Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 30 мамырдағы № 1068 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2006 жылғы 12 маусымда № 9-1-51 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 23 қарашадағы № 2012 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қалалық әкімдігінің 2009.10.23 № 2012 қаулысымен, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес.
      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы"  Заңының 7, 20-баптары, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының  31-бабы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулығы бекітілсін.
      2. "Қостанай қаласы әкімиятының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Солодова Ф.Г.) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырғанда осы қаулыны басшылыққа алсын.
      Тізбеде анықталған кәсіпорындардың басшылары 2004 жылы қоғамдық жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастырсын және "Лисаков қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарттарды жасау үшін жұмыстардың нақты түрлері мен көлемдерін анықтасын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары А. Нұрғазиновқа жүктелсін.

       Қала әкімі

      Комиссия мүшелері

Қостанай қаласы әкімдігінің    
2006 жылғы 30 мамырдағы      
№ 1068 қаулысымен бекітілген   

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру 
және қаржыландыру туралы нұсқаулық

      Осы Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесіне сәйкес әзірленген. 

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық ұйымдастыру тәртібі және ақылы қоғамдық жұмыстарды өткізу үшін уақытша жұмыс орындарын беретін ұйымдармен есеп айырысу жүйесін реттейді.
      2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) қоғамдық жұмыстар - азаматтардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша олармен орындалатын және әлеуметтік пайдалы бағдары бар, қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылатын еңбек ету түрлері;
      2) жергілікті атқарушы орган - тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды өз құзырының шегінде жүзеге асыратын қала әкімі басқаратын әкімдік;
      3) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген адамдар тобы;
      4) жұмыс беруші - қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беретін ұйым.

  2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі

      3. "Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) қоғамдық жұмыстарды орындауға қызмет көрсету жөніндегі жұмыс берушімен келісім-шарт жасасады.
      4. Қоғамдық жұмыстар ұйымдарда уақытша жұмыс орындарын құру арқылы өткізіледі және қалалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
      5. Жергілікті атқарушы орган, қалалық бюджет қаражаты есебінен ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға еңбек ақы төлеуге арналған қаражатты тиімді пайдалануын және жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында келесі іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) қоғамдық жұмыстарға сұраным мен ұсынысты белгілейді;
      2) қоғамдық жұмыстарды орындау шарттары, көлемі және түрлерінің, қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесін бекітеді.
      6. Уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілген тізбеге сәйкес,  жұмыссыздарды ұйымдарға қоғамдық жұмыстарға жібереді.
      7. Қоғамдық жұмыстарға қатысуда нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.

  3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары және көздері

      8. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес ай сайын жүзеге асырылады және жұмыс берушімен орындалатын жұмыстың күрделілігі мен сапасына, санына байланысты болады.
      9. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысына, тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі жалақының бір жарымдық көлемінде төленген, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік салық қорына әлеуметтік аударымдарға жұмыс берушілердің шығыны қалалық бюджет қаражатынан өтеледі. Бюджет қаражаты жұмыс берушілердің есеп шотына аударылады.  <*>
      10. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға қалалық бюджет қаражатынан төленетін еңбек ақыға заңнама белгіленген тәртіппен салық салынады.
      11. Жұмыс берушілер қалалық бюджеттен түскен ақшаны мақсатты тағайындауға пайдаланады. 
      12. Жұмыс берушілер еңбек ақыға төлеген шығынын ақшаны қалалық бюджеттен қайтару үшін уәкілетті органға ай сайын жұмысқа қабылданған бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақытының есеп табелін, еңбек ақы есептеу тізбесін, орындалған жұмыстың кесімін беріп отырады. Қоғамдық қатысушы азаматтарға жалақы нақтылы істелген жұмыс үшін төленеді.
      13. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығына, жарақатталғанына немесе денсаулығына келтірілген өзге де зақымдалуына өтеу бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу жұмыс берушімен жасалады.
       Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы Әкімдігінің 2007.07.31 N 1923 қаулысымен.

  4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
және қаржыландыру тәртібін бақылау

       14. Қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру мен қаржыландыруға бақылау заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.