10.08.2005

"Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына нотариат мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы"

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.01.31 № 31 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Республика нотариустарының мұра қалдырушылардың мүліктік емес құқықтары мен міндеттеріне мұрагерлік құқықтарды ресімдеумен байланысты, нотариаттық іс-әрекеттер жасауы бойынша құқық қолдану практикасын жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 28 шілдедегі N 539 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 564 тіркелген, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к, 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206, 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175, 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136, 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 бұйрықтарына енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативті құқықтық актілерінің 1998 жылы 30 қарашадағы N 8 бюллетенінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықта:

      мынадай мазмұндағы 219-1-тармақпен толықтырылсын:
      "219-1. Мұрагер нотариусқа жүгінген сәтте жылжымайтын мүлікке құқық ресімделген не мұра қалдырушының атына ресімдеу сатысында болған, алайда бұл құқықты мұра қалдырушы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркемеген жағдайда, нотариус ҚР АК (Ерекше бөлім)  1040-бабына сәйкес, мұрагерге мүліктік емес құқықтан, соның ішінде мұра қалдырушыға меншік құқығын тіркеу үшін реттеуші органға өтініш жасау құқығынан, құрылыстарды пайдалануға беру құқығынан, жер учаскесіне мемлекеттік акт алу үшін уәкілетті органға жүгіну құқығынан және мұра қалдырушының қайтыс болуына қарамастан тоқтатылмайтын басқа да мүліктік емес құқықтар мен міндеттерден тұратын мұралыққа құқығы туралы куәлік береді.

      2. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2011.08.23 № 294 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

                                     Қазақстан Республикасының
                                          Әділет министрі
                                       міндетін атқарушының
                                      2005 жылғы 12 тамыздағы
                                      N 215 бұйрығына қосымша

                                           N 4-1-қосымша
                                  мұра қалдырушының қайтыс болуына
                                 қарамастан тоқтатылмайтын мүліктік
                                  емес құқықтары мен міндеттеріне
                                  заң бойынша мұраға құқық туралы
                                               куәлік

                Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік

      ______________________________ (қаласы, кенті, ауылы, облысы)

Күні, айы, жылы ___________________________________________________
Мен, ________________, ____________________________________________
            (мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы, жекеше нотариус
                  лицензиясының нөмірі мен берілген күні)

_________________________________________________________ нотариусы

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің  1040-бабының
негізінде ___жылғы "___"______ қайтыс болған аз. __________ мүлкіне
___________________________________________________________________
          (мұрагердің тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері
            және оның мұра қалдырушыға туыстық қатынасы)
___________________________________________________________________
__________________________ мұрагер болып табылатынын куәландырамын.

      Осы куәлік берілген мұра мынадай мүліктік емес құқықтар мен міндеттерден тұрады: ______________________________________________
                     (мұра қалдырушының қайтыс болуына қарамастан,
                     мүліктік емес құқықтар міндеттер көрсетіледі)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Осы куәлік тіркеуші органдарда міндетті мемлекеттік тіркелуге
жатады. 

                             ______ тізілімде тіркелді
                             Мемлекеттік баж өндірілді
                             немесе жекеше нотариусқа
                             төленген сома __________

                             Нотариус ___________ қолы __________
                             N __________________________________
                                    (мұрагерлік істің нөмірі)


Дата изменения акта:  31.01.2012
Дата принятия акта:  10.08.2005
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103001000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  24993
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  215
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  030005000000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz