09.02.2007

"Ұялы байланыс қызметін көрсету ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 2 тамыздағы N 264-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

       Күші жойылды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009.01.23 N 33 бұйрығымен.

      Ұялы байланыс қызметінде тарифтеу жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұялы байланыс қызметін көрсету ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 2 тамыздағы N 264-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3817 тіркелген, 2005 жылғы 11 қарашадағы N 209-210 "Юридическая газета" және "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыс қызметін көрсету ережелерінде 51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "51. Ұялы байланыс операторы осы Ережелердің 44-тармағының талаптарын ескере отырып тарифтеу бірлігінің құнын есепке алу және ақы төлеуді белгілей алады. Тарифтеу бірлігінің көлемі 10 секундтан артық болмауы керек.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (Е.В.Волкова) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Р.Р. Нұршабековке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Web-сайтына орналастырылуы тиіс.

      Төраға міндетін атқарушы

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитеті төрағасы
      2007 жылғы 27 ақпан


Дата вступления в силу:  09.02.2007
Дата изменения акта:  23.01.2009
Дата принятия акта:  09.02.2007
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жыл, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетені, N 4, 2007 жыл.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  110000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  32397
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  63-п
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  010003000000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz