"Шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсаттар беру жөніндегі комиссия құру туралы" 2004 жылғы 13 мамырдағы N 463 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 296 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 12 қыркүйекте N 2391 тіркелді. Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiсті емес - ШҚО әкімі аппаратының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 6/265 хатымен

      Ескерту. Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiсті емес - ШҚО әкімі аппаратының 2010.01.20 № 6/265 хатымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  27-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ облыстың мемлекеттік басқару органдары құрылымының өзгеруіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

      "Шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсаттар беру жөніндегі комиссия құру туралы" Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2004 жылғы 13 мамырдағы N 463 (тіркеу нөмірі 1790, 2004 жылғы 22 мамырда "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды)  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

       4-бап жаңа редакцияда жазылсын: 
      "4. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсаттарға қол қою құқығы тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелеріне басшылық ететін облыс әкімінің орынбасарына берілсін".

      Облыс әкімі