Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы N 207/25-ІІІ "Астана қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 29 наурыздағы N 228/30-ІІІ Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 11 сәуірдегі N 438 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 19 ақпандағы N 88-03-12 хатымен

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"»Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңының  11 бабына сәйкес, Арыс қаласының мәслихаты мен әкімиятының ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШТІ  және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      Арыс ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгертулер енгізілсін:

      Ақдала ауылдық округінің аумағында Онтам атауы және Дәрмене ауылдық округінің аумағында Теміржолшы мен Шаян атаулары беріліп, аталған ауылдар құрылсын;

      Байырқұм ауылдық округінің аумағында орналасқан Жаңа ферма, Қанқозы ауылдары, сондай-ақ Задария ауылдық округінің аумағында орналасқан Багара, Дәулетияр, Жанбас, Есқара, Степной ауылдары таратылсын;

      Задария ауылдық округінің әкімшілік бағыныстығындағы 40 разъезд, Лесхоз ауылдарын Дәрмене ауылдық округінің әкімшілік бағыныстығына беріліп, Задария және Дәрмене ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
      
       Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы
      
      Облыс әкімі
      
      Облыстық мәслихаттың хатшысы