22.12.2005

"Жүк тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429-І бұйрығына толықтыру енгізу туралы

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 14-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Жүк тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429-І  бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3294 нөмірмен тіркелген, ҚР Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., N 14, 86-құжат; N 15, 89-құжат; N 16, 118-құжат; N 17, 133-құжат; N 18, 156-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүк тасымалдау ережесінде:
      50-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Халықаралық қатынаста жоспардан тыс тасымалға арналған рұқсат ағымдағы күнтізбелік айдың аяғына дейін қолданылады.
      Облысаралық қатынаста жоспардан тыс тасымалға арналған рұқсат тасымалды жүзеге асырудың техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін ескерумен өтінім түскен кезден бастап 30 күн ішінде қолданыста бола алады.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр


Дата изменения акта:  06.08.2011
Дата принятия акта:  22.12.2005
Информация об официальном опубликовании акта:  "Заң газеті" 2006 жыл 17 наурыз N 47-48(854)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103013000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  26291
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  409_I
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  009002000000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz