01.08.2006

Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды келесі күнтізбелік жылға арналған нормативтерін есептеу және қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.03.19 № 114 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережелері 4-тармағының 2)-тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды келесі күнтізбелік жылға арналған нормативтерін есептеу және қамтамасыз ету ережелері бекітілсін.
      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі  
Есірткі бизнесіне қарсы  
күрес және есірткі айналымын
бақылау жөніндегі комитеті
төрағасының       
2006 жылғы 1 тамыздағы    
N 135 бұйрығымен бекітілген

  Есірткі құралдарын, психотроптық заттармен прекурсорларды
келесі күнтізбелік жылға арналған нормативтерін есептеу және
қамтамасыз ету ережелері 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық "Есірткі құралдары туралы" 1961 жылғы, "Психотроптық заттар туралы" 1971 жылғы, "Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы" 1988 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясына, "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі N 279 Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін орындау үшін әзірленді.

      2. Осы Нұсқаулық есірткі құралдары мен психотроптық заттарды прекурсорларды келесі күнтізбелік жылға арналған нормативтерін есептеу және қамтамасыз ету ережелерінің тәртібін бекіту мен ресімдеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды бөлуді жүзеге асыруды ретке келтіру мақсатында дайындалды. P070000735

  2. Есептеу нормасын және құжаттарды есептеу
үшін қамтамасыз ету тәртібін бекіту туралы

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік квоталарды бекіткеннен кейін есірткі, психотроптық заттарды өндіру мен әкелу бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар келесі күнтізбелік жылға қамтамасыз ету нормативін бекітуге арналған құжаттар кестесін Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі Комитетіне (әрі қарай - Комитет) ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін ұсынады:
      1) тиісті үлгідегі өтініш;
      2) құрамында есірткі, психотроптық заттар бар өнімдермен қамтамасыз ету нормативінің көлемін көрсететін деректер;
      3) құрамында есірткі, психотроптық заттар бар өнімдердің ұсыну бағасының деректері;
      4) құжаттарды тапсырған күнге есірткінің, психотроптық заттардың нақты қалған есебі;
      5) есірткіні, психотроптық заттарды өндіруге немесе әкелу, әкетуге байланысты қызметке лицензияның көшірмесі;
      6) есірткіні, психотроптық заттарды көтерме сатумен байланысты қызметке лицензияның көшірмесі;
      7) тиісті жылға арналған ерекшелікпен сыртқы экономикалық қызметке жасалған келісім-шарттың көшірмелері.

  3. Қамтамасыз ету нормативін келесі күнтізбелік
жылға арналған бөлу тәртібі

      4. Есірткі, психотроптық заттарды өндіруді және әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар арасында тұтыну нормативін үлескерлік бөлуді жүзеге асыру кезінде негізгі өлшемдер:
      1) өндіруші - лицензиаттар үшін:
      есірткі және психотроптық заттарды өндіруге байланысты қызметке, мемлекеттік лицензияның қосымшасында көрсетілген қамтамасыз ету нормативтеріне сәйкес өндірілген өнімді жүзеге асыру көлемінің заңды тұлғалармен шын мәнінде орындалғаны туралы алдыңғы жылғы деректер;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қарашадағы N 1693 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 5-тармағының талаптарын өтініш берген лицензиаттардың орындауы;
      3) Ереженің 3-тармағына және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес лицензиарлар, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттардың айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын басқа да органдар тарапынан өтініш берген лицензиаттар қызметін тексеру қорытындылары. Тиісті бұзушылық актілердің көшірмелері болған жағдайда бұйрыққа қоса тіркеледі;
      4) отандық өндірістің және Республика шегінен әкелінетін дәрілік құралдар көлемінің нақты қалыптасқан қатынасын ескере отырып, оның өндірісі өнімнің импортына тәуелсіз құрамында есірткі және психотроптық заттары бар өнімдердің жеке түрлері бойынша отандық өндірушілердің нарық үлесін қамтамасыз ету;
      5) өндіруші-лицензиаттарда бар, республиканың жылдық қажеттілігін ескере отырып, өтініш берілген өнімдердің қоймалық қорларының болуы;
      6) алдыңғы жылдардағы шындығында қалыптасқан нарық конъюнктурасы туралы деректер.

      5. Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі Комитет берілген мәлімдемелер негізінде (қамтамасыз ету нормативтерін бекітуге ұсынылған құжаттар пакеті) көрсетілген өтінімдерді берген заңды тұлғалар арасында қамтамасыз ету нормативін үлескерлік бөлуді жүзеге асырады және Комитет төрағасының бұйрығымен ресімделетін тиісті шешім қабылдайды.

      6. Отандық өндiрушi кәсiпорындар өндiретiн және Қазақстан Республикасының аумағына келесi күнтiзбелiк жылғы әкелiнетiн Тiзiмнiң кестелерiндегi есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың тiзбесi мен мөлшерi көрсетiлген жазба қызметi есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты болатын көрсетiлген ұйымдар лицензиясының қосымшасына ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн енгiзiледi.

      7. Егер тиісті қамтамасыз ету нормативін орындау талабын есірткі, психотроптық заттарды әкелуді және өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар бұзған немесе орындамаған жағдайда, Комитет төрағасының бұйрығы негізінде Комитет қатысушылар арасында есірткіні, психотроптық заттарды тұтынуды қамтамасыз етуде белгіленген үлесте қайта бөледі.

      8. Есірткі, психотроптық заттармен қамтамасыз ету нормативін орындау бойынша талаптарды орындамау немесе бұзу болып мыналар:
      1) есірткі, психотроптық заттар айналымын реттейтін қолданыстағы заңды бұзу;
      2) құрамында есірткі, психотроптық заттар бар өнімдерді жеткізу мерзімін бұзу, осы өнімдерді тұтынатын заңды тұлғаларды кем қамтамасыз етуге душар етуі мүмкін.


Дата вступления в силу:  14.08.2006
Дата изменения акта:  19.03.2010
Дата принятия акта:  01.08.2006
Информация об официальном опубликовании акта:  "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені", 2007 ж. N 3, 238-құжат, "Заң" "Медиа-корпарация" ЖШС басылымы.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103003002000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  29301
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  135
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  031015000000
Форма акта:  ПРИК / ПРАВ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz