабарланады.
      Қайта өзгерту туралы өтінішпен және белгіленген мөлшерде төлем төлеу туралы құжатпен бірге Инновациялық патентке немесе өнертабысқа патент беруге өтінім жасау, беру және қарау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ресімделген өнертабысқа патент (инновациялық патент) беру туралы өтініш 4 данада ұсынылады.
      Өтініш келіп түскен соң пайдалы модельге өтінім бойынша тиісті қорытынды шығарылғаннан кейін өтінім иесіне өтінімді қайта өзгерту болмайтыны туралы хабарланады.
      Өтініш бергенде төлем туралы құжат ұсынылмаған жағдайда ол берілмеген болып есептеледі, бұл туралы өтінім иесі хабарландырылады.
      Қайта өзгертілмеген өтінім пайдалы модельге өтінім болып қала береді және оған қатысты бұдан әрі осы Нұсқаулықтың ережелері қолданылады. Бұл ретте бірінші өтінімнің басымдығы мен берілген күні сақталады.
      Егер өтініш белгіленген талаптарға сәйкес Заңның 28-баптың 2-тармағына сай мерзімдерді сақтай отырып ресімделген және онымен бірге белгіленген мөлшерде төлем жасалғаны туралы құжат ұсынылғаны анықталса, өтінім иесі өтінімнің өзгертілгені туралы, сондай-ақ өтінімді одан әрі қарау Инновациялық патентке немесе өнертабысқа патент беруге өтінім жасау, беру және қарау жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес жүргізілетіні туралы хабарланады.
      Егер қайта өзгерту туралы өтініш қайтарылып алынған деп есептелетін өтінім бойынша келіп түскен болса және өтінішпен бірге өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш білдірілген болса, ол Заңның 23-бабының 2-тармағына және осы Нұсқаулықтың 69-тармағына сәйкес қаралады.
      2) өтінімді қайта өзгерту туралы өтініш берілген күні өтінімді нақтылайтын немесе түзететін қосымша материалдар не пайдалы модельдің өзгертілген формуласы ұсынылған жағдайда қайта өзгерту туралы өтініш қаралғанға дейін осы материалдарды осы Нұсқаулықтың 84-тармағына сәйкес тексеру жүргізіледі.
      3) қайтарылып алынған немесе қайтарылып алынған деп есептелетін пайдалы модельдерге өтінімдерге қатысты қайта өзгерту жүргізілмейді.
      4) өтінім иесіне өтінімнің қайта өзгертілуі болғаны туралы хабарлама жібергенге дейін одан қайта өзгерту туралы өтініш берілмеді деп есептеу туралы өтініш келіп түскен жағдайда қайта өзгерту болмады деп есептеледі, бұл туралы өтінім иесі хабарландырылады.
      Пайдалы модельге өтінім өнертабысқа патент беруге өтінім болып қайта өзгертілгені туралы өтінім иесіне хабарлама жіберілгеннен кейін қайта өзгерту туралы өтінішті берілмеген деп есептеу туралы өтінім иесінің өтініші өтінімді қайтадан қайта өзгерту үшін негіз болып табылмайды. 

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік пайдалы модельдер тізілімінде тіркеу және патент беру

      86. Қазақстан Республикасының мемлекеттік пайдалы модельдер тізілімінде тіркеу.
      Патент беру туралы шешімнің негізінде және патент беруге және оның берілгені туралы мәліметтерді жариялауға дайындық үшін тиісті төлем расталған, сондай-ақ берілгені үшін мемлекеттік баж төленген жағдайда пайдалы модельді сараптама жасау ұйымы Қазақстан Республикасының мемлекеттік пайдалы модельдер тізілімінде (бұдан әрі - Мемтізілім) тіркеп, тиісті реттік нөмір береді және мәліметтерді енгізу күнін көрсетеді.
      Сараптама жасау ұйымы Мемтізілімге патент берілгеннен кейін оның құқықтық мәртебесінің кейінгі өзгерістері туралы апелляциялық кеңестің, сот органдарының шешімдері негізінде, уәкілетті органның немесе сараптама жасау ұйымының хабарламалары және патент иелерінің (олардың құқықтық мирасқорлары немесе өкілдерінің) өтініштері негізінде мәліметтер енгізіп отырады. Тиісті төлем жасалған жағдайда өтініш бойынша кез-келген мүдделі тұлға Мемтізілімдегі кез-келген патент бойынша мәлімет ала алады.

      87. Патент және оны беру тәртібі:
      1) Мемтізілімге енгізілген мәліметтердің негізінде уәкілетті орган патент береді.
      Патент мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
      Патентте:
      патенттің нөмірі;
      пайдалы модельдің атауы;
      патент иесі - жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса) және заңды тұлғаның толық атауы, тұратын елінің коды, және ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша шетелдік патент иесінің тұратын жері;
      авторы (авторлары) - тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса);
      тіркеу нөмірі және өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күні;
      егер өтінімді берген күннен айырмашылығы болса, басымдығы көрсетіледі.
      Патентте мемлекеттік және орыс тілдерінде "Өзгерістер енгізілгені туралы мәліметтер осы патентке қосымша түрінде жеке парақта келтіріледі" деген жазба жасалады.
      Патент берілгенде бір мезгілде уәкілетті органның ресми бюллетенінде патент туралы мәлімет жарияланады.
      2) аттарына патент сұралатын адамдар бірнешеу болса, бір патент беріледі.
      Патент иесі болып табылмайтын пайдалы модель авторына оның авторлығын растайтын ресми куәлік беріледі.
      3) пайдалы модель сипатталған патент және авторлардың куәліктері жиынтықта патент иесінің заңды мекен жайына немесе өкілдің (патенттік сенім білдірілген адамның) мекен жайына оған берілген сенімхатқа немесе жазбаша өтініші бойынша өтінім иесі (патент иесі) көрсеткен басқа да мекен жайға тапсырыспен почта жіберілімі арқылы жолданады. Өтінім иесі патент берілгенге дейін патент жіберу үшін уәкілетті органға немесе сараптама жасау ұйымына тұрғылықты мекен жайының немесе тұратын жерінің өзгергені туралы хабарлауға міндетті.
      Патент иесіне патент тапсырылған кезде жеке адам үшін жеке куәлігі немесе патент алу үшін заңды тұлғаның сенімхаты болуы керек. Патент және шетелдік патент иелерінің авторлары куәліктері уәкілетті органда тіркелген патент сенім білдірілген адамға табысталады.
      Егер патент беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының аумағындағы немесе сонда тұратын бірнеше адам бірге берсе, онда патент және оның авторларының куәліктері бірінші болып көрсетілген патент иесіне тапсырылады немесе жіберіледі.
      Егер патент беру туралы өтінішті бірге тұрмайтын немесе Қазақстан Республикасының аумағында болмайтын бірнеше адам берген болса, онда патент пен оның авторларына куәлік бірінші болып көрсетілген ұлттық патент иесіне тапсырылады немесе жіберіледі.
      4) патентке қатысты кейінгі (тіркелген шарттар туралы мәліметтерді қоса алғанда) толықтырулар, нақтылаулар немесе түзетулер, патенттің әрекет ету мерзімін ұзарту және оның әрекетін қалпына келтіру туралы өзгерістер туралы Мемлекеттік тізілімде жазба жасалғаннан кейін уәкілетті орган патентке қосымша береді, Қосымшада "Осы Қосымша патенттің ажырамас бөлігі болып табылады" деген жазба жасалады, Қосымша мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
      Атауына және патент иесінің мекен жайына өзгерістер тиісті өзгерістерді растайтын құжатты (мысалы, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі) және төлем туралы құжатты қоса бере отырып, қорғау құжатының нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш бойынша жүргізіледі.
      Шетелдік өтінім иелерінің (патент иелерінің) өкілдері ұсынған ресми құжаттар тиісті құжаттарда апостиль қою жолымен куәландырылады.
      5) патенттің түпнұсқасы жоғалған немесе жарамсыз күйге келтірілген жағдайда патент иесінің, патент иесінің сенімхаты бойынша оның құқықтық мирасқорының, уәкілетті өкілінің (патенттік сенімді адамының) өтініші бойынша және тиісті төлем расталғанда оның телнұсқасы беріледі. Төлем болмаған жағдайда өтініш берілмеген болып есептеледі.
      Құқықтық мирасқор өтініш берген жағдайда өтінішке құқықтық мирасқор екенін растайтын құжаттың расталған көшірмесі қоса беріледі. Телқұжат тек Қазақстан Республикасы пайдалы модельдерінің Мемлекеттік тізілімде патент беру туралы жазба болғанда ғана берілуі мүмкін.
      Телқұжат онда көрсетілетін мәліметтердің құрамы бойынша берілген патенттің түпнұсқасына сәйкес келеді, бірдей заңдық күші болады және мемлекеттік және орыс тілдерінде "Телқұжатты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитеті берген" деген мөртаңба басыла отырып, патенттің тиісті нысаны бойынша беріледі.
      Телқұжат берілген жағдайда телқұжат беру туралы мәлімет жарияланған күннен бастап патенттің түпнұсқасы заңдық күші жоқ деп есептеледі.

      88. Пайдалы модельге патент беру туралы мәліметтерді жариялау.
      Пайдалы модельге патент туралы мәліметтерді жариялау ол Мемтізілімде тіркелген жағдайда ғана жүргізіледі.
      Өтініш берілген күннен бастап он екі ай өткеннен кейін патент беру туралы мәліметтер жарияланған жағдайда Заңның 26-бабына сәйкес сараптама жасау ұйымы "Өнеркәсіп меншігі - Промышленная собственность" ресми бюллетенінде "Пайдалы модельдер - Полезные модели" бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай мәліметтерді жариялайды:
      пайдалы модельге патенттің нөмірі;
      ХПК айдарының (айдарларының) индексі;
      ол бойынша патент берілген өтінімнің нөмірі мен берілген күні;
      егер өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күннен өтінім бойынша басымдықтың бұрын күні белгіленген болса, оның негізінде пайдалы модель басымдығы белгіленген бірінші өтінімнің нөмірі, берілген күні, ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес коды;
      автор (авторлар) ретінде ол көрсетілген болудан бас тартпаса, оның (олардың) аты;
      патент иесінің аты немесе атауы;
      ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес пайдалы модель авторының (авторларының) тұратын елінің коды (кодтары) және патент иесінің тұрғылықты жері (болатын жері);
      патенттік сенім білдірілген өкілдер туралы мәліметтер;
      пайдалы модельдің атауы;
      пайдалы модельдің формуласы (өтініш берілген тілде);
      сызба (графикалық материал).
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 52-н.қ. "Өнертабысқа инновациялық патентке немесе патентке өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 сәуірде N 4642 тіркелген ӨН-ПМ-2 нысаны бойынша өтінім иесінің ұсынылған өтініш бойынша сараптама жасау ұйымы мәліметтерді көрсетілген мерзімнен бұрын жариялай алады.
      Патент беру туралы мәліметтерде автор ретінде көрсетілуден бас тарту жариялауға техникалық дайындық аяқталғанға дейін келіп түссе, мұндай мәліметтерді жариялау кезінде ескеріледі.
Аталған бас тарту осы мерзімде автормен қайтарып алынуы мүмкін.
      Сараптама жасау ұйымы "Өнеркәсіп меншігі - Промышленная собственность" ресми бюллетенінде "Хабарлама - Извещения" бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде берілген патенттердің құқықтық мәртебесіндегі өзгерістер туралы мәліметтер жариялайды.
      Құпия пайдалы патенттерге патенттер беру туралы мәліметтер Қазақстан Республикасында жасалатын өнеркәсіптік меншіктің құпия объектілерімен жұмыс тәртібіне сәйкес жарияланбайды.

      89. Жарияланғаннан кейін өтінім материалдарымен танысу.
      Патент беру туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін сараптама жасау ұйымы Заңның  26-бабы 5-тармағының негізінде өтінімнің құжаттарын (сипаттама, формула, сызулар, реферат), сондай-ақ осы құжаттарды түзететін, нақтылайтын және өзгертетін қосымша материалдарды, егер олар өтінім иесі белгіленген тәртіппен ұсынған болса, олардың өтініші бойынша және тиісті төлем жасалған болса, танысу үшін кез-келген тұлғаға ұсынады. 

  4. Патентке өзгерістер енгізу

      90. Патентке мынадай өзгерістер енгізіледі.
      1) заңды тұлға патент иесінің атауына және/немесе тұрғылықты мекен жайына - автордың тегіне, атына (егер бар болса, әкесінің атына), патент иесі - жеке адамның және/немесе патент иесінің тұрғылықты мекен жайына;
      Өзгерістер тиісті өзгерістер енгізу туралы еркін түрде патент нөмірі, заңды тұлғаның ресми атауы, тегі, аты (егер бар болса әкесінің аты), тұратын мекен жайы және/немесе тұрғылықты мекен жайы көрсетілген өтініш беру жолымен енгізіледі. Өтінімхатқа патент иесі (патент иелері) қол қоюы керек.
      Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және/немесе тарату салдарынан патент иесінің (патент иелерінің) атауына өзгерістер енгізу кезінде өтінішке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол қойылады және беріледі. Бұл ретте мүдделі тарап тиісті өзгерістерді растайтын (қайта ұйымдастыру кезінде) және/немесе заңды тұлғаны тарату фактісін және тиісті құқықтарды берудің болмайтынын дәлелдейтін құжаттарды ұсынады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын азаматтар және шетелдік заңды тұлғалар өзгерістер енгізуге құжаттарды Қазақстан Республикасының патенттік сенімділері арқылы береді, бұл ретте патенттік сенімдінің атына берілген сенімхатта көрсетілген әрекеттерді орындауға тапсырмалар болуы керек. Өтінімхатқа өзгерістер енгізгені үшін төлемді растайтын құжат қоса беріледі.
      Егер құжаттар болмаса және/немесе ұсынылған құжаттар талаптарға сәйкес болмаса, патент иесіне хабарлама жіберілген күннен бастап екі ай ішінде жоқ немесе талаптарға сәйкес ресімделген құжаттарды ұсыну тапсырылады.
      Сұралған құжаттарды және тиісті төлемді растайтын құжатты ұсынбаған жағдайда белгіленген мерзімдерде өтініш берілмеген болып есептеледі, өзгерістер енгізу жүргізілмейді, бұл туралы патент иесі хабарландырылады.
      2) пайдалы модель авторларының құрамына сот шешімінің негізінде өзгерістер енгізіледі. Авторлар құрамының өзгеруі деп құрамына енгізу немесе қорғау құжатында көрсетілген авторды алып тастау түсініледі.
      Авторлар құрамына өзгерістер авторлар құрамына тиісті өзгерістер енгізу туралы еркін түрде жазылған өтініш беру жолымен сот шешімінің негізінде енгізіледі, өтініште патенттің нөмірі, енгізілетін немесе алынып тасталатын автордың тегі, аты, (егер бар болса, әкесінің аты) тұратын мекен жайы көрсетіледі. Өтінімхатқа өзгерістер енгізгені үшін төлемді растайтын құжат қоса беріледі.
      3) патентке құқық өзге тұлғаға ауысқан жағдайда өзгерістер енгізу (патентке құқықты беруден басқа) патент нөмірі көрсетіліп және төлем туралы құжат қоса беріліп, құқықтық мирасқордың өтініші бойынша жүргізіледі. Өтініште құқықтық мирасқор туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс. Өтінішке патент құқығының ауысуын растайтын құжаттардың куәландырылған көшірмелері қоса берілуі керек.

      91. Патенттің қолдану мерзiмiн ұзарту мен қалпына келтіру.
      1) Заңның  5-бабының 3-тармағына сәйкес патент иеленушi патенттің қолдану мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш жасауы мүмкiн. Өтiнiмхат ПМ-2 (осы Нұсқаулықтың 2 қосымшасы) тиісті нысаны бойынша берiледi. Өтiнiмхат патент қолдану мерзiмi өткенге дейiн және оны күшiнде ұстап тұрған жағдайда берiлуi мүмкiн. Өтiнiмхатты беру мерзiмi себептi жағдайлар болған жағдайда ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол алты айдан аспауға тиiс. Өтінімхатқа тиісті ақының төленгендігі жөнінде құжат тіркеледі.
      2) Заңның  31-бабының 1-тармағына сәйкес патент иеленушi патентті күшінде сақтау үшін төлем төленбегендіктен тоқтатылған патенттің қолдану мерзiмiн қалпына келтіру туралы өтiнiш жасауы мүмкiн. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 52-н.қ. "Өнертабысқа инновациялық патентке немесе патентке өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 сәуірде N 4642 тіркелген өтiнiмхат ӨН-ПМ-3 тиісті нысаны бойынша берiледi және патентті күшінде сақтау үшін төлем төленетін мерзімнің өткен күнінен бастап үш жыл ішінде берілуі тиіс. Өтінімхатқа тиісті ақының төленгендігі жөнінде құжат тіркеледі. 

  5. Ақпараттық іздестіру жүргізу

      92. Ақпараттық іздестіруді жүргізу шарттары.
      1) Заңның 23-бабының 4-тармағына сәйкес өтінім иесінің өтініші бойынша өтінімді қараудың кез-келген сатысында, ал патент иесінің немесе үшінші тұлғаның өтініші бойынша - пайдалы модельге патент беру туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін тиісті төлем жасалған жағдайда ақпараттық іздестіру жүргізілуі мүмкін. Ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтінімхат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 52-н.қ. "Өнертабысқа инновациялық патентке немесе патентке өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 сәуірде N 4642 тіркелген ӨН-ПМ-4 нысаны бойынша ұсынылады.
      2) егер өтінім берілген ұсыныс оны түсіну мүмкін болмайтындай сипатталса немесе оны Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес пайдалы модель деп танылмайтын объектілерге жатқызу үшін негіздер болса, осыған байланысты өтінім иесіне жүгіну қажет болса, ақпараттық іздестіру жүргізу тиісінше ұзартылады.
      Жоғарыда көрсетілген жағдайларда егер өтінім иесіне жүгінгеннен кейін өтініш берілген ұсыныстың жоғарыда көрсетілген ерекшеліктері сақталған болса, ақпараттық іздестіру жүргізілмейді.
      3) патент иесі үшінші тұлғадан ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш түскені туралы хабарландырылады.
      4) егер ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш қайтарып алынған немесе қайтарып алған деп есептелетін өтінім бойынша түссе немесе егер өтінім бойынша ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш түскеннен кейін патент беруден бас тарту туралы шешім қабылданса, өтініш берген өтінім иесіне оны қанағаттандыру мүмкін еместігі туралы хабарланады.
      5) өтінім иесінің, патент иесінің немесе үшінші тұлғаның өтініші бойынша ақпараттық іздестіру аяқталғаннан кейін ол туралы есеп өтініш берген тұлғаға жіберіледі. Егер ақпараттық іздестіру үшінші тұлға берген өтініш бойынша жүргізілген болса, онда ақпараттық іздестіру туралы есеп патент иесіне де жіберіледі.
      6) ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш келіп түскен күні осындай өтініш келіп түскен жағдайда немесе ақпараттық іздестіру жүргізіліп қойса немесе жүргізіліп жатса, мұндай өтініш берген тұлғаға көрсетілген жағдайлар туралы және ақпаратттық іздестіру туралы есептің көшірмесін беру шарттары туралы осы Нұсқаулықтың 96-тармағының 4) тармақшасына сәйкес хабарланады.

      93. Ақпараттық іздестіру мәні.
      1) ақпараттық іздестіру сипаттама мен сызулар, сондай-ақ пайдалы модельдің жол берілуі мүмкін өзгерістерін есепке ала отырып, пайдалы модельдің формуласы негізінде осы нұсқаулықтың 84-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      2) өтінім құжаттарын түзетулер, нақтылаулар және өзгертулер егер оларды өтінім иесі белгіленген тәртіппен тиісті өтініш беру күніне дейін енгізген болса, ақпараттық іздестіру жүргізу кезінде ескеріледі.
      Егер ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш келіп түскен күнге өтінім иесі бірлік талаптарының бұзылғаны туралы хабарламаға белгіленген мерзімде жауап бермесе, ақпараттық іздестіру формулада бірінші болып көрсетілген пайдалы модель (біртұтас өнертабыс мәнін құрайтын пайдалы модельдер тобы) бойынша жүргізіледі. Басқа пайдалы модельдер бойынша ақпараттық іздестіру қосымша төлем жасалған жағдайда жүргізілуі мүмкін, бұл туралы сараптама жасау ұйымы ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш берген адамға хабарлайды.

      94. Техника деңгейі.
      Техника деңгейін анықтау кезінде ақпарат көзінде бар, кез-келген адам таныса алатын немесе оның мазмұны туралы заңды түрде хабарлануы мүмкін мәліметтер жалпыға қол жетімді болып есептеледі.
      Ақпарат көзін техника деңгейіне енгізуді анықтайтын күн болып:
      қорғау құжаттарына жарияланған сипаттамалар үшін - оларда көрсетілген жарияланған күні;
      отандық баспа басылымдары мен бұрынғы КСРО баспа басылымдары үшін - оларда көрсетілген баспасөзге жазылу күні;
      баспасөзге жазылу күні көрсетілмеген отандық баспа басылымдары мен бұрынғы КСРО баспа басылымдары үшін, сондай-ақ өзге баспа басылымдары үшін - олардың жарыққа шыққан күні, оны анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда егер жарыққа шыққан уақыты тек айымен немесе жылымен ғана анықталса - айдың соңғы күні немесе басылымда көрсетілген жылдың 31 желтоқсаны;
      мақалалардың, шолулардың, монографиялардың және басқа да материалдардың сақтауға берілген қолжазбалары үшін - оларды сақтауға берілген күн;
      ғылыми-техникалық ақпарат органдарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға түсіндірме жазбалар және басқа конструкторлық, технологиялық және жобалау құжаттамалар туралы есептер үшін - олардың осы органдарға түскен күні;
      нормативтік-құқықтық құжаттама үшін - оның осыған уәкілетті органда тіркелген күні;
      диссертациялардың және қолжазба құқығында шығарылған диссертациялардың авторефераттарының материалдары үшін - олардың кітапханаға түскен күні;
      конкурсқа қабылданған жұмыстар үшін - конкурс өткізуге қатысты құжаттармен расталған танысу үшін олардың қойылған күні;
      қарап қабылданатын ақпарат көздері үшін (плакаттар, модельдер, бұйымдар және тағы басқа) - оларды шолу мүмкін болған құжатпен расталған күн;
      көрмеге қойылған экспонаттар үшін - оларды көрсетуді бастаудың құжатпен расталған күні;
      ауызша баяндамалар, дәрістер, сөйленген сөздер үшін - егер олар дыбыс жазатын аппаратурамен жазылып алынса немесе тиісті іс-шаралар өткізудің көрсетілген күні қолданыстағы ережесінде белгіленген тәртіппен стенографиялық тәсілмен жазылып алынса, баяндама, дәріс, сөз сөйлеу күні;
      радио, телевидение хабарлары, кино үшін - егер олар көрсетілген күні қолданыста болған белгіленген тәртіппен тиісті ақпарат тасымалдаушыда бекітілген болса, мұндай хабарлама күні;
      пайдалану нәтижесінде белгілі болған техникалық құрал туралы мәліметтер үшін - мәліметтер жалпыға қолжетімді болған күннен бастап құжатпен расталған күн болып табылады.
      Интернет арқылы, он-лайн арқылы Интернеттен, CD жән DVD-ROM дискілерінен электрондық түрде алынған мәліметтер үшін - егер оларда көрсетілген болса, көрсетілген электрондық орта көмегімен қолжетімді болған құжаттарды жариялау күні немесе, егер күні көрсетілмесе, құжатпен расталған жағдайда мәліметтердің осы электрондық ортаға орналастырылған күні.

      95. Іздестіру аумағы және көлемі.
      1) іздестіру аумағының сипаттамасы ретінде (осы өтінім бойынша техника деңгейін анықтау үшін ақпарат қаралатын ғылым мен техника бөлімдерінің жиынтығы) ХПК айдарларының индекстері пайдаланылады.
      Іздестіру аумағын анықтау кезінде жалпы пайдалы модель объектісі және оның функциялық дербес белгілері осы Нұсқаулықтың 43-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ең жақын баламасынан айырмашылықтары ескеріледі. Іздестіру аумағын белгілеу кезінде сондай-ақ егер функциялық жағынан дербес болып табылмайтын оған қатысты ерекшелік белгілері болса, пайдалы модель және ең жақын аналогы үшін ортақ белгілер ескеріледі. Бұл белгілерді іздеу белгілі объектілерде де, осы объектілер мен оның бөліктеріне қатыссыз бөліктерде де жүргізіледі.
      2) сараптама жасау ұйымы мыналар кіретін көлемде ақпараттық іздестіру жүргізуді қамтамасыз етеді:
      Қазақстан Республикасы қорғау құжаттарының ресми бюллетеньдері:
      Қазақстан Республикасының қорғау құжаттарына сипаттама;
      еуразиялық патенттерге сипаттама;
      еуразиялық патенттер беруге жарияланған өтінімдер;
      Ресей Федерациясының және бұрынғы КСРО қорғау құжаттарының ресми бюллетеньдері;
      Ресей Федерациясының және бұрынғы КСРО қорғау құжаттарына сипаттама;
      өнертабыстар мен патенттерге Ресей Федерациясының патенттерін және пайдалы модельге Ресей Федерациясының куәліктерін беруге жарияланған өтінімдер;
      АҚШ, Ұлыбритания, Германия, ГФР, Франция, Жапония (орыс және ағылшын тілдеріндегі рефераттар көлемінде), Швейцария (француз және неміс тілдерінде), Австрия, Австралия және Канада, сондай-ақ Еуразиялық патенттік ведомство, ДЗМҰ, Африка зияткерлік меншік ұйымының және Африка өңірлік өнеркәсіптік меншік ұйымының патенттік құжаттамасы;
      кемінде бес жыл ретроспективалық халықаралық ДЗМҰ бюросы жариялаған тізім бойынша патенттік әдебиет.
      Кез-келген жалпыға қолжетімді құжат ақпараттық іздестіру көлеміне енгізілуі мүмкін.
      3) ақпараттық іздестіру жүргізу кезінде өтінім берілген пайдалы модельдің жаңалығын тексеру мақсатында іздестіру көлеміне сондай-ақ олардың ертерек басымдығы болған жағдайда Қазақстан Республикасында басқа тұлғалар берген өнертабыстар мен пайдалы модельдерге барлық өтінімдер (қайтарып алынғандарынан басқа) және Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстар мен пайдалы модельдер енгізілуі мүмкін.
      4) егер іздестіру процесінде сол мақсаттағы, іздестіру жүргізіліп отырған пайдалы модельге қатысты пайдалы модельдің барлық белгілерімен бірдей белгілермен сипатталатын құрал табылған жағдайда да ақпараттық іздестіру тоқтатылмайды және толық көлемде аяғына дейін жүргізіледі. Іздестіру барысында анықталған аналогтардың саны ең толық және айқын қайталаусыз және ақпаратты қажетсіз қайталауды болдырмай, техника деңгейі туралы толық және мазмұндысынан анықталуы тиіс.

      96. Ақпараттық іздестіру туралы есеп және іздестіру нәтижелерімен таныстыру тәртібі.
      1) іздестіру туралы есепте:
      іздестіру жүргізілген өтінімнің нөмірі;
      өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күн;
      өтінім берілген пайдалы модельді классификациялау кезінде белгіленген ХПК айдарының (айдарларының) индексі (индекстері);
      библиографиялық деректер түрінде ақпараттық іздестіру мәніне қатысты құжаттарға, олардың нақты бөліктеріне сілтемелер. Егер сілтеме пайдалы модель формуласының барлық тармақтарына қатысты болмаса, оған формуланың тиісті тармағы немесе тармақтары көрсетіледі. Егер өтінім бойынша ең ертерек басымдық сұралған болса, сараптама жасау ұйымына өтінім түскен күннен бұрын, бірақ басымдық күнінен кеш түскен жариялаған құжаттар ерекше белгіге алынады;
      ақпараттық іздестіру аяқталған күн.
      2) үшінші тұлғаларға танысу үшін рұқсат етілмейтін мәліметтер туралы өтініштердің көшірмелерін қоспағанда, іздестіру туралы есепте көрсетілген құжаттардың көшірмелері тиісті төлем болғанда ғана ұсынылады;
      3) үшінші тұлғаның өтініші бойынша жүргізілген ақпараттық іздестіру туралы есептің көшірмесінің бір данасы патент иесіне жіберіледі;
      4) тиісті төлем болған жағдайда өтінім бойынша жүргізілген ақпараттық іздестіру туралы есептің көшірмесін кез-келген тұлға ала алады;
      5) ақпараттық іздестіру туралы есептің өтінім иесіне, патент иесіне немесе үшінші тұлғаға жіберілетін даналарынан немесе олардың көшірмелерінен осы Нұсқаулықтың 96-тармағының 3) тармақшасына сәйкес іздестіру көлеміне енгізілген өтінімдердің библиографиялық деректері алынады. 

  6-тарау. Халықаралық өтінімді беру және оны қарау тәртібі  1. Халықаралық фаза

      97. Құзырет.
      Патенттік кооперация туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 2-бабына сәйкес сараптама жасау ұйымы Қазақстан Республикасында алушы ведомствоның функцияларын Патенттік кооперация туралы Келісімнің нұсқаулығын (бұдан әрі - Келісімге нұсқаулық), Патенттік кооперация туралы шартқа сәйкес Әкімшілік нұсқаулықты (бұдан әрі - Әкімшілік нұсқаулық), басшылыққа ала отырып, Халықаралық ДЗМҰ бюросы жариялайтын құжаттарға, Заңға және осы Нұсқаулыққа сәйкес тиісті түрде орындайды.
      Келісімнің 43-бабының негізінде заңнамасы пайдалы модельдерге қорғау құжаттарын беруді көздейтін кез-келген көрсетілген немесе таңдап алынған мемлекетке қатысты өтінім иесі осы мемлекетке қатысты оның халықаралық өтінімінде пайдалы модельді қорғау сұралатынын көрсете алады.

      98. Халықаралық өтінімді беру.
      1) егер өтінім иелерінің ең болмағанда бірі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылса, немесе Қазақстан Республикасында тұрса не болса, сараптама жасау ұйымы өтінімге қатысты алушы құзыретті ведомство болып табылады;
      Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорынын иелік ететін кез-келген тұлға Қазақстан Республикасында тұратын немесе болатын тұлға ретінде қаралады.
      2) халықаралық өтінім сараптама жасау ұйымына орыс немесе ағылшын тілдерінде беріледі.
      3) халықаралық өтінім үш данада беріледі, олардың әрқайсысы тікелей репродукциялау үшін жарамды болуы керек.
      Егер халықаралық өтінім аз данада берілсе, Келісім нұсқаулығының 21.1 (с) ережесіне сәйкес өтінім иесінің өтініші бойынша халықаралық өтінімнің талап етілетін санының көшірмесін өтінім иесі белгіленген тарифті төлеген жағдайда алушы ведомство дайындауы мүмкін.
      4) халықаралық өтінімнің өтініші арнайы бланкіде немесе компьютерлік тәсілмен басып шығарылған түрде беріледі.
      Егер халықаралық өтінім РСТ-EASY бағдарламалық қамтуын пайдалана отырып ресімделген болса, халықаралық өтінімге қағаздағы түрде РСТ-EASY форматында өтініш бар машина оқитын тасымалдаушы және txt форматында реферат қоса беріледі.
      5) Қазақстан Республикасында құрылған пайдалы модельді қорғау сұралған халықаралық өтінім мына талаптардың бірі орындалған жағдайда:
      халықаралық өтінім берілгенге дейін сараптама жасау ұйымына Қазақстан Республикасының инновациялық патентін, өнертабысқа патентін немесе пайдалы модельге патентін беруге тиісті өтінім (бұдан әрі - ұлттық өтінім) берілген болса;
      халықаралық өтінім берілгенге дейін сараптама жасау ұйымы арқылы еуразиялық патент беруге тиісті өтінім берілген болса;
      халықаралық өтінімнің өтінішінде өтінім иесі патент алуға ниет еткен мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы көрсетілген болса берілуі мүмкін.
      6) сараптама жасау ұйымы халықаралық өтінімді Келісімнің 11 (1) және 14-бабының талаптарына сәйкестігіне тексереді. Тексеруден оң нәтижелермен өткен халықаралық өтінім бойынша оны халықаралық беру күні белгіленеді.

      99. Халықаралық өтінімді қайта жіберу.
      1) халықаралық беру күні белгіленген халықаралық өтінімнің тіркеу данасын сараптама жасау ұйымы ДЗМҰ халықаралық бюросына жібереді.
      2) халықаралық өтінімді алғаннан кейін егер ол берілгенге дейін еуропалық өтінім немесе ұлттық өтінім берілген болса, еуразиялық өтінім немесе ұлттық өтінім берілген күннен бастап үш ай өткеннен кейін халықаралық өтінім берілген жағдайда сараптама жасау ұйымы тіркеу данасын қайта жібереді.
      3) егер осы ереженің 2) тармақшасында көрсетілген мерзімнен бұрын берілген болса, егер ол өтінім иесі патент алуға ниет білдірген мемлекет ретінде Қазақстан Республикасын көрсеткен болса, не еуразиялық патентті көрсетсе, сараптама жасау ұйымы алдыңғы ұлттық өтінім берген күнге сәйкес үш ай мерзім өткен соң халықаралық өтінімнің тіркеу данасын қайта жібереді.
      Сараптама жасау ұйымы тіркеу нөмірін көрсетілген мерзімнен бұрын, бірақ алдыңғы ұлттық өтінімге не еуразиялық өтінімге сәйкес мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерге заңнамада белгіленген тәртіппен тексеру жүргізгеннен кейін қайта жібере алады.
      4) халықаралық өтінім данасы - өтінім иесі тиісті баж салығын ("іздестіруге арналған тариф") төлеген жағдайда "іздестіруге арналған көшірме" халықаралық өтінім өтінішінде көрсетілген Халықаралық іздестіру органына жіберіледі.
      5) РСТ өтініші алушы ведомствоның өтінім иесіне ұсынатын РСТ/RO/10 бланкісінде ресімделеді (Келісім нұсқаулығының 3 және 4 ережесі).
      Өтінім иесінің халықаралық өтінім құжаттарын ресімдеуіне қойылатын талаптар Келісіммен, Келісім нұсқаулығымен және Әкімшілік нұсқаулықпен реттелген.

      100. Хат-хабар алмасу.
      1) Келісім рәсімімен көзделген барлық хат-хабарлар Қазақстан Республикасының аумағындағы бір мекен жайға және бір данада жіберіледі, бұл ретте:
      егер РСТ өтінішінде, Келісім нұсқаулығының 3 және 4 ережесінде көзделген бағанда алдын ала жазылғандай агент немесе ортақ өкіл және оның мекен жайы көрсетілсе, онда хат-хабар осы адамның атына және сол мекен жайға жіберіледі;
      егер көрсетілген бағанда хат алмасу үшін мекен жай берілсе, онда хат-хабар осы мекен жайға алушы ведомствоға халықаралық өтінім беруге құқылы адамдардың ішінен өтініште бірінші болып көрсетілген адамға, яғни 90.2 (b) ережесі бойынша ортақ өкілдің атына жіберіледі.
      егер көрсетілген баған толтырылмаса, онда хат-хабар алушы ведомствоға халықаралық өтінім беруге құқылы адамдардың ішінен өтініште бірінші болып көрсетілген адамға және оның мекен жайына жіберіледі.
      2) алушы ведомствоның өтінім иесінің, сондай-ақ өтінім иесінің алушы ведомствомен хат алмасуы мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

      101. Халықаралық өтінім жарияланғанға дейін ол туралы кез-келген мәлімет тек өтінім иесінің өзіне (өкіліне) не өтінім иесінің жазбаша өтініші бойынша осы өтініште көрсетілген адамға (өкілге) ғана беріледі.

  2. Ұлттық фаза

        102. Құзырет.
      Келісімнің 2-бабының мәні бойынша көрсетілген және таңдап алынған ведомствоның функцияларын Қазақстан Республикасында сараптама жасау ұйымы орындайды, бұл ретте ол Келісімді, Келісім нұсқаулығын, Әкімшілік нұсқаулықты, ДЗМҰ Халықаралық бюросы жариялайтын құжаттарды, сондай-ақ Келісімде көзделген жағдайларда Заңды және осы Нұсқаулықты басшылыққа алады.

      103. Халықаралық өтінімді сараптама жасау ұйымына қараудың ұлттық фазасына ауыстыру.
      1) оған қатысты Келісімнің 11 (1) бабына сәйкес халықаралық беру күні белгіленген, Келісімнің 24-бабына сай алынып қойылмаған және алынып қойылды деп есептелмейтін, сондай-ақ әрекеті Қазақстан Республикасына қатысты сақталған өтінім иесі пайдалы модельге патент алуға ниет білдірген мемлекет ретінде Қазақстан Республикасын көрсеткен халықаралық өтінім Заңға сәйкес сараптама жасау ұйымында қаралуы мүмкін (бұдан әрі - ұлттық фаза).
      2) сараптама жасау ұйымында халықаралық өтінімді қараудың басталған күні ретінде Заңға сәйкес Келісімнің 11 (1) бабында көрсетілген халықаралық өтінімнің басымдық күнінен бастап отыз бір ай өткен күн қаралады.
      3) халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыру үшін өтінім иесіне халықаралық өтінімнің басымдық күнінен отыз бір ай өткенге дейін сараптама жасау ұйымына ең кем дегенде орыс тілінде халықаралық өтінімге өтініш немесе басқа тілде жазылған халықаралық өтінімнің мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасын ұсыну, сондай-ақ белгіленген төлемді төлеу керек.
      Халықаралық өтінімдегі өтінішті мемлекеттік немесе орыс тіліне аударудың орнына пайдалы модельге Қазақстан Республикасының патентін беру туралы өтініш ұсынуға болады.
      Ұлттық фазаға кірудің көрсетілген мерзімі дәлелді себептер және тиісті төлем болған жағдайда өтінім иесінің өтінімхаты бойынша кемінде екі айға ұзартылуы мүмкін.
      4) халықаралық өтінім өтінішінің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасына халықаралық өтінім сипаттамасының, пайдалы модель формуласының, сызуларға және рефератқа қатысты кез-келген мәтіннің мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасы өтінімді халықаралық беру күнінде қандай болса, сол түрде ұсынылуы керек.
      Егер өтінім иесі Келісімнің 19-бабына сәйкес өзгертілген формуласы бар халықаралық өтінімді қараудың ұлттық фазасына ауыстырса, өтінім иесі өтінім иесі енгізген өзгерістерге қатысты түсініктемелерді мемлекеттік немесе орыс тіліне аудара отырып, пайдалы модельдің өзгертілген формуласының мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасын ұсынуы қажет.
      Егер өтінім иесі Келісімнің 34(2)(b) бабына сәйкес енгізілген пайдалы модель формуласын, халықаралық өтінімнің сипаттамалары мен сызуларын өзгертулерді ескере отырып, халықаралық өтінімді қараудың ұлттық фазасына ауыстырса, өтінім иесі Халықаралық алдын ала сараптау органы қабылдаған енгізілген өзгерістерді ескере отырып, халықаралық өтінімнің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынуы керек.
      Келіп түскен материалдарда құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы болмаса, егер олар басқа тілде ұсынылса, өтінім иесіне ұлттық фазаға кіру үшін белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап екі ай ішінде оны ұсыну қажеттігі туралы хабарландырылады. Аударманы ұсыну мерзімі тиісті төлем болған жағдайда кемінде екі айға ұзартылуы мүмкін. Көрсетілген мерзімде аударма ұсынылмаған жағдайда өтінім ұлттық фаза енбеген болып есептеледі, бұл туралы өтінім иесіне хабарланады. Тіркелген құжаттар қайтарылмайды, іс жүргізу қалпына келтірілмейді.

      104. Ұлттық фазаға ауыстырылған халықаралық өтінімді сараптама жасау ұйымында қарау.
      1) Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымы халықаралық өтінімде сұралған басымдық күнінен отыз бір ай өткеннен кейін халықаралық өтінімді өтінім иесі кем дегенде халықаралық өтінімдегі өтінішті орыс тілінде немесе мемлекеттік не орыс тіліндегі аудармасын не пайдалы модельге Қазақстан Республикасының патентін беру туралы өтініш ұсынған жағдайда қарауды бастайды.
      2) өтінім иесінің өтініші бойынша халықаралық өтінімді қарау белгіленген мерзімнен ерте басталуы мүмкін.
      Егер халықаралық өтінімді белгіленген мерзімнен ерте қарауды бастау туралы өтінішті өтінім иесі оның халықаралық жариялану күніне дейін берген болса, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге оған қатысты халықаралық беру күні белгіленген халықаралық өтінімнің алушы ведомство тіркеген көшірмесін ұсынуы керек.
      3) осы Нұсқаулыққа сәйкес ұлттық фазаға ауыстырылатын халықаралық өтінім құжаттарының келіп түсу фактісі туралы өтінім иесіне хабарлама жіберіліп, оған сараптама жасау ұйымы берген өтінімнің тіркеу нөмірі мен құжаттардың келіп түскен күні хабарланады.
      Белгіленген мерзім өтіп кеткен соң түскен құжаттар өтінім иесі белгіленген мерзімді өткізіп алудың дәлелді себептерін растаған жағдайда және тиісті төлем жасалғанда қарау үшін қабылдануы мүмкін.

      105. Халықаралық өтінімге сараптама жасау.
      1) Келісімнің 11(3) бабына сәйкес көрсетілген немесе таңдап алынған ведомство ретінде сараптама жасау ұйымына халықаралық өтінімді беру күні ретінде оның халықаралық берілген күні қаралады.
      2) сараптама жүргізу кезінде Келісімнің 21(1) бабына сәйкес халықаралық өтінімнің нысаны мен мазмұнына (оның ішінде пайдалы модельдің бірлігіне қатысты) Келісімде және Келісім нұсқаулығында көзделген талаптар қойылады.
      3) сараптама жүргізу кезінде:
      осы Нұсқаулықта көрсетілген құжаттардың болуы;
      төлемдердің белгіленген мөлшерге сәйкестігі;
      өтініште көрсетілген мәліметтердің халықаралық өтінімнің жарияланымында көрсетілген деректерге сәйкестігі;
      өтінім иесінің атауы туралы, авторлар туралы, сондай-ақ сұралатын басымдық туралы мәліметтердің өзгергені жайлы құжаттардың болуы;
      қосымша құжаттарды ұсынудың белгіленген тәртібі сақталған ба;
      ХПК бойынша пайдалы модель классификациясының дұрыстығы;
      қажет болған жағдайда өкілдікке сенімхаттың болуы және оның белгіленген талаптарға сәйкестігі;
      пайдалы модельдің басымдығын сұрау үшін негіздердің болуы тексеріледі.
      Келісім нұсқаулығының 17(2)(а) ережесіне сәйкес сараптама жасау ұйымы ДЗМҰ Халықаралық бюросынан бірінші өтінімнің көшірмесіне сұрау сала алады. Егер ол басқа тілде жасалған болса, бірінші өтінімнің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын сараптама жасау ұйымы өтінім иесінен сұрата алады;
      халықаралық іздестіру және/немесе халықаралық алдын ала сараптаманың қорытындысының болуы тексеріледі.
      Егер халықаралық іздестіру туралы есепте және/немесе халықаралық алдын ала сараптама қорытындысында бірыңғай пайдалы модель талаптарын бұзу туралы дәлелдер болса және олардың негізділігі белгіленсе, онда егер халықаралық өтінімнің қандай да бір бөліктері бойынша халықаралық іздестіру туралы есеп жасалмаса немесе РСТ 17(3)(b) және 34(3)(b) баптарында көрсетілген қосымша салықтарды төлемеуі салдарынан халықаралық алдын ала сараптама жүргізілмесе, халықаралық өтінімнің көрсетілген бөліктері өтінім иесі белгіленген төлем төлеген жағдайда қарау үшін қабылдануы мүмкін.
      Белгіленген төлем төленбеген жағдайда қарау үшін тек халықаралық өтінімнің халықаралық іздестіру туралы есеп жасалған және/немесе халықаралық алдын ала сараптама жүргізілген бөліктері ғана қабылданады.
      4) егер халықаралық өтінімді сараптамадан өткізу процесінде өтінім оның құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып ресімделген болса, онда өтінім иесіне оны алған күннен бастап екі ай мерзімде жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсыну туралы ұсыныспен сұрау салу жіберіледі.
      5) егер пайдалы модельге қатысты Келісім нұсқаулығының 13 ережесіне сәйкес бірыңғай талаптың бұзылғаны анықталса, онда РСТ 27 (4) бабына сәйкес осы Нұсқаулықтың 11, 12-тармақтарына сай бірыңғай талаптарға сәйкестігіне тексеру жүзеге асырылады.
      Егер тексеру нәтижесі осы Нұсқаулықтың 11, 12-тармақтарына сәйкес оң болса, өтінім иесіне тексеру нәтижелері туралы, сондай-ақ оның халықаралық өтініміне Келісім нұсқаулығында көзделген талаптарды қолдануды талап ету құқығы туралы хабарланады.
      Егер өтінім иесі Келісімнің және Келісім нұсқаулығының талаптарын қолдану туралы талап етсе, онда ақырғы қорытынды өтінім иесі келтірген дәлелдерді ескере отырып, осы Нұсқаулыққа сәйкес пайдалы модель бірыңғайлығына талаптардың сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша жасалады.

      106. Халықаралық өтінімге енгізілген өзгерістердің дұрыстығын тексеру.
      1) егер халықаралық өтінімді өтінім иесі қараудың ұлттық фазасына ауыстырса, ДЗМҰ Халықаралық бюросы жариялаған РСТ 19-бабына сәйкес пайдалы модель формуласының өзгерістерін ескере отырып, халықаралық өтініммен бірге немесе оған қосымшамен бірге, және/немесе РСТ 34-бабына сәйкес халықаралық алдын ала сараптама органы қабылдаған формуланың, сипаттаманың, сызудың өзгерістерін ескере отырып, халықаралық берілген күніндегі материалдар бұл өзгерістер халықаралық өтінімнің бастапқы материалдарының шеңберінен шыға ма деген мәселе тексеріледі.
      Өтінім иесі халықаралық өтінімге енгізген өзгерістерді қараудың ұлттық фазасында тексеру (атап айтқанда сараптама жасау ұйымына халықаралық өтінімнің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын қоса ұсына отырып) Заңның 23-бабына және осы Нұсқаулықтың 84-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      Халықаралық өтінімге енгізілген өзгерістердің болуын тексеру кезінде, қажет болған жағдайда өтінім иесінен халықаралық өтінімді берген күнге ондағы құжаттардың орыс тіліндегі аудармасын ұсыну сұралуы мүмкін.
      Қосымша материалдарды тексеру кезінде осы Нұсқаулықтың 104-тармағына сәйкес халықаралық өтінімді қараудың ұлттық фазасындағы бастапқы материалдар деп халықаралық берілген күні халықаралық өтінімде болған материалдар есептеледі.

      107. Патент беру туралы шешім.
      Халықаралық өтінімнің құжаттарын тексеру оң нәтиже берген жағдайда өтінім иесіне пайдалы модельге патент беру туралы шешім жіберіледі.

      108. Халықаралық өтінім материалдарымен танысу.
      Сараптама жасау ұйымы Келісімнің 30(2)(а) бабына сәйкес өтінім халықаралық жарияланған күннен кейін үшінші тұлғаға не өтінім иесінің өтініші немесе рұқсаты бойынша көрсетілген мерзімнен бұрын халықаралық өтінім туралы мәлімет ұсынады. РСТ 30(2)(b) бабына сәйкес сараптама жасау ұйымы кез-келген уақытта өтінім иесінің өтінішінсіз немесе рұқсатынсыз үшінші тұлғаға алушы ведомство, өтініш иесінің аты, халықаралық беру күні, халықаралық өтінімнің нөмірі және пайдалы модельдің атауы туралы мәліметтер хабарлай алады.

                                      Пайдалы модельге патент беруге
                                 өтінімді жасау, ресімдеу және қарау
                                         жөніндегі нұсқаулыққа
                                               1-қосымша

ПМ-1 нысаны

Келіп түскен
күні 
 
 
 
 
 

(85) Халықара-
лық өтінімді
ұлттық фазаға
ауыстыру күні

(21) Тіркеу N

(22) Берілген
күні

_
|_| (86) алушы ведомство белгілеген халықаралық өтінімді тіркеу
нөмірі және күні

_
|_| (87) халықаралық өтінімнің нөмірі және халықаралық
жарияланған күні

     Пайдалы модельге         Қазақстан Республикасының Әділет
Қазақстан Республикасының     министрлігі Зияткерлік меншік
     патентін беру туралы      құқығы комитетінің "Ұлттық
            ӨТІНІШ               зияткерлік меншік институты" РМҚК

                                010000, Қазақстан Республикасы,
                                Астана қаласы, Сол жағалау,
                                35-көше, 8-үй, Министрліктер
                                Үйі, "В" блогы, 13-кіреберіс.

Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып,
өтінім иесінің (иелерінің) атына Пайдалы модельге
Қазақстан Республикасының патентін беруді
сұраймын (сұраймыз)
     (71) Өтінім иесі (иелері):
 

  (толық аты немесе атауы және тұратын немесе
болатын жері көрсетіледі.
Өтінім иелері-авторлардың тұрғылықты жері (72)
коды бар бағанның тұсындағы бағанда келтіріледі)

Стандарт бойынша елдің коды ДЗМҰ ST.3
(егер белгіленген болса)


      Өтінімді ҰЗМИ-ға берген күннен ертерек күн бойынша
басымдық сұралған кезде ғана толтырылады

      Күніне қарай пайдалы модельдің басымдығын белгілеуіңізді
сұраймын (сұраймыз)
_
|_| бірінші өтінімді (өтінімдерді) Париж конвенциясына қатысушы
мемлекетке беру күні (Заңның 20-бабы 2-т)
_
|_| Заңның 20-б. 4-т. сәйкес өтінімді ҰЗМИ ертерек беру күні
_
|_| Заңның 20-б. 5-т. сәйкес бастапқы өтінімді ҰЗМИ беру күні
_
|_| бастапқы өтінімнің басымдығы (Заңның 20-б. 5-т.)
    (өтінімнің нөмірі __________, өтінімді берген күні ________)
_
|_| бұрынғы өтінімге қосымша материалдардың түсуі
    (Заңның 20-б. 3-т.)

Бірінші,
бұрынғы,
бастапқы
өтінімнің N

Басымдық сұралған күн

(33) ST.3 бойынша берген ел-
дің коды (конвенциялық басымдық
сұралған жағдайда)

(54) Пайдалы модельдің атауы Заңның 9-б. 4-т талаптары сақталған

Хат алмасу үшін мекен жай (толық пошталық мекен жай және
адресаттың аты)

Телефон:                Факс:

(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық аты, тіркеу нөмірі,
мекен жайы) немесе өтінім иесінің (иелерінің) өкілі (толық аты
немесе атауы, мекен жайы)

Қоса берілетін
құжаттардың
тізбесі

1 данадағы парақ саны

Дана саны

Өтінім беруге
және пайдалы
модельге
патент алуға
құқықтың пайда
болу негізі
(құжат ұсыну-
сыз):
_
|_|  өтінім
иесі жұмыс
беруші болып
табылады және
Заңның 10-б.
2-т. талапта-
ры сақталған
_
|_|  жұмыс
берушінің
немесе құқық-
тық мирасқоры-
ның құқықтарды
беруі
_
|_|  автордың
немесе құқық-
тық мирасқор-
дың мирасқа
алу құқығын
қайта беруі
_
|_|  мирасқо-
лық құқық

_
|_| өтінімге
қосымша



_
|_|  пайдалы
модель сипаттамасы



_
|_|  пайдалы
модель
формуласы



_
|_|  сызулар
және өзге
материалдар



_
|_|  реферат



_
|_|  өтінім
беруге төлем
туралы құжат



_
|_|  төлем
мөлшерін азай-
туға негіз
барын растайтын
құжат



_
|_|  бірінші
өтінімнің
(өтінімдердің)
көшірмелері
(конвенциялық
басымдық сұрал-
ған жағдайда)



(ҰЗМИ мөртаңба
орны)

_
|_|  өтінімнің
шет тіліндегі
құжаттары



_
|_|  патенттік
сенімді адамның
немесе өкілдің
өкілеттігін
куәландыратын
сенімхат



_
|_| басқа құжат
(көрсетілсін)



Формуламен жариялау үшін ұсынылатын сызбалар фигурасының N
(рефератпен)

(72) Автор(лар)
(толық аты
көрсетіледі)

Елдің атауы және белгіленген
болса, егер белгіленген болса,
ВОИС ST.3 стандарты бойынша
оның кодын қоса алғанда тұратын
жерінің толық пошталық мекен
жайы

Пайдалы
модельге
патент алуға
құқығын берген
автор-өтініш
иелерінің және
/немесе автор-
лардың қолы





Мен (біз)_______________________________________________________
                   (тегі, аты, әкесінің аты)

    пайдалы модельге патент беру туралы мәліметтерді жариялау
кезінде мені (бізді) автор (лар) ретінде көрсетпеуді сұраймын
(сұраймыз)

    Автордың (авторлардың) қолы (қолдары):

    Қолы

    Автор(лар) болып табылмайтын өтінім иесінің (иелерінің) қолы
(қолдары) (заңды тұлға атынан қол қойған жағдайда басшының қолы
мөрмен бекітіледі)

                                     Пайдалы модельге патент беруге
                                 өтінімді жасау, ресімдеу және қарау
                                          жөніндегі нұсқаулыққа
                                               2-қосымша

ПМ-2 нысаны

          Пайдалы модельге арналған патенттің қолдану
               мерзімін ұзарту туралы өтінімхат

Патент заңының  5-бабы 3-тармағына сәйкес пайдалы модельге арналған
патенттің қолдану мерзімін ұзарту сұраймын (сұраймыз) N ____________
                                                     (патент нөмірі)
____________________________________________________________________
                     (пайдалы модельдің атауы)

      келесі жылдарға:

       алтыншы         жетінші         сегізінші
                       (керегін сыз)

      Ескертпелер: пайдалы модельге арналған патенттің қолдану
мерзімін ұзарту туралы мәліметтерді жариялау үшін төлем туралы
құжат - 1 дана 

Патент иесі                        Қолы  


Дата вступления в силу:  30.04.2007
Дата изменения акта:  23.04.2010
Дата принятия акта:  24.04.2007
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103001002000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  33705
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  53
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  026010000000
Форма акта:  ПРИК / ИНСТ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz