23.02.2007

Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 117 Қаулысымен.

      _____________________Бұйрықтан үзінді______________________

       " Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының  41-бабының 4-тармағына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5-бабына және 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ...
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. ...:
      1) ...;
      2) ...
      5. ...
      6. ...
      7. ...

       Төрайым                                           Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi
Басқармасының       
2008 жылғы 22 тамыздағы  
N 117 қаулысына қосымша  

Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі

      1. ...
      2. Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 40 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4608 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық, атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, N 5, 255-құжат).
      3. ...

      _____________________________________________________

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін.
      2. 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының қосымшасындағы 5-тармақтың жиырма алтыншы, жиырма жетінші абзацтарын және 6-тармақтың отыз бірінші, отыз екінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Бубеев М.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына мәлімет үшін жіберсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін. 

      Төраға

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы  
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқарамасының  
2007 жылғы 23 ақпандағы   
N 40 қаулысына қосымша    

Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар
рыногының кәсіби қатысушыларының қызметтерін пруденциалдық
реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқықтық кесімдеріне енгізілетін толықтырулар
мен өзгерістердің тізбесі

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздардың нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 264 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3196 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздардың нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 264 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 386 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3955 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздардың нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 264 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 121 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4275 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен бірге:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздардың нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:
      1-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "О - брокер және дилердің жиынтық міндеттемелері ("репо" операциясын ашық сауда әдісімен өткізгенде, міндеттемелерге тек "репо" ашу сәтіне қор биржасының ішкі ережелеріне сәйкес анықталған "репо" объектісінің нарықтық құнының дисконт сомасы кіреді);";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы отыз бірінші - отыз үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар мынадай жағдайларда өтімді активтер есебіне қосылмайды:
      брокер және дилер оларды қайта сатып алу шартымен сатқан  немесе кепілге берген, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жолмен ауыртпалық салған жағдайда;
      брокер және дилер автоматтандырылған "репо" нарығында қайта сату шартымен бағалы қағаздарды сатып алған жағдайда.".

      2. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 265 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3189 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздарды  ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 265 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 389 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3941 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2005 жылғы 22 желтоқсанда N 239 (973) санында жарияланған), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 265 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 126 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4271 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен бірге:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесінде:
      1-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "О - тіркеушінің жиынтық міндеттемелері ("репо" операциясын ашық сауда әдісімен өткізгенде, міндеттемелерге тек "репо" ашу сәтіне қор биржасының ішкі ережелеріне сәйкес анықталған "репо" объектісінің нарықтық құнының дисконт сомасы кіреді);";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы - отыз бірінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар мынадай жағдайларда өтімді активтер есебіне қосылмайды:
      тіркеуші оларды қайта сатып алу шартымен сатқан немесе кепілге берген, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жолмен ауыртпалық салған жағдайда;
      тіркеуші автоматтандырылған "репо" нарығында қайта сату шартымен бағалы қағаздарды сатып алған жағдайда.".

      3. Агенттік Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3194 тіркелген, 2005 жылғы 14 қазанда "Заң газеті" газетінде N 190-191 (924-925) санында жарияланған) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық портфельді  басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 388 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3944 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 266 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 125 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4272 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен бірге:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық  нормативті есептеу ережесінде:
      1-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "О - инвестициялық портфельді басқарушының жиынтық міндеттемелері ("репо" операциясын ашық сауда әдісімен өткізгенде, міндеттемелерге тек "репо" ашу сәтіне қор биржасының ішкі ережелеріне сәйкес анықталған "репо" объектісінің нарықтық құнының дисконт сомасы кіреді);";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы отыз екінші - отыз төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар мынадай жағдайларда өтімді активтер есебіне қосылмайды:
      басқарушы оларды қайта сатып алу шартымен сатқан немесе кепілге берген, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жолмен ауыртпалық салған жағдайда;
      басқарушы автоматтандырылған "репо" нарығында қайта сату шартымен бағалы қағаздарды сатып алған жағдайда.".

      4. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 132 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4299 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 132 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 226 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4478 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен бірге:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы - отыз бірінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар мынадай жағдайларда өтімді активтер есебіне қосылмайды:
      Брокер және (немесе) дилер және Басқарушы оларды қайта сатып алу шартымен сатқан немесе кепілге берген, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жолмен ауыртпалық салған жағдайда;
      Брокер және (немесе) дилер және Басқарушы автоматтандырылған "репо" нарығында қайта сату шартымен бағалы қағаздарды сатып алған жағдайда.";

      6-тармақта:
      үшінші абзацтағы "3 және 4-тармақтарында" деген сөздер "5-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "М - Қордың жиынтық міндеттемелері ("репо" операциясын ашық сауда әдісімен өткізгенде, міндеттемелерге тек "репо" ашу сәтіне қор биржасының ішкі ережелеріне сәйкес анықталған "репо" объектісінің нарықтық құнының дисконт сомасы кіреді);";

      он екінші абзац "акциялардың" деген сөзден кейін ", пайлардың" деген сөзбен толықтырылсын;

      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "В - шығару шарты бағалы қағаздардың айналымының барлық кезеңіне ұлттық валютаның белгіленген бағамы бойынша осы қаржы құралы бойынша ақша ағындарын белгілеуді көздейтін қаржы құралдарын қоспағанда, шетел валютасында номинирленген қаржы құралдарының, сондай-ақ, олар бойынша шетел валюталарының бағамдары өзгеруіне индекстелген номинал және/немесе купондық сыйақы, және бағалы металдардың ағымдағы құны;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ұйым қызметін инвестициялық портфельді басқару қызметімен (басқаруында активтер болса) қоса атқарғанда, сондай-ақ клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығынсыз брокерлік және дилерлік қызметті қоса атқарғанда, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттің есептеу тәртібі және мәні Агенттік Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы  N 223 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4480 тіркелген) белгіленеді.";
      9 және 10-тармақ алынып тасталсын;

      1-қосымшада:
      "Кредит тәуекелділігі" кестесінде:
      екінші бағанадағы "Есеп айырысу" деген сөздер алынып тасталсын;

"Индекс болып табылатын
базалық активтері фьючерс,
опцион, своп, форвард


20

";

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Жол үстіндегі ақша


20

";

"Индекс болып табылатын
базалық активтері фьючерс,
опцион, своп, форвард


250

";

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Сауда-саттық ұйымдастыру.
шысы акцияларын делистингке
ұшыратқан екінші деңгейдегі
банктердегі салымдар


250

";

      Кестені толтыру жөніндегі түсіндірмеде:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар көрсетілген қаржы құралдарының нарықтық құны мен олар бойынша кредиттік тәуекел сомасын осы қосымшада көрсетілген контрагент санатына сәйкес келетін тәуекел дәрежесіне көбейту арқылы кредиттік тәуекелді есептеуге енгізіледі.";

      мынадай мазмұндағы бесінші-жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Сауда-саттық ұйымдастырушы делистингке ұшыратқан қаржы құралдары осы қаржы құралдардың ағымдағы құнының сомасын осы қосымшаның VI тобында көрсетілген тәуекел дәрежесіне көбейту арқылы кредиттік тәуекел есеп айырысуына кіреді.
      Борыштық бағалы қағазда бірнеше рейтинг агенттіктері берген рейтинг бағалары болғанда, осындай бағалардан соңғысы назарға алынады.
      Борыштық бағалы қағазда халықаралық және Қазақстан Республикасы ұлттық шәкілі бойынша рейтинг бағалары болғанда, ең жоғарғы рейтинг бағасына басымдылық беріледі.";

      1-1-қосымшада:
      "Ерекше пайыздық тәуекел" кестесінде:
      2-жолда:
      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;

      "мемлекеттік бағалы қағаздар түріндегі" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында айналысқа түспейтін Principal protected notes" деген сөздермен толықтырылсын;

      3, 4-жолда:
      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;

      "мемлекеттік бағалы қағаздар түріндегі" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында айналысқа түспейтін Principal protected notes" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-2-қосымша осы Тізбенің 1-қосымшасына сәйкес жазылсын;

      7-қосымшада:
      1.4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"1.4.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық
шәкілі бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес дербес
ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді
рейтингі бар немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас дең.
гейіндегі рейтингі бар резидент емес банк.
тердегі ағымды шоттардағы ақша



 
 
 
 
 
 

      ";

      33 жолдағы "; К1>1" деген белгілер алынып тасталсын;

      33, 34 жол мынадай редакцияда жазылсын:

"34

Қор тәуекелі (ЕАк * 0,08)


35

Валюта тәуекелі (Вт)

";

      5. Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік маңызы, олардың есебінің әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 222 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4479 тіркелген):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні, олардың есебінің әдістемесі туралы нұсқаулықта:
      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақшалай эквиваленттер - алдын-ала белгілі ақша сомасына жеңіл айналатын және олардың құнының елеусіз ғана өзгеріс тәуекеліне душар болатын қысқа мерзімді жоғары өтімді салымдар. Ақшалай эквиваленттер қатарына екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға инвестициялар және қысқа мерзімді өтеу мерзімі бар басқа инвестициялар (сатып алғаннан бастап үш айдан артық емес) жатады. Ақшалай эквиваленттер түріндегі инвестицияларды жіктеу "Ақша қаражаты қозғалысы туралы есептер" халықаралық қаржылық есеп берудің 7-ші стандартына сәйкес жасалады;
      2) валюталық тәуекел - зейнетақы активтерін басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қор немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - ұйым) өз қызметінде шетел валюталарының өзгеруіне байланысты шығыстардың (зиянның) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (зиянның) пайда болу қаупі валютаның құнын көрсету бойынша позицияларды қайта бағалаудан туындайды;
      3) кредиттік тәуекел - заемшының (эмитенттің} бағалы қағаздар шығарылымының (облигациялар, мемлекеттік міндеттемелер және басқалар) талаптарында белгіленген мерзімде кредиторға (инвесторға) тиесілі негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлемеу негізінде пайда болған шығыстардың (зияндардың) пайда болу тәуекелі. Кредиттік тәуекелге сондай-ақ әріптестің своптар, опциондар және бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуды реттеу кезеңіндегі міндеттемелерді орындамауына байланысты пайда болған жоғалтулар тәуекелі кіреді;
      4) қордың тәуекелі - акциялардың рыноктық құнына ықпал ететін қаржы рыноктарының талаптары өзгерген жағдайда пайда болатын акциялар құнындағы өзгерістер негізінде пайда болатын тәуекел;
      5) меншікті капиталдың жеткіліктілігінің жиынтық коэффициенті - осы Нұсқаулыққа сәйкес есептелген Қордың меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерінің жиынтығы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 27-қазандағы N 223 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4480 тіркелген) сәйкес есептелген Қордың меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерінің жиынтығы;
      6) пайыздық тәуекел - мыналарды қосқандағы сыйақы мөлшерлемесінің тиімсіз өзгеруі салдарынан шығыстардың (зияндардың) пайда болу тәуекелі:
      орналастырылған активтердің (белгіленген сыйақы мөлшерлемесі кезінде) өтеу мерзімдерін сақтамауға байланысты жалпы пайыздық тәуекел;
      басқа тең талап жағдайында ұқсас бағалау сипаты бар бірқатар құралдар арқылы сыйақы алынатын және төленетін есептеу мен түзетудің әртүрлі әдістемелерін қолдануға байланысты ерекше пайыздық тәуекел;
      7) рыноктық тәуекел - қаржы рыноктарының тиімсіз қозғалысына байланысты шығыстардың (зияндардың) пайда болу тәуекелі. Рыноктық тәуекелдің макроэкономикалық тәуекелі бар, рыноктық тәуекелдердің негізгі көзі қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері болып табылады. Рыноктық тәуекел пайыздық, валюталық және қор тәуекелдерінің жиынтығын береді;
      8) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

      4-тармақтың алтыншы абзацтағы "ұйымның" деген сөз "Қордың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-тармақта:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "M - міндеттемелер ("репо" операциясын ашық сауда әдісімен өткізгенде, міндеттемелерге тек "репо" ашу сәтіне қор биржасының ішкі ережелеріне сәйкес анықталған "репо" объектісінің нарықтық құнының дисконт сомасы кіреді);";

      он үшінші абзац "акциялардың" деген сөзден кейін ", пайлардың" деген сөзбен толықтырылсын;

      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "В - шығару шарты бағалы қағаздардың айналымының барлық кезеңіне ұлттық валютаның белгіленген бағамы бойынша осы қаржы құралы бойынша ақша ағындарын белгілеуді көздейтін қаржы құралдарын қоспағанда, шетел валютасында номинирленген қаржы құралдарының, сондай-ақ, олар бойынша шетел валюталарының бағамдары өзгеруіне индекстелген номинал және/немесе купондық сыйақы, және бағалы металдардың ағымдағы құны;";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы жиырма алтыншы-жиырма сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар мынадай жағдайларда өтімді активтер есебіне қосылмайды:
      Қор оларды қайта сатып алу шартымен сатқан немесе кепілге берген, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жолмен ауыртпалық салған жағдайда;
      Қор автоматтандырылған "репо" нарығында қайта сату шартымен бағалы қағаздарды сатып алған жағдайда.";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Екінші деңгейдегі бір банктегі (өз араларында аффилиирленген тұлғалар болып табылатын екі және одан көп екінші деңгейдегі банктердегі) Қордың ағымдағы шоттарындағы ақшаның барынша жоғары ақша қалдығы Қордың меншікті активтері мөлшерінің он процентінен аспауы тиіс.";

      1-қосымшада:
      "Кредит тәуекелділігі" кестесінде:
      екінші бағанадағы "Есеп айырысу" деген сөздер алынып тасталсын;     

"Базалық активі индекс
болып табылатын фьючерс,
опцион, своп, форвард


20



  ";

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Жол үстіндегі ақша


20

";

"Базалық активі индекс
болып табылатын фьючерс,
опцион, своп, форвард


250



  ";

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Сауда-саттық ұйымдас.
тырушысы акцияларын
делистингке ұшыратқан
екінші деңгейдегі банк.
тердегі салымдар


250



 
 
 
 
 

     ";

      Кестені толтыру жөніндегі түсіндірмеде:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар көрсетілген қаржы құралдарының нарықтық құны мен олар бойынша кредиттік тәуекел сомасын осы қосымшада көрсетілген контрагент санатына сәйкес келетін тәуекел дәрежесіне көбейту арқылы кредиттік тәуекелді есептеуге енгізіледі.";

      мынадай мазмұндағы бесінші-жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Сауда-саттық ұйымдастырушы делистингке ұшыратқан қаржы құралдары осы қаржы құралдардың ағымдағы құнының сомасын осы қосымшаның VI тобында көрсетілген тәуекел дәрежесіне көбейту арқылы кредиттік тәуекел есеп айырысуына кіреді.
      Борыштық бағалы қағазда бірнеше рейтинг агенттіктері берген рейтинг бағалары болғанда, осындай бағалардан соңғысы назарға алынады.
      Борыштық бағалы қағазда халықаралық және Қазақстан Республикасы ұлттық шәкілі бойынша рейтинг бағалары болғанда, ең жоғарғы рейтинг бағасына басымдылық беріледі.";

      2-қосымшада:
      2-жолда:
      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;

      "мемлекеттік бағалы қағаздар түріндегі" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында айналысқа түспейтін Principal protected notes" деген сөздермен толықтырылсын;

      3, 4 жолда:
      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;

      "мемлекеттік бағалы қағаздар түріндегі" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында айналысқа түспейтін Principal protected notes" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-қосымша осы Тізбенің 2-қосымшасына сәйкес жазылсын;

      4-қосымшада:
      26-жолдағы "; К 1 >0,042" деген белгілер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 27-30 жолмен толықтырылсын:

"27.

Қор тәуекелі (ЕАк * 0,08)


28.

Валюта тәуекелі (Вт)


29.

Зейнетақы активтерінің ағымдағы құны (ЗАҚ)


30.

Баланс бойынша активтер сомасы

";

      6. Агенттік Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 223 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4480 тіркелген):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақшалай эквиваленттер - алдын-ала белгілі ақша сомасына жеңіл айналатын және олардың құнының елеусіз ғана өзгеріс тәуекеліне душар болатын қысқа мерзімді жоғары өтімді салымдар. Ақшалай эквиваленттер қатарына екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға инвестициялар және қысқа мерзімді өтеу мерзімі бар басқа инвестициялар (сатып алғаннан бастап үш айдан артық емес) жатады. Ақшалай эквиваленттер түріндегі инвестицияларды жіктеу "Ақша қаражаты қозғалысы туралы есептер" халықаралық қаржылық есеп берудің 7-ші стандартына сәйкес жасалады;
      2) валюталық тәуекел - зейнетақы активтерін басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қор немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым өз қызметінде шетел валюталарының өзгеруіне байланысты шығыстардың (зиян) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (зиян) пайда болу қаупі валютаның құнын көрсету бойынша позицияларды қайта бағалаудан туындайды;
      3) зейнетақы активтерінің шартты бірлігі - жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің оларды ұйым инвестициялық басқару нәтижесіндегі олардың өзгерістерінің сипаты үшін пайдаланылатын және осы Нұсқаулыққа сәйкес есептелетін үлестік өлшемі;
      4) кредиттік тәуекел - заемшының (эмитенттің) бағалы қағаздар шығарылымының (облигациялар, мемлекеттік міндеттемелер және басқалар) талаптарында белгіленген мерзімде кредиторға (инвесторға) тиесілі негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлемеу негізінде пайда болған шығыстардың (зияндардың) пайда болу тәуекелі. Кредиттік тәуекелге сондай-ақ әріптестің своптар, опциондар және бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуды реттеу кезеңіндегі міндеттемелерді орындамауына байланысты пайда болған жоғалтулар тәуекелі кіреді;
      5) қор - жинақтаушы зейнетақы қоры;
      6) қордың тәуекелі - акциялардың рыноктық құнына ықпал ететін қаржы рыноктарының талаптары өзгерген жағдайда пайда болатын акциялар құнындағы өзгерістер негізінде пайда болатын тәуекел;
      7) меншікті капиталдың жеткіліктілігінің жиынтық коэффициенті - осы Нұсқаулыққа сәйкес есептелген қордың меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерінің жиынтығы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік маңызы, олардың есебінің әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және қаржы ұйымдарын қадағалау мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 222 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4479 тіркелген) сәйкес есептелген Қордың меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерінің жиынтығы;
      8) проценттік тәуекел - мыналарды қосқандағы сыйақы мөлшерлемесінің тиімсіз өзгеруі салдарынан шығыстардың (зияндардың) пайда болу тәуекелі:
      орналастырылған активтердің (белгіленген сыйақы мөлшерлемесі кезінде) өтеу мерзімдерін сақтамауға байланысты жалпы пайыздық тәуекел;
      басқа тең талап жағдайында ұқсас бағалау сипаты бар бірқатар құралдардан сыйақы алынатын және төленетін есептеу және түзетудің әртүрлі әдістемелерін қолдануға байланысты ерекше пайыздық тәуекел;
      9) рыноктық тәуекел - қаржы рыноктарының тиімсіз қозғалыстарына байланысты шығыстардың (зияндардың) пайда болу тәуекелі. Рыноктың тәуекелдің макроэкономикалық тәуекелі бар, рыноктық тәуекелдердің негізгі көзі қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері болып табылады. Рыноктық тәуекел пайыздық, валюталық және қор тәуекелдерінің жиынтығын береді;
      10) "таза" зейнетақы активтері - қордың оның зейнетақы активтеріне қатысты міндеттемелерін (зейнетақы төлемдері, басқа қорларға аударымдар жөніндегі міндеттемелерді және басқа да ұқсас ықтимал міндеттемелерді) шегеріп тастағандағы зейнетақы активтері;
      11) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      12) ұйым - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - ұйым).";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымда қор біреуден артық болған жағдайда К1 коэффициентін сақтаудың теңбе-теңдік мақсатына сәйкес К1 мәні ұйымның әрбір қорға қатысты өтімді активтері мен міндеттемелерін бөле отырып, әрбір қорға байланысты есептеледі.";

      5-тармақта:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "М - баланс бойынша міндеттемелер ("репо" операциясын ашық сауда әдісімен өткізгенде, міндеттемелерге тек "репо" ашу сәтіне қор биржасының ішкі ережелеріне сәйкес анықталған "репо" объектісінің нарықтық құнының дисконт сомасы кіреді);";

      он үшінші абзацтағы "акциялардың" деген сөзден кейін ", пайлардың" деген сөзбен толықтырылсын;

      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "В - шығару шарты бағалы қағаздардың айналымының барлық кезеңіне ұлттық валютаның белгіленген бағамы бойынша осы қаржы құралы бойынша ақша ағындарын белгілеуді көздейтін қаржы құралдарын қоспағанда, шетел валютасында номинирленген қаржы құралдарының, сондай-ақ, олар бойынша шетел валюталарының бағамдары өзгеруіне индекстелген номинал және/немесе купондық сыйақы, және бағалы металдардың ағымдағы құны;";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы-отыз бірінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар мынадай жағдайларда өтімді активтер есебіне қосылмайды:
      Ұйым оларды қайта сатып алу шартымен сатқан немесе кепілге берген, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жолмен ауыртпалық салған  жағдайда;
      Ұйым автоматтандырылған "репо" нарығында қайта сату шартымен бағалы қағаздарды сатып алған жағдайда.";

      28-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Екінші деңгейдегі бір банктегі (өз араларында аффилиирленген тұлғалар болып табылатын екі және одан көп екінші деңгейдегі банктердегі) ұйымның ағымдағы шоттарындағы ақшаның барынша жоғары қалдығы ұйымның меншікті активтері мөлшерінің он процентінен аспауы тиіс.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "32. Ұйым ай сайын, бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей,  уәкілетті органға электронды тасымалдағышпен мыналарды береді:
      1) осы Нұсқаулықтың 1-3, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес К 1 коэффициентінің мәндерін есептеулерді;
      2) ағымдағы айдың басында зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған әрбір жеке қордың зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны жөніндегі өткен ай бойынша Нұсқаулықтың 4-қосымшасындағы нысанға сәйкес анықтаманы;
      3) осы Нұсқаулықтың 4-1-қосымшасына сәйкес нысандағы номиналды кіріс коэффициенттері туралы мәліметтер (ағымдағы айдың басында зейнетақы активтері осы Ұйымда инвестициялық басқаруда болған әрбір жеке қор бойынша);";

      34-тармақта:
      екінші абзац алып тасталсын;

      үшінші абзацтағы "20-шы күнінен кешіктірмей" деген сөздер "28-ші күнінен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-қосымшада:
      "Кредит тәуекелділігі" кестесінде:
      екінші бағанадағы "Есеп айырысу" деген сөз алып тасталсын; 

"Базалық активі индекс болып табылатын фьючерс,
опцион, своп, форвард


20



  "

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Жол үстіндегі ақша


20

";

"Базалық активі индекс
болып табылатын фьючерс,
опцион, своп, форвард


250



  "

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Сауда-саттық ұйымдас.
тырушысы акцияларын
делистингке ұшыратқан
екінші деңгейдегі
банктердегі салымдар


250



 
 
 
 

    ";

      Кестені толтыру бойынша түсіндірмеде:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар көрсетілген қаржы құралдарының нарықтық құны мен олар бойынша кредиттік тәуекел сомасын осы қосымшада көрсетілген контрагент санатына сәйкес келетін тәуекел дәрежесіне көбейту арқылы кредиттік тәуекелді есептеуге енгізіледі.";

      мынадай мазмұндағы бесінші-жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Сауда-саттық ұйымдастырушысын делистингке ұшыратқан қаржы құралдары осы қосымшаның VI активтер тобында көрсетілген тәуекел дәрежесіне сай осы қаржы құралдарының ағымдағы құнының сомасын көбейту жолымен кредиттік тәуекел есебіне енгізіледі.
      Борыштық бағалы қағаздарда бірқатар рейтинг агенттіктері берген рейтинг бағалары болған жағдайда, назарға осындай бағалардың соңғысы алынады.
      Борыштық бағалы қағаздарда халықаралық және Қазақстан Республикасының ұлттық шәкілі бойынша берілген рейтинг бағалары болған жағдайда, басымдық ең жоғарғы рейтинг бағасына беріледі.";

      2-қосымшада:
      2-жолда:
      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;

      "мемлекеттік бағалы қағаздар түріндегі" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында айналысқа түспейтін Principal protected notes" деген сөздермен толықтырылсын;

      3, 4-жолдарда:
      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;

      "мемлекеттік бағалы қағаздар түріндегі" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында айналысқа түспейтін Principal protected notes" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-қосымша осы Тізбенің 3-қосымшасына сәйкес жазылсын;

      Осы Тізбенің 4-қосымшасына сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын;

      5-қосымшада:
      27-жолдағы "; К 1 = 0,02" белгілер алып тасталсын;
      Мынадай мазмұндағы 29-31-жолмен толықтырылсын:

"29.

Қор тәуекелі (ЕАк * 0,08)


30.

Валюталық тәуекел(Вт)


31.

Орташа алынған жалпы кіріс (ОЖК)

";

                                  Жинақтаушы зейнетақы қорларының
                                   және бағалы қағаздар рыногының
                                кәсіби қатысушыларының қызметтерін
                                  пруденциалдық реттеу мәселелері
                                 бойынша Қазақстан Республикасының
                                     кейбір нормативтік құқықтық
                                 кесімдеріне енгізілген толықтырулар
                                 мен өзгерістер тізбесіне 1-қосымша

                                 "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби
                                   қызмет түрлерін қоса атқаратын
                                  ұйымдарға арналған пруденциалдық
                                   нормативтерді есептеу ережесіне
                                             1-2-қосымша

                    Жалпы пайыздық тәуекел

Аймақтар

Уақытша
интервалдар

Қаржы құрал.
дарының құны

Саралау
коэффициенті

Қаржы құрал.
дарының
сараланған
құны

1

2

3

4

5

1

1 айдан кем
емес


0,00


1-3 ай


0,002


3-6 ай


0,004


6-12 ай


0,007


1 аймақтың
жиынтығы

х

х


2

1-2 жыл


0,0125


2-3 жыл


0,0175


3-4 жыл


0,0225


2 аймақтың
жиынтығы

х

х


3

4-5 жыл


0,0275


5-7 жыл


0,0325


7-10 жыл 


0,0375


10-15 жыл


0,045


15-20 жыл


0,0525


20 жылдан
артық


0,06


3 аймақ
жиынтығы

х

х


4

Жалпы пайыздық
жиынтық

х

х


  Басшы  _______________________________________  _________________
             (фамилиясы, аты-жөні)                 (қолы)
Бас бухгалтер ________________________________  _________________
                  (фамилиясы, аты-жөні)               (қолы)

Мөрдің орны

      Кестені толтыру барысындағы түсіндірулер:
      Жалпы пайыздық тәуекел аймақтар бойынша сараланған қаржы
құралдарының құнының сомасын білдіреді.
      Белгіленген мөлшерлемесі бар қаржы құралдары өтеуге дейінгі
қалған мерзімге сәйкес уақытша интервалдар бойынша бөлінеді.
      Өзгермелі мөлшерлемесі бар қаржы құралдары мөлшерлемені қайта
қарау күніне дейінгі мерзімге қатысты уақытша интервалдар бойынша
бөлінеді.
      Орындалу мерзімі екі уақытша интервалдың шекарасында тұрған
қаржы құралдары осының алдындағы уақытша интервалдар бойынша
бөлінеді.".

                                  Жинақтаушы зейнетақы қорларының
                                   және бағалы қағаздар рыногының
                                кәсіби қатысушыларының қызметтерін
                                  пруденциалдық реттеу мәселелері
                                 бойынша Қазақстан Республикасының
                                     кейбір нормативтік құқықтық
                                 кесімдеріне енгізілген толықтырулар
                                 мен өзгерістер тізбесіне 2-қосымша

                                  "Жинақтаушы зейнетақы қорларына
                                      арналған пруденциалдық
                                  нормативтердің нормативтік мәні,
                                    олардың есебінің әдістемесі
                                   туралы нұсқаулыққа  3-қосымша

                   Жалпы пайыздық тәуекел

Аймақтар

Уақытша
интервалдар

Қаржы құрал.
дарының құны

Саралау
коэффициенті

Қаржы құрал.
дарының сара.
ланған құны

1

2

3

4

5

1

1 айдан кем
емес


0,00


1-3 ай


0,002


3-6 ай


0,004


6-12 ай


0,007


1 аймақтың
жиынтығы

х

х


2

1-2 жыл


0,0125


2-3 жыл


0,0175


3-4 жыл


0,0225


2 аймақтың
жиынтығы

х

х


3

4-5 жыл


0,0275


5-7 жыл


0,0325


7-10 жыл 


0,0375


10-15 жыл


0,045


15-20 жыл


0,0525


20 жылдан
артық


0,06


3 аймақ
жиынтығы

х

х


4

Жалпы пайыз.
дық жиынтық

х

х


  Басшы ____________________________________ _________________
         (фамилиясы, аты-жөні)                 (қолы)
Бас бухгалтер ____________________________ _________________
               (фамилиясы, аты-жөні)           (қолы)

Мөрдің орны

      Кестені толтыру барысындағы түсіндірулер:
      Жалпы пайыздық тәуекел аймақтар бойынша сараланған қаржы
құралдарының құнының сомасын білдіреді.
      Белгіленген мөлшерлемесі бар қаржы құралдары өтеуге дейінгі
қалған мерзімге сәйкес уақытша интервалдар бойынша бөлінеді.
      Өзгермелі мөлшерлемесі бар қаржы құралдары мөлшерлемені қайта
қарау күніне дейінгі мерзімге қатысты уақытша интервалдар бойынша
бөлінеді.
      Орындалу мерзімі екі уақытша интервалдың шекарасында тұрған
қаржы құралдары осының алдындағы уақытша интервалдар бойынша
бөлінеді.".

                                   Жинақтаушы зейнетақы қорларының
                                   және бағалы қағаздар рыногының
                                кәсіби қатысушыларының қызметтерін
                                  пруденциалдық реттеу мәселелері
                                 бойынша Қазақстан Республикасының
                                     кейбір нормативтік құқықтық
                                 кесімдеріне енгізілген толықтырулар
                                 мен өзгерістер тізбесіне 3-қосымша

                                "Зейнетақы активтерін инвестициялық
                                басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға
                               арналған пруденциалдық нормативтердің
                                нормативтік мәндері, оларды есептеу
                                   әдістемесі туралы нұсқаулыққа
                                             3-қосымша            

                      Жалпы пайыздық тәуекел

Аймақтар

Уақытша
интервалдар

Қаржы құрал.
дарының құны

Саралау
коэффициенті

Қаржы құрал.
дарының сара.
ланған құны

1

2

3

4

5

1

1 айдан кем
емес


0,00


1-3 ай


0,002


3-6 ай


0,004


6-12 ай


0,007


1 аймақтың
жиынтығы

х

х


2

1-2 жыл


0,0125


2-3 жыл


0,0175


3-4 жыл


0,0225


2 аймақтың
жиынтығы

х

х


3

4-5 жыл


0,0275


5-7 жыл


0,0325


7-10 жыл 


0,0375


10-15 жыл


0,045


15-20 жыл


0,0525


20 жылдан
артық


0,06


3 аймақ
жиынтығы

х

х


4

Жалпы пайыз
дық жиынтық

х

х


  Басшы ________________________________ ____________________________
          (фамилиясы, аты-жөні)                 (қолы)
Бас бухгалтер ________________________ ____________________________
                (фамилиясы, аты-жөні)           (қолы)

Мөрдің орны

      Кестені толтыру барысындағы түсіндірулер:
      Жалпы пайыздық тәуекел аймақтар бойынша сараланған қаржы
құралдарының құнының сомасын білдіреді.
      Белгіленген мөлшерлемесі бар қаржы құралдары өтеуге дейінгі
қалған мерзімге сәйкес уақытша интервалдар бойынша бөлінеді.
      Өзгермелі мөлшерлемесі бар қаржы құралдары мөлшерлемені қайта
қарау күніне дейінгі мерзімге қатысты уақытша интервалдар бойынша
бөлінеді.
      Орындалу мерзімі екі уақытша интервалдың шекарасында тұрған
қаржы құралдары осының алдындағы уақытша интервалдар бойынша
бөлінеді.".

                                   Жинақтаушы зейнетақы қорларының
                                   және бағалы қағаздар рыногының
                                кәсіби қатысушыларының қызметтерін
                                  пруденциалдық реттеу мәселелері
                                 бойынша Қазақстан Республикасының
                                     кейбір нормативтік құқықтық
                                 кесімдеріне енгізілген толықтырулар
                                 мен өзгерістер тізбесіне 4-қосымша

                                "Зейнетақы активтерін инвестициялық
                                басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға
                               арналған пруденциалдық нормативтердің
                                нормативтік мәндері, оларды есептеу
                                   әдістемесі туралы нұсқаулыққа
                                             4-1-қосымша

              20 ___ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
              _________________________________________
                            (ұйымның атауы)
              _________________________________________
                (жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
              номиналдық кірістерінің коэффициенттері
                        туралы мәліметтер

Көрсеткіштер


[ай атауы][жылдың цифрлық белгіленуі] 1 үшін бір
шартты бірліктің орташа құны


К 2 номиналды кірістің коэффициенті(12 ай үшін):


[ай атауы][жылдың цифрлық белгіленуі] 2 үшін бір
шартты бірліктің орташа құны


К 2 номиналды кірістің коэффициенті(36 ай үшін ):


[ай атауы][жылдың цифрлық белгіленуі] 3 үшін бір
шартты бірліктің орташа құны


К 2 номиналды кірістің коэффициенті (60 ай үшін):


Бірінші басшы _______________________ ____________________
               (фамилиясы, аты-жөні)        (қолы)
Бас бухгалтер _______________________ ____________________
               (фамилиясы, аты-жөні)        (қолы)

Мөрдің орны

      1 Он екі айдан бұрынғы бір шартты бірліктің орташа құны
көрсетіледі.
      2 Отыз алты айдан бұрынғы бір шартты бірліктің орташа құны
көрсетіледі.
      3 Алпыс айдан бұрынғы бір шартты бірліктің орташа құны
көрсетіледі.".


Дата вступления в силу:  09.04.2007
Дата изменения акта:  22.08.2008
Дата принятия акта:  23.02.2007
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жыл
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  109000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  32657
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  40
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  003003000000 / 006007000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz