18.01.2006

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң мұрағат жұмыстары бөлiмшесiмен прокуратура органдары арқылы қылмыстық iстердi қозғаудан бас тарту туралы қаулылары шыққан қысқартылған қылмыстық i

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 05.09.2022 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының мұрағат қызметтерiнiң жетiлдiрiлуi мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң мұрағат жұмыстары бөлiмшесiмен прокуратура органдары арқылы қылмыстың iстердi қозғаудан бас тарту туралы қаулылары шыққан қысқартылған қылмыстық iстер мен материалдарды қабылдау және беру туралы қоса берiлген Ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiне шара қабылдасын;

      2) бұйрық орындалу үшiн Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiне және Комитеттiң аумақтық органдарына жолдансын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуындағы бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі комитетi Төрағасына (Г.В.Ким) жүктелсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң мұрағаттық бөлiмшелерiмен қысқартылған қылмыстық iстердi және бас тарту материалдарды қабылдау және берудің бiрыңғай тәртiбi туралы" Нұсқаулықты бекiту жөнiнде" 1999 жылғы 8 маусымдағы N 40 бұйрығы күшiн жойды деп танылсын.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры


      КЕЛІСІЛГЕН:

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы сотының Төрағасы

      2005 жыл 18 қараша


      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің Төрағасы

      5 желтоқсан 2005 жыл


      Қазақстан Республикасы

      Экономикалық және сыбайлас

      жемқорлық қылмыспен күрес

      жөніндегі агенттігінің

      Төрағасы (қаржы полициясы)

      10 қаңтар 2006 жыл


      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс Министрі

      2005 жыл 22 қазан


      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер Министрі

      2005 жыл 10 қараша


      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрі

      2006 жыл 10 ақпан


      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар бойынша

      Министрі

      2005 жыл 22 қыркүйек


      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігінің

      Кедендік бақылау комитетінің

      Төрағасы-Вице-министр

      2005 жыл 7 қазан



  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2006 жылғы 18 қаңтардағы
N 7 бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң мұрағат жұмысы
бөлiмшелерiмен прокуратура органдары арқылы қылмыстық iстi
қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған қысқартылған
қылмыстық iстердi және материалдарды қабылдау және беру
Ережесi
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң мұрағат жұмысы бөлiмшелерiмен прокуратура органдары арқылы қылмыстық iстi қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған қысқартылған қылмыстық iстер және материалдарды қабылдау және беру Ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi.

      2. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) мұрағат жұмысы бөлiмшелерiмен прокуратура органдары арқылы қылмыстық iстi қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған қысқартылған қылмыстық iстердi және материалдарды қабылдау және берудi реттейдi.

      Осы Ережелердiң талаптары құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының барлық субъектiлерiне және Комитеттiң аумақтық органдарына таратылады.

      3. Комитеттiң мұрағат жұмысы бөлiмшелерi аумақ бойынша сақтау үшiн қылмыстық қудалау органдарынан қысқартылған қылмыстық iстердi және прокуратура органдары арқылы қылмыстық iстi қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған материалдарды (бұдан әрi - бас тарту материалдарды) қабылдайды.

      Шешiм қылмыстық қудалау органдарымен қабылданған бас тарту материалдарына сәйкес органның мұрағат жұмысы бөлiмшесінде сақталады.

      4. Мұрағатқа тапсырылатын қысқартылған қылмыстық iстер және бас тарту материалдары осы Ережелердiң талаптарына, сондай-ақ Заңға сәйкес ресiмделедi.

2-тарау. Қысқартылған қылмыстық iстердi және бас
тарту материалдарын қабылдау тәртiбi

      5. Істi ресiмдеу барысында қағаз тысына жоғарыдағы органның ресми атауы және қылмыстық қудалау органдарының және мекемелерiнiң ресми атаулары, қылмыстық iстiң нөмiрi, қысқаша фабула (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң бабы) және iстiң сақталу мерзiмi белгiленедi. Істе бiрнеше томдардың (қосымшалардың) бар болуында, қылмыстық iстiң аталған нөмiрi, қысқаша фабуласы (Қазақстан Республикасы Қылмыстың Кодексiнiң бабы) әр томда (қосымшада) том нөмiрлерiнiң белгiленуiмен қатар қайталанып қойылады. Қағаз тысындағы жазулар жарыққа шыдамды сиямен жазылады.

      6. Мұрағатқа тапсырылатын әр iс қатты қағазға мықты жiппен төрт айналым арқылы тiгiлуi керек. Iсте металл заттар қалдырылмауы қажет.

      7. Әр том 250 парақты құрастыру керек. Iстегi әр парақтар графиктiк қарындашпен нөмiрленедi (әр том бөлек нөмiрленедi), барлық құжаттар iшкi тiзiмдемеге енгiзiледi. Тiзiмдеме соңында iстi аяқтаған қызметкермен оның лауазымы мен тегiн белгiлеу арқылы қорытынды жазба жазылады.

      8. Iске орындаушының сәйкес белгiсiсiз, қатыссыз құжаттарды, сондай-ақ қолданылған қағаздарды, көшiрмелердi, қайтарылуға жататын жеке құжаттарды тiгуге тыйым салынады. Iске тiгiлуге мүмкiн болмайтын құжаттар iшкi тiзiмдемеге енгiзiледi және iске тігiлетiн (жапсырылатын) конверттерге салынады.

      9. Әр iстiң (томның) соңында арнайы тiгiлген парақта iстiң (томның) нөмiрленген парақтарының саны жазба арқылы қорытындыланып жазылады. Қажет жағдайда нөмiрлеудiң қателiктері ескерiлiп, iстен алып тасталған парақтар саны бейнеленедi. Өндiрiсiнде iс болған тұлға арқылы оның лауазымы мен тегiнiң белгiленуiмен қорытынды жазба жазылады және жеке қолы қойылады, сондай-ақ "Пакеттер үшiн" мөрi басылады.

      10. Мұрағатқа тапсырылатын қысқартылған қылмыстық iстер мен бас тарту материалдарына өндiрiсiнде iстер болған тұлғалар екi данада осы Ережелердiң 1 және 2 қосымшаларына сәйкес N 3 және N 3-А нысанды тапсырыс тiзiмдемелерiн және осы Ережелердiң 3 қосымшасына сәйкес N 4 нысанды кәртiшкелердi құрастырады. Мұрағат қызметкерi тiзiмдеменiң барлық даналарына қысқартылған қылмыстық iстердi және бас тарту материалдарын қабылдағаны туралы қол қояды және оларда тiзiмдеме нөмiрiн белгiлейдi, содан соң "Анықтамалар үшiн" мөрiн басады. Тiзiмдеменiң бiрiншi данасы мұрағатта қалады, ал екiншiсi тапсырушыға қайтарылады.

      11. Қысқартылған қылмыстық iстер қылмыстық iстiң қысқартылуы туралы қаулы бар болған жағдайда сақталу үшiн мұрағатқа қабылданады. Оған екi данадағы тапсырыс тiзiмдемесiмен iлеспе хат қосылады. Iлеспе хатта iстiң тiркеу нөмiрi, айыпталушы туралы мәлiметтер немесе қылмыстың қысқаша дерегi (оқиғасы), iстiң әр томының парақтар саны белгiленедi, хаттың соңына iстi тапсырған орган жетекшiсiнiң қолы қойылады. Мұрағат қызметкерi қысқартылған қылмыстық iстердi қабылдауда оның әр данасына қолын қояды, "Анықтамалар үшiн" мөрiн басады.

      12. Қысқартылған қылмыстық iстер мұрағатқа сәйкес ақпаратының есепке алу құжаттары, тапсырыс тiзiмдемесiне сәйкес белгi қойылғаннан соң қабылданады.

      13. Мұрағат бөлiмшелерiне төмендегi мәселелерi шешілмеген қысқартылған қылмыстық iстер қабылданбайды:

      1) айғақ заттар туралы;

      2) алынған материалдық және басқа да құндылықтар;

      3) мүлiктi тұтқындау туралы;

      4) таңдалған бұлтартпау шараларының және басқа да процессуалды мәжбүрлеулердiң алынуы туралы;

      5) заңда белгiленген тұлғаларды ескерту туралы;

      6) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары туралы;

      7) қабылданған шешiмнiң нақтылығы туралы лауазымы, тегi, күнi және қолының белгiленуiмен прокурордың, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылықтарын қадағалау бойынша департаментiнiң, Астана, Алматы қалалары прокурорларының, облыстық және оларға теңестiрiлген прокурорлардың тыйым салу шарасы ретiнде тұтқын төмендегi прокурорлармен таңдалған тұлғаларға қатысты қылмыстық iстiң қысқартылуының нақтылығы туралы қылмыстық iс бойынша процессуалдық шешiмнiң қабылдануы жөнiндегi қорытындылардың болмауында.

      14. Қылмыстық iстi қозғаудан бас тарту туралы қаулыда қадағалаушы прокурордың қабылданған шешiммен келiсiмi туралы рұқсаты (күнi, лауазымы, прокурордың аты-жөнi және қолы) болмаған жағдайда бас тарту материалдары қабылданбайды.

      15. Қылмыстық қудалау органының қылмыстық iстi қозғаудан бас тарту туралы қаулысымен келiсуi барысында, прокурор бас тарту материалдарын мұрағатқа және сақтау ұйымына тапсыру үшiн тергеу және анықтау органдарына жолдайды. Қылмыстық iстi қозғаудан бас тартылған материалдар N 3-А нысанды тапсырыс тiзiмдемесiмен қоса прокуратура органдары арқылы Комитеттiң аумақтық мұрағат жұмысының сәйкес бөлiмшелерiне тапсырылады.

      16. Қысқартылған қылмыстық iстер сақталуы үшiн iлеспе хатпен және N 3 нысанды тапсырыс тiзiмдемесiмен қылмыстық iстiң қысқартылуы туралы қаулы шығу сәтiнен бiр ай кешiктiрiлмей қадағалаушы прокурормен Комитеттiң аумақтық мұрағат жұмысының сәйкес бөлiмшелерiне берiледі.

3-тарау. Қысқартылған қылмыстық iстердi және бас
тарту материалдарын беру тәртiбi

      17. Қысқартылған қылмыстық iстердi және бас тарту материалдарын талап ету туралы сұрау келiп түскен жағдайда, қысқартылған қылмыстық iстер, бас тарту материалдары мұрағат бөлiмшелерiмен сотқа, прокурорға тергеу және анықтау органдарына және оларға сұрау салған органдарға берiледi.

      Бiр ведомствоның қылмыстық қудалау органының қысқартылған қылмыстық iстерi, бас тарту материалдары қадағалаушы прокурор арқылы басқа ведомствоның қылмыстық қудалау органына берiлуi мүмкiн. Қысқартылған қылмыстық iстерге және бас тарту материалдарына салынған сұраулар сәйкес прокуратураларға жолданады.

      18. Қысқартылған қылмыстық iстер және бас тарту материалдары бiр айдан кешiктiрiлмей қайтарылатын мерзiм аралығына берiледi. Прокурор арқылы талап етiлген мұрағат iсiн жолдауда қылмыстық қудалау органдарына қысқарту немесе қылмыстық iстi қозғаудан бас тарту туралы қаулының алынуына байланысты қылмыстық iстiң қысқартылуы немесе қылмыстық iстi қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшiрмесi ақпараттық сипаттағы iлеспе хатпен Комитеттiң мұрағат жұмысы бөлiмшесiне жолданады.

      19. Қысқартылған қылмыстық iстердi және бас тарту материалдарын беру барысында оның орнына осы Ережелердiң 4 қосымшасына сәйкес мұрағат қоры тiзiмдемесiн, iс нөмiрiн, қолданушының аты-жөнiн және күнiн белгiлеумен уақытша орынбасар-карта жайғастырылады. Iс жұрағат қоймасына қайтарылғаннан соң орынбасар-карта алынады.

      20. Iстiң берiлуiнде немесе алынуында мұрағат бөлiмшесiнің қызметкерiмен парақ нөмiрлерi және iс құжаттарының жағдайы тексерiледi.

      21. Қысқартылған қылмыстық iстер және бас тарту материалдары Комитеттiң мұрағат жұмысының сәйкес бөлiмшелерiне iлеспе хаттың және алғашқы есепке алу құжаттарын қою туралы ақпараттың белгiленуiмен ұсынылған қылмыстық iстiң қысқартылуы туралы және қылмыстық iстi қозғаудан бас тарту туралы қаулыны алу жөнiндегi қаулы көшірмесінің негiзiнде мұрағаттық есептен алынады.

      22. Сұрау салынған қысқартылған қылмыстық iстер және бас тарту материалдары берiлген уақытынан бiр ай мерзiм өткен кезде қайтарылуы тиiс. Аталған мерзiм iшiнде олардың қайтарылуы мүмкiн болмаса (мысалы, қорытынды, ғылыми жұмыс және т.б. өткiзiлуiнде), себептерiн белгiлеу арқылы мұрағат бөлiмшесiн алдын-ала ескеру қажет. Қысқартылған қылмыстық iстер және бас тарту материалдары еш себепсiз өз уақытылы қайтарылмау жағдайында, яғни қайтарылу мерзiмiнiң бұзылуында, мәселенi шешу үшiн аталған құжатты талап еткен органға кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту туралы хат жолданады.

      Комитет салыстыру және статистикалық байқау өткiзу үшін берiлген қысқартылған қылмыстық iстердi және бас тарту материалдарына сұрау салуға құқылы.

      23. Қысқартылған қылмыстық iстердi және бас тарту материалдарын беру барысында N 4 нысанды кәртiшкенiң (3-қосымша) артқы бетiне қысқартылған қылмыстық iстi және бас тарту материалын қабылдаған тұлғаның лауазымы, аты-жөнi, күнi белгiленедi және қолы қойылады. Қайтарылуда мұрағат құжаттары тексерiледi, жоғарыда аталған кәртiшкеге мұрағат нөмiрiн өзгертусiз қайтарылған күн туралы белгi қойылады.

      24. Іс материалдарының зақымдануы, жеке парақтарының болмауы, iшкi тiзiмдеме құжаттарының нөмiрленген парақпен сәйкес келмегенi анықталған жағдайда iстi талап еткен орган жетекшiсiне ұсынылатын актi құрылады.

      25. Заңмен қаралмаған жағдайда мұрағат бөлiмшелерінің қызметкерлерiне сақталу үшiн тапсырылған қысқартылған қылмыстық істер және бас тарту материалдарының құжаттарын алуға тыйым салынады.

  Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасы Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің мұрағат жұмысы
бөлімшелерімен прокуратура органдары
арқылы қылмыстық істі қозғаудан бас
тарту туралы қаулы шыққан
қысқартылған қылмыстық істерді және
материалдарды қабылдау және беру
Ережелеріне 1 қосымша

      N 3 нысан

      Орган, құрылымдық бөлімше атауы

      N____________________қор

      N____________________тізімдеме

      Мұрағат бөлімшелеріне тапсырылатын қысқартылған қылмыстық істер

N

П/П

Істің

мұрағат

нөмірі

Істің

тіркеу

(есепке алу

нөмірі)

Томдар

саны

Әр томдағы

парақтар

саны

Айыпталушы-

лардың

аты-жөндері

немесе қылмыс

оқиғасының

қысқаша мазмұны

1

2

3

4

5

6








      кестенің жалғасы

Істің

қозғалу

себептері

бойынша ҚК

бабы

Істің

қысқартылуы

туралы

қаулының

күні

Іс

қысқартыл-

ған ҚІЖК

бабы

Істің

сақталу

мерзімі

Тізбе

баптары

Ескерту

7

8

9

10

11

12








      Тізімдемеге______________________істер____________________томдарда,

      (жазба сандарымен) (жазба сандарымен)

      тізімдемені құрастырды

      лауазымы ________________________аты-жөні_________________________

      күні

      Тапсырушы-бөлімше жетекшісі______________аты-жөні_________________

      күні

      Істі тапсырды

      лауазымы ________________________аты-жөні_________________________

      күні

      Істі қабылдады

      лауазымы ________________________аты-жөні_________________________

      күні

      Мұрағат жұмысы бөлімшесінің есепке алу құжаттарына өзгерістер енгізілді:

      лауазымы ________________________аты-жөні_________________________

      күні

  Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасы Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің мұрағат жұмысы
бөлімшелерімен прокуратура органдары
арқылы қылмыстық істі қозғаудан бас
тарту туралы қаулы шыққан
қысқартылған қылмыстық істерді және
материалдарды қабылдау және беру
Ережелеріне 2 қосымша

      Орган, құрылымдық бөлімше атауы

      N____________________қор

      N____________________тізімдеме

      Мұрағат бөлімшелеріне тапсырылатын бас тарту материалы

N

П/

П

Бас

тарту

мате-

риа-

лының

мұра-

ғат

нөмі-

рі

Мате-

риал-

дық

тір-

кеу

(есеп-

ке

алу)

нөмірі

Том-

дар

саны

Әр

том-

да-

ғы

па-

рақ-

тар

саны

Қылмыс-

тық істі

қозғаудан

бас

тартылған

тұлғаның

аты-жөні

немесе

оқиғаның

қысқаша

мазмұны

Қылмыс-

тық істі

қозғау-

дан бас

тарту

күні

Мате-

риал-

дың

сақ-

талу

мер-

зімі

Тіз-

бе

бап-

тары

Ес-

кер-

ту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












      Тізімдемеге______________________істер____________________томдарда,

      (жазба сандарымен) (жазба сандарымен)

      тізімдемені құрастырды

      лауазымы ________________________аты-жөні_________________________

      күні

      Тапсырушы-бөлімше жетекшісі______________аты-жөні_________________

      күні

      Істі тапсырды

      лауазымы ________________________аты-жөні_________________________

      күні

      Істі қабылдады

      лауазымы ________________________аты-жөні_________________________

      күні

      Мұрағат жұмысы бөлімшесінің есепке алу құжаттарына өзгерістер енгізілді:

      лауазымы ________________________аты-жөні_________________________

      күні

  Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасы Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің мұрағат жұмысы
бөлімшелерімен прокуратура органдары
арқылы қылмыстық істі қозғаудан бас
тарту туралы қаулы шыққан
қысқартылған қылмыстық істерді және
материалдарды қабылдау және беру
Ережелеріне 3 қосымша

      N 4 нысан

      ____________Қор мұрағат нөмірі _______________

      Қысқартылған қылмыстық іске

      КӘРТІШКЕ

      Бет жағы

      1. Қылмыстық іс нөмірі_____________________________________________

      (жылы, аудан, іс нөмірі)

      2. Аты-жөні________________________________________________________

      3. Қылмыстық істі қозғау бабы _____________________________________

      4. Қылмыстық істі қысқарту бабы ___________________________________

      5. Қылмыстық істі қысқарту бабы ___________________________________

      артқы бет жағы

      (қысқартылған қылмыстық істі уақытша қолдануға беру және қайтарып алу, алып қою және жою туралы белгі)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Ескерту

      1. Тегі, аты, әкесінің аты баспа әріптермен жазылады немесе жазба машинкасымен басылады.

      2. Егер қылмыстық іс бойынша бірнеше тұлғалар қатысқан жағдайда әрқайсысына жеке кәртішке толтырылады.

      А6 (105х148) формат

  Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасы Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің мұрағат жұмысы
бөлімшелерімен прокуратура органдары
арқылы қылмыстық істі қозғаудан бас
тарту туралы қаулы шыққан
қысқартылған қылмыстық істерді және
материалдарды қабылдау және беру
Ережелеріне 4 қосымша

      ОРЫНБАСАР-КАРТА

      Орган, құрылымдық бөлімше атауы

      N____________________қор

      N____________________тізімдеме

N

П/П

Істің

мұрағат

нөмірі


Томдар

саны

Беру

күні

Істі берген

қызметкердің

қолы

(аты-жөні)

Істі қабылдаған

қызметкердің қолы

(аты-жөні)

1

2

3

4

5

6









Дата вступления в силу:  11.02.2006
Дата изменения акта:  05.09.2022
Дата принятия акта:  18.01.2006
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  107000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  26618
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  7
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  030003000000 / 001011003000
Форма акта:  ПРАВ / ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz