Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 149 "Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 399 қаулысы. Батыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінде 2005 жылғы 13 желтоқсанда № 2950 тіркелген. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 89 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2009.03.30 № 89 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы""Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 149 "Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына (тіркеу № 2930, 2005 жылғы 28 мамырдағы № 62 облыстық "Орал өңірі" мен "Приуралье" газеттерінде жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесінде:
      2-інші бөлімдегі 8-інші тармақ алынып тасталсын.

      Облыс әкімі