2005 жылғы 3 қазандағы № 1276 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қалалық әкімдігінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 108 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2006 жылғы 14 ақпанда № 9-1-38 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 1118 қаулысымен

Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс    

      Стратегиялық маңызы бар салалардағы экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру, мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "Самұрық" холдингі" АҚ) құрсын; см.U080669
      2) екі апта мерзімде:
      "Самұрық" холдингі" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекітуді;
      акцияларының мемлекеттік пакеттері "Самұрық" холдингі" АҚ-тың жарғылық капиталына берілетін ұлттық компаниялар мен басқа да акционерлік қоғамдардың тізбесін бекітуді;
      3) бір ай мерзімде нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
      4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті