Байзақ ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 206 "Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Байзақ ауданының әкімиятының 2005 жылғы 02 тамыздағы N 344 қаулысы. Байзақ ауданының әділет басқармасында 2005 жылғы 07 қыркүйекте N 15 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 8 қаулысымен

      Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатуды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14-бабы 2-тармағының талаптарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Байзақ ауданы Әкімдігінің 2005 жылғы 13 мамырдағы "Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" N 206 қаулысы (Байзақ аудандық әділет басқармасынан 2005 жылғы 22 маусымда N 6-2-10 нөмірмен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Ауыл жаңалығы" газетінің 29 маусым 2005 жылғы N 40 (7142) нөмерінде жарияланған) 1-1 тармағымен толықтырылсын:
      1.1 Эротикалық сипаттағы материалдары бар басылымдар "Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі N 106, Байзақ аудандық байланыс "Пошта" торабы мекемесінде сатылады".

      2. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

      Аудан Әкімі                         А. Нұралиев