24.01.2006

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтыру

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу және жүргізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266   қаулысына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 17-30 шілдеде жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 8 қазандағы  N 382 , нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1675 тіркелген, 2003 жылғы 21 наурыздағы  N 90 , нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2244 тіркелген, 2003 жылғы 21 сәуірдегі  N 140 , нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2343 тіркелген) қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      атауындағы "тәртібі туралы нұсқаулықты" деген сөздер "ережесін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "нұсқаулықтың" деген сөз "ереженің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      бірінші абзацтағы "және Қазақстан Республикасындағы банктерде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықтың жаңа редакциясы" деген сөздер алынып тасталсын;
      1) тармақшадағы "және осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы банктерде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықтың" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақшадағы "және осы қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықтың өзгерістері мен толықтыруларының" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тармақта:
      1) тармақшадағы "және осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы банктерде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықтың жаңа редакциясын" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақшадағы "және осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы банктерде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықтың жаңа редакциясын" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықта:
      "бекітілген" деген сөз мемлекеттік тілдегі мәтінде өзгеріссіз қалады;
      атауындағы "тәртібі туралы нұсқаулық" деген сөздер "ережесі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "Осы Нұсқаулық" деген сөздер "Осы Ереже" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "Осы Нұсқаулықта" деген сөздер "Осы Ережеде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ алынып тасталсын;

      4-тармақта:
      бірінші абзацтағы "жинақ" деген сөзден кейін "шоттары, карт-шоттары" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзацтағы "Ағымдағы және жинақ есепшоттары" деген сөздер "Ағымдағы, жинақ шоттары және карт-шоттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ алынып тасталсын;

      2-тараудың атауындағы "банктік есепшоттар" деген сөздер "ағымдағы шоттар және карт-шоттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақтағы "корреспонденттік есепшот" деген сөздер "карт-шот" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақта:
      1) тармақшада:
      үшінші абзацта және бұдан әрі мәтін бойынша "салық есебiне" деген сөздер "тіркеу есебіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      "клиенттің банктік шотын жүргізуге (банктік шоттағы ақшаны жұмсауға) байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжаттарға сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;";
      2) тармақшаның төртінші абзацындағы "заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін" деген сөздер "жеке кәсіпкерлер үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшаның бесінші абзацында:
      "үзінді-көшірме" деген сөз "үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "расталған" деген сөз мемлекеттік тілде өзгеріссіз қалады;
      "(құрылу үшін арнаулы тіркеу талап етілмейтін ұйымдарды қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын;
      "жария етілген" деген сөздер "жария етілген не апостиль қойылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада:
      үшінші абзацтағы "заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін" деген сөздер "жеке кәсіпкерлер үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "салық қызметінің органы берген, клиенттің тіркеу есебіне қойылу фактісін растайтын құжаттың көшірмесі;";
      7) тармақшада мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "салық қызметінің органы берген, клиенттің тіркеу есебіне қойылу фактісін растайтын құжаттың көшірмесі;";

      3-тараудың атауындағы "Банктік" деген сөз "Жинақ" деген сөзбен ауыстырылсын;

      17-тармақта:
      1) тармақшада мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шоттағы ақшаны жұмсауға) байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжаттарға сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;";
      2) тармақшаның төртінші абзацындағы "заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін" деген сөздер "жеке кәсіпкерлер үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада:
      үшінші абзацта:
      "үзінді-көшірме" деген сөз "үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "расталған" деген сөз мемлекеттік тілде өзгеріссіз қалады;
      "(құрылу үшін арнаулы тіркеу талап етілмейтін ұйымдарды қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын;
      "жария етілген" деген сөз "жария етілген не апостиль қойылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшаның төртінші абзацындағы "заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін" деген сөздер "жеке кәсіпкерлер үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шоттағы ақшаны жұмсауға) байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжаттарға сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

"3-1-тарау. Банктік шот шарты бойынша
жеке нотариустың ағымдағы шотын
ашу және жүргізу ерекшеліктері

      19-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жеке нотариус (бұдан әрі - нотариус) борышкерден кредиторға (бұдан әрі - депонент) өткізу үшін депозитке қабылдаған ақшаны сақтау үшін банк банктік шот шарты негізінде нотариуске ағымдағы шот (бұдан әрі - нотариустың депозиті) ашады.

      19-2. Банктік шот шартында осы Ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәліметтер, сондай-ақ:
      1) жеке тұлға депонентке қолма-қол ақша беру не нотариустың депозитінен заңды тұлға депоненттің банктік шотына ақша аудару көзделетін, нотариустың депозитінен ақша беру шарттары мен тәртібі;
      2) банктің Ереженің осы тарауының талаптарын сақтаумен ғана нотариустың депозитінен депонентке ақша беру міндеті көзделетін, нотариустың депозитіндегі ақша жұмсау тәртібі;
      3) борышкердің нотариустың депозиті ашылған банкке нотариустың депозитіне ақша енгізу кезінде сыйақы төлеу тәртібі болуы тиіс;

      19-3. Нотариус депозит ашу үшін мыналарды ұсынуы қажет:
      1) қол қою үлгілері және мөрдің таңбасы бар құжат/осы Ереженің 30-тармағында көзделген тәртіппен қол қою үлгісі бар құжат;
      2) салық қызметінің органы берген, нотариустың салықтық есепке қойылу фактісін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) нотариат қызметімен шұғылдану құқығына берілген лицензияның көшірмесі;
      4) тиісті округтің нотариат палатасының нотариустың нотариат палатасына мүше болуын растайтын хаты;
      5) нотариустың жеке басын куәландыратын құжат.

      19-4. Банкке нотариустың депозитіне ақша енгізуді борышкер қолма-қол ақша жарнасы арқылы не нотариустың депозитке ақша енгізуге келісімі бар, нотариус қол қойған және нотариустың мөрімен расталған, банкке жолданған құжатты банкке ұсыну кезінде қолма-қол емес тәртіппен жүзеге асырады.

      19-5. Нотариустың депозитінен ақша беру жеке тұлға депонентке қолма-қол ақшамен не нотариустың депозитінен заңды тұлға депоненттің банктік шотына осы Ережеде және банктік шот шартында көзделген тәртіппен ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.

      19-6. Нотариустың депозитінен депонентке ақша беруді не аударуды банк нотариустың жеке тұлға депоненттің аты-жөні, туған жылы не заңды тұлға депоненттің атауы, депонентке төленуі тиісті ақша сомасы бар өтініші негізінде, мынадай құжаттар қоса беріле отырып жүзеге асырылады:
      1) нотариус борышкерге берген, ақша жарнасы туралы түбіртектің көшірмесі;
      2) депоненттің ақшасы сақталатын депозит ашқан нотариус куәландырған, депоненттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін (егер депонент жеке тұлға болып табылса) көрсете отырып не мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын құжаттың деректемелерін (егер депонент заңды тұлға болып табылса) көрсете отырып, сондай-ақ депоненттің нотариустың депозитінен ақша алу құқығын растайтын құжаттың атауын көрсете отырып, депоненттің ақша беру туралы өтініші;
      3) жеке тұлға депоненттің жеке басын куәландыратын құжат (егер ақша алған тұлға (депонент) жеке тұлға болып табылса) не мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын құжат (егер ақша алған тұлға (депонент) заңды тұлға болып табылса).

      19-7. Нотариустың атына депозиттің шарттарымен ақша енгізген тұлғаға ақшаны қайтаруды банк сот актісі не нотариустың жеке тұлға борышкердің аты-жөні, туған жылы немесе заңды тұлға борышкердің атауы бар өтініші негізінде мыналарды қоса бере отырып жүзеге асырады:
      1) нотариус борышкерге берген, ақша жарнасы туралы түбіртектің көшірмесі;
      2) пайдасына ақша енгізілген тұлғаның (депоненттің) депозитке (борышкерге) ақша енгізген тұлғаға ақшаны қайтару туралы нотариат куәландырған келісімінің көшірмесі;
      3) борышкердің оған ақшаны қайтару туралы нотариат куәландырған өтініші.";

      20-тармақтағы "осы Нұсқаулыққа" деген сөздер "осы Ережеге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22-тармақта:
      "құжаттан" деген сөз "құжаттың түпнұсқасынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "шартпен" деген сөз "шарттың түпнұсқасымен және клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың (кәмелетке толмаған клиенттің тууы туралы куәліктің) көшірмесімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23-тармақтағы "Заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға" деген сөздер "Заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге, резидент еместердің жинақ шоттарын және/немесе шетелдік корреспондент банктердің корреспонденттік шоттарын қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      27-тармақтағы "негізінде" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын;

      30-тармақта:
      бірінші абзацтағы "өкілдіктері" деген сөзден кейін ", мөрі бар жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар және адвокаттар" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзацтағы "және заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар" деген сөздер ", мөрі жоқ жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар және адвокаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
      "31-1. Қол қою үлгілері және мөрдің таңбасы бар құжаттың (қол қою үлгісі бар құжаттың) "Банктің белгісі" бағанына банктің уәкілетті тұлғасы бірінші не бірінші және екінші қол қоюға құқығы бар тұлғалардың жеке куәліктерінің деректерін және банктің ішкі ережесімен айқындалған өзге мәліметтерді көрсетеді.";

      32-тармақтың екінші абзацындағы "осы Нұсқаулықтың" деген сөздер "осы Ереженің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33-тармақтағы "осы Нұсқаулықтың" деген сөздер "осы Ереженің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36-тармақтағы "осы Нұсқаулықта" деген сөздер "осы Ережеде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      39-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "клиенттің жеке басын куәландыратын құжат;
      уақытша жинақ шотын жүргізуге байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.";

      40-тармақтағы "осы Нұсқаулықта" деген сөздер "осы Ережеде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41-тармақтағы "уақытша жинақ есепшотын жабады және осы тапсырмаларға сәйкес заңды тұлғаның құрылтайшыларына (жеке және/немесе заңды тұлғаларға) ақшаны қайтарады" деген сөздер "осы тапсырмаларға сәйкес заңды тұлғаның құрылтайшыларына (жеке және/немесе заңды тұлғаларға) ақшаны қайтарады және уақытша жинақ есепшотын жабады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      44-тармақтағы "заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлікпен айналысқан жеке тұлғаның" деген сөздер "жеке кәсіпкердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      45-тармақтағы "Нұсқаулықтың" деген сөз "Ереженің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      47-тармақтағы "осы Нұсқаулықпен" деген сөздер "осы Ережемен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      N 1 қосымшада:
      жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесіне 1-қосымша";
      "(ағымдағы, жинақ, корреспонденттік)" және "(текущий, сберегательный, корреспондентский)" деген сөздер алынып тасталсын;

      N 2 қосымшада:
      жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесіне 2-қосымша";
      "(ағымдағы, жинақ, корреспонденттік)" және "(текущий, сберегательный, корреспондентский)" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):
      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі  бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы


Дата вступления в силу:  17.02.2006
Дата изменения акта:  31.08.2016
Дата принятия акта:  24.01.2006
Информация об официальном опубликовании акта:  "Заң газеті" 2006 жыл 10 наурыз N 42-43(849)
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  117000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  26647
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  2
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  006004000000 / 006005000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz