Алматы облыстық мәслихатының "Алматы облысының жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкларын бекiту туралы" 2005 жылдың 1 шiлдесiндегi N 18-133 шешiмiне өзгертулер енгiзу туралы

Алматы облыстық мәслихатының 2006 жылғы 13 шілдедегі N 29-223 шешімі. Алматы облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 8 тамызда N 1967 тіркелген. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 17 ақпандағы N 29-182 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2010.03.31 N 317-IV шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 Су кодексінің 38 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес және облыс әкімиятының 2005 жылғы 10 қарашадағы N 312 "Жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы" қаулысын қарап, III сайланған облыстық мәслихат XХI сессиясында ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 30 қарашасындағы N 263-ІІІ "Жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы" (2005 жылғы 28 желтоқсанда Атырау облысының Әділет Департаментінде N 2454 санымен тіркелген, 2006 жылғы 2 ақпанда "Атырау" газетінің N 14 санында жарияланды) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      қосымшада:
      кестенің 5-тармағындағы "тиын/текше метр" деген сөздер "теңге/тонна" деген сөздермен ауыстырылсын.
       2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (М. Шырдабаев).
      Облыстық мәслихат XХI сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы