30.12.2005

"Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, беру, қарау, тiркеу және куәлiк беру жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Санаткерлік меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрайымының 2002 жылғы 9 қарашадағы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.04.23 N 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне зияткерлiк меншiк құқықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, беру, қарау, тiркеу және куәлiк беру жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрайымының 2002 жылғы 9 қарашадағы N 192  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 14 қарашада N 2043 тіркелген, 2003 жылғы N 2 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерінің бюллетенiнде жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрайымының мiндетiн атқарушының 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 60-п  бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн.

      Аталған бұйрықпен бекiтiлген Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, беру, қарау, тiркеу және куәлiк беру жөнiндегi Ережеде:

      6 тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      37 тармақтағы үшінші абзацта "алу құқығына сенімхат" деген сөздерден кейін "және мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжатты" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Өнеркәсiптiк меншiк саласында мемлекеттiк саясатты іске асыру басқармасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi төрайымының орынбасары А.Х.Әмiрғалиевқа жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрайым


Дата изменения акта:  23.04.2010
Дата принятия акта:  30.12.2005
Информация об официальном опубликовании акта:  "Заң газеті" 2006 жыл 8 ақпан N 21(827)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103001002000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  26428
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  70
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  026000000000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz