25.02.2006

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, Бағалы қағаздар рыногында кәсі

      Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 132  қаулысымен .
__________________________________________

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  3-бабы 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына,  45-бабының  4-тармағына,  49-бабына  және "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  9-бабы 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 17  қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3484 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 221  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3751 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 387  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3952 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 414  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3994 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:
      2-тармақта:
      "уәкілетті органның" деген сөздердің алдынан "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
      "уәкілетті органның" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта:
      бірінші абзацта "(бұдан әрі - Ұйым)," деген сөздерден кейін "клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - Брокер және (немесе) дилер)," деген сөздермен толықтырылсын;

      5), 11-1), 13) тармақшалардағы "Ұйымға" деген сөзден кейін ", Брокерге және (немесе) дилерге" деген сөздермен толықтырылсын;

      14) тармақшадағы "Қорға, Ұйымға", "Қордың, Ұйымның" деген сөздерден кейін ", Брокерге және (немесе) дилерге" және ", Брокердің және (немесе) дилердің" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақта "Ұйымның" деген сөзден кейін ", Брокердің және (немесе) дилердің" деген сөздермен толықтырылсын;

      6, 8, 9, 11, 12-тармақтардағы "брокерлік-дилерлік" деген сөздер "брокерлік және дилерлік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-1-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
      "4-1-тарау. Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу тәртібі

      12-1. Брокер және (немесе) дилер өз қызметін инвестициялық портфельді басқару қызметімен қоса атқарғанда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалған банктік операцияларды жүзеге асырғанда, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

                       К 1 =(ӨА-М)/МКАМ, мұнда

      ӨА - Брокердің және (немесе) дилердің өтімді активтері;
      М - мына соманың елу процентінен аспайтын Брокердің және (немесе) дилердің сатып алынған меншікті реттелген борышын шегере отырып реттелген борышты қоспағандағы, Брокердің және (немесе) дилердің жиынтық міндеттемелері:
      алынған капиталды шегере отырып жарғылық капитал;
      қосымша капитал;
      өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі (оның ішінде өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер).
      Реттелген борыш - бұл Брокердің және (немесе) дилердің мынадай шарттарға сәйкес келетін қамтамасыз етілмеген міндеттемесі:
      1) ұсынушыға міндеттеме болып табылмайды;
      2) Брокердің және (немесе) дилердің немесе онымен аффилиирленген тұлғалардың талаптары бойынша кепілді қамтамасыз етуі болып табылмайды;
      3) Брокер және (немесе) дилер таратылған жағдайда кредиторлардың талаптары соңғы кезекте қанағаттандырылады;
      4) Брокер және (немесе) дилер өтеуі (толық немесе ішінара) мүмкін, оның ішінде тек мұндай өтем уәкілетті органның қорытындысына сәйкес Брокердің және (немесе) дилердің осы Ережемен белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәнін сақтамауына әкеліп соқтырмауы шартымен, Брокердің және (немесе) дилердің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтелуі мүмкін.
      Брокердің және (немесе) дилердің реттелген борышы - бұл өтеу басталғанға дейін бес жылдан астам тарту мерзімі бар реттелген борыш.
      Облигациялар Брокердің және (немесе) дилердің реттелген борышы ретінде уәкілетті орган облигацияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекіткеннен кейін ғана танылады.
      Брокердің және (немесе) дилердің реттелген борышы жиынтық міндеттемелерден алынады:
      борыштың толық сомасында - борышты өтеу басталғанға дейін бес жылдан астам мерзім ішінде;
      борышты өтеу басталғанға дейін қалған бес жыл ішінде;
      1-ші жыл - реттелген борыш сомасының 100 проценті;
      2-ші жыл - реттелген борыш сомасының 80 проценті;
      3-ші жыл - реттелген борыш сомасының 60 проценті;
      4-ші жыл - реттелген борыш сомасының 40 проценті;
      5-ші жыл - реттелген борыш сомасының 20 проценті.
      Брокердің және (немесе) дилердің Еуропа Қайта құру және Даму Банкінен немесе Азия Даму Банкінен не Халықаралық Қаржы Корпорациясынан тартылған, егер шартта мұндай өтем уәкілетті органның қорытындысына сәйкес Брокердің және (немесе) дилердің қаржылық жағдайының нашарлауына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзуына әкеліп соқтырмауы шартымен, заемшының бастамасымен заемды мерзімінен бұрын өтеу (толық немесе ішінара) мүмкіндігі көзделсе, 3) тармақшаны қоспағанда, осы тармақтың талаптарына сәйкес келетін заем Брокердің және (немесе) дилердің реттелген борышы деп танылады.
      МКАМ - Брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталының ең аз мөлшері.

                       МКАМ = 1 миллиард теңге.

      Егер басқаруға алынған активтердің құны 40 миллиард теңгеден астам болса, Брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталының ең аз мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

      МКАМ = (1 миллиард теңге + (БАА - 40 миллиард теңге)*0,0002)

      БАА - басқаруға алынған активтер.
      МКАМ ең көп мәні 1,6 миллиард теңгеден аспауы тиіс.
      12-2. Брокер және (немесе) дилер өз қызметін инвестициялық портфельді басқару қызметімен қоса атқарғанда және ол банктік заем операцияларын жүзеге асырғанда "Бір қарыз алушыға ең көп тәуекел мөлшері" пруденциалдық нормативі есептеледі.
      Бір қарыз алушыға ең көп тәуекел мөлшері:
      1) Брокердің және (немесе) дилердің балансында ескерілетін Брокердің және (немесе) дилердің қарыз алушыға қойылатын талаптары;
      2) алдағы ағымдағы жылдың соңғы бес жыл ішінде Брокердің және (немесе) дилердің балансынан есептен шығарылған Брокердің және (немесе) дилердің қарыз алушыға қойылатын талаптары;
      3) қарыз алушының міндеттемелері бойынша:
      осы міндеттемені қамтамасыз ету ретінде ұсынылған салымдар;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
      тазартылған қымбат металдар;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;
      "А"-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингісі (Standard & Poor's рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) немесе басқа рейтинг агенттіктері біреуінің дәл осындай деңгейдегі рейтингісі бар банктердің кепілдіктері түрінде қамтамасыз ету сомасын шегере отырып сомасы ретінде есептеледі.
      Брокердің және (немесе) дилердің ӨА-М ретінде есептелген оның меншікті капиталына міндеттемелері бойынша бір қарыз алушыға тәуекел мөлшерінің ара қатынасы 0,25-тен аспауы тиіс.";

      13-тармақтағы "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздер алынып тасталсын;

      14-тармақта:
      "пруденциалдық нормативті" деген сөздер "пруденциалдық нормативтерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Басқарушы" деген сөзден кейін "және Брокер және (немесе) дилер" деген сөздермен толықтырылсын;

      15-1, 15-3, 20, 20-1 және 20-2-тармақтардағы "Ұйымда", "Ұйым", "Ұйымның" деген сөздерден кейін "Брокерде және (немесе) дилерде", "Брокер және (немесе) дилер", "Брокердің және (немесе) дилердің" деген сөздермен толықтырылсын;

      20-тармақтағы "күнтізбелік" деген сөз "жұмыс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-қосымшада:
      "20 ___ жылғы "__"_______________ жағдай бойынша   Басқарушыға арналған "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" (К 1 ) пруденциалдық нормативінің есептеуі" кестесінде:

      кестенің атауындағы "Басқарушыға" деген сөзден кейін "және Брокерге және (немесе) дилерге" деген сөздермен толықтырылсын;

      4, 10.1, 12, 13, 13.1, 13.2, 14, 14.1, 14.2, 14.3, 15-жолдардағы "Басқарушыға", "Басқарушының" деген сөздерден кейін тиісінше ", Брокерге және (немесе) дилерге" және ", Брокердің және (немесе) дилердің" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

11.

Тазартылған қымбат металдар 

 

100

 

      17-жолда "баланс бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;

      5-қосымшада:
      "20 ___ жылғы "__"_______________ жағдай бойынша Басқарушыға арналған "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" (К1) пруденциалдық нормативті есептеу үшін қосымша мәліметтер" кестесінде:

      кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "20 ___ жылғы "__"_______________ жағдай бойынша Басқарушыға және Брокерге және (немесе) дилерге арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу үшін қосымша мәліметтер";

      8006, 8007, 8012, 8013, 8014-жолдардағы "Басқарушыға" деген сөзден кейін тиісінше ", Брокерге және (немесе) дилерге" деген сөздермен толықтырылсын;

      8009-жол мынадай редакцияда жазылсын:

8009

Тазартылған қымбат металдар

 

      мынадай мазмұндағы 8016, 8017, 8018, 8019, 8020, 8021, 8022, 8023-жолдармен толықтырылсын:

8016

Өтеу басталғанға дейін бір жыл қалған реттелген борыш сомасы

 

8017

Өтеу басталғанға дейін екі жыл қалған реттелген борыш сомасы

 

8018

Өтеу басталғанға дейін үш жыл қалған реттелген борыш сомасы

 

8019

Өтеу басталғанға дейін төрт жыл қалған реттелген борыш сомасы

 

8020

Өтеу басталғанға дейін бес және одан астам жыл қалған реттелген борыш сомасы

 

8021

Басқа ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

 

8022

Осы Ереженің 12-2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес есептелген бір қарыз алушының жиынтық берешегі

 

8023

Осы Ереженің 12-2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес есептелген қарыз алушының міндеттемелері бойынша жиынтық қамтамасыз ету сомасы

 

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі  (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға


Дата вступления в силу:  03.04.2006
Дата изменения акта:  17.06.2006
Дата принятия акта:  25.02.2006
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  109000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  27010
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  66
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  006007000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz