26.05.2005

Астана қаласы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тiзбесi туралы

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 250/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтарға алдағы уақытта көмек көрсету мақсатында, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2012.11.21 N 84/10-V (алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      1. Қоса берiлiп отырған Астана қаласының бюджетi қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тiзбесi бекiтiлсiн.

      Астана қаласының
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

      Келісілді:

      Астана қаласының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      департаментінің директоры

Астана қаласы мәслихатының 
2005 жылғы 26 мамырдағы   
N 143/18-III шешiмiмен   
бекiтiлген       

Астана қаласы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк
көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының
ТІЗІМІ

      Ескерту. Тізімге өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.04.24 N 80/14-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.09.07 N 115/18-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.03.31 N 196/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз), 2010.12.13 N 412/54-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.08.11 № 474/67-IV (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді); 2012.06.26 N 47/5-V (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Шешімдерімен.

      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi.
      2. Жеңiлдiктерi мен кепiлдiктерi бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген тұлғалар.
      3. Ұлы Отан соғысы жылдары алты айдан кем емес тылда жұмыс iстеген және бұрынғы КСР Одағының ерен еңбегi үшiн алқалары мен ордендерiмен марапатталмаған тұлғалар.
      4. 1, 2, 3 топтардағы мүгедектерi.
      5. Он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балалар.
      6. Жасы және еңбек өткерген жылдар бойынша зейнеткерлер.
      7. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 196/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      8. Қазақстан Республикасының алдында ерекше қызметтерi үшiн зейнетақы алушылар.
      9. Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көпбалалы отбасылар.
      10. Қаланың қамқорлық, балалар үйiнiң түлектерi.
      11. Жалғыз ата-анасынан немесе ата-анасының екеуiнен айырылған жетiм балалар.
      12. Жұмыссыз азаматтар.
      13. Табыс жиынтығы азық-түлік себетінің құнынан төмен аз қамтылған азаматтар.
      14. Саяси қуғын-сүргiн құрбандары.
      15. "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын иеленген азаматтар.
      16. "Астана қаласының түберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесінде диспансерлік есепте тұратын белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтар.
      17. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар.
      18. «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар.


Дата изменения акта:  27.06.2014
Дата принятия акта:  26.05.2005
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  151000000002
Регион действия:  100051000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  24547
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  143_18_III
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  003010000000
Форма акта:  РЕШ / ПРЧ
Юридическая сила:  1600
Язык акта:  kaz